Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 17:02, курсовая работа
Пәннің мақсаты – информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қатитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру. Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандақ үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құрумен таныстыру.
1. Тұрпатты (типтік) бағдарлама
2. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
3. Теориялық материалдар
3.1 Зертханалық жұмыстарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.2 Практикалық сабақтарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.3СОӨЖ өткізу жоспары
3.4 СӨЖ орындау бойынша жоспар және әдістемелік нұсқаулық
4.Бақылау тапсырмалары
5. Сөздік
8.1.2 Курстың тақырыптық жоспары
Кредит саны – 1
Оқу нысаны – орта, кәсіптік білім негізінде, күндізгі, барлық мамандықтар үшін
№ |
Тақырыптар |
Сабақтардың түрлері | ||||
Дәр. |
прак |
зерт |
СОӨЖ |
СӨЖ | ||
1 |
Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оны құрайтын бөлімдері. Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы Компьютерде ақпаратты бейнелеу. Буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру. Компьютердің программалалық жабдықталуы. Қазіргі замандағы программалық құралдар. Операциялық жүйелер және программалау жүйелер. Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы. |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
2 |
Программалауға кіріспе Алгоритмдеу есептердің негізі. Алгоритмдеу және алгоритм қасиеттері. Алгоритм және программа. Блок- схемалар Программалау тілдері ұғымы. Программалау тілдерінің классификациясы. Программалау тілдерінің буындары |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
Қолданбалы программалық жабдықтау. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Тізбектерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Негізгі алгоритмдері. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері.Модульдік және құрылымдық проограммалаудың концепциясы. Ақпарататты өңдеу. Белгілі офистік пакеттер. MS Word текстік редакторы |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
4 |
Компьютерлік желілер. Желілік және телекоммуникациялық технологиялар Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі. Негізгі технологияларды, деректер тасмалдау әдістерін шолу. |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
5 |
Ақпаратты сақтау негіздері Ақпаратты сақтандыру және оның құрамдастары. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Жергілікті компьютерлік желілерде ақпароатты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интеллект жүйелері Қазіргі замандағы программалық құралдар. Жоғары дәрежелі программалық тілдері. Компьютерлік желіліердің жіктелуі. Желі архитектурасы |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
Барлығы: |
5 |
5 |
5 |
15 |
15 |
8.1.3 Курстың тақырыптық жоспары
Кредит саны – 1
Оқу нысаны – орта, кәсіптік білім негізінде, сыртқы, барлық мамандықтар үшін
№ |
Тақырыптар |
Сабақтардың түрлері | ||||
Дәр. |
прак |
зерт |
СОӨЖ |
СӨЖ | ||
1 |
Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оны құрайтын бөлімдері. Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы Компьютерде ақпаратты бейнелеу. Буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру. Компьютердің программалалық жабдықталуы. Қазіргі замандағы программалық құралдар. Операциялық жүйелер және программалау жүйелер. Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы. |
1 |
- |
1 |
7 | |
2 |
Программалауға кіріспе Алгоритмдеу есептердің негізі. Алгоритмдеу және алгоритм қасиеттері. Алгоритм және программа. Блок- схемалар Программалау тілдері ұғымы. Программалау тілдерінің классификациясы. Программалау тілдерінің буындары |
- |
1 |
1 |
7 | |
3 |
Қолданбалы программалық жабдықтау. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Тізбектерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Негізгі алгоритмдері. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері.Модульдік және құрылымдық проограммалаудың концепциясы. Ақпарататты өңдеу. Белгілі офистік пакеттер. MS Word текстік редакторы |
1 |
- |
1 |
7 | |
4 |
Компьютерлік желілер. Желілік және телекоммуникациялық технологиялар Желілер туралы жалпы мағлұмат, алдын ала жағдай және компьютерлердің желілік әрекеттестік қажеттілігі. Негізгі технологияларды, деректер тасмалдау әдістерін шолу. |
1 |
- |
1 |
7 | |
5 |
Ақпаратты сақтау негіздері Ақпаратты сақтандыру және оның құрамдастары. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Жергілікті компьютерлік желілерде ақпароатты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интеллект жүйелері Қазіргі замандағы программалық құралдар. Жоғары дәрежелі программалық тілдері. Компьютерлік желіліердің жіктелуі. Желі архитектурасы |
- |
1 |
1 |
7 | |
Барлығы: |
3 |
- |
2 |
15 |
35 |
1.9 Әдебиеттер тізімі
1.9.1 Негізгі әдебиеттер
1.9.2 Қосымша әдебиеттер
8.Банковское дело./Под ред.О.И. Лаврушина. - М.:Банковский и биржевой научно-консультационный центр, 1992
9.Бабурин В.К. Информационный
10.Введение информационный бизнес. Учебное пособие./Под ред. В.П. Тихомирова, А.В. Хорошилова. - М.: Финансы и статистика, 1996
11. В. Вовченко Информационные ресурсы Интернет. Краткий справочник. - М.:Эко-Трендз. 1996
12.Информатика Учебник.-З-перераб.изд /Под ред. проф. П.В. Макаровой. - М: Финансы и статиетнка,2000.-768 с.
13.Информационные технологии в маркетинге. /Под ред. Г.А. Титоренко.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
14.Левин Л. Самоучитель работы на компьютере изд.З-М.: Нолидж, 1997
15.Введение в информационный бизнес. Учебное пособие./Под ред, B.П Тихомирова, А.В. Хорошилова. - М.: Финансы. Статистика, 1996
16.Вовченко Т.О. Информационные pесурсы Интернет. Краткий снравочник.-М.:Эко-Трендз.
17 Гаинкович В., Першин
А. Безопаспость электронных
1-дәріс. Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оны құрайтын бөлімдері.
Информация
Өткен ғасырдың соңғы жылдары мен осы 5-6 жыл өндіріс, ғылым және басқарушылық қызметтердің қарқындап дамуымен ерекшеленеді. Ал бұл көп мөлшердегі информацияларды өңдеуді талап етеді.
Информация терминінің нақты бір анықтамасы жоқ. Әр ғылым саласында әртүрлі баламалары бар.
Философтар информация деп біркелкіліктің бұзылуын айтады. Олардың айтуынша информация дегеніміз кітап немесе баяндамадағы жазылған нәрсе емес, олардан біздің алатын қандай да бір жаңалығымыз.
Ал күнделікті өмірде біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады.
Информация кез келген турде 6iзгe белгілі 6ip мағлұматтар береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертеңне істейміз, күздік балда қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап бере алады. Бірак информация әрқашан белгілі 6ip түрде - әңгіме, сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де информацияны жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.
Жалпы түрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Информатикада информацияға мынадай анықтама береді:
Информация –табиғатта, қоғамда және адамзаттың өзі құрған жүйелерде айналып жүретін мәліметтер жиыны. Сондықтан информацияны жинайды, сақтайды, бір-біріне береді, өңдейді және пайдаланады. Бұл мақсат үшін информациялық технологиялар пайдалынады. ИТ дегеніміз информацияларды жинау, жинақтау,сақтау,іздеу, өңдеу және беру тәсілдері мен әдістерінің жүйесі.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан “информация” ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жүмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Информация және есептеу машиналары
Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазірде институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануга болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге бодады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен, ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты «болашақтың» фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін, әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.
Кәдімгі информациялық
технологиялар деп, көбінесе қағаз
жүзінде әртүрлі информациялард
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.