Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 13:17, курсовая работа

Описание работы

Егер жапон қоғамына ХVII- XVIII ғғ.аралығында тірі, өзара байланысқан ағза ретінде қарасақ, онда ол басынан үлкен тарихи мәні бар өзгерістерді өткерген екі аспектіні бөлуге болады.

Содержание

XVII ғ. Жапонияның саяси және экономикалық жағдайы
Токугава Иэясу және Эдо кезеңі (1600-1868жж.)
Феодалдар табының құрылымы
Елдің сыртқы әлемнен оқшаулану саясатына ұмтылысы
Сауда өсімқорлық капиталдық іс-әрекеттің күшеюі
Шаруаларды жерсіздендіру және табқа жіктелу
Шаруалар көтерілісі және олардың формалары
Феодалдық шаруашылықтағы дағдарыстың тереңдеуі
Шаруалардың жаппай қалаға қоныс аударуы
Капиталистік мемлекеттердің (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) Жапонияға енуі және тең емес құқықтық келісімдер
Орыс – Жапон қатынастары. Симод трактаты
Токугава кезеңіндегі Жапония мәдениеті
Токугава сегунатының саяси дағдарысқа ұшырауы.

Работа содержит 1 файл

Токугава сегунаты билігіндегі Жапония.docx

— 59.90 Кб (Скачать)

      1589 жылдың 20 тамызында У.Адамс Мэри  Хин есімді қызбен некелесті,  бірақ ол өзінің жас күйеуін  сирек көретін, себебі ол барлық  уақытын дерлік теңізде өткізетін.  Адамс голландтық сауда кемелерінде  көп жүзетін, ал 1598 жылы Атлант  және Тынық мұхит арқылы Таяу  Шығысқа экспедициясына қатысуға  шешімін қабыл алды.

Тең емес құқықтық келісімдерді қайта қарау мәселесі

Тең емес құқықтық келісімдер – XIX ғасырда Шығыс  Азия (Цин империясы, Корея, Жапония) мемлекеттері арасында,бір жағынан  жетекші еуропалық держалавармен  жасасқан келісімдер. Ұлы державалардың  экономикалық және әскери артықшылықтары азия елдеріне тиімсіз келісімдерді ілді. «Тең емес құқықтық келісімдер» термині 1920 жылы Қытайда ұлттық қозғалыс толқынында пайда болды.Бұл терминнің аудармасы ақырында еуропа державаларында да қолдыныла бастады.

Мұндай  келісімдердің алғашқыларының бірі ретінде Цин империясы мен  Ұлыбритания арасында болған 1842 жылғы  Нанкин келісімі саналды. Қытай бірінші  апиын соғысында жеңіліс тапқанның  нәтижесінде Ұлыбританиямен еркін  сауда жасасу үшін порттар ашылды. Гонконг Ұлыбританияға жалға  берілді,ал сонда тұрып жатқан британдықтар Қытайдың құқықтық нормаларынан босатылды.

Дәл осындай  келісімге Жапония АҚШ-пен 1854 жылы, ал Корея 1876 жылы Жапониямен келді.Жапонияның экономикалық өсуіне байланысты XIX ғасырдың екінші жартысында тең емес құқықтық келісімдерден 1890 жылдарда бас тартты.Ал Қытай мен Корея мұндай қадамға  тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  бара алды,соның өзінде 1997 жылы Гонконгтың Қытайға жалға берілуі жайындағы  келісім мен Батыс Манчжурияны  Ресей арқылы күшейту жайында  Пекин келісімі жатпады.

  

Жапония
Келісім Жыл Кіммен?
Қазақша Жапонша
Канагава келісімі 日米和親条約 1854 АҚШ
Достық  жайында ағылшын-жапон келісімі 日英和親条約 1854 Ұлыбритания
Симод трактаты 日露和親条約 1855 Ресей
Ансэй келісімдері 安政条約 1858 Франция, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Голландия
Гарриса келісімдері 日米修好通商条約 1858 АҚШ
Англо-японское соглашение о дружбе и торговле Достық және сауда жөнінде ағылшын-жапон келісімі 日英修好通商条約 1858 Ұлыбритания
 
 

Орыс-жапон  қатынастары. Симод трактаты

Ресей АҚШ және өзге еуропалық елдер  сияқты Қиыр Шығыста өз позицияларын енгізуді көздеді.Соның нәтижесінде, ресейліктердің сыртқы саясатында оңтүстік бөлігі жапондықтарға тиесілі Сахалиннің рөлі өсті.

1855 жылғы  Симод трактатына сәйкес екі  ел арасында бөлінген жоқ.Жапония  Ресеймен Қырым соғысынан кейін  оларға бүкіл аралды бере алмады.Бірақ  1856 жылы Ресей Қырымдағы қозғалыстар  нәтижесінен тоқтатылған Сахалинді  алуды жаңартты,өйткені Қиыр Шығыстағы  империяның стратегиялық мүдделерімен  мәжбүр етілді.

1867 жылы  екі жақ Петербургте Сахалинді  бірігіп басқару жайында уақытша  келісімге келді.Ол сол жақта  тұратын екі державаның қоластындағылардың  еркіндігіне әкелді.Нәтижесінде  арал тұрғындары – жапондықтар,орыстар  мен айндар арасында қақтығыстар  бой алды.

Шығыс Сібір генерал-губернаторы Сахалинге  көшпелі шаруаларды жіберуді,әскери құрамды өсіруді,көмірдің кен орнын  әзірлейтін жеке орыс компанияларға  жеңілдікті шарттар жасасуды талап  етті.Өз жағынан, Мейдзи реставрациясынан кейін жапондықтар аралдық оңтүстік бөлігіне қызығушылық таныта бастады.Орыстардың әрекеттерінің алдын алу үшін жапон үкіметі 1868 жылдың ортасында балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылыға үшін ең қолайлы жердер Жапонияға тиесілі деген жазуларды көшеге ілуге бұйрық берді.Сонымен қатар,жапондықтар орыс мамандары ашқан және батыс державалары қолдап отырған көмір кен орындарын басып алды.Осылардың бәрін назарға ала отырып патша үкіметі Жапонияны Сахалиндегі құқығы жайында келісімді қайта қарауға шақырды.

Бұл ұсынысты жүзеге асыру тек Ресей мен  Жапонияның мүдделерінің қарама-қайшылығынан емес,сонымен қатар еуропалық  державалар мен АҚШ мүдделері  де қиын жағдай туғызды.Еуропалықтар мен  АҚШ Сахалин мен Хоккайдоны отар еткілері келді.Ағылшындықтар жалға  Цусима аралын,Хакодатэ және Анива  қалаларын алып, жапон жағалауларында әскери базалар құрып,Ресейді Тынық  мұхитынан кесіп тастағысы келді.

Сахалин мәселесін шешу үшін АҚШ 1869 жылы жаңа мейдзилік үкіметке өздері екі жыл  бұрын Алясканы сатып алған сияқты аралдың оңтүстік бөлігін сатып  алуды ұсынды.Ресей жағы американдықтардың  делдалдығынан бас тартты.

Орыс-жапон  келіссөздері 1872 жылы Токиоға Жапониядағы  тәжірибелі генералды консул Е.К.Бюцовтың келуімен белсенді түрде басталды.Алайда келіссөз барысы ішкі жапон үкіметі  мен ішкі саясат пен сыртқы саясат мәселелерімен қиындай түсті.Кореяға  жорықтан бас тартқан әскери мекеменің  басшысы Соэдзима Танэоми отставкаға кеткені  онымен тығыз байланыста болған Е.К.Бюцовқа ауыр тиді.

Жапон үкіметі АҚШ пен еуропалық  держалардан қолдауды пайдаланып, Оңтүстік Сахалинді алуда максималды олжа алу үшін Ресейге қысым жасады. Ойлары айқын саясаткерлер Жапонияға  Сахалиннен бас тартқан жөн деп санады.Ресеймен қарым-қатынасты жақсартып,басты назарды Хоккайдоны алуға аудару керек деді.

Негізгі келіссөздер 1874 жылдың ортасында Петербургке  Ресейдегі Жапонияның төтенше және өкілетті өкілі Эномото Такэакидің келуімен басталды.Ол мәселені шешудің  екі жобасын алып келді.Біріншісінде Ресей Оңтүстік Сахалинге айырбас  ретінде Уруп аралы мен соның  маңайындағы аралшаларды алып,жапондықтардың Сахалиндегі тұрмыстарының есебін қайтару керек делінсе,екіншісінде  Жапония барлық Курил аралдарын  алу керек деді.

Алғашында екі жобадан да Ресей жағы бас  тартты.Бірақ Ресей тез арада  бір шешімге келуге мәжбүр болды,себебі Балқандағы қақтығыстар шешіміін таппады.Сондықтан  көндігуге тура келді.Нәтижесінде  патша үкіметі Оңтүстік Сахалинді  Курил аралдарына ауыстыруға көнді.

1875 жылы 7  мамыр күні орыс канцлері  А.М.Горчаков пен жапон өкілі  Эномото Такэаки «Ресей мен  Жапония арасында трактатқа»  қол қойды. 
 

Симод келісімі

Ресей мен Жапония арасындағы Симод  келісімі немесе Симод трактаты (жп. 日露和親条約 Нити-ро васин дзё:яку «Жапон –ресейлік достық туралы келісімі») – Жапония мен Ресей арасындағы алғаш дипломатиялық келісім. 1855 жылы 7 ақпанда вице-адмирал Е.В. Путятин және Тосиакиро Кавадзимен қол қойылды.

9 бабтан  тұрды. Келісімнің басты ойы  «Ресей мен Жапония арасындағы  шынайы достық пен тұрақты  ынтымақтастық» болды. Жапониядағы  орыстарға консулдық юрисдикция негiзiнде жүргiзiлдi. Итуруп аралының сол жағындағы Куриль аралдары Ресейдің иелігі болып жарияланды, ал Сахалин бiрлескен, екi елдiң бөлiнбеген иелiгi болып қала берді.

Орыс  кемелеріне сондай-ақ Симода, Хакодате, Нагасаки порттары ашылды. Ресей саудада  мейлінше қолайлы тәртіп және  көрсетілген  порттарда консулдықтар ашуға құқық  алды.

Сахалинге бірігіп иелік ету жағдайы  Сахалинде белсенді отаршылдықты жалғастырған Ресей үшін қолайлы болды (бұл  кезде Жапонияда флоттың жоқтығынан мұндай мүмкіншілік болмап еді). Кейінірек  Жапония арал шекарасының аумығына күш салып қоныстандыруды бастады  және сол туралы сұрақтар өткiрiрек  және даулы сипаттар ала бастады. Тараптардың қайшылықтары Ресей  Сахалин аралына толық құқықты  иелік ету үшін Жапонияға бүкіл  Куриль аралдарын айырбастауға жол  бергеніне сәйкес, 1875 жылы Санкт-Петербург  келісімін жасасқаннан кейін  шешілді.

1981 жылдан  бастап Симод келісіміне қол  қойылған күн Жапонияда «Солтүстік  аумақ күні» болып тойланады. 

     Токугава  кезеңіндегі Жапония  мәдениеті

     Жапон мәдениетінің даму тенденциялары

     Ортағасырлық  Жапония мәдениеті өзіне түрлі  типтегі қиын біріктірілетін құбылыстарды біріктірді. Сарай маңындағы хэйан  аристократиясының элементтері  және әскери феодалдық дворяндық, түрлі  қытай әскерлері және дзэн буддистік  мектеп идеяларының белсенді ықпалы – бәрі жапондықтардың эстетикалық  көзқарастары мен дүниетанымының құрылуына  ықпал етті.

     Әскери  таптың мемлекеттік авансахнасына  шығарудан кейін өткен уақыт  ішінде, самурайлардың эстетикалық  ойлары айтарлықтай өзгерістерді бастан кешірді.  Бусидо моралімен жарықтанған  әскери ерлік пен дін күші өмір сүруін жалғастырды, бірақ  XVII-XIII ғ  сәйкес келген аксетизм мен тұрмыстың қатал қарапайымдылығы әскери тап еліндегі бөлінбес үстемдікке қол жеткізген көзқарастарға сәйкес келмеді. Оның хэйандық жоғары өмірінің стиліне ұқсауға талпынысы анық байқалды. Бұрын тіпті айыптаушылық пен жек көрушілік нысаны болған, өмірдің алғыр және нәзік эстетикасына, сән салтанатқа ұмтылыс пайда болды.

     Сол кезеңдегі зстетикалық қағидалардың құрылуына көбісі ол кезде мәдени, ағартушылық орталық болған буддалық шіркеулер мен дзэн сопылығы әсер етті.

     Қытай әсерінің эволюциясы , ең алдымен Камакура кезеңімен сәйкес дзэн таза діншілдігін  жоғалтуы, Жапония мәдениетінің дүниетанымдық  негізінің өзгерісіне септігін тигізді. Пантеистикалық  дзэн ойларын синто  космогония мен мифологиясымен байланыстыру әрекеттері түрлі өнер тәжірибесінде  көрініс тапты(баубақша өнері, ландшафты  сәулет, шай салтанаты, шоқ құру,т.б) жеке діни философиялық ойлар табиғат  әлемінің нақты формасына біріктірілді. Бұл өнердің әрқайсысы  XIV-XVI ғ  жапон негізінде өңделген және жетілген деңгейдегі маңызды трансформацияны  басынан кешірді.

     Муромати  кезеңіндегі эстетикалық концепциялардың  мәні болып әдемілікке ұмтылу, жету, және үнемі оны іздеу, негізінен  табиғатта адам үшін идеал мен  жетілгендікке айналу саналады.

     Бұл концепция оны қоршаған ортаны тану процесіндегі жаңа кезеңді білдірді және ондағы өз орнын анықтау әрекеті  болды. Әлемді жаңаша көру адамға нақты, көрнекті, күнделікті өмірлік тәжірибеге жақындаған бағдар берді. Байлықты, сұлулықты, және табиғаттың бітпес әртүрлілігін білдіруге тырысу адамның жасағыш, творчестволық қызметінде көрініс  тапты- пәтер, баубақша архитектурасы, қолданбалы өнер,т.б.

     «Жаңа уақыт» түсінігі «ортағасыр» түсінігі секілді Еуропада төрт жарым ғасыр  бұрын пайда болды. Оның авторлары  болып қайта туу ғасырының  итальян гуманистері саналды. «Жаңа» деп олар зиялы мәдениет пен ғылым дамуымен байланыстырып және «қараңғы ғасыр» болып өткенмен салыстырып өз уақытын атады.

     Осындай мәдени тарихи контекстте «жаңа уақыт» түсінігі Жапония тарихына қолданылмайды. Дегенмен, ол бұл елде де, одан тыс  елде де, кең қолданылды. Мәселе мынада, француз энциклопедистерінің еңбектерінде кейінгі дамуға ие  болған «жаңа  уақыт» түсінігі XIX басында бүкіләлемдік тарихтың кезеңденуінің негізі болған, “көнелік-ортағасыр-жаңа уақыт“ үштігінің  негізгі компоненті болып саналды.  Сонымен қатар, терминнің өзі  айтарлықтай деңгейде өзінің бастапқы мәдени тарихи мазмұнын жоғалтып, жаңа, бірнші кезекте, қоғамдық экономикалық мазмұнмен толықтырылды. Енді ол арқылы капиталистік қатынастың даму мен жетілу кезеңін білдірді( немесе басқа концептуалды жүйеде, дәстүрлі қоғамнан жаңаға өту  уақыты)

     Жапон тарихына қатысты «жаңа уақыт» бастамасының анықтамасы бұл түсініктің бүкіләлемдік тарихи мазмұнымен байланысқан белгілі  қиындықтарды тудырады. «Жаңа уақыттың»  бүкіләлемдік саяси категория ретіндегі  бастамасын  Англия революциясымен байланыстырып,  XVIIғ ортасына жатқызады. Бұл айтарлықтай, Жапониядағы Токугава сегунатын бекіту жылдарына сәйкес келеді және өз кезегінде ол Жапонияда  «жаңа уақыт» бастамасын оның бүкіләлемдік тарихи шекарасымен біріктіру әрекеттерін  тудырды. Осылайша, КСРО да жарық көрген ұжымдық жұмыс «Жапонияның жаңа тарихының очерктері» бұл кезеңнің  1640-1917ж хронологиялық шегін анықтады. (Оның соңы Ресейдегі Қазан революциясымен байланыстырылды)

     Алайда, егер «жаңа уақыт» түсінігінің қоғамдық экономикалық мазмұны жайлы сөз  қозғасақ, онда  Жапониядағы капитализм мен онымен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығын Мэйдзи кезеңімен байланыстырған жөн, яғни  XIXғ II жартысымен, капиталистік тәртіп онда бұрын да болса (сауда-өндірістік капитал, азды көпті мануфактура) . Осылайша, бүкіләлемдік тарихи категорияны нақты  елдің тарихын кезеңдеуге қолдану әрекеттері әдетте болғандай хронологиялық қақтығысқа алып келеді.

     Токугава  кезеңі алдыңғы дәірдегілерге қарағанда  айтарлықтай ерекшеліктерге толы болды. Дәл сол уақытта Мэйдзи кезеңінде  Жапонияның жедел дамуының алғышарттары жасалды. Сондықтан жапон историографиясы  «Жаңа уақыт» екі бөліктен тұрды-кинсэй(«жаңа  ғасыр») және киндай(«жаңа дәуір»). Оның біріншісі Токугава кезеңін, ал екіншісі Мэйдзи кезеңін қамтыды.  Мұндай бағдар,  Батыс кезеңдеу жүйесіне сәйкес келмейді, ал жапон тарихына қатысты өте ыңғайлы, өйткені  екі кезеңнің ерекшелігін және олардың  ішкі байланыс көрсетуге мүмкіндік  береді.

Информация о работе Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония