Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертацияның

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 23:08, автореферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздікті алғаннан бергі жылдарда Отандық тарих ғылымында өзгерістер мен жаңарулар қалыптасты. Кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуі ұлттық тарихқа жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін туындатты. Қазіргі таңда жеке тұлғалардың өмір жолы, қоғамдық - cаяси қызметі, тарихи көзқарастары ауқымды түрде зерттелуде. Соның ішінде, ХХ ғасырдағы қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдерінің еңбектерін талдау қолға алынып жатыр. Қазақ әдебиетіндегі алыптар тобының өкілі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов жазушы ғана емес, сонымен бірге, қоғам қайраткері, зерттеуші ретінде бай мұра қалдырған қайталанбас тұлға. Оның әр шығармасы тарихи негізде жазылып, Отан тарихының қилы кезеңдерінің әдебиеттегі көріністеріне айналды.

Работа содержит 1 файл

Академик Ғ. Мүсіреповтің Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі.doc

— 298.00 Кб (Скачать)

      1932-1937 жылдардағы тоталитарлық режимнің үстемдігінен ол өз зерттеулерін жариялай алмады. Бірақ Ғ. Мүсірепов зерттеушілік қабілеті мен тарихи көзқарасын «Қазақ ССР тарихы» бес томдығын жазуға пайдаланды.

      Дүние көрмеген ауыр соғыстың кезінде де ұлы жазушымыз өзінің рухани байлығының түпсіз терең, сарқылмас мол екендігін көрсетті. Ғабит Махмұтұлы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап мақалалар, әңгімелер, пьеса, роман жазды. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап Ғабит Махмұтұлы Қаныш Сатбаевпен бірігіп мақала, Мұхтар Әуезовпен бірігіп пьеса жазды.

      Ғ. Мүсіреповтің Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған күрделі шығармалардың бірі – «Қазақ солдаты» романы. Бұл роман қазақ кеңес әдебиетінде халықтың неміс - фашист басқыншыларына қарсы қаһармандық күресін көрсетуді мақсат еткен тұңғыш көлемді шығарма болып табылады. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма табиғи даму үстінде шебер көрсетілген. Бірақ романда соғыстың толық бейнесі берілмейді, бұл жерде Ғ. Мүсірепов соғыстың 1941 жылы басталуынан 1945 жылы аяқталғанға дейінгі тарихты бейнелеуді мақсат етпеген. Ол романды Қайроштың Керчь түбіндегі шайқаста ерлік көрсетіп, батыр атағын алуымен аяқтайды. Жазушы: «Менің түпкі мақсатым – халқымыздың Ұлы Отан соғысына жаппай қатысуын көрсету болатын, романның аты осы ойдан өрбіді. Қол бастаған Бауыржан, Мәлік сынды зиялы азаматтарымыз болғанымен, олар санаулы еді. Ал Қайрош тәрізділер есепсіз көп болатын. Қайроштың романға кейіпкер болып шығуының түпкі себебі де осында» [33] - дейді.

      Академик - жазушы ауыз әдебиеті туралы да қалам тартып, Ұлы Отан соғысы жылдары қайта өріс алып, дамыған айтыс өнері туралы «Айтыс қатарға қайта қосылды» (1943) мақаласын, «Ақындар айтысы» жинағына (1944), «Сәлемдеме» атты алғы сөз жазды, ұлттық жазба әдебиетіміздің дамуына еңбек сіңірді. Ғабит Махмұтұлы біржола құлдырап кеткен айтыс өнерін қиын кездерде қайта жаңғыртты.

      Рухани құндылығымыздың тірегі – туған тіліміз. Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ана тіліміздің келешегі үшін аянбай басын бәйгеге тіккен ақын - жазушыларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Ол - қазақ тілі, көркем шығарманың тілі жайлы көп жазып, көп пікір айтқан жазушы. Қаламгердің тіл мәселесіне баса назар аударып, тіл туралы әр тұста жазып отырған пікір - тұжырымдары аз емес. Ғабит Махмұтұлы ана тілінің абыройын асырып, өз кезі ғана емес, келесі ұрпақтардың да әрдайым есінде жүруге лайықты өміршең пікірлер айтқан ұлтжанды азаматтарының алдыңғы қатарында жүрді.

      Мүсіреповтің тіл туралы толғаныстары 1956-1957 жылдарда жазылған мақалаларынан айқын білінеді. Онда «жоғарғы оқу орындарында тарих, тіл және әдебиет, құқық сияқты қоғамдық ғылымдардың қазақ тілінде факультетін ашуды ұсынады. Сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарын қазақ тілінде жүргізу үшін халықтың техникалық сауатын көтеріп, осы салада тілімізді жаттықтыру қажет» [34] - дейді. Оның ана тіліміздің мәртебесіне деген қаупі 60-жылдардан кейін күшейе берді.

      1962 жылы «Социалистік Қазақстан» бетінде жарияланған «Әдебиет тілі жайында» атты мақаласында: «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрпілетпеуіміз керек» [27,233 б.] – дейді қаламгер. Осындай ұлағаты мол сөздерді 48 жыл бұрын айтса да қазіргі таңда өзектілігі еш кемімеген.

      Қазақ әдеби тілінің тазалығы  үшін күресте Ғ. Мүсірепов айрықша еңбек сінірген, ол тіл мәселесін өткір көтеріп «Әдебиет тілі жайында», «Асқындырып алмайық, достар!», «Авгейдің ат қорасынан бастайық» атты арнайы мақалалар жазды, «Ана тілін арымыздай ардақтайық» деген тақырыпта баяндама жасады. Жазушы ойларының тереңдігі, өміршеңдігі оқушысын ойландырмай қоймайды.

      Ғ. Мүсірепов бірнеше либретто, сценарийдің авторы. Қазақ операсының тарихында ерекше орын алатын «Қыз Жібек» операсы мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балетінің либреттоларын жазды.

      ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра қалдырды. Ғабит Мүсірепов қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан қайраткер.  
 

ҚОРЫТЫНДЫ

      Сонымен Ғ. Мүсіреповтің Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуге, дамытуға қосқан үлесін қорытындыласақ, төмендегідей тармақтарға бөлуге болады:

      Біріншіден, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұрасында Отан тарихының өзекті мәселелері кеңінен қозғалған. Ол қазақ халқының шығу тегі, тарихы, тағдыры, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшелігі жайлы толғанды. Ғабит Махмұтұлының қазақ этногенезі мен этникалық дамуына берген сипаттамалары, анықтамалары, ой - түйіндерінің іргелі тарихи зерттеулермен сәйкестігі дәйектелді. Академик - жазушының зерттеулерінен «Шығыс Түрік қағанатынан» бастап қазақ халқы қалыптаса бастаған деген қорытындыға келгенін анықтадық.

      Екіншіден, Ғ. Мүсірепов қазақ хандығының құрылу тарихын зерттегенде М.Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегіне сүйенгені байқалады. Тарихшы, зерттеуші ретінде дерек көздерімен жұмыс істей отырып, өз тұжырымын да берген.

      Үшіншіден, Ғ. Мүсірепов ХІХ ғасырдың екінші жартысында жүргізілген патшалық Ресейдің отаршыл үстемдігін саяси, мәдени - идеологиялық, әлеуметтік - экономикалық бағыттарда ашып көрсетті. Ресей империясының қазақ елін бөлшектеп басқарғанын және қоныстандыру саясатын жүзеге асыру арқылы құнарлы жерлерді иемденгенін ашып жазды. Сонымен қатар қоныстанушылардың қазақ шаруаларымен танысып, араласуын прогрестік жағынан көрсетуге тырысты.

      Төртіншіден, Ғабит Махмұтұлы Қазақстан тарихының ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы арасындағы ұлт - азаттық қозғалыстарға баса мән берді. Әсіресе патшалық Ресейдің және оның билеушілерімен ауыз жаласқан қазақ хандарының қанауы мен езгісіне қарсы шыққан батырлар мен билерді, ақындарды өз шығармаларында сомдады.

      Бесіншіден, Ғабит Мүсірепов шығармаларының тарихи негізі ғылыми еңбектерді, мұрағат қорларындағы құжаттарды саралап, талдау арқылы ашылды. Ғабит Махмұтұлының жеке қорында қазақ халқының тарихына қатысты құжаттардың сақталуы, тұңғыш кәсіби тарихымызды жазуға атсалысқаны оны тарихшы, зерттеуші ретінде тануға көмектеседі.

      Алтыншыдан, Ғ. Мүсіреповтің шығармаларында ХХ ғасырдың 20-30 жылдар межесінде қазақ халқының басынан кешкен қасіреті лайықты орын алған. Ол ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқанын көзімен көрген ой иесі. Көргені мен білгенін көңіліне түйген ол, кейінгі ұрпақтарына аманаттап қана кеткен жоқ, замандастарына да ұғындыра алды. Жазушының 1930 жылдары жарық көрген шығармаларында ұжымдастырудың барысы, зорлық - зомбылыққа толы әдіс-тәсілдері, зардаптары кейде ашық, кейде ымырамен зерделенген. Ол 1937-1938 жылдардағы қуғын - сүргін қасіретін тоталитарлық, саяси - идеологиялық өктемдіктен туындағанын ашып жазды.

      Ғабит Мүсірепов қазақ халқының мәдениетінің дамуына шығармашылығымен және атқарған қызметімен зор үлес қосты. Оның көркем әдебиет тарихында, театр тарихында, кино өнері тарихында ірі тұлға ретінде өшпес аты қалды. Ана тіліміздің дамуында, оны құрметтеуде еңбегі зор. Қаламгердің Қазақстан тарихын зерттеудегі үлесінің салмағы ұлттық мәдениеттің дамуына атсалысқанымен толыға түседі. Ұлттық көркемөнер, көркем әдебиеттің дамуын зерттеудегі қызметімен Қазақстан тарихының маңызды бөлімі рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосты.

      «Мүсірепов және тарих» тақырыбы  өте күрделі. Бұл тақырыпты талдау академік – жазушының мұрасын санқырынан зерттеуді қажет етті. Ғ. Мүсірепов өз кезеңін көркемдеу мен дәріптеуге емес, болып жатқан оқиғаларды обьективті бағалауға тырысты. Оның көзқарасы мен іс - әрекеті өмір сүріп отырған құрылысты жетілдіруге бағытталды деп. тұжырымдауға болады. Дегенмен еліміздегі ХХ ғасырдың 30-40 жылдардағы әділетсіздіктің күн санап өсіп келе жатқан дағдарыс күйін көріп, қол қусырып отырмады, одан шығар жол іздеді. Оны біз әйгілі «Бесеудің хатынан», «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармаларынан жақсы білеміз.

      Ол саналы ғұмырында халқымызды ұлттық ерекшелігінен, тілінен, тарихынан, мәдениетінен адастырмауға тырысты.  
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
  2. Назарбаева Г.,Әбжанов Х. Қазақстан: тарих пен тағдыр. - Алматы: «Кітап баспасы» ЖШС, – 2003. – 186 б.

    3. Ахтанов Т. Ғ. Мүсірепов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1956. - 84 б.

  1. Ғабдулин Н. Мүсірепов - драматург. - Алматы: Өнер, 1982. – 192 б.
  2. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: - Алматы: Күлтегін, 2002. - 528 б.
  3. Серғалиев М. Ғабит Мүсірепов және тіл мәдениеті. Астана: Зерттеу, 2003. – 210 б.
  4. Ысқақұлы Д. Сырбаз суреткер. – Алматы – Астана: Қазақпарат, 2002. - 80 б.
  5. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. І т. - Алматы. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2006. - 311 б.
  6. Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. - Астана: «Күлтегін» баспасы, – 2001. – 357 б.
  7. Нұрпейіс К. Тарихи тұлғалар. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. – 376 б.
  8. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы: «Қазақ университеті», 1992 - 272 б.
  9. Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. - Алматы: Санат, 1997. – 320 б.
  10. Әбжанов Х. Ғасырмен бірге есейген, Ғ.Мүсірепов шығармаларының тарихи мәні // Астана ақшамы, 2002. – 16 қараша.
  11. Мүсірепов Ғ.М. Тұтқын қыз: Повестер және ой-толғамдар. (дайындаған Ә.Нарымбетов). – Алматы: Балауса, 1993. – 197 б.
  12. Гумилев Л.Н. Динлинская проблема // Известия Всесоюзного Географического общества ССР. - 1959. - №1.
  13. Салғараұлы Қ. Түркі әлемі. Тарихты қайта пайымдау. - Астана: Елорда – 2000.- 476 б.
  14. Мүсірепов Ғ.М. Ой - сезім сәттері. - Алматы: Жалын, 1996. – 144 б.
  15. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. - Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.
  16. Жолдасбеков М., Сартқожа Қ. Алтын арқаулы асыл мұра // Егемен Қазақстан. - 2005 – 28 мамыр.
  17. Мүсірепов Ғ.М. Күнделік. Алматы: Ана тілі, 1997. – 242 б.
  18. Мүсірепов Ғ.М. 250 жыл бірге // Білім және еңбек. 1981. – № 10.
  19. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы // Қазақ тарихы, 1995. № 6.
  20. Мұхатова О. Қарашекпенділер және жер бөлінісінің зерттелуі // Қазақ тарихы. 1998. № 3
  21. Письма и телеграммы Омарова И.О. // Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (әрі қарай ҚРОММ), 1864 - қор, 1 - тізімдеме, 385 – іс, 1-40 п.
  22. Қозыбаев М.Қ. Абылай хан. Кенесары: (ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері). - Алматы: Ғылым, 1993. – 119 б.
  23. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. – Алматы: Атамұра, 2003. – 264 б.
  24. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы Мақалалар жинағы. (құрастырған Нарымбетов Ә). Алматы: «Жазушы» баспасы, 1970 – 520 б.
  25. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. Әдебиет туралы ойлар, толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 214 б.
  26. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы.Үш томдық. І том. - Алматы: Жазушы, 1980. – 541 б.
  27. Кәкен А. Қазақтың Сәкені: повесть - эссе - Астана: Парасат әлемі, 2004. – 329 б.
  28. Қазақ қалай аштыққа ұшырады: (құраст. С. Әбдірайымов, И.Н. Бухонова, Е.М. Грибанова, Н.Р. Жағыпаров, В.П. Осипов). Алматы: «Қазақ университеті», 1991. - 208 б.
  29. Сәрсеке М. Мен білетін ер Ғабең: Естелік – Эсселер. - Алматы: Атамұра, 2002.– 160 б.
  30. Сәрсеке М. Қос жұлдыздың жарығы // Ақиқат. – 2002. - № 2.
  31. Доклад по обсуждению постановления ЦК КПК об ошибках газеты «Қазақ әдебиеті» // ҚРОММ, 1864 - қор, 1 - тізімдеме, 127 – іс, 1-7 п.
 
 
 

Диссертацияның  тақырыбы

бойынша жарияланған еңбектер тізімі 

  1. Ғабит Мүсірепов  шығармаларындағы ұлт-азаттық көтеріліс мәселелері // «Нұртас Оңдасынов - Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері» атты республикалық ғылыми - теориялық конференция материалдары. - Астана, 2004. 364-369 бб.
  2. Ғабит Мүсірепов – Кеңестік Қазақстанның көркем мәдениеті жайлы // «Шоқан тағылымы-10» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2005. 51-54 бб.
  3. Отан қорғау тарихы туралы Ғ. Мүсірепов тұжырымы // Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми - теориялық конференция материалдары. Астана, 2005. 253-256 бб.
  4. Ғабит Мүсіреповтің тарихи көзқарастары // «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана, 2006. 264-269 бб.
  5. Мүсірепов Қазақ тарихы хақында // Қазақ тарихы. 2007. - № 1. 65-68 бб.
  6. Ғабит Мүсіреповтің қазақ халқының шығу тегі жайлы зерттеулері // «Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгінгісі, болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары. Астана, 2007. 29-33 бб.
  7. Ғабит Мүсірепов және мұрағат. (құрастырған: А.Ө. Әбдіразақова). – Астана, 2007 – 146 б.
  8. Ана тілін ардақтаған қаламгер // «VІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Павлодар, 2007. 7-10 бб.
  9. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ұлт-азаттық көтеріліс мәселелері және оның тәрбиелік тағылымдары // «Патриотизм қазіргі инновациялық дамушы қазақстандық қоғамның әлеуметтік мәдениетінің заңды құрылымдаушы құбылысы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Өскемен, 2007. 280-284 бб.
  10. Қазақ мәдениетінің дамуына Ғ. Мүсіреповтің қосқан үлесі // Қазақстан музейлері. 2007. № 4. 24-27 бб.
  11. Қас шеберлік // Мәдени мұра. 2009. - № 3 (24). 65-69 бб.
  12. Ғабит Мүсіреповтің мұрағат қорлары // Қазақстан мұрағаттары. 2009. - № 2 (10). 78-85 бб.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     РЕЗЮМЕ

     автореферата  на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история

     (История  Республики Казахстан) 

Информация о работе Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертацияның