Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:35, лабораторная работа
Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен танысу және олармен жұмыс жасап үйрену.
Операциялық жүйе дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.
3. Жақтау ішіне мәтін енгізу
Word мәтін редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін «графикалық объект» ретінде қарастырылады — яғни оны бір беттен екінші бетке графикалық объектілер сияқты тасымалдауға, өлшемін өзгертуге болады. Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:
1. Енгізу (Вставка) менюінің Жақтаудағы Жазба (Надпись) командасын орындау немесе Сурет саймандар тақтасындағы батырмасын басу қажет;
2. Тышқан курсорын Жақтау түратын жерге орналастырып тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, тік төртбұрышты жақтауды салғаннан кейін қажетті мәтінді ішіне теріп жазамыз.
3. Геометриялық элементтерді бүру
Word қүрамындағы графикалық редактордың көмегімен кез келген элементті тік немесе көлденең бағытта 90° немесе 180°-қа бұрып орналастыруға болады. Бұл мүмкіндіктерді симметриялы түрде салынған суреттер үшін қолдануға болады. Бұратын геометриялық фигураны белгілеп алғаннан кейін Іс-әрекет => \Бұру/Көрсету (Повернуть/Отразитъ) командасын орындап қажетті бұру параметрін таңдау қажет.
4. Салынған суреттерді форматтау
Бір автофигураны басқамен алмастыру мүмкіндігі бар. Алмастыратын фигураны белгілеп алған соң, Іс - әрекет =>Автофигураны өзгерту командасын орындап, тізімнен қажетті фигураның түрін, одан кейін фигураның өзін таңдаймыз. Автофигураның көлемін өзгерту үшін, оны белгілегеннен кейін жан-жағында пайда болған маркерлердің қажеттісін тышқанның көмегімен жылжытамыз.
Кез келген суретті салғаннан кейін немесе автофигураны енгізгеннен кейін оларды форматтауға болады:
• Сурет тақтасындағы Сызықтың түсі (Цвет заполнения) батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;
• тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын боя бояу үшін Ішкі бояу түсі (Цвет заливки) батырмасын пайдалануға болады.
Салынған суретті толық форматтау немесе форматын өзгерту әрекеті, оның жанама менюінің Сурет форматы (Формат рисунка) командасының көмегімен жүзеге асады.
Элементтер тобының құрылуы
Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу кажет болуы ықтимал. Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тактасындағы бағыттауыш бейнесі бар батырманы басып, қажетті элементтерді қамтитын тіктөртбүрыш салу керек. Элементтерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші қажетті элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shіft пернесін жібермей ұстап түрып, келесі элементтердің де әрқайсысъш тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shіft пернесін басып тұрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту жеткілікті.
Кез келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Осындай бірнеше элементтерді біріктіре отырып, оларды бір бүтін аймаққа кіретін етіп орналастырып алып түгелдей өндеуге де болады.
Бірнеше элементтерден тұратын топты құру үшін, алдымен оларды белгілеп алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топтау (Группировать) командасын орындау керек.
Қажетті бір әрекеттерді орындап болган соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеуге болады. Бүл үшін сол біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать) командасын орындау керек.
Геометриялық элементті жылжыту үшін, оны белгілеп алган соң тышқанмен іліп алып, қажетті орынға жылжыту керек. Бірден бірнеше элементтерді де бірден жылжытуға болады. Мұнда оларды бір ірі топқа біріктіру тәсілін де қолдануға болады.
Егер де геометриялық элементтерді тік бағытта (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) жылжыту қажет болса, онда оларды жылжыту барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұру қажет.
