Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:57, курсовая работа

Описание работы

Телекоммуникациялық технологиялар - Қазақстан Республикасының бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Осы себептен бұл міндетті орындаудың негізгі шарты мектептің оқыту үдерісінде телекоммуникациялық технологиялардың мәнін білу және оны игеру арқылы оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттыруға, олардың ақпараттық мәдениетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағыттайды.
Мектепте телекоммуникациялық технологияларды пайдаланудың төмендегідей жетекші бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
- аталған құралды информатика сабақтарында қолдану;
- телекоммуникациялық технологияларды оқушы іс-әрекетінің зерттеу нысаны ретінде пайдалану;
- электрондық почтаның қазір қазақ тілінде қолдану мүмкіндігі бар, сондықтан осы құралдың көмегімен қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 5.91 Мб (Скачать)

Outlook электрондық пошта  белгісі   Outlook электрондық пошта белгісі - қалаусыз электрондық поштаны тоқтатуға көмектесетін Microsoft корпорациясының жаңа технологиясы. Бұл технология жіберушінің компьютерінен есептеуді немесе сұрауды өтініп, осы жұмысты хабарға заңдылық белгісі ретінде тағайындайды. Outlook электрондық пошта белгісін жасау көптеген электрондық пошта хабарларын спамшының жіберуін қиындатып, уақыт кетіреді, бірақ заңды хабарларды жібергенде әдісті өзгертпейді. Пошта белгісі бар хабарды Office Outlook 2007 алғанда, жүйе сол хабардың жарамдылығын оңай тексере алады. Егер пошта белгісі жарамды болса, жіберуші компьютерінің осы хабарды жіберуіне белгілі бір бағамен төлегені ақиқат болады. Нәтижесінде, пошта белгісі бар хабарлар Қалаусыз электрондық пошта қалтасынан гөрі Кіріс жәшігіне шығады.

Қалаусыз электрондық пошта сүзгісі фишингтен қорғау   Office Outlook 2007 қажетсіз электрондық пошта хабарларын сұрыптайтын жетілдірілген қалаусыз электрондық пошта сүзгісімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, фишингтен жаңа қорғау жүйесі бар (жеке ақпаратыңызды ашуыңызды алдауы мүмкін алаяқтық электрондық пошта хабарларын пайдалану). Office Outlook 2007 күдікті электрондық пошта хабарларын қадағалап, растағаныңызша сондай хабарлардың ішіндегі сілтемелерді автоматты түрде өшіру арқылы сізді қорғауға көмектеседі. Сізге қауіптілігі ықтимал немесе қасақана тораптардың электрондық пошта хабарынан ескертеді.

 

Жеке және компания туралы ақпаратты қауіпсіз сақтау

Басқарылатын электрондық  пошта қалталары   Exchange 2007 пайдаланғанда, басқарылатын электрондық пошта қалталары компаниялардың электрондық пошталарының амандығы мен жұмысшыларының пошта жәшіктеріне сақтау саясатын, оның ішінде басқа адамдардың сондай пошта жәшіктеріне қол жетімділігін көрсету жолдарын күшейтуге көмектеседі.

Электрондық пошта жазбаларының қоймасы   Электрондық пошта хабарларын Windows SharePoint Services 3.0 құжат кітапханасына сақтауға және мұрағаттауға болады. Office Outlook 2007 осы қойма қалталарына пошта қалталарымен бірге қол жеткізуді қамтамасыз етіп, оларды басқа қалталар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл қалталарды басқа адамдарға ашық түрде қол жетімді етіп жасауға болады, олар ұзақ мерзімді мұрағаттау және сай келу мақсаттары үшін оңтайландырылған.

Ақпараттық құқықтарды басқару (IRM)   Жетілдірілген IRM - құжаттарды, жұмыс парақтарын, көрмелерді және электрондық пошта хабарларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын Microsoft Office жүйесіндегі саясатты күшейту технологиясы. IRM құжатты немесе электрондық пошта хабарын пайдалана алатын адамды көрсетуге және осы адамдардың қайсысына мазмұнды, оның ішінде тіркемелерді өңдеуіне, көшіруіне, жіберуіне және/немесе басып шығаруына рұқсат беруді бақылауға мүмкіндік береді.

Бос/бос емес ақпаратты  басқару   Exchange 2007 тіркелгісін пайдаланғаныңызда, жеке деректеріңізді бақылауда ұстайтын бос/бос емес ақпаратыңызды кімнің көре алатынын көрсетуіңізге болады.

Сенімді орталық   Сенімді орталық - 2007 Microsoft Office бағдарламаларына арналған қауіпсіздік және құпия парамтерлерді табуға болатын орын. Office жүйесінің ескі нұсқаларында пайдаланылатын Өте жоғары, Жоғары, Орташа және Төмен қауіпсіздік деңгейлері жаңашаланған қауіпсіздік жүйесімен ауыстырылды.

Жұмыстың жоғалуының алдын алуға көмектесу

Office диагностикасы   Microsoft Office диагностикасы - неліктен сіздің компьютеріңіздің зақымданғанын анықтауға көмектесетін бірқатар диагностикалық тексерулер. Диагностикалық тексерулер біраз мәселелерді бірден шешіп, басқа мәселелердің шешу жолдарын көрсетуі мүмкін. Microsoft Office диагностикасы мына Microsoft Office 2003 мүмкіндіктерін ауыстырады: Анықтау және Жөндеу және Microsoft Office бағдарламасын қалпына келтіру.

Бағдарламаны қалпына  келтірудің   Office Outlook 2007 бағдарлама дұрыс жабылмаған кезде жұмыстың жоғалуын жол бермеуге көмектесетін жетілдірілген мүмкіндіктері бар. Мүмкін болған кезде Office Outlook 2007 бағдарлама қосылғаннан кейін оның күйінің кейбір тұстарын қалпына келтіруге тырысады.

Мысалы, сіз бірнеше файлмен бір уақытта жұмыс істеп отырсыз. Әрбір файл әр терезеде көрінетін белгілі бір деректері бар басқа терезеде ашылған. Office Outlook 2007 зақымданған. Office Outlook 2007 қайта іске қосқаныңызда, ол файлдарды ашып, Office Outlook 2007 зақымданғаннан бұрынғы жолмен терезелерді қалпына келтіреді.

Дұрыс хабар  жіберу

Емлені тексеру құралдары   төмендегілер емле тексергіштің кейбір жаңа мүмкіндіктері болып табылады:

Емле тексергіш 2007 Microsoft Office бағдарламаларында өте үйлесімді  етіп жасалған. Бұл өзгерістің мысалдары төмендегілерді қамтиды:

Бірнеше емле тексергіш  параметрлері жаһандық болып табылады. Егер сіз осы параметрлердің біреуін  бір Office бағдарламасында өзгертсеңіз, сол параметр барлық басқа Office бағдарламалары үшін де өзгертіледі.

Бірдей қолданбалы сөздіктерді ортақ пайдаланудан басқа, барлық бағдарламалар оларды бірдей тілқатысу терезесі арқылы басқара алады.

2007 Microsoft Office емле тексергіші  реформадан кейінгі француз тілі  сөздігін қамтиды. Microsoft Office 2003 жүйесінде  бұл бөлек орнатылған қондырма болды.

Ерекше сөздік тіл  бірінші рет пайдаланылғанда  тіл үшін автоматты түрде жасалады. Ерекше сөздіктер пайдалануға жол  бергіңіз келмейтін белгісі бар  сөздердің емлесін тексеруді  күшейтеді. Олар қажетсіз немесе мәнеріңізге  сәйкес келмейтін сөздерге жол бермеуге қолайлы.

Емле тексергіш кейбір мәтінмәндік емле қателерін тауып белгілей алады. Office Outlook 2007 нұсқасында қатенің түрін табуға және анықтауға қатысты анықтама алу үшін Мәтінмәндік емлені пайдалану параметрін қосуыңызға болады. Ағылшын, неміс немесе испан тіліндегі құжаттардың емлесін тексерген кезде осы параметр қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. «Outlook express бағдарламасымен тиімді жұмыс істеуді жылдамдату»   курсын ұйымдастыру әдістемесі

 

 «Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасымен жұмыс істеуді жылдамдату» курсында әрдайым орындап жүрген нәрселерді оңайлату жолдары қарастырылады және  іс тізімі сияқты жаңа мүмкіндіктердің, жаңа күнтізбе шарлауының тиімді жұмыс істеуге қалай көмектесетінін үйренуге болады.

Курстың мақсаты:

- Outlook 2007 нұсқасында жылжытып, өзгертілген нәрселердің себебі;

- Күнделікті істейтін әрекеттерді орындау үшін таспадан мына пәрмендерді табу керек: электрондық поштаны оқу және жіберу, кездесулер мен жиналыстармен жұмыс істеу және істес кісілерді пайдалану жолдары;

-     Суреттер мен тіркемелерді жіберу және алу жолдары түсіндіріледі.

Бұл курс құрамында: үш жылдамдату сабақтары мен тәжірибелік жаттығуларға арналған үш жаттығу бөлімі бар. Жаттығулар Outlook 2007 бағдарламасын талап етеді. Әр сабақтан кейін шағын сынақ өткізіледі.

Курс аяғында жылдам сілтеме кәртішкесі беріледі.

Курстың мазмұны:

Outlook 2007 нұсқасында бірінші  рет жаңа хабар жасаған (немесе  алынғанды хабарды ашқан) кезде таспаны көруге болады. Ол терезенің жоғарғы жағындағы жолақ болып табылады.

Outlook бағдарламасындағы  елеулі өзгертулердің бірі болып  табылатын таспа Outlook бағдарламасына  жаңа көрініс береді. Бірақ онымен  жұмыс істеуді жылдамдатып отырғандықтан,  өзгеріс тек қана сырт көрінісінде  емес екенін байқайсыз — әрекеттерді оңай және бірнеше қадаммен орындауыңызға көмектеседі.

Сондай-ақ, ол таспамен аяқталмайды. Жылдам әрі тиімді жұмыс істеуіңізге  көмектесетін жаңа мүмкіндіктер көп. Мысалы, күнтізбеде іс тізімі, жаңа шарлау және бірге жұмыс жасатын кісілерге арналған жаңа пішім бар.

2.1. Outlook 2007 нұсқасындағы жасалынған өзгерістермен таныстыру

 

Не өзгертілді және неліктен?

 

 

Таспамен танысу

Таспа Outlook бағдарламасында  жұмыс жасаған немесе өңдеген  сайын көрінеді. Әсіресе, электрондық  пошта хабарларын, күнтізбе тармақтарын, бірге жұмыс жасаған кісілерді, тапсырмаларды немесе журнал жазбаларын жасаған немесе өзгерген кезде таспаны байқауға болады.

Неліктен осы жаңа жүйеге ауыстырылды? Пайдаланушылардың Outlook бағдарламасында пәрмендерді  қалай қолданатыны туралы көп  зерттелді. Зерттеу нәтижесіне қарай  кейбір пәрмендерді көзге бірден түсетіндей етіп реттедік, сонда олар оңай тауып пайдаланылатындай етіп көрсетіледі әрі топтастырылады.  

Егер Microsoft Office Word 2007 нұсқасын пайдалансаңыз, Outlook хабарларына арналған таспа таныс болады. Себебі Outlook 2007 өңдегіші Word 2007 нұсқасына негізделеді, Word бағдарламасында қолданылатын көптеген пәрмендер мен параметрлер Outlook бағдарламасында хабар жасалған кезде қол жетімді болады.

 

Жаңа  электрондық пошта хабары. Таспа  терезенің жоғарғы жағында болады.

 

Таспаға жақын қарау

Таспаны қалай пайдалану  керектігін жақсы үйрену үшін оның негізгі ретін түсіндірейік:

1. Қойындылар Таспа әр түрлі қойындылардан жасалады. Мұнда Хабар қойындысы көрсетіледі. Әрбір қойынды Outlook бағдарламасында орындалатын жұмыстың арнайы түрлеріне қатысты. Қойындаларда алдында пайдаланылған пәрмендер мен түймешіктер бар.

2. Топтар. Әр қойындының өзара байланысты элементтерді бірге жинақтап тұратын бірнеше тобы бар. Негізгі мәтін топ болып табылады.

3. Пәрмендер. Қалың түймешігі мен Қаріп тізімі (Calibri қарпін көрсететін) пәрмендер болып табылады. Пәрмен түймешік, ақпаратты енгізу жолағы немесе мәзір болып табылады. Қою пәрмен сияқты жиі пайдаланылатын пәрмендер үлкен түймешіктері болады.

 

Таспа қажетті элементті көрсетеді

Алдында айтылғандай, (Outlook бағдарламасында мүмкін болатын  біраз нәрселерді атау үшін) хабарлар, күнтізбе элементтерін немесе істес кісілерді жасау сияқты белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырған кезде таспаға тап боласыз.

Таспа орындалатын нәрсеге  лайықты қойындылар мен пәрмендерді  көрсетеді. Яғни, таспадағы қойындылар жұмыс істеп отырған Outlook аумағына қарай әр түрлі болады. Суреттен осы айырмашылықтардың біразын көрсеттік:

1. Жаңа хабар хабар жазғанда және жібергенде пайдаланылатын топтары мен пәрмендері бар Хабар және Параметрлер қойындыларын көрсетеді.

2. Жаңа кездесу күнтізбе жазбасымен жұмыс істеуге лайықты топтары мен пәрмендері бар Кездесу қойындысын көрсетеді.Жаңа бірге жұмыс жасақан кісі жұмыс жасаған кісілер туралы ақпаратты жаңартып отыруды қадағалайтын топтары мен пәрмендері бар Жұмыс жасаған кісі қойындысын көрсетеді.

 

       Назар аудартатын нәрселер

Топтың төменгі жағындағы  кішкентай көрсеткі байқағаныңыздан көбірек қол жетімді екенін көрсетеді.

Мысалы, қаріп параметрлерінің  толық тізімін көру үшін электрондық  пошта хабарының Хабар қойындысындағы Негізгі мәтін тобының жанындағы көрсеткіні нұқисыз.

 

 

 

Құралдардың шағын  тақтасы

Құралдардың шағын тақтасы  қажетті жердегі пішімдеу пәрмендерін  жылдам қолдануға мүмкіндік береді, мысалы электрондық пошта хабарламасының негізгі мәтінінде.

1. Тінтуірмен мәтінді бөлектеп алып, оған меңзерді апарамыз.

2.  Құралдардың шағын тақтасы мөлдірлілік күйінде пайда болады. Егер оған меңзерді апарсақ, ол анық болады да, ондағы параметрді нұқи аламыз.

 

 

Жылдам қатынау  тақтасы

Жылдам қатынау тақтасы Таспаны жоғарғы жағындағы шағын құралдар тақтасы болып табылады. Ол қажетті және пайдаланылатын пәрмендерді дайын түрде қол жетімді ететін жерде орналасқан.

Жылдам қатынау тақтасы  неге жақсы? Ол пайдаланушыларға арналған, яғни, тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқу арқылы оған жиі қолданылатын пәрмендерді қосуға болады. Осы сабақтың соңындағы жаттығу бөлімде мұны орындай аласыз

Жұмыс істеп отырған Outlook аумағына қарай әр түрлі жылдам қатынау  тақтасын көріп пайдаланамыз. Мысалы, жіберілетін хабарларға арналған жылдам қатынау тақтасына жасалатын теңшелімдер Бірге жұмыс жасаған кісілерге арналған жылдам қатынау тақтасына шықпайды.

 

 

Пернелер тіркесімдері

Пернелер тіркесімдерін көру үшін ALT пернесін басамыз. Тиісті қойындыны көрсету үшін көрсетілген пернені басамыз, одан кейін қажетті пәрменді қолдану үшін әріпті басамыз.

Егер тінтуірдің немесе басқа көрсететін құрылғының орнына пернелер тіркесімдерін пайдалансақ, кейбір тіркесімдердің бірдей, бірақ кейбіреулерінің өзгергенін байқаймыз. Таспаны таныстыру арқылы пәрмендер жаңа орындарға орналасады, сондықтан ALT пернесінен басталатын тіркесімдер алдыңғы нұсқалардан басқаша болады. Жұмысты ALT пернесін басу арқылы бастаймыз. Одан кейін қажетті пәрменді қолдану үшін әріпті басамыз.  

Жаңа хабар жасау  үшін CTRL+N, Көшіру үшін CTRL+C және Қою үшін CTRL+V пернелері сияқты CTRL пернесін пайдаланатын көптеген пернелер тіркесімдері өзгерген жоқ.

Мәзірлер мен пәрмендерге  өтуге пернетақтаны пайдалану туралы арнайы курс бар. Қосымша ақпаратты  жылдам сілтеме картасына қостық.

 

 

Параметрлерді біліп-тану

Outlook бағдарламасындағы  бағдарлама параметрлеріне қатынасу  жолы өзгерген жоқ.

Информация о работе Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі