Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 13:17, курсовая работа

Описание работы

Егер жапон қоғамына ХVII- XVIII ғғ.аралығында тірі, өзара байланысқан ағза ретінде қарасақ, онда ол басынан үлкен тарихи мәні бар өзгерістерді өткерген екі аспектіні бөлуге болады.

Содержание

XVII ғ. Жапонияның саяси және экономикалық жағдайы
Токугава Иэясу және Эдо кезеңі (1600-1868жж.)
Феодалдар табының құрылымы
Елдің сыртқы әлемнен оқшаулану саясатына ұмтылысы
Сауда өсімқорлық капиталдық іс-әрекеттің күшеюі
Шаруаларды жерсіздендіру және табқа жіктелу
Шаруалар көтерілісі және олардың формалары
Феодалдық шаруашылықтағы дағдарыстың тереңдеуі
Шаруалардың жаппай қалаға қоныс аударуы
Капиталистік мемлекеттердің (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) Жапонияға енуі және тең емес құқықтық келісімдер
Орыс – Жапон қатынастары. Симод трактаты
Токугава кезеңіндегі Жапония мәдениеті
Токугава сегунатының саяси дағдарысқа ұшырауы.

Работа содержит 1 файл

Токугава сегунаты билігіндегі Жапония.docx

— 59.90 Кб (Скачать)

Білім және ғылым министірлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 

Реферат

Тақырыбы: Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония 
 

Орындаған: Бопыш Рыскүл МО11К

                                                       Тексерген: Балаубаева Бинур  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы 2011

Жоспар:

Токугава  сегунаты билігі кезіндегі Жапония

  1. XVII ғ. Жапонияның саяси және экономикалық жағдайы
  2. Токугава Иэясу және Эдо кезеңі (1600-1868жж.)
  3. Феодалдар табының құрылымы
  4. Елдің сыртқы әлемнен оқшаулану саясатына ұмтылысы
  5. Сауда өсімқорлық капиталдық іс-әрекеттің күшеюі
  6. Шаруаларды жерсіздендіру және табқа жіктелу
  7. Шаруалар көтерілісі және олардың формалары
  8. Феодалдық шаруашылықтағы дағдарыстың тереңдеуі
  9. Шаруалардың жаппай қалаға қоныс аударуы
  10. Капиталистік мемлекеттердің (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) Жапонияға енуі және тең емес құқықтық келісімдер
  11. Орыс – Жапон қатынастары. Симод трактаты
  12. Токугава кезеңіндегі Жапония мәдениеті
  13. Токугава сегунатының саяси дағдарысқа ұшырауы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     XVII ғ. Токугава кезеңіндегі саяси - экономикалық жағдайы 

     Егер  жапон қоғамына ХVII- XVIII ғғ.аралығында тірі, өзара байланысқан ағза ретінде  қарасақ, онда ол басынан үлкен тарихи мәні бар өзгерістерді өткерген екі  аспектіні бөлуге болады.

     Оның  біріншісі саяси және иснтитуционалды  өзгерістерге қатысты болды, нәтижесінде  жапон қоғамы сонгоку дзидай кезеңінде Токугава бакуфу жүйесінің қоғамына айналды.   Жапон тарихының бұл жағы өте әйгілі және зерттелген болды.

     Басқа жайтқа осы уақытқа дейін назар  аз бөлінді. Мәселе, маңызды техникалық прогресс жөнінде, оның нәтижесі өндіргіш мүмкіндігін ұлғайту, ауыл шаруашылығында, тау істерінде, құрылыс пен экономиканың басқа облыстарындағы тиімділік  болды.

     Сөзсіз, жапон қоғамы дамуының екі аспектісі  де өзара байланыста болды. Саяси  өмірдің тұрақтануы Жапонияда тиімді экономикалық дамудың мүмкіндігін  ашып, қоғамға саяси өзгерістер әкелді, ол өз кезегінде биліктің саяси- экономикалық шараларына әсер етті.

     Азық-түлік тағамдарын өндіру қоғамның барлық таптарының ең негізгі өмір сүру талабы болып табылады. Сондықтан, Жапония саяси және қоғамдық-экономикалық өмірінде қандай өзгерістер жүрсе де, ел тұрғындарының қызметтерінің негізгі өндірістік сферасы ауыл шаруашылығындағы процестерде шешуші рөл ойнайды.   Жапон ауылы мен ауыл шаруашылығын зерттеу капиталистік қатынастардың даму механизмін түсіну үшін ғана емес, қоғамдық мобилділік процестерін зерттеу үшін, жапон қоғамының қоғамдық-топтық  құрылымын енгізу үшін маңызды болды, өйткені, бақылау мен тәртіп белгілеудің қатты жүйесіне қарамастан, XVII- XVIII ғғ.ақырын қоғамдық қалқаларды бұзу процесі жүріп, жерді сату тәжірибесі бақыланды. Феодалдық тіреулерді шайып өтудің басты күші, тауар-ақша қатынастарының дамуы болды. 

     Токугава  Иэясу және Эдо  кезеңі (1600-1868)

     Токугава  сегунатының саяси тарихы

     1592жылы Кореяға жапондық әскери экспедиция басталды. Алты жыылға созылған авантюрлық соғыс Жапонияның жеңілгенімен аяқталды. Бұл  1598ж 18 тамызында соғыс бітпей тұрып қаза тапқан Хидэеси өміріндегі ең үлкен сәтсіздік болды.

     Осы уақытта Токугава Иэясу өзінің білгіштігін  күшейтті, Эдоны тірі қалаға айналдырды. Өзінің беделіне, әсеріне, күшіне қарай  ол Жапониядағы екінші адам болды. Ол өз қыздарын сәтті күйеуге шығарып, осы туыстық қатынастармен беделді  феодалдармен өз одағын мықтап бекітеді. Саясм маневр жасау техникасын жақсы  игеріп, өзінің сақтығы мен бақылау  қасиеттерін пайдаланып, Иэясу билік  үшін күресте , өз сәттілігіне сеніп, келесі қадамдарына мықты дайындалды. Оның уақыты Хидэесидің өлімінен кейін  келді. 

     Токугава  сегунатының мекемесі

     Токугава  Иэясудің сегун жариялануы

     Жаңа  1603ж Токугава Иэясу император  үйінен, қызметшілерінен, монастр, ғибадатханалар мен даймелердің басшыларынан қалыпты  жаңа жылдық құттықтауларды алды, оның ресми түрде сегун титулын  иемденбегеніне қарамастан, іс соны алу  жолында болды. 1602 жылы ақпанда император  ауласы саналы түрде Иэясу «Минамото  үйінің басшысы» деп жариялауға дайындық жасай бастады.Аула жағынан бұл  жай ғана формалдық болы, өйткені  атты әскери билік Иэясуға тиесілі  болды.

     Ода Нобунага, Тоетоми Хидэеси  сегун  титулын иемденбеді. Иэясу олардың  өз шежірелі күші болды . Ол аулаға өзінің ата бабалары Миномото үйімен Нитта  жанұясы арқылы байланыста болғанын жеткізді. Бұл жағдайға қатысты тарихшылар арасында күмән болды Токугаваның  Миномото үйіне қатыстылығының куәлігі, құжаттарға кейін енгізілген өзгертулердің  нәтижесі деп есептеуі. Бірақ  1603ж қаңтарда, осындай сыпайы сұрақтар кадр артында қалды және император ауласының ресми өкілі Иэясуды император оны сегун деп тағайындау ниеті жайлы хабардар етеді.    

      12 ақпанда оны сегун деп жариялау  және придворлық мәртебе удайдзин (оң министр), бұрынғымен салыстырғанда мәртебесі жоғары (найдайдзин ішкі министр) беру салтанаты өтті. Сол үшін ауланың ресми делегациясы Киотодан жақын жердегі Тоетоми Хидэеси сарайында болған Иэсяуға жолықты. Күн жауынды және күңгірт болатын, бірақ ауланың делегациясының келуі кезінде аспан шайдай ашылды. Баубақшадан өтіп, сарайдың кіреберісінің алдында тоқтаған сарайдың өкілеттігі екі мәрте «ранг жүргіземіз» деп хабарлады. Содан кейін делегация екі топқа орналасқан верандаға жіберілді. Делегацияға қартадам жоғарылатып отырған Иэясуға императорлық жарғылар болған сандықшаны ұсынды. Осылайша, Иэясудың сегун атануы болды.

     Келесі  апта кезінде Иэясу императорлық аулаға сыйлықтарды жөнелтті, ал   21 наурызда өзі мәртебені алумен байланысты императордан құттықтау  алу үшін Киотоға аттанды.

     1602 жылы әмірші сарайына көрші,  император астанасында Токугава  сегундар династиясының резиденциясы  болған, Нидзе қорғанының құрылысы  бітті. Көп кешікпей, ханзадалар  мен сарай қызметшілері алған  сыйлықтарына алғыс ретінде Иэясуға  барады. Сәуір айында Иэясу сарай  қызметшілері мен даймелерді  Нидзе сарайына шақырады, мұнда  ол өнеріне тәнті болған Но  театрының көрінісі құрылды.

     Жалпы 1603 жылы Жапония үшін ұзақ мерзімді ішкіаралық соғыстардың аяқталып, ұзақ мерзімді бейбітшіліктің басталуы етек алды деп айтуға болады. Токугава Иэясудың биліккедеген талпынысы тоқтатылды. Жаңа сегунат алдыңғыға қарағанда  мықты позицияға ие болды. Камакура мен Муромати бакуфу кезеңдерінде букэ- жауынгерлері мықты саяси позицияны сақтады және сегундарға өз билігін делегаттады.  Токугава Иэясуға келетін болсақ, ол заңды императорлық жарлыққа сай, абсолютті билікке қол жеткізді.

     Әміршінің сол уақытта шын билігі болмағанына  қарамастан, Иэясу мақсатты және қиын жұмысты бастан өткерді, соның нәтижесінде  әмірші толығымен саяси өмірден  алынып тасталды. Оның саяси беделі сегундарға енді қажет болмады. Олардың  орналасуындағы айырмашылықтарды сол  уақытта Жапонияға келген шетелдіктер  де байқады: олар әміршіні микадо, сегунды- котэй (екі сөзде жапон тілінде «әмірші» дегенді білдіреді, бірақ микадо- өте көне атақ). Сол арқылы олардың Жапония өміріндегі рөлдерінің айырмашылықтарын атап өтті. Микадо діни рәсімнің басшысы болды, ол жоғарғы абыз қызметін атқарып, өзін жердегі қызметтермен қолрамады, ал  сегун елдегі жоғары билікті жүргізді.

     Иэясудың  болып жатқан істерден кетуі

     Токугава  Иэясу көп уақыт сегун болмады- 1605 жылы мамырда ол өзінің ұлы Хидэтаданың  пайдасы үшін атақтан бас тартады. Сол арқылы сегун күзет орны Токугава үйімен бекітілді. Иэясу Сумпуға  кетіп, жалғыз, тарихты оқып, көне заман  білгіштерімен сөйлесу арқылы уақытын  өткізеді. Алайда ол биліктен тек формальды  түрде кетті. 

     Мемлекеттердің  саяси орталығын  Эдоға енгізу

     Иэясу әміршіні саяси істерден алшақтату  мақсатында тағы бір әрекет ойлап  тапты- бакуфу келу орнын Эдоға көшірді. Осыған дейін ол Киотода, Муромати ауданында орналасты, бұл есімге екінші сегунат кезеңінде ие болды. Сондықтан Нобуного және басқа сэнгоку даймелер үшін Киото биліктің Меккесі секілді болды. Мэясу, алдында Минамото сияқты, өзінің Эдодағы резиденциясы Кенто ауданына бакуфуды енгізді, кезінде бұл жерге ол Тоето Хидэемен жіберілген болатын. Сондықтан Токугава үйінен шыққан сегундардың басқару кезеңін тағы Эдо кезеңі деп атайды.

     Эдо қаласы біртіндеп мемлекеттің мәдени орталығына айнала бастады. Иэясу мұнда  шебер қолөнершілерді, ғалымдарды, суретшілерді, жазушыларды тартты. Ол, сонымен қатар, көне жазбаларды жинауға, кітапханаларды құруға үлкен мән берді. Оның әмірі бойынша Канадзавадан Эдоға Ходзе үйімен 300жылдан көп уақытта жиналған оонымен негізделген қол жазбалар мен кітаптардан тұратын кітапхана орнатылды. Иэясу кітапбаспаханасының жомарт қорғаушысы болды. Ол барлық сопылар штаты дайме фамилиясы тарихын көшірумен айналысатын ерекше департаментті бекітті.

       Эдо кезеңі, 1603-1867 (Токугава сегунаты). Здодағы (Жаңаша Токио) Токугава тобынан шыққан сегундардың орналасуы бойынша аталған. Бұл сегунаттың негіздеушісі – Токугава Иэясу- елді азаматтық соғыстың тұрақты жағдайын шығарды және өзінің бастамасымен  біріктірді. Еуропалықтарды қуып шығу мен христиандыққа тыйым салу елдің ерікті «жабылуымен» бірге жүрді, яғни сыртқы әлеммен барлық қарым қатынас минимумге алып келінді. Қалалардың жедел өсуі, қалалық мәдениеттің, зкономиканың дамуы, тұрғындардың өсімі, жұртшылықтың барлық тобының өміріне жаппай тәртіп белгілеуі біз «жапондық» деп атайтын менталитет тобын құрды.