Геометриялық элементтерді әртүрлі масштабпен бейнелеу үшін, сегіз тіктөртбұрышты элементтері бар жақтау қолданылады. Ол қажетті элементті немесе элементтер тобын таңдап алғанда пайда болады. Бұл тіктөртбүрыштарды тышқанмен жылжыту арқылы бейнелеу масштабын үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Егер масштабын өзгерту кезінде Shift пернесін басып ұстап түрсақ, өзгертулер цропорционалды түрде екі бағытта (тік және көдденең) жүргізіледі. Бұл мүмкіндік квадраттар мен шеңберлер масштабын өзгертуде олардың пропорцияларын сақтап қалу үшін, яғни өзгерткеннен кейін шеңбер-шеңбер болып, квадрат-квадрат болып қалуы үшін қолданамыз.
Егер де масштабтау кезінде Сtгl пернесін басып, оны жібермей ұстайтын болсақ, масштабын өзгерту процесі геометриялық элементтің центріне байланысты жүргізіледі.
Геометриялық элементтердің көшірмесін алу жөне өшіру үшін, мәтін фрагменттерінің көшірмесін алуға және оларды жоюға арналған Тузету (Правка — Еdit) менюі командаларын қолдануға болады.
Егер графикалық элементтер бір-бірін жауып түратын болса, қай элементтің беткі жағында (үстінде), ал қайсысының астыңғы жағында орналасуы керектігін анықтап көрсету мүмкіндігі бар. Бұл үшін элементті белгілеп алып, Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің немесе жанама менюдің Реті (Порядок) командасының қажетті төменгі сатылы командасын орындау қажет.
Жарнамалық хабарландыру жасаңыз. Ол үшін жұмыс үстеліне Сурет және WortArt саймандар тақтасын орналастырыңыз.
Құттықтау қағазын жасаңыз.
Word –тың графикалық мүмкіндіктерін қолданып, келесі блок-схемаларды салыңыздар. Блоктарды келесі түске бояңыздар: басы – көк, соңы – жасыл, шарт – қызыл, енгізу – сұр, шығару – ашық көк, есептеу – сары, сызықтар – көк. Осы блок – схемаларды қолданып программа құра аласыз ба? Қандай программалау тілдерін білесіз?
Word редакторында формулалық өрнектерді енгізу
Формулалар редакторы
Формула редакторын іске қосу үшін курсорды формула енгізілетін орынға қойып, Вставка – Объект – Microsoft Equation 3.0 командаларын орындаймыз. Формулалар редакторында формуланы редакциялау үшін оған тышқанды екі рет шерту немесе Түзету – Объект Формула – Өзгерту (Изменить) командасын шақыру қажет. Формулалар редакторы іске қосылған кезде Word терезесінің меню қатары өзгереді. Жұмыс аумағында тіктөртбұрыш болып объект ауданы белгіленіп тұрады (формула жазған кезде аумақ автоматты түрде ұлғайып отырады), формулалар редакторының саймандар тақтасы пайда болады. Осы саймандар тақтасында математикалық және басқа да қолданылатын символдар батырмалары орналасқан.
Формула редакторының жұмыс аумағында
математикалық символдар
10.1-сурет. Word программасының терезесі.
Тапсырмалар
1. Формулалар редакторының
2.Формуланы жазып болған соң Word құжаты терезесіне тышқанды бір сырт еткізіңіз.
3. Формулаға өзгертулер енгізу үшін оған тышқанмен екі рет жылдам басыңыз.
4.Формула символдары
5.Жоғарғы және төменгі
индекстер арасындағы
Интервалды өзгерту үшін жаңа мәндерді жазыңыз.
6. Формуладағы кез келген
10.3-сурет. Другой стиль сұхбат терезесі.
7. Стиль түрін өзгерту үшін Стиль – Определить – Стили командасын орындап, қажет өзгертулер енгізу керек.
10.4-сурет. Стили сұхбат терезесі.
Тапсырма
Кейбір шаблондарды пернелер комбинациясы арқылы енгізу:
Пернелер комбинациясы |
Әрекет нәтижесі |
Ctrl + R |
Түбір шаблонын қою |
Ctrl + I |
Інтеграл шаблонын қою |
Ctrl + [ Ctrl + ] |
Тік жақша шаблондарын қою (ашылатын және жабылатын) |
Ctrl + 9 Ctrl + 0 |
Дөңгелек жақша шаблондарын қою (ашылатын және жабылатын) |
Ctrl + { Ctrl + } |
Жүйелі (фигуралы) жақшалар шаблонын қою (ашылатын және жабылатын) |
Ctrl + F |
Көлденең сызықты бөлшек шаблонын қою |
Ctrl + / |
/-сызықты бөлшек шаблонын қою |
Ctrl + G |
Грек символдарын жазу режиміне ауысу (символ қойылғаннан кейін автоматты өшеді) |
Ctrl + H |
Дәреже көрсеткіші шаблонын қою (жоғарғы көрсеткіш) |
Ctrl + L |
Индекс шаблонын қою (төменгі көрсеткіш) |
Ctrl + J |
Төменгі және жоғарғы индекс шаблондарын қою |
Ctrl + T, S |
Қосынды шаблонын енгізу |
Ctrl + T, P |
Көбейту шаблонын қою |
Ctrl + T, M |
Матрица шаблонын қою |
Ctrl + T, U |
Символ астындағы төменгі индекс жазбасы шаблонын қою |
Word редакторында құжатты баспаға шығару
Баспаға шығарылатын мәтінді алдын ала көру
Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасқанын арнаулы алдын ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Алдын ала көру режіміне көшу үшін стандартты саймандар тақтасындағы Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасына шерту қажет. Бұл режимде құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуға, экранда беттерді үлкейтуге және кішірейтуге, құжат мәтініне өзгертулер енгізуге болады.
Word редакторында бiрден мәтiннiң бiрнеше дана көшiрмесiн немесе құжаттың кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжаттық мәтiндi Файл - қасиеттер (свойства) командасын орындағанда ашылған “Қасиеттер” сұқбат терезесiндегi сол құжат жайлы мәлiметтерiмен бiрге қағазға басып алуға болады.
Бұл режимде құжаттың бiр немесе бiрден бiрнеше беттерiн кiшiрейтiлген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтiнге өзгерiстер енгiзуге болады. Мұнда құжаттың бiрнеше беттерiн көру барысында мәтiндi оқу немесе жеке графикалық элементтердi айқын Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) командасын бейнелеу мүмкiн емес. Алайда элементтердiң өзара орналасуы жайлы толық мәлiмет алып, төменгi сiлтеме қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру батырмасын шертемiз.
12.1-сурет “Алдын ала көру” саймандар тақтасының терезесі.
“Алдын ала көру” саймандар тақтасының батырмалары:
Баспаға шығу - “Баспаға шығу” сұхбат терезесiнде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жiбередi
Үлкейту - Үлкейту/Кiшiрейту (тышқан курсоры үлкейтiлген әйнекке айналады) (курсор пiшiнi стандартты) режимдерiн алма-кезек ауыстыруды iске асырады.
Бiр бет - Құжаттың жалғыз бетiнiң мазмұнын көрудi iске асырады
Бiрнеше беттер – Бiр уақытта құжаттың бiрнеше беттерiн қарап шығуды iске асырады.
Масштаб - Құжат бейнесiнiң масштабын экранда өзгертедi.
Сызық - Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетедi немесе жасырады.
Беттердi қиыстырып келтiру - Құжатты жан-жағынан ығыстырады. Беттiң соңғы жағындағы кiшiгiрiм көлемдегi мәтiндi құраған жағдайда қолданған тиiмдi.
Толық экранға–Экраннан тақталар мен басқа элементтердi жоюға есебiнен құжаттың мазмұнын көруге арналған облысты максималды үлкейтедi.
Жабу–Алдын ала көру режимдерiнен шығуды iске асырады.
Анықтама- Контекстi-тәуелдi анықтаманы ұсынады.