Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:35, лабораторная работа
Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен танысу және олармен жұмыс жасап үйрену.
Операциялық жүйе дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.
Нені белгілейміз... |
Қалай белгілейміз... |
Кез келген элемент |
Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап тышқан курсорын белгіленетін мәтін фрагментін бір шетінен екінші шетіне жылжытамыз. |
Сөз |
Сөзде тышқанды екі рет шерту |
Графика |
Графиканың ішінде тышқанды шерту |
Мәтін қатары |
Қатардың сол жағындағы бос орында тышқанды тышқанды шерту |
Бірнеше мәтін қатары |
Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында ұстап белгіленетін қатарлардың бір шетінен екінші шетіне жылжытамыз. |
Сөйлем |
Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тышқан курсорын сөйлем ішінде шерту |
Абзац |
Тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында екі рет шерту немесе белгіленетін абзац ішінде тышқанды үш рет шерту |
Бірнеше абзац |
Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында белгіленетін қатарлардың бір шетінен екінші шетіне қарай жылжытамыз |
Барлық құжат |
Сол жақ шеттегі бос орында тышқанды үш рет шерту |
Мәтіннің тіктөртбұрышты блогы (кесте ішінде емес) |
Alt пернесін басулы күйде ұстап, тышқанды төртбұрыштың жоғарғы сол жақ бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына дейін жылжыту |
8.1-кесте
Мәтін фрагментін ерекшелеуді алып тастау (доғару) үшін:
Белгіленбеген аймақта тышқанды шерту керек немесе кез келген жебелек пернелердің (¬, , ®, ¯) бірін басу қажет.
Мәтін фрагментін пернелер арқылы ерекшелеу
Мәтінді тышқанның көмегінсіз пернелермен
де ерекшелеуге болады. Ол үшін мына іс-әрекеттердің
бірін орындау қажет:
Ерекшелеуді кеңейту |
Қалай орындалады |
Бір символ оңға |
SHIFT + ® |
Бір символ солға |
SHIFT + ¬ |
Сөз соңына дейін |
CTRL + SHIFT+® |
Сөз басына дейін |
CTRL + SHIFT+¬ |
Қатар соңына дейін |
SHIFT + END |
Қатар басына дейін |
SHIFT + HOME |
Бір қатар төмен |
SHIFT + ¯ |
Бір қатар жоғары |
SHIFT + |
Абзац соңына дейін |
CTRL + SHIFT+¯ |
Абзац басына дейін |
CTRL + SHIFT+ |
Бір экран төмен |
SHIFT + PAGEDOWN |
Бір экран жоғары |
SHIFT + PAGEUP |
Құжат соңына дейін |
CTRL + SHIFT+ END |
Құжат басына дейін |
CTRL + SHIFT+ HOME |
Құжатты түгелдей |
CTRL + A немесе CTRL + 5 |
Құжаттың белгілі бір жеріне дейін |
F8 + жебелек пернелердің бірі (¬, , ®, ¯) арқылы |
Тіктөртбұршты фрагментті ерекшелеу |
CTRL + SHIFT+ F8 пернелерін басып, сонан кейін тілсызық пернелермен төртбұрышты аймақты ерекшелеу |
Қаріпті форматтау
Мәтін ерекшеленгеннен кейін форматтауды Формат менюінің немесе Саймандар тақтасындағы “Форматтау” батырмаларының көмегімен де орындауға болады.
8.1-сурет. Саймандар тақтасындағы қаріпті форматтауға қолданылатын батырмалар.
Саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегімен компьютерге алдын ала енгізілген қаріптің түрін, көлемін, кескінделуін мәтінді термей тұрып немесе терілген мәтінді белгілеп алып та таңдау мүмкіндігі бар.
Қаріпті толық форматтау Формат – Қаріп (Шрифт) командасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Қаріп... командасын таңдағанда ашылған сұқбат терезесінің көмегімен орындалады.
8.2-сурет. Қаріп терезесі.
Орындалған іс-әрекеттерді қайталау және болдырмау
WORD режимі қате жасалған әрекеттерді қайта қалпына келтіру үшін өте ыңғайлы. Соңғы әрекеттерді қайта қалпына әкелу үшін Енгізуді болдырмау батырмасы және Түзету менюінің Енгізуді болдырмау командасын орындау жеткілікті. Соңғы іс-әрекетті қайталау үшін Енгізуді қайталау командасын орындау қажет. Көрсетілген іс-әрекеттерді енгізуді болдырмау және қайталауды орындау үшін Стандартты саймандар тақтасындағы сол және оң жақ дөңесті бағыттауышты батырмаларына тышқанды шерту арқылы іске асыру өте ыңғайлы болады.
Ерекшеленіп алынған мәтінді редакциялау
Мәтін фрагментін ерекшелеп алғаннан кейін редакциялау және форматтау командаларын пайдалануға болады. Ең алдымен, егер ерекшелеп алынған фрагментті ауыстыру деген жолауша орнатылған болса (Сервис – Параметрлер – Түзету), онда белгіленген фрагментті кәдімгі жаңа мәтінді терумен ауыстыруға болады. Бірінші әріпті теру барысында ерекшелеп алынған фрагмент автоматты түрде өшіріледі, ал жаңа мәтін оның орнына қойылады (егер ерекшелеп алынған фрагментті ауыстыру жалаушасы іске аспаған жағдайда, онда ерекшелеп алынған мәтін өз орнында қалады, ерекшелеу жоғалады, ал жаңа мәтін оның алдына қосақталып орналасады).
Ерекшеленіп алынған фрагментті алып тастау үшін BACKSPACE және Delete батырмасын басыңыз немесе Түзету менюінен ¤шіру командасын орындаңыз.
Формат – Регистр командасын орындағанда ашылған сұқбат терзесінің көмегімен құжаттың әріптерін – сөйлемдегідей, яғни нүктеден кейін бас әріп, барлығы кіші, барлығы бас әріп, сөзді бас әріптен бастау, регистрді керісінше ауыстыру әрекеттерін жүзеге асыруға болады.
8.3-сурет. Регистр сұхбат терезесі.
Тапсырмалар
1. Мәтінді теріңіз:
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде математика меп информатика қурстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшiн үлкен мүмкiндiктер бар. Информатика мен математика үшiн жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
П.б. жүзеге асыруда дидактиканың негiзгi принциптерiне сүйену қажет. Бiздiң жұмыста да өзге пәндермен п.б. негiзге ала отырып, информатиканы оқыту әдiстемесiнде дидактикалық принциптер қарастырылады. Олар барлық оқу пәндерiмен өзара тығыз байланысуда жалпыға бiрдейлiк қасиетi арқылы өз кезегiнде жалпы дидактиканы өзiнiң негiзгi категорияларымен байыта түседi.
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу - бұл күрделi мәселе. Бiздiң мiндетiмiз: бiлiм берудiң негiзiн қалауда және оқу пәндерiнiң өзара байланысуының негiзгi бағытын белгiлеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкiндiктерiн көрсету.
Регистрдегі барлық әріптерді бас әріптерге ауыстырыңыз. Интервал бүктемесіндегі кернинг жалаушасын қойыңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып, мәтіндегі п.б-ны пәнаралық байланысты сөздеріне ауыстырыңыз.
2. Тізім жазаңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып сөйлемдердің кезегін кері ретке ауыстырыңыз. Тізімнің аты ортаға қарай тураланған, қаріп түрі–Times New Roman, қаріп көлемі–16, жазылуы – кәдімгі. Тізім мәтінінің де қаріпі және жазылуы да дәл сондай, қаріп көлемі -14.
Құжатқа суретті қою
Word-тың көмегімен құжатқа
Сурет көлемін өзгерту
Суретке тышқанды шертіп және тышқан көрсеткішін маркердің біреуіне апару қажет. Бұл жағдайда тышқан көрсеткіші қос бағытты бағыттауыш түріне айналады және оны қажетті көлемге дейін жылжытамыз. Суретті жылжыту тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып орындалады. Барлық форматтау командалары Суретті форматтау (Форматирование рисунка) диалогтық терезесінде орналасқан. Суретті форматтау диалогтық терезесі Формат ® Сурет (Формат ® Рисунок) командасы арқылы ашылады. Оның көмегімен суретті форматтауға болады. Суретті өшіру үшін суретті белгілеп <Delete> пернесін басу қажет.
WordArt объектілері
WordArt жазбаларды, эмблемаларды, логотиптерді көркемдеуді орындай алады. WordArt объектісін шақыру Енгізу ® Сурет ® WordArt объектілері командасы арқылы орындалады.
Шыққан диалогтық терезеден (Коллекция WordArt) қажет жазба стилін таңдап және <ОК> батырмасын шерту қажет. WordArt объектілерін ерекшелегенде WordArt саймандар тақтасы шығады. Саймандар тақтасының батырмалары арқылы объектіні форматтауға болады.
Word саймандары арқылы сурет салу.
Word – та сурет салу Сурет саймандар тақтасы арқылы жүзеге асырылады Сурет салу саймандар тақтасын шақыру үшін Түр-Саймандар тақтасы – Сурет (Вид – Панели инструментов – Рисование) командасын орындау қажет.
1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигуралар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады, Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты ауысады. Әртүрлі геометриялық фигураларды сызу үшін қосымша Сурет саймандар тақтасы пайдаланылады. Бұл саймандар тақтасында сурет салуға және графикалық объектілердің барлық түрін басқаруға, форматтауға арналған саймандар орналасқан.
Түзу сызықты сызу үшін сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін таңдау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иілу бұрышы 15 градусқа қысқару үшін курсорды жылжыту кезінде Shift пернесін, ал сызық бастапқы нүктеден екі жаққа бірдей сызылу үшін Ctrl пернесін басулы күйде ұстау қажет.
Дөңгелектер мен эллипстерді салу. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бектіп алу үшін салу кезінде Ctrl пернесін басып, ұстап тұрса болғаны.
Шеңбер салу үшін, өлшеме кезінде Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін жылжытпай бекіту мақсатында Ctrl және Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.
Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жәбермей ұстап тұрып тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал кавдрат салу үшін, оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Алдыңғы жолдардағыдай Ctrl және Shift пернелерін де бірдей қолдануға болады.
Кез келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне орналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды шертіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны өшіріп қайта сызу үшін BackSpace пернесін қолдануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін ESC пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеде түйіседі.
2. Автофигуралар енгізу
Сурет саймандар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық бағыттауыштар, блок-схемалар, жұлдызшалар мен ленталар, түсіндірмелер (выноски) деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар бар.
Түсіндірмелер тізіміндегі фигураларды пайдаланып, кез келген суретті немесе кестені т.б. нұсқай отырып түсіндірме жазуға болады.
Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналаскан Автофигуралар менюіндегі Салынған қисық (Рисованная кривая) Көпсызык, (саймандарының көмегімен әртүрлі сызықтар және формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшін, сурет екі рет шерту арқылы белгілеп алған соң, жанама менюді өзгертуді бастау командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызыкты кесінділерден түратын обьектіні салу үшін Автофигуралар => Сызыктар-Көпсызықтар батырмаларын шертеміз. Қисық сызықты кесінділерді тасымалдау жолымен салган өте тиімді Автофигура батырмасының көмегімен көрнекі түрдегі блок-схемаларды салу әрекетін өте оңай орындауга болады. Автофигуралар тізімінен қажетті блоктарды тандап аламыз да оларды багыттауыштармен жалгастырамыз. Ал блоктардың ішіне жактау енгізіп, оган мәтін жазуға болады.