Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, курсовая работа
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы
Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.
Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы – өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды [3].
Анахарыс, Анахарсис – сақ ғұламасы. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 4 ғасырларда өмір сүрген. Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен әлемге танылған. Анахарыстың анасы эллиндік болған. Ол эллинде сол кездегі белгілі білім мен өнердің барлық саласын меңгерген. Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен. Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен. Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұламасының бірі» — Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды. Геродоттың жазуы бойынша, «Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан" деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады [2].
Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты. Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді. Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын. Тоқсары мен Анақарыстың достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125 жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен баяндап берген.
Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған.
Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен. Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан қаза тауыпты. Соңғы демі үзілерде ол:
— Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаныштың құрбаны болдым, — депті.
Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты [3].
Анарыс жөніндегі Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған. Платон «Мемлекет» атты еңбегінде Анарысты Гомер, Фалеспен қатар қойса, «Потатор» деген туындысында әлемдегі «жеті ғұламаның бірі» деп таныған. Анарыс Афинада әйгілі кемеңгер Солонмен жақын дос болған. Аристотельдің «Аналитикасының» екінші кітабында, «Никомах этникасында» айтылады. Анахарыс туралы мол мағлұмат Лукианда да беріледі. Анарыстың көркем бейнесін Плутарх жасаған, «Жеті ғұлама сауығы» аталатын еңбегінде Фалес, Солон, Периандр, Питтак, Биант, Хилон, Клеобулдармен қатар Анахарыс та аталады. Анахарыс есімі Мишель Монтеннің «Тәжірибесінде» екі жерде аталады. Диаген Лаэртский «Атақты философтардың өмірлері, ілімдері, нақыл сөздері» аталатын кітабында «Анарыс айтты» деген афоризмдер келтіріледі. Оның дерегі бойынша, кеменің зәкірін, шығырлы дөңгелекті Анарыс ойлап тапқан. Кемеңгер Анахарыстан қалған: «Басқа пәле тілден», «Татымсыз мың достан адал бір дос артық», «Базар – адамдардың бірін – бірі алдап – арбап, ұрлап – жырлауы үшін әдейі жасалған орын», «Элладалықтар қызық осы, мұнда сөзді ақылдылар айтады да, ал мәселені ақымақтар шешеді» сияқты, т.б даналық сөздері бүгінгі күнге жетіп отыр. Анарыс шешендігін мойындағанның белгісі ретінде афина зиялы қаумында «Скиф осылай сөйлейді» деген мәтел тараған. Анарыс өмірі өз елінде аяқталған. Өлім аузында жатқан Анахарыс: «Элладада мені ақылым сақтаса, туған жерімде қызғаныш құрбаны болдым» деген екен.
Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін "Тарихта" Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: "Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған". Анахарсистің басты мақсаты — Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру еді [1].
Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ойшылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен қараған. Оның көзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді.
Плутархтың "Жеті данышпанның сауығы" деген әңгімесінен Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: "Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жателдік азамат... скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!"
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ежелгі дүние өркениеттерімен — парсылармен, гректермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Сақтардың сол кездегі көптеген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады. Адамзат жинақтаған мол құндылықтармен танысу әлемдік өркениеттегі Еуразия көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде тарихтағы еуроцентристік көзқарастардан арылуға септігін тигізері сөзсіз [1].
Қорытынды
Курстық жұмыс басты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім жалпы сақтарға және сақ мәдениетіне арналған. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты. Сақтардың бейнелеу өнері — сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады, ал сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген. Зергер-шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап, өңдеу ісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, феруздан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адам мен оның киім-кешегін, аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған.
Екінші бөлім сақ ғұламасы Анахарсиске арналады. Анахарсис – сақ ғұламасы. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 4 ғасырларда өмір сүрген. Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен әлемге танылған. Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған. Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты.