Сақ мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, курсовая работа

Описание работы

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

Сақ мәдениеті  дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда сақ мәдениетінің мемлекттік қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Сақ  өнері – қазақ мәдениетінің  түп тамыры                

    1. Сақтардың бейнелеу өнері  және аңдық стиль

 

Сақтардың бейнелеу өнері — сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.

Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылган орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылыгы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздагы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.

Ертедегі шеберлер көп  жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың  жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылыгы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, касқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр түрлі материалдар қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі [3].

Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.

Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған калпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән  болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан кабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бүғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола) [1].

Жетісудан (Талдықорған) табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола қүю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс каруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылган затгардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шағын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болган.

Алдыңғы кезеңнің өнеріне  жануарлардың қимыл-қозғалысының болмауы  тән, олар ең жақсы дегенде, мысалы, Шіліктіден табылған бүркіттің алтын мүсіндері сияқты, басы сәл бұрылып бейнеленеді. Бейне бір құрсақта жатқандай кейіпте орала бүктетіліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері Еуразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік Тувадан (Аржан), Қазақстаннан (Майәмір, Шілікtі, Үйғарақ) табылған. Мысық тұкымдас жыртқыштардан басқа осындай бүктетіле оралған кейіпте касқыр, қабан мен киік бейнеленген.

Б. з. б. VI—IV ғасырларда Еуразия  далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжетгер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, козғалыс үстіндегі андардың бедерлі бейнелері, андардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің «бұратылуы» тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарама-қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: қисық сызықтар жүйесі, жануарлардың дене мүшелерін бүрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б. түріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады. Кеп мүсінді композициялар арасынан Орталық Қазақстаннан табылған қола тоға-айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жыртқыштың (барыстардыц) шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын мұрағатгардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы, жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған баска да археологиялык олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аумақтағы сақтар өнерінің оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұнда қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзак уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір кұрбандық ыдыстары мен қазандарындағы андар шеруі көріністері осындай. Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында жатқан күйінде бейнеленген андардың ширатылуы орындау шеберлігі жөнінен бірегей дүние. Ақинақ жүзінің екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген; олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екіншісінде — тоғыз бейне бар. Олардың арасында жыланның, түлкінің, касқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, қоянның шағын мүсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезең өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген [1].

Б. з. б. Ill—II гасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп күлдырай бастай¬ды. Аң стилі ою-орнекке айналады. Онын орнына түрлі түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және баска да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, колданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемага айналып, полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.

Бұл өнер дайын  күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген  жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектік полихромиянын кейбір әдістері б. з. б. УП—VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Мәселен, түрлі түсті тастан көз  салу, бедерлеу (алтын түйіршіктерін  дәнекерлеп бекіту), тоспа эмаль (жекелеген ұяларды арнайы құрамдағы заттармен толтырып құю) Шілікті (Шығыс Қазақстан), Жыланды (Орталық Қазакстан), Арасан (Жетісу) ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болган. Б. з. б. V—IV ғасырлардагы полихромдык өнер туындыларының Қазакстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б. з. б. I мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошагының негізі қалыптаскан да болуы мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ.

«Аң стилі» – ежелгі өнер түрі, зерттеу ауқымы өте кең. Осыған орай аң стилінің зерттелмеген қырлары, айтылмаған сырларын зерттеу  болашақ ұрпақтың, яғни біздің  еншімізде.

Ерекше назар  алтын бұйымдардан жасалған мысық  тектес жануарлардың элементтерін терең  зерттеуге, құстың немесе аңның кейбір дене мүшелерін үлкейтіп бейнелеуге, мысалы, үлкен мүйіз, үлкен тұмсық, өткір тырнақ пен тістерді ерекше суреттеуге бағытталды. Осының негізінде аңдар мен құстардың бүтін денесінің орнына олардың кейбір мүшелері ғана көрсетілді. Басқаша айтқанда дене мен оның мүшелері шеңбер, эллипсис тәрізді қисық сызықтармен көрсетілді. Соның өзінде автордың айтайын деп отырған ойы мен жануарын бірден біле қоясың [3].

Біздің дәуірімізге  дейінгі VП-Ш ғасырлардағы сақ, савромат және скиф одақтастығының саяси ымыралылығы  скиф-сібірлік «Аң стилінің» гүлденуіне себепші болды. Ежелгі сақ суретшілері сүйенген хайуанат образдарының триадасы (құс – тұяқты жануар – жыртқыш) бейбітшілік қоғам құрылысының салтанатты идеясын паш етті.

Сақ өнері  осылай бірте-бірте әлем сырын аша берді, дүние сұлулығын жырлай білді. Жануарлар әлемінің ерекше әспеттік көрінісін мейілінше кең, жан-жақты бейнеленген шынайы көрінісін сақ өнеріндегі аң стилінен көруге болады. Табиғатты қоршаған ортаны көркемдік тұрғыдан танудың, игерудің ірі сабақтастығын сақ өнерінің мұралар рухынан айқынырақ аңғаратын тәріздіміз. Бұл кезең шеберлері табиғатқа қатынастың байырға көне замандық мұратын қайта жандандырып, әмбебап сұлулық жарасымын ту қылды. Суретші жанын әсіресе жануардың саналы ішкі үйлесімі, тап-тұйнақтай, мұнтаздай мінсіз әдемілік, ақылдылық, байыптылық қатты тебірентті. Әсем жер көркі, жаратылыс бедерінде нақты, шынайы шындықтан гөрі қиялы арман, сезімнен гөрі ақыл-ой жоғары бағаланды.

«Аң стилі» табиғат  пен адамның түбегейлі жарасымын  дәріптейді. Әр құрамы, жұрнақ бөлшегі  өзара сабақтаса, ұштаса келіп, тұтас бір тіршілік көрінісін бейнелейтін мөлдір айқындық, байсалды бап бірден көзге түседі. Табиғат барынша асқақ, әдемі,  сақ қаһармандары жайлаған кәдімгі салтанат ордасы тәрізді. Әсерлі жер бедері суретші сенімін жоғарғы күштермен рухтаған. Сызықтар сұлбасы мұнда «көре білудің өзі ақыл-ой әрекеті» деп түсінетін  «аң стилі» туындысының бүкіл құрылысын, құрамын бір ырғаққа келтіріп, өзара сабақтастырып,  ұштастырып жатыр.

Шын суреткер –  бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ ұлы ғана емес, ол қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас көзқарасымен, өзі жасаған сом суретке өз қолданбасын қалдыра алатын адам. Әрбір бірегей, сақтың өнер туындысын бағалағанда біз бұл ерекшелікті ескермей кете алмаймыз.

Өнердің дүниетанушылық үлгісінің философиялық мәні дегеніміз – ең алдымен сақ пендесінің еркінен тыс, жаратылысынан оған мүлдем тәуелсіз ақиқат дүние болмысынан адам санасында бейнеленуі. