Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:57, курсовая работа
Телекоммуникациялық технологиялар - Қазақстан Республикасының бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Осы себептен бұл міндетті орындаудың негізгі шарты мектептің оқыту үдерісінде телекоммуникациялық технологиялардың мәнін білу және оны игеру арқылы оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттыруға, олардың ақпараттық мәдениетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағыттайды.
Мектепте телекоммуникациялық технологияларды пайдаланудың төмендегідей жетекші бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
- аталған құралды информатика сабақтарында қолдану;
- телекоммуникациялық технологияларды оқушы іс-әрекетінің зерттеу нысаны ретінде пайдалану;
- электрондық почтаның қазір қазақ тілінде қолдану мүмкіндігі бар, сондықтан осы құралдың көмегімен қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Өрістерді мына ретпен толтырыңыз:
Сіздің логиніңіз: Сіздің пошта жәшігіңіздің бірегей атауы - әрқашан латын әріптерімен жазылады – мысалы, my_e-mail.
Шынайы атыңыз: Сіздің хатыңызға қойылатын қолтаңба.
Құпия сөз: пернетақтаның рұқсат етілетін нышандары, мысалы, 1963 (қойын кітапшаға жазып алған дұрыс болар).
Құпия сөзді қайталау: 1963 сақтық e-mail: құпия сөзді жоғалтып алған жағдайда керек болатын электрондық пошта мекен-жайы. урок@mail.kz .
«Тіркелу» батырмасын басамыз, бұл кезде серверде «1963» деген құпия сөзі бар my_e-mail@mail.kz атты пошта жәшігі жасалады.
Егер сіздің логиніңіз бірегй емес болса немесе сіз рұқсат етілмейтін құпия сөзіді енгізсеңіз, қате туралы хабарлама шығады да, сізге өз логиніңіз бен құпия сөзіңізді қайта енгізуге тура келеді.
Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдап алу
Электрондық пошта хабарламаларды
бірдей пішімге ие, сондықтан, егер
сіз әрбір элементтің не үшін қажет
екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша
көмегімен электрондық
Кімге: қабылдап алушының электрондық мекен-жайы.
Көшірме (сс): осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келген өзге қабылдап алушының электронды мекен-жайын көрсетілетін өріс.
Жасырын көшірме (bcc) кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы – хаттың көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгенін адресат білмейді.
Тақырып: қабылдап алушының компьютеріндегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе.
Біріктіру – тіркемелер (сіз электродық хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар мен құжаттар сияқты файлдарды тіркей аласыз).
Хат өрісі: сіз хабарламаны әзірлейтін кеңістік.
Хаттарды әзірлеп, жөнелтуді үйрену үшін өз өзіңізге хат жөнелтіп көріңіз:
Outlook Express бағдарламасын ашыңыз. Экранда бағдарлама терезесі пайда болады. Хабарлама жасау батырмасын шертіңіз;
«Кімге» өрісінде өз электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз;
«Тақырып» өрісінде «Байланысты тексеру» деп жазыңыз;
«Хат» өрісінде «Поштаның өтуін тексеру» деп жазыңыз;
Жөнелту батырмасын шертіп, хабарламаны жөнелтіңіз. Желіде өткізетін уақытыңызды үнемдеу үшін провайдермен қатынасы тура хат жіберер алдында орнатқан дұрыс.
Өз хабарламаңызды қабылдап алып, қарап шығу үшін:
• Outlook Express бағдарламасы терезесінде Келетін тармағын шертіңіз;
• Поштаны жеткізу батырмасын шертіңіз. Келетін хаттарға арналған терезеде сіздің хатыңыз пайда болуы тиіс. Ол бірден емес, бірнеше минут өткеннен кейін де келуі мүмкін, бірақ көптеген жағдайларда өз хатыңызды сізге қайта жөнелту үшін санаулы секундтар ғана жұмсалады:
• Қабылдап алынған хатты шертіп, оны қарап шығыңыз. Егер хатты екі рет шертсе, ол жаңа терезеде ашылады.
3. Өз абонентіңіздің
Электрондық пошта мекен-жайын
мекен-жайлық кітабына жазу
Құралдар үстеліндегі Мекен-жайлық кітап батырмасын басамыз:
– Мекен-жайлық кітап орындап мекен-жайлық кітапты ашыңыз;
Электрондық пошта мекен-жайы өрісінде соған сәйкес электрондық пошта мекен-жайын (мысалы, ggg@peterlink.ru. Бұл мекен-жай шын мәнінде жоқ, тек мысал ретінде келтіріліп отыр) енгізіңіз;
Біраз уақыттан кейін Поштаны үстеу батырмасын басып, Келетін қалтасындағы қабылдап алынған хабарламаны қарап шығыңыз.
Хабарламаға жауап қайтару және оны қайта жөнелту
Электрондық хабарламаны қабылдап алғаннан кейін сіз жөнелтушіге жауап жаза аласыз немесе хабарламаны басқа адамға қайта жөнелте аласыз.
Абонентіңізге жауап хабарлама жасау үшін:
Хаттарға файлдарды тіркеу
Хатқа бұрыннан бар файлды, ол не сызбалық кескін, дыбыс, мәтіндік құжат, мұрағат болсын, қоса салу қажет болған жағдайда Outlook Express бағдарламасында Тіркеу әмірін пайдалана аламыз. Осы жетенің көмегімен сіз өз хатыңызға қажетті файлды тіркей аласыз.
Тіркеу батырмасының басқаннан кейін файлдарды таңдауға арналған сұхбат терезесі ашылады. Сіз өзіңізге қажетті файлды тауып, оны бөлектеп алып, тіркеу әмірінің батырмасын басуыңыз керек. Осы файлдың атауы Біріктіру жолында көрініс табады.
Тіркеу жетесі кез
келген пішімді файлдарды жөнелтуді
қамтамасыз ете алады. Әдетте әрбір
пошта жәшігінде тіркелген
Электрондық пошта
– жылдам байланыс жасау
E-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың бірлығына бір тәулік ішінде жауап қайтарылуын талап етеді. Егер бір тәулік ішінде хатты өңдеп үлгермесеңіз: «Рахмет, хатыңызды алдым, сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын» деп жазыңыз.
Хабарламаңызға әрдайым Тақырып деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электрондық хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы – тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз; ал ең дұрысы – жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастаған.
Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері
Өз хабарламаңыздың көлемін осы хат алмасудың мазмұны мен мақсатына сәйкестендіріп отыруға тырысыңыз. Егер сіз жылдам сұрату жіберіп отырсаңыз, оны қысқа да нұсқа етуге тырысыңыз. Мүмкіндігінше хат тақырыбынан ауытқымауға тырысыңыз. Ал егер талқыланып отырған мәселелер шеңберін кеңейту немесе басқа тақырыпқа көшу қажет болса бұл жағдайда көбінесе хабарламаның жаңа тақырыбы бар жаңа хат ретінде жөнелткен дұрыс болар. Бұл сіздің хатыңыздың алушыларға түрлі тақырыптарды бөлек-бөлек қарастыруға мүмкіндік береді.
Тұтас хабарлама мәтінін бас әріптермен жазбаңыз; осылайша ерекшеленген бірнеше сөз осы тұстың маңыздылығын атап көрсетеді.
Өз мәтініңізді мәні жағынан жеке тақырыпшаларға бөліп, бір ұзын сөйлемнің орнына бірнеше қысқа сөйлем құрастыруға тырысыңыз.
Сөйлемдеріңізді грамматикалық жағынан неғұрлым сауатты етіп құрастыруға тырысыңыз.
Электрондық пошта – бұл таза күйдегі байланыс құралы; құрылымы дұрыс емес немесе сауатсыз жазылған хабарламаларды оқу да, түсіну де қиын.
Өз несие карталарыңыздың нөмірлерін электронды хабарлама мәтінінде жөнелтуге абай болыңыз. Электронды поштаны орта жолдан арам пиғылды адамдар ұстап алып, ол мәліметтерді өз қажетіне пайдаланцы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Сәнді хаттарды әзірлеу
Егер сіздің пошталық бағдарламаңыз хат мәнерін сәнді етіп безендіруді (жуан, қиғаш қаріп және т.б.) қолдайтын болса, сіздің хатыңызды қабылдап алатын адамның бағдарламасы да дәл сондай екеніне көз жеткізіп алыңыз. Қазіргі таңда көптеген пошта бағдарламалары қарапайым мәтіндік хабарламадан басқа ештеңені қолдамайды, бірақ уақыт өте келе жаңдай өзгеруі мүмкін.