     Микава  провинциясын бағындырудағы соғыс  кезінде Нобунага Токугава Иэясу  одақтасына сопылардың қарсылықтарымен  соқтығысуға тура келді, яғни ол сопылардың жерлеріне бақылау орнатуға тырысты. 1563 жылы Иэясу салықтарды көбейтті, себебі оған Сасакидағы сарайдың құрылысына қаражат қажет болды. Сол себептен шаруалар жетекшісі Хонгандзи ғибадатханасына  жататын Хонсе, Цутимия және басқа  ғибадатханалары болған көтеріліске  шыға батады. Иэясу олармен келіссөз жүргізуге тырысты, бірақ оның елшілері өлтірілді.

     Сол кезде Токугава Иэясу күшіне жүгінді. Көтерілісшілер жағында шаруалардың  көтерілісін Иэясумен күресі үшін қолдануға  тырысқан ірі және ұсақ феодалдар  болғаны жағдайды қиындатты. Сол  себептен 1564 жылы Иэясу Мегэн ғибадатханасының басшысының көмегіне жүгінуге тура келді. Бұл ғибадатхананың жауласушы сопылары Иэясу жағына шықты. Вададағы шайқаста Икко сектасының отрядтары талқандалды, ал жауласушы феодалдар тұтқындалды.

     Иэясу бұл оқиғадан өзіне сабақ алды. Көтерілісті басу кезінде ол провинциядағы  Икко сектасының жолын ұстаушылардың  барлық ұйымдарын таратып жіберді  және олардың барлық діни құрылымдарын қиратты. Провинцияның шығыс бөлігіндегі  тыныштық 1564 жылдың шілдесінде қалпына  келді және бірте бірте Иэясу  өз билігіне барлық провинциясын қаратты. 

     Феодалдар табының құрылымы

     Токугава  династиясының (1605-1867) 15 сегундары

     Эдо кезеңінде Токугава династиясының  15 сегундары кезегімен басқарды. Олардың біріншісінің қызметі- Токугава Иэясу, династияның басшысы- бірінші жіне екінші бөлімдерде толығымен қарастырылады. Енді ізбасарларына келсек, олардың ішінде тікелей ұрпақтары және шеттегі ұрпақ бұтақтарының өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері данышпан адамдар болды және мемлекеттік ақылмен ерекшеленді, бірақ арасында қолынан түк келмейтін, еріксіз басшылар да болды.

     Сегунаттар  саяси жүйесін  құру

     Токугава  Хидэтада

     2-ші  сегун Хидэтада 1605-1623 жж аралығында  формальды басшылық етті, бірінші  10 жыл ішінде ол әкесімен бірге  басқарды, кейін өзі 1632 жылға дейін  билікте қалды.

     Айтылып кеткендей, одан кейін кім сегун  болатыны туралы сұрақты шеше отырып,  Иэясу Хидэтаданың үшіншісі баласына тоқтады, оның ойы бойынша, ол мемлекетті басқару үшін бірнеше қасиеттерге  ие болды. Ол әкесіне толығымен бағынышты  болуме қатар, оның қасиеттерінің арасында жеке батылдық болды- Хидэтада Сэкигахара соғысына қатысты, сол кезде Иэясудың ұлын қызметте бақылауға мүмкіндігі болды. 1605 жылы 7 сәуірде Иэясу сегун атағын тастап, Хидэтада сол жылдың  6 қазанында оның орнын басты.

     Иэясу, Сумпу жұмыстарынан шығып, үлкен  мәртебеге ие адам огосе  атағына  иемденді. Хидэтада сегун болып, өз әкесінен сабақ алды. Жапония тарихында  алдында кездескендей- биліктің екі  жүйесі қалыптасты- Хидэтада, ұйымдастыру  істерімен айналысатын басты  сферасы, және Иэясу, осы өмірімен байланыс істерімен айналысатын маңызды сферада қызмет етті. Осы уақытқа дейін, биліктің екі жүйелік басқарудан айырмашылығы, бұл жолы екі басшылар бір-біріне жақын туыстар болды. әкесінің өлімінен  кейін, бүкіл билік баласына өтті.

Информация о работе Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония