Зертханалык жумыс информатика

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:35, лабораторная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен танысу және олармен жұмыс жасап үйрену.
Операциялық жүйе дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.

Работа содержит 1 файл

Зертханалық жұмыс информатика.doc

— 7.81 Мб (Скачать)

4. Щелкните два раза ярлык диска С: дискісінің жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.

5. Windows бумасы жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын  оқыңыз.

6. Негізгі меню (Главное меню) бумасының жарлығына екі рет шертіңіз.  Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.

7. Бағдарламалар (Программы) бумасының жарлығына екі шертіңіз. Терезенің  тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.

8. Терезені оң жақ жоғарғы бұрышқа ауыстырыңыз.

9. Терезенің өлшемін, ол экранның оң жағын алып тұратындай етіп өзгертіңіз.

10. Бастау (Пуск)  батырмасы арқылы бас менюді ашып, Бағдарламалар (Программы) жолына өтіңіз.

11. Бастау (Пуск)  батырмасы менюін ашық тұрған терезе мазмұнымен  салыстырыңыз.

12. Терезені жабыңыз.

13. Бастау (Пуск)  батырмасының жанама менюін ашыңыз.

14. Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз. Сонда өзіңіз бұған дейін жауып қойған Негізгі меню (Главное меню)  терезі пайда болады.

15. Терезені жабыңыз.

Өзіндік жұмыс  тапсырмалары

1. Жұмыс үстелінде  Менің жеке құжаттарым деген  атпен  бума құрыңыз. 

2. Менің жеке құжаттарым  бумасын ашыңыз.

3. Менің жеке құжаттарым  бумасының терезесін экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.

4. Менің жеке құжаттарым  бума терезесін бір мезгілде  көлденеңінен және тігінен созыңыз. 

5.Терезені экран бетін  толық алып тұратындай етіп  ашыңыз.

6. Ағымдық бумада Тәжірибелік және Менің тәжірибелерім деген атпен екі бума құрыңыз.

7. Тәжірибелік бумасында  Microsoft Word  программасының Алгоритм деген атпен құжат құрыңыз. Ол құжатқа бума, құжат және жарлықтарды құру алгоритмін жазыңыз.

8. Менің тәжірибелерім бумасында Нүктелік сурет (Точечный рисунок) құжатын құрып, Сызба деген атпен сақтаңыз. Онда компьютердің құрылымын сызба түрінде бейнелеңіз.

9. Тәжірибелік бумасында  WordPad (мәтіндік редактор) стандартты қосымшасының WordPad.exe объектісіне жарлық құрыңыз.

10. Менің тәжірибелерім бумасында Paint (графикалық редакторы) стандартты  қосымшасының paint.exe объектісіне жарлық құрыңыз.

11.  Менің жеке құжаттарым  бумасының терезесін қалыпты өлшемге дейін қалпына келтіріңіз.

12. Өзіндік жұмыс тапсырмаларын  орындау кезінде құрылған бумалар  мен құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтындай етіп жойыңыз.

Студенттің  өзіндік жеке жұмыстарының тақырыптары

1. Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.

2. Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері.

3. Жарлықтар мен шартбелгілердің қызметтері.

4. Бумалар мен файлдар.

5. Жұмыс үстелі.

Бақылау сұрақтары.

1. Жұмыс үстелі (Рабочего поля) ұғымына түсінік беріңіз.

2. Есеп тақтасы (Панель задач) қайда орналасқан. Оның қызметі.

3. Іске қосу (Пуск) батырмасының қызметі.

4. Тышқан құрылғысымен  басқарудың  негізгі әдіс-тәсілдерін айтыңыз.

5. Windows-тің негізгі  элементтеріне анықтама беріңіз:  объект, шартбелгі (значок объекта), бума (папка), құжат (документ), файл, жарлық (ярлык).

6. Каталог пен буманың,  файл мен құжаттың арасында  айырмашылық бар ма, болса қандай?

7. Бір объектінің бірнеше  жарлығын жұмыс үстелінің әр  жеріне орналастыруға бола ма?

8. Менің компьютерім (Мой компьютер) жарлығының қызметі. Себет (Корзина) жарлығының қызметі.

9. Объектіні қалай  іске қосуға немесе ашуға болады? Қосымшаларды іске қосу тәсілдерін атап шығыңыз.

10. Белгіленген объектінің  жанама менюін ашуға болады. Бума  құру алгоритмін келтіріңіз.

11. Объектіні жылдам  іздеу алгоритмін айтыңыз. 

12. Жарлық құру алгоритмін  айтыңыз. 

13. Объектіні  қалай  өшіруге болады?

14. Сілтеуіш (Проводник) программасының қызметі?

15. Ағымдық бума мазмұны  Сілтеуіш терезесінің қай панелінде  келтіріледі?

16. Сілтеуіш (Проводник) программасының көмегімен ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін келтіріңіз.

17. Сілтеуіш (Проводник) программасында файлдардың орнын ауыстыру, көшірмесін алу әрекеттерінің алгоритмін келтіріңіз.

18. Менің компьютерім (Мой компьютер)  бумасының қызметі?

19. Жүйелік шартбелгі дегеніміз не? Жұмыс үстелінде қандай жүйелік шартбелгілер орналасқан?

20. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік терезесінде ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін айтыңыз.

         Зертханалық жұмыс №7.

Тақырып:Windows XP жүйесінің стандартты программалары. Блокнот және WordPad 

программалары (4 сағат зертханалық жұмыс, 1-сағ  СӨЖЖ )

 

Жұмыстың  мақсаты: Қарапайым мәтін редакторларымен жұмыс жасауды үйрену.

Блокнот.

Блокнот-қысқа мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге өте  ыңғайлы программа. Windows XP жүйесі Блокнот программасының көмегімен автоматты түрде бірнеше тіркеумен сақталған мәтіндік файлдарды оқи алады.

 Блокнот программасының аты ағылшынша Notepad және ол Notepad.exe файлында сақталады. Оны іске қосу үшін кез келген мәтіндік файлдың шартбелгісіне тышқанды екі рет шерту  жеткілікті. Бұл кезде Блокнот программасы іске қосылады да, белгіленген файл автоматты түрде ашылады. Бірақ, Блокнот файлдардың көмегімен көлемі өте үлкен болған жағдайда оны аша алмайды, мұндай жағдайда автоматты түрде WordPad  қуатты қолданбалы программасы іске қосылады.

  Блокнот программасының  көмегімен жаңа файл құру үшін, оны меню арқылы іске қосу қажет. Ол үшін Бас менюді ашып, Программалар-Стандарттар-Блокнот жолын таңдаймыз.

 


Бұл программада құжаттарды жазуға, сақтап қоюға, баспаға шығаруға, яғни оны мәтіндік редактор ретінде  қолдануға болады.  

 

Блокнотты күнделік ретінде қолдану.

  Блокнот программасы  күнделік толтыру мақсатында  қолдануға болады. Ол үшін келген  мәтіндік файлды ашамыз да, бірінші  жолына .LOG (міндетті түрде нүктеден  кейін, бас әріптермен) командасын  теріп жазған соң, файлды сақтап  қоямыз. Енді осы файлды қосымша ақпараттармен толтыру үшін оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы Блокноттың көмегімен ашсақ, файл соңында ағымдағы уақыттың автоматты түрде жазылып қалғанын көруге болады. Файлды әрбір ашып жұмыс істегеннен кейін, оның соңына ағымдағы уақыт жазылып отырады. Блокнот  программасында жұмыс істеп отырып, Ғ5 пернесін басу арқылы кез келген уақытта ағымдағы уақытты да жазу мүмкіндігі бар. 

 

WordPad мәтіндік  редакторы

WordPad мәтіндік редакторының  Блокнот программасына қарағанда  мүмкіндіктері кеңірек, ол құжаттарды құру, толықтыру және қарау т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

  WordPad программасы  компьютер жадының көлеміне  және  бір уақытта ашық тұрған программас  санына қарамай кез келген  көлемді файлдармен жұмыс істей  алады.

WordPad редакторын іске қосу үшін өңдеуге қажетті құжаттың шартбелгісіне тышқанды екі рет шертеміз немесе бас менюді ашып Програмаммалар-Стандарттар-Мәтіндік редактор WordPad жолын таңдаймыз.

 



 

Қолданылатын қаріп  түрін енгізу

Қаріп түрін (мөлшері  және түрі) өзгертуге қажетті мәтін фрагментін ерекшелеп аламыз. Меню қатарынан Формат-Қаріп  бөлімін таңдаймыз. Ашылған сұхбат терезеде жұмыс істеп отырған компьютерге орнатылған қаріптің ішінен басқа түрін таңдау, сондай-ақ басқа параметрлерін–түсін, өлшемін, сызылымын (жартылай қарайтылған, қисайтылған (курсив), асты сызылған) көрсету мүмкіндігі бар.

 

 

Файл  және Түзету менюлері


 

...деп сақтау (Сохранить как) командасын орындағаннан кейін қажетті буманы  және жаңа файлдың атын өзгертуге мүмкіндік беретін сұхбат терезесі ашылады. Көрсетілген атпен бұрын басқа құжат сақталынған болса, сол файлды жаңа файлға өзгерту қажеттігін растау туралы қосымша сұралынады. Бұрынғы файлдың үстінен, яғни сол атпен немесе жаңа атпен жазу әрекетін өз қалауымызша орындаймыз.

 Баспаға жіберу (Печать) командасы құжатты қағазға басу мақсатында принтерге жіберу үшін қолданылады.

Құжаттар тізімі Менюдің төменгі бөлігінді соңғы кездерде өңдеген, төрттен көп емес құжаттардың сақталған орны және аты толық жазылып тұрады.

Шығу(Выход) Программамен жұмысты аяқтау үшін қолданылады.

Түзету менюі.

 


 

 

 

Студенттің  өзіндік жеке жұмыс тапсырмалары:

1. Блокнот программасын іске қосыңыз. Қазақ әріптерімен мәтін жаза алмайтын болсаңыз, ағылшын тіліндегі мына мақалаларды теріп жазыңыз да Студент деген атпен файл ретінде сақтап қойыңыз.

      1. Poverty is no sin (Кедей болу-күнә емес)
      2. As you sow, you shall mow (Не ексең, соны аларсың)
      3. Lost time is never found again (Өткен уақыт қайта оралмайды)

2. Ағылшынша жазылған  мақалалардың тұсына қазақшасын  теріп жазыңыз. Қаріптің мөлшерін үлкейтіп, жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп өзгертіңіз.

3. Үш мақалды үш  түрлі түске өзгертіңіз.

4. Осы мақалалардың  соңына Блокноттың мүмкіндігін  пайдаланып, күн-ай мерзімі мен  уақытты жазып қойыңыз.

5. WordPad редакторында төмендегі өлең шумақтарын теріп жазып, Файл деген атпен сақтап қойыңыз:

Өмір деген шешуі  жоқ мың сұрақ,

Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.

Мың сұраққа жауап  таба алмадым,

Бұл өмірде көп болғаны-ау тылысым-ақ .

6. WordPad редакторында жаңа  файл құрыңыз. Апта ішіндегі күн аттарын маркерленген тізім ретінде жазыңыз. Әр күн атын әртүрлі түспен, әртүрлі көлемге өзгертіңіз. Апта деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.

7. WordPad редакторын іске  қосыңыз да, Файл деген атпен  сақталған құжатты ашыңыз. Осы файлдың соңына Апта файылындағы мәтіннің көшірмесін орналастырыңыз.

8. Құжаттағы Неге деген  сөзді тауып, оны қашан деген  сөзге өзгертіңіз де қайтадан  қалпына келтіріңіз.

9. Маркерленген тізімді  алып тастаңыз. Файлдың атын өзгертіп  Апта 1 деген атпен сақтаңыз.

10. Апта 1 файлының соңына  Студент файылындағы мақалалардың  көшірмесін орналастырыңыз.

11. Менің құжаттарым  бумасына Топ (мамандықтарынызды)  деген атпен жаңа бума құрыңыз.  Осы бумаға WordPad-та жазылған файлдарыңызды,  Блокнотта жазылған файлдарыңызды сақтап қойыңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Блокнот программасы қалай іске қосылады? Қандай мүмкіндіктері бар?
  2. WordPad редакторы қалай іске қосылады?  WordPad редакторының Блокнот программасынан қандай айырмашылығы бар?
  3. WordPad программасының меню қатарындағы командаларын сипаттаңыз.
  4. Мәтінді туралау әрекеті қалай іске асырылады?
  5. Маркерленген тізім қалай құрылады?
  6. Символдарды табу және Ауыстыру  режимі қалай жұмыс істейді?
  7. Файлдың аты қалай өзгертіледі?
  8. Бір файлдағы құжаттың көшірмесін екінші файлға орналастыруға бола ма?

 

Paint кескiндiк (графикалық) редакторы. Калькулятор программасы.

 

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі суреттер, геометриялық фигуралар салу, ішін бояу, бүрку, салынған суреттермен жұмыс істеу тәрізді амалдарды орындауға үйрету.

Қарапайым және инженерлік калькуляторларда есептер шығарып үйрену. 

 

           Paint программасы түрлi-түстi графикалық кескiндердi құруға, қарауға (просмотр) және өңдеуге (редактирование) арналған. Ол шағын мәтiндердi жазумен сканерден түсiрiп алған кескiндердi өңдеуге (редактирование)мүмкiндiк бередi.

Paint кеңейтiлген BMP–лi файлды  жасайды және оқиды. Жасалған  суреттердi басқа құжаттарға енгiзуге  болады.

 Кескiндiк (графикалық) редакторды iске қосу

 Iске қосу батырмасында шертiп,  Басменюден келесi пункттердi  таңдап алу: Программалар – Стандартты – Paint кескiндiк редакторы.



    Paint кескiндiк редакторының терезесi.

    

 Кескiндiк редактор терезесiнiң келесi элементтерi бар: құжат атынан тұратын тақырып қатары, меню қатары, Саймандар тақтасы, Сурет салуға арналған аймақ, Негізгі және фондық түстер политрасы. Сол жақта сурет салу саймандар жинағымен редактiрлеу (редактирование) белгiшелеу тобы орналасқан. Саймандар жиынтығының астында таңдалып алынған сайманның түрiне байланысты өзгеретiн үлгiлер жинағы орналасқан.Мысалы, сызық сайманын таңдап алған кезде үлгiлер жинағында түрлi қалыңдықтағы сызықтар жинағы болады. Терезенiң сол жақ төменгi бұрышында сурет салғанда ауыстыруға болатын түстер жинағының Индикаторы орналасқан. Индикатордағы алдыңғы жоспарда орналасқан квадрат негiзгi түспен, ал кейiнгiсi фондық түспен боялған.

Информация о работе Зертханалык жумыс информатика