Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 13:17, курсовая работа

Описание работы

Егер жапон қоғамына ХVII- XVIII ғғ.аралығында тірі, өзара байланысқан ағза ретінде қарасақ, онда ол басынан үлкен тарихи мәні бар өзгерістерді өткерген екі аспектіні бөлуге болады.

Содержание

XVII ғ. Жапонияның саяси және экономикалық жағдайы
Токугава Иэясу және Эдо кезеңі (1600-1868жж.)
Феодалдар табының құрылымы
Елдің сыртқы әлемнен оқшаулану саясатына ұмтылысы
Сауда өсімқорлық капиталдық іс-әрекеттің күшеюі
Шаруаларды жерсіздендіру және табқа жіктелу
Шаруалар көтерілісі және олардың формалары
Феодалдық шаруашылықтағы дағдарыстың тереңдеуі
Шаруалардың жаппай қалаға қоныс аударуы
Капиталистік мемлекеттердің (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) Жапонияға енуі және тең емес құқықтық келісімдер
Орыс – Жапон қатынастары. Симод трактаты
Токугава кезеңіндегі Жапония мәдениеті
Токугава сегунатының саяси дағдарысқа ұшырауы.

Работа содержит 1 файл

Токугава сегунаты билігіндегі Жапония.docx

— 59.90 Кб (Скачать)

     Аса үлкен аштық көтеріліс, Эдода, 1787 жылы мамыр айында шарасыз халықтың күріш қоймалары мен байлардың  үйін тонауы кезінде өтті. Ол 5 күнге  созылды. Ресми тұлғалар 90 ауылдан, аймақ көпестері  несиешілер жібек  сатушылары, олардың үйлері, сәкілері мен қоймаларындағы үлкен зардап туралы хабарлады. Бұл Эдоның құрылған уақытынан бастап ең үлкен толқулар болды.

     Ірі шаруа көтерілістері Дэва провинциясы  мен Айдзу княздығында өтті. Дэвада (Ямагата қаласына жақын маңда) су басу мен нашар өнімнің әсерінен 1745жылы ауыл жағдайы қиындай түсті. 1746 жылда өнімсіз болды, 1747 ж.көктемге қарай шаруалардағы барлық күріш  қоры аяқталды. Мамырда 33 ауылдың шаруалары  көтеріліске шығып 15 талаптар ұсынды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  1. ақша салу жағдайларында, күріш құнын жақын аймақтардағы құндармен сәйкес етіп белгілеу,
  2. жан басына беруді әділетсіз деп тану;
  3. шаруалар үшін қиын жұмыс борыштылығын тоқтату;
  4. тамыр мен қарағай бүршіктерін жинауға рұқсат бермеуді алып тастау;
  5. шаруалар ішіп жегізу шығынына жауап беретін, ресми емес шенеунік старосталарының келу дәстүрін құрту;
  6. Ямагата қаласында отын сатылымына рұқсат ету.

     Бұл талаптар шаруаларлдың қала нарықтарымен белгілі байланысын нұсқап, бөгде  тұлғаларсыз сауданы жүргізуге  талпынысын көрсетеді.

     Билік шаруалар талаптарын қанағаттандырып, оларға күріш пен ақша беруге уәде етті. Уәделерге сенгендер өз ауылдарына оралып, іс жерттеуін жүргізді: өсімқорлар мен қорлауды соттау. Көтеріліс басшыларын өлім жазасына кесіп, қалғандарын- әр түрлі  жазаларға тартты.

     1749 жылы Айдзу  княздығындағы  көтерілісте өнімсіздік пен ашаршылықтан  туды. Билік салықты жартылай  қысқартуға уәде етті, ал шаруалар  үйлеріне тарап кетті. Бірақ  уәделерді орындаудың орнына  қатаң жазаларға тап болды- 3 басшысы төртке бөлшектенді, екеуі өртенді, үшеуінің басын шапты, жалпы алғанда 229 адам жазаға тартылды.

     Мына  Токугава кезеңіндегі шаруалар көтерілісі туралы құрама мәліметтер:

     1601- 1867 жж кезеңіндегі  шарулар бас көтерулері:

     Жылдар                                                            Бас көтерулер  саны

     1601-1650                                                                       209

     1651-1700        211

     1701-1750        422

     1751-1800        670

     1801-1850        814

     1851-1867        374

     Жалпы:                                                         700 бас көтерулер 

     Ең  күшті шаруалар көтерілісі етек алған  уақыт XVIII ғ. 80 жылдары. Дәл соларға  өнімсіздік пен аштықтың ең үлкен  қиындығы туды. Шаруалар көтерілістері  қатал күшке айнала бастады. Сол  кезде күрішке құнның өсуіне байланысты қала кедейлерінің көп көтерілістері  болды.

     Токугава  кезеңінің соңына қарай, шаруалар секілді, қалалықтар да билікпен ұзақ дәстүрлі коллективті күреске ие болды. шаруалар көтерілісінің қатысушылары, әдетте, бамбук құзы мен таяғымен, таспен, таяқпен, бұрыммен, күрекпен, кетпенмен, балтамен, ал кейде отты қарумен де қаруланды. Тіпті көтерілістің арнайы символы болды- шаруалар алдында ұстанған сабанмен жасалған жалау. Көтерілісшілерді азық- түлікпен қамтамасыз етуге, бүкіл ауыл қатысты.

     Шаруалар  көтерілісі билік немесе княздықтар әскерлерімен басым болды. Заң жазаның  ең ауыр түрлерін қарастырды, әсіресе  олардың басшыларына қатысты. Сондықтан  петиция беруде, шаруалар өтініштерінде  қолтаңбаларды жалғастырып, мұнда  «бізде ешқандай басшы жоқ» деген  жазба болды. 
 

     Феодалдық шаруашылықтағы дағдарыстың  тереңдеуі 

     Иэнаридің билік еткен соңғы жылдары  саяси дағдарыс пен қоғамдық дүмпулерге толы болды, оның ішіндегі ең қатты  дүмпу Осио Хэйхатироның басшылығымен 1837 ж болды. Болып жатқан дүмпулердің  ішіндегі ең таңғаларлығы,  сегун  ұйымдастырушының бұрынғы шенеунігі  Осакада, ашығушыларға көмек ретінде  шаралар жасамағаны үшін, билікке  қарсы бас көтерулері есептелінді. Мұндай қоғамдық әділетсіздікке бас  көтерулер  сегунат жүйесіне үлкен  нұқсан келтіріп, биліктің уайымы мен  қобалжуын тудырды.

     Иэнари  сегунының билік етуі мерзімінде батыс білімі, оның ішінде голланд  медицинасы кеңінен  етек алды.

     Медицина  мен шынайы ғылымдарға жапондықтарды  неміс ғалымы Ф.Зибольд үйретті. Бірақ онымен голланд ғылымының  өкілдерін үрейлеткен жағдай болады. Отанға қайтқан уақытта оның жүгінің  арасынан Такахаси Кагэясу атты ғалым  сыйлаған, Жапония картасы табылды. Зибольдтты тұтқынға алып, келесі жылы (1830ж) мемлекеттен тыс жерге аударылады.  Такасахи Кагэясу да сотталып, түрмеде  қайтыс болады.

     ХVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғ,басы батыстағы  державалардың Жапониямен қатынастар құрғысы келген уақыт болды. 1793 жылы Жапонияға С.А. Лаксманның басшылығымен бірінші орыс елшілігі келді. Ресей  сол уақытта Жапонияның 1834 жылы  «ашылуына» дейін өзге  шетел  державалар қол жеткізе алмаған  мәселеге жетті: жапон биліктері  орыс кемесінің Нагасикиге кіруіне  рұқсат етті.

     А. Лаксман елшілігі отанға екі жапондықтар- өз уақытында Ресейге кеме апатынан келген- Кодаю мен Исокотиді алып келді. Оларды тергеу кезінде сегун  Иэнаридің өзі болып, оларға көптеген сұрақтар қояды.

     Сегун Иэнари билік еткен уақыт, елде капитализмнің  жедел дамуына жағдай жасаған, Мэйдзи (Мэйдзи исин) қайта қалпына келтірудің алғышарттарының жетілу уақыты болып саналады. Сол уақытта пайда болған жапон қоғамының барлық қоғамдық, саяси және экономикалық қайшылықтары, келесі 3 сегундардың басқару уақытында бірден ушыға түсті.

     Иэнари 1841 жылы 13 қаңтарда қайтыс болып, Эдодағы  Канъэйдзи будда ғибадатханасында көшіледі. 
 

     Шаруалардың жаппай қалаға қоныс  аударуы

     Ауыл  халқының санына стихиялы апаттардан басқа, урбанизация процесі, қалалар  миграциясы- кәсіп пен сауда орталығына дә әсер етті. XVIIIғ.соңы Жапония халық  концентрациясының жоғары деңгейлі, әлемнің ең урбандалған елдерінің  бірі болды. Қала халқы 3 млн. 780 мың адам болып, ол жалпы халықтың 12%- ын құрады.

     Оның  негізгі формасы қалаға уақытша  ақша табу мақсатында кету болды (дэкасэги). Ол аумақтық құжаттарда уақытша кету деп ескеріледі, өйткені заң бойынша шаруалар үйіне қайтуға тиіс болды, бірақ көбісі бұлай жасамады. Сол себептен ауылда қысқару, ал қала халқы өсу процестерін бастан кешірді.

     Ғибадатхана құжаттарының (сюмон аратамэте) талдауы көрсеткендей, миграция, негізінен экономикалық себептермен түсіндірілді: тұрғындар ауыл шаруашылығы есебінен өмір сүре алмайды. Сондықтан адамдар қалаларға кетіп, оқушылар болып жалданды, тоқыма орындарында қызметшілер ретінде жұмыс істеді. Қалдықтардың ең жоғары пайызы жалдаушылар арасында болды, ол, жеке ауылдарда, ерлер арасында 63,1%-ды және әйелдер арасында 74%- ды құрады. Қалдықтардың ең төменгі көрсеткіші ауылдың жоғары тап әйелдерінің арасында және ерекше жайт, орта таптың ерлерінің арасында болды.

     Экономикалық  дамыған аудандарда халық саны мигранттар есебінен көбейіп отырды. Эдо, Киото, Осака секілді қалаларда халық  саны адамдардың келуімен өсті. Мысалы, ХІХ ғ.ортасында Эдоның қарапайым  тұрғындарының 25- 33%-ы қаладан тыс жерлерде туды. Ескерерлік жайт, Эдо XVIII ғ. «ер» қаласы болды, бұл оның статусымен түсіндірілді.

     Миграция  нәтижесінде халықтың қоғамдық,  жас деңгейі мен географиялық құрылымында үлкен өзгерістер жүрді. Қалаларда ақсақалдар мен балалар  саны аз, ал орта жастағы адамдар  саны көп болды.

     XVIII ғ.үлкен емес қалаларда халық  санының қарқындыөсу тенденциясы  байқалды. Бұл ауыл өндірісінің  дамуының нәтижесінде, артық және  арзан жұмыс күші аумақтарына  көшіру өте тез жүргеніне байланысты  болды. 

Капиталистік  мемлекеттердің (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) Жапонияға енуі және тең емес құқықтық келісімдер

     1600 жылы Жапония жағалауына голландтық  кеме «Лифде» жақындап келді.  Бұл туралы білген соң, Токугава  Иэясу топтағы біреуін жеке  түрде тергеуге ынтасын білдірді. Оған «Лифде»де штурман қызметін  атқарған, ағылшындық Уильям Адамс  деген біреу жеткізілді. Бұл адамның  Иэясуге әсер қалдырғаны соншалық, ол тіпті Адамсқа өзінің кеңесшісі  болуға ұсыныс жасады. Ол жапондық  Миур Андзин атын иеленді, биік  рангті самурай атағын алды, және  оған азды көпті табыс алып  келетін меншік алды. Адамс Иэясу  айналасында өте жоғары беделге  ие боды және оның  ең сенімді  қызметкерлерінің бірі болды.  Ол ағылшындық көпестерге үлкен  көмек көрсеткені және жек  көрген испандықтар мен португалдықтарға  зиян келтіргені белгілі: себебі  сол кезде Филлип II «Жеңілмейтін  армадасының» Британ аралдарына  басып кіру үрейінің естелігі  жаңа мәнге ие болды.

     Соған қарамастан, испандықтар мен португалдықтар Жапонияға деген байырғы ықпалын  сәтсіз қалпына келтіруге тырысты. Католиктік миссиялар Кюсю аралының портына келуін жалғастырды. Дегенмен, қатерлі жайларға қарамастан иезуиттер  мен басқа сопылық ордендері  арасында ұрыс керіс, қастық әрекеттері толастамады. Бірақ ең негізгі соққыны, әрине, Адамсқа және голландтықтарға бағытталды. Сол арқылы, оларды тиімсіз кезде көрсетуге тырысты, көбінесе өлшем сезімін жоғалтты.

     Адамстың  жоғарғы беделі жайлы өсек Еуропаға жетті және 1609 жылы Жапонияға толық  Голландтық флотилия келіп жетті. Голландтықтар  ешқандай діни үгіттеу жүргізбейтіні  жайлы жомарт сөз берген келіссөздерден кейін, оларға Хирадода фактория ашуға  рұқсат берілді.  1613 жылы осындай  рұқсатты ағылшындықтар да алды.

     Сонымен қатар, католиктердің ықпалы күшейе түсті. 1612 жылы Иэясу христиандыққа  қатты соққы берді. Ол миссионерлерді Будда мен мемлекеттің дұщпаны  деп жариялады, оларды кемеге отырғызып, елден қуып жіберді. Сонымен қатар, көптеген христиан жапондықтар Хонсю  аралының аз зерттелген солтүстік аудандарға көшірілді.

     Нәтижесінде, Англия мен Голландия  1619 жылы қорғаныс жайлы аталмыш келісімге қол  қойды, яғни Таяу Шығыс суларындағы  испан және португал кемелерін жаулап алу жайлы келісімге. Егер жаулап алынған кемелердің бортында сопылар  болған жағдайда, онда ағылшындықтар  мен голландтықтар оларды тез  арада өлім жазасына кескен, жапон  өкіметінің қолына берді. 30 испан сопылары өртелген болатын.Жапондықтарға осындай  қызмет көрсете отырып, ағылшындықтар  мен голландтықтар Хирадодағы өзінің факторияларын сақтап қала алды.

     Португал  және испан миссионерлеріне қызықты  мұра қалған болатын-XVI-XVII ғ жапон  тарихының жағдайына куәгер болатын  хаттар. Өзінің Жапонияда болуы жайлы  қызықты еселіктері Луиш Фроиш, Алессандро Валиньяни, Жоао Родригес қалдырды.  Соңғысы, жапон тілін жақсы меңгере  отырып, көп жыл бойына Хидэеси  мен Иэясу кезінде аудармашы  болды. Ол толық жапон португал сөздігін, жапон тілінің алғашқы жүйелік  грамматикасын құрған болатын. Жапониядағы  иезуиттер орденінің қызметінің екі томдық тарихының он шақты  беттері өнер шығармалары, ландшафты  баубақша, және әсіресе, Родригестің  жапон халқының рухани мәдениетінің жоғары көрсеткіштерінің бірін көрген шай салтанатын суреттеуге арналған.

     Уильям  Адамс, Жапониядағы  бірінші ағылшындық

     Токионың  көне ауданы Нихомбасида Андзин те-«штурман кварталы» атағын алған квартал  бар. Ол былайша Жапонияға  1600 жылы барған және сол жерде 20 жыл өмір сүрген ағылшындық У.Адамс атымен байланысты аталған. Оның аты жаңаша Жапонияға  кең танымал және У.Адамстың жүру іздері елдің әр түрлі бөлігінен  табуға болады. Жапондықтар олардың  тарихында белгілі із қалдырған  адамдарды есте сақтай алады.

     У.Адамс  Кент графтығының Джилингем қалашығында  дүниеге келген. Оның нақты өмірге келген уақыты белгісіз, бірақ кірме  кітабының жазбаларына сай, баланы   1564 жылдың 24 қыркүйегінде шоқындырды. 12 жасында Уильям Темза өзенінің бойындағы Лаймхаус қаласына кеме ісін игеруге кетеді, бірақ оған кемені құрудан қарағанда кемеде жүзу қатты  ұнайтын. Ол өзінің мақсаиына қол  жеткізді- жақсы моряк болды және  1588 жылы оған  25 адамы бар тобымен  «Ричард Даффилд» кемесінде шкипф  ретінде жеке жүзуді тапсырды. Бұл  уақыт Англия мен Испанияның қарсыласу  кезі болатын, және өзінің үлесін У.Адамс  та қосқан болатын – оның кемесі испандықтармен күреске қатысқан ағылшын  кемелерін әскери қару жарақ және өндірістік өнімдер жеткізіп отырды.

Информация о работе Токугава сегунаты билігі кезіндегі Жапония