Outlook Express бағдарламасында хатты сәндеуге болады, бұл үшін Жасау тармағын таңдау керек. Ашылған сұхбат терезесінде Пішім - Өң тармағын таңдаңыз. Өң тізімінде Сурет, Түс және Дыбысты таңдауға болады.
Пішім мәзірінде хаттың өңі ретінде берілетін Бланкті қолдану әмірін таңдаңыз.
Кей кездері хатта
көңіл-күйімізді көрсеткіміз
Жұмыс істеу
Outlook Express-тен басқа да көптеген пошталық бағдарламалар бар.
mail.kz. пошта серверін мысалға ала отырып, Web-поштасымен жұмыс істеу негідерін қарастыпайық (егер сіздің осы пошта серверінде тіркелген пошта жәшігіңіз, құпия сөзіңіз бен логиніңіз бар болса).
Логин мен құпия сөзді енгізу кезінде сіз өз пошталық серверіңіздің терезесін көресіз.
Егер сіз құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, жүйе оны сіз тіркеуден өту кезінде көрсеткен сақтық пошта жәшігіне жібереді.
Бұл үшін «Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?» деген сілтемеге өтіп, өз логиніңізді енгізіңіз. Құпия сөз сақтық пошта жәшігіне жіберіледі.
mail.kz. пошта жәшігі терезесінде басқару үстелі бар:
Жаңа хат – жаңа хат қалыбын ашады.
Қалталар тізімі – «inbox – келетін», «outbox – кететін» қалталарының мазмұнын қарап шығуға арналған терезе; тезеде қалтадағы хаттар саны және олардың ішінде қаншасы оқылмағаны туралы ақпарат көрінеді.
Баптаулар мен сүзгілер – пошта жәшігін баптауға және оның жұмысын өзгертуге арналған мәзір тармақтары.
Шығу – пошта жәшігі мен жұмысты дұрыс аяқтауға арналған.
Жаңа хабарлама жасау үшін мәзірдің Жаңа хат тармағын таңдап, пайда болған терезедегі өрістерді толтыру қажет.
Қабылдап алушы – хатты қабылдап алатын адамның электронды мекен-жайы (мысалы, my_e-mail@mail.kz).
Тақырып – хаттың тақырыбы (мысалы, Поштаны тексеру).
Көшірме, Жасырын көшірме – жіберілетін хаттың көшірмелерін қабылдап алушылардың электронды мекен-жайлары.
Терезенің ең төменгі жағында орналасқан өріс хат мәтінін енгізуге арналған.
Жөнелту батырмасы хатты жөнелту әмірін орындау үшін қолданылады.
Барлық қажетті өрістерді толтырып, Жөнелту батырмасын басқаннан кейін хаттың жөнелтілгені туралы ағылшын тіліндегі хабарламаны қамтитын қызмет терезесі пайда болады. Жасыл түсті жазба хаттың сәтті жөнелтілгенін, ал қызыл түс – жөнелтілмегенін білдіреді.
Осы әрекеттерді аяқтағаннан кейін қанша хат келгені және олардың қаншасы оқылмағаны жөнінде ақпарат шығаратын терезе пайда болады.
Хаттар тізіміне өту үшін «inbox» әмірін шертеміз.
Бағандардың мәндерін қарап шығайық.
Status: хаттың оқылған-оқылмағанын көрсетеді (жабық хат қалта белгішесі – хат әлі оқылған жоқ).
From: өз пошта жәшігін тіркеу кезінде енгізген автордың қолтаңбасы (Шынайы аты өрісі).
Subject: хаттың тақырыбы.
Бұдан кейін хаттың көлемі және хатты қабылдап алған күй-айы мен уақыты көрсетіледі.
Хаттың мазмұнына көшу хатты жөнелтушіні – From бағанын шертеміз.
Хаттардың барлығын оқып болғаннан кейін Шығу батырмасын басып, жәшіктен шығамыз.
Электрондық поштамен жұмыс істеп болғаннан кейін Internet желісін ажыратып қойыңыз.
Microsoft Office Outlook 2007 сізді
толық уақыт және ақпарат
Информация о работе Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі