Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 21:16, курсовая работа

Описание работы

Автоматтандырылмаған әдіс болса, барлық есептер ағымдағы «Негізгі қорлар» санағында жүргізіледі. Бұл санақ кәсіпорынның эксплуатациядағы, қордағы, консервациядағы, немесе жалға берілген жекеменшік негізгі құралдарындағы қозғалыс пен ақпараттарды қадағалау мақсатына арналған. Бұл санақтағы негізгі қорлардың синтетикалық санағы олардың эксплуатациядағы кезіндегі бастапқы бағасы бойынша жүргізіледі.
Көріп отырғанымыздай, есепті өңдеу технологиясы өте күрделі еңбекті талап етеді. Сол себепті, оны автоматтандыру қажеттілігі туындайды

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 1.05 Мб (Скачать)

 

 

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның  денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды  ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі  қоғамды ақпараттандыруда ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі  міндеттерінің біріне айналды.

Қазіргі қоғамның талаптарына  сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында  жұмыс орнын автоматтандыру негізгі  мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік  және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу  орындарында және басқа да салаларда  ақпараттандыру жүйесін кеңейту  және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс  орнында орналасқан және олардың  жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім  есептеу жүйесін айтуға болады.

АЖО ақпараты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылымды  мәліметтер базасы. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан  кезде одан шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрлымдарында тек  мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар  олардың тұтынушымен және басқа  да ақпараттық-программалық  кешендермен  қарым – қатынасының әдістерін  де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі  заманға мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз

Негізгі құралдарды тіркеу есебін өңдеудің мақсаты – негізгі  құралдарды тіркеу есебін шешудің, амортизацияны  санаудың, бағаны өзгертудің, адамның  аты бойынша есеп берудің уақытын  азайту. Есепті автоматтандырылған жолмен шығарудың мынадай тиімді жақтары бар: 

  • Жылдамдық, есепті шешу кезінде жылдамдықты бірнеше есеге арттыруға болады;
  • Сенімділік, есепті автоматтандырылған жолмен шешу қателіктің кетуіне жол бермейді, ал егер қате пайда болып жатса, оларды жоюға арналған немесе түзетуге арналған құралдар бар;

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты  ТОО «МДА-Азия» арналған негізгі  құралдарды тіркеу есебін шешуге арналған АЖО-ның құру болып табылады.  Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы, өзінің шынайы табиғи формасын сақтай отырып, өндіру процессінде және айналымына қатысады. Негізгі қорлардың тозу өлшеміне қарай, олардың сәйкес бағасы қайтадан жаңа өндірілген өнімге ауыстырылады. Ақшалай бағалануда көрінетін негізгі  қорлар негізгі құралдар болып табылады. Бұларға мыналар жатады: ғимараттар, құрылыстар, хабарлаушы құрылғылар, жұмысшылар және қуатты машиналар, өлшейтін және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, есептегіш техника, көлік құралдары, өндіруші және шаруашылық бұйымдары, мал, көпжылғы егістіктер, шаруашылық ішіндегі жолдар және басқа да негізгі құралдар. Сонымен қатар негізгі құралдарға жерді өңдеуге күрделі шығындар, және ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар жатады. Жалға алушы жүргізетін, жалға алынған негізгі құралдарға салынған күрделі шығындар жалға алушының шығыны ретінде негізгі құралдарға кіреді және негізгі құралдың жеке объектісі болып саналады.

Автоматтандырылмаған әдіс болса, барлық есептер ағымдағы «Негізгі қорлар» санағында жүргізіледі. Бұл санақ кәсіпорынның  эксплуатациядағы, қордағы, консервациядағы, немесе жалға берілген жекеменшік негізгі құралдарындағы қозғалыс пен ақпараттарды қадағалау мақсатына арналған. Бұл санақтағы негізгі қорлардың синтетикалық  санағы олардың эксплуатациядағы кезіндегі бастапқы бағасы бойынша жүргізіледі.

Көріп отырғанымыздай, есепті өңдеу технологиясы өте күрделі  еңбекті талап етеді.  Сол себепті, оны автоматтандыру қажеттілігі  туындайды.

 

 

1 НЕГІЗГІ ҚОРЛАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 

 
1.1 Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі

 

Негізгі қорлар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі қорлар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады. 

№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі қорлар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер. Оған мыналар жатады: 

- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен  байланысты қозғалысы және олардың  мақсатына зиян шектірмеу басқа  объектілер); 

- көлік құралдары; 

- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік  және шаруашылық құрал- саймандары  ірі және өнім беретін малдар  арнайы құралдармен басқа да  негізгі қорлар (кітапхана қор,мұражай  құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары  автомобиль жолдары) және т.б. 

Негізгі қорлар көптеген құралдар бойынша пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес. 

Өндірістік бұл - өндірістік процесіне  тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі қорлар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді. 

Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне  қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық  қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт) 

Тиістілігі бойынша негізгі  қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған. 

Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын  негізгі қорлар. 

Жалданған - жалдау шарты бойынша  онда белгіленген мерзімге басқа  субъектілердің алынған негізгі  қорлар. 

Пайдалану сипатына қарай негізгі  қорлар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы. 

Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы  негізгі қорлар. 

Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі қорлар.  
Қоймада тұрған - қолданылып жүрген негізгі қорлар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі қорлар. 

Түріне қарай негізгі қорлар 13 топқа бөлінеді: 

1. Жер; 

2.Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет қорлар; 

3. Ғимараттар - еңбек заттарының  өзгеруіне байланысты жоқ қандай  бір функцияналды атқару жолымен  өндіріс процесін жүзеге асыруға  арналған инжинерлік құрлыс объектілері  (платина құбырлы өткізгіштер  және т.б.); 

4. Беріліс құрылғылар –э лектронды  жылулық және механикалық қуат  беруге арналған құрылған (электор  тарату желісі) құбырлы өткізгіштер  т. б; 

5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір  машина егер оның құрамына  кіретін саймандарды, керек-жарақтарды  аспаптарды басқа инвентардың  бөлігі болмаса инвентарлық объект  болып табылатын инвентор дегеніміз  - түгендеу.Бұл тобы 5 ішкі топтан  тұрады: 

- Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын өндіретін электрометорлар және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т.с.с;  
- Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т.б;  
- Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т.б;  
- Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары);  
- Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т.б.) 

6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б.

7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар); 

8. Өндірістік инвентар және керек  жарақтар. Өндіріс операцияларды  орындауға немесе жеңілдетуге  қызмет ететін басқа мақсаттағы  заттар (жұмыс үстелі және т.б.); 

9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті заттар(шкафтар, клемдер және т.с.с.);  
10. Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т.с.с.);  
11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және с.с.);  
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан тазарту және т.б.);  
13. Өзге де негізгі қорлар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары).

1.2 Негізгі қорлардың тозу есебi және амортизация

Негізгі құралдардың есебі  жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

  • бастапқы;
  • ағымдағы;
  • баланстық;
  • өтімділік.

Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.

Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады  деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

Егер активтердің пайдалану  мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.

Ағымдьқ - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі қүралдардың қүны.

Баланстьқ - активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі қүралдардың бастапқы немесе ағымдық қүны.

Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын қүны.

Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею  коэффициентінің есебімен негізгі  қүралдарды қайта бағалау индекстеу  жүргізіледі. Индекстеу кезінде  толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта  есептеудің үсынылатын коэффициенттері  немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына  жазылатын  негізгі  құралдардың  сәйкес  түрлері  мен  көрсетілген

құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:


  • негізгі   қүралдардың   қуаттылығын   жоғарылата   отырьш, 
    пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация);
  • өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында 
    машина бөлшектері мен буындарын игеру;
  • бұрын   есептелген   өндірістік   шығындардың   қысқаруын 
    қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.

Негізгі құралдарды пайдаланғанға  дейінгі алғашқы операциялық жүмсалымдар шығындар ретінде таныладьц

Негізгі кұралдардың  орталықтандырылған есебі кезінде  банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.

Франт-офистен негізгі  күралдарды , кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.

Информация о работе Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі