Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 21:16, курсовая работа

Описание работы

Автоматтандырылмаған әдіс болса, барлық есептер ағымдағы «Негізгі қорлар» санағында жүргізіледі. Бұл санақ кәсіпорынның эксплуатациядағы, қордағы, консервациядағы, немесе жалға берілген жекеменшік негізгі құралдарындағы қозғалыс пен ақпараттарды қадағалау мақсатына арналған. Бұл санақтағы негізгі қорлардың синтетикалық санағы олардың эксплуатациядағы кезіндегі бастапқы бағасы бойынша жүргізіледі.
Көріп отырғанымыздай, есепті өңдеу технологиясы өте күрделі еңбекті талап етеді. Сол себепті, оны автоматтандыру қажеттілігі туындайды

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 1.05 Мб (Скачать)

Бэк-офис негізгі қүралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу кар-точкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет дерёктемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.

Балапанова Ә.Ж. мен Баймұханова  С.Б. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында  былай делініп жазылған: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі). 

Негізгі қорлардың табиғи тозуы  олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады. 

Негізгі қорлардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі қорлар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі қорларды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады. 

Негізгі қорлардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. 

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі қорлар моральдық тозуға ұшырайды.  Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді. 

№16 «Негізгі қорлардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі. 

Баланстық құн – кез келген жинақталған  амортизация және құнсызданудан  жинақталған залал шегерілгеннен  кейін актив танылатын сома. Өзіндік  құн – бұл активті сатып  алу үшін немесе тұрғызу кезінде  берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының  сомасы немесе өзге қарсылама берудің  әділ құны, не бұл қолданылатын жерде  мұндай активті басқа Халықаралық  стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты  талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының  орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация  – активтің амортизацияланатын құнын  оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның  болжамына сәйкес қандай да бір активті  пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына  байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын  ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған  құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін  және бір-біріне тәуелсіз тараптардың  арасында мәміле жасаған кезде активті  айырбастауға болатын сома.

Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай  материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін. Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны  пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында  болатын мерзімге және жағдайға жететін  болса, шығып қалуға болжанып отырған  шығындарды шегеріп, активті өткізуден  ағымдағы кезеңде ұйым алатындай  есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі  – бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активті  пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.  
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.  
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі қорлар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі қорлар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. 

Толығымен амортизацияланған негізгі  қорлар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.  
Тоқтап тұрған негізгі қорлар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді. 

Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды. 

Одан басқа, мына төмендегі негізгі  қорлар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.  
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды. 

Одан басқа, мына төмендегі негізгі  қорлар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.  
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.

Сатып алу құнын төлегеннен кейін  ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі  қорлар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі қорлардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі қорлардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 

Негізгі қорлардың амортизациясы есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар: 

-құнын бірқалыпты (түзу сызықты)  жолмен есептеп шығару;  
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);  
-жеделдетіп есептен шығару;  
-қалдығын азайту жолыменесептен шығару;  
-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару; 

Негізгі қорлардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады. 

Таңдап алған амортизацияны  есептеу әдісі субъектінің есептік  саясатымен анықталу тиіс және ол бір  есептік жылдан екінші бір есептік  жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны  есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек. 

Ал бюджеттік мекемелер бойынша  тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде  болады.  
Дүйсембаева К.Ш. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында жазылғандай негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып абиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі қорлар құнының бөлігі жоғалады. 

Негізгі қорлардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі қорларға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі қорлар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі қорларды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді. 

Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:  
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);  
2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);  
3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);  
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;  
5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.  
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;  
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі.

Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі қорлардың барлығы моральды тозуға бейім. 

Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі қорлардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі. 

Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі қорлар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.  
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.  
Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі қорлардың жылдық орташа құнына қатынасы.  
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі қорлар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады. 

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі қорлар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі қорлардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі. 

Қайтадан пайдалануға берілген негізгі қорлар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.  
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді. 

Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде негізгі қорлар әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс. 

Т.Ә. Әбдіқалықовтың «Аудит және бухгалтерлік есеп» атты еңбегінде негізгі құралдың ( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, т.б.) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» - деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі қорлардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.  
Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі қорлардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы. 

Информация о работе Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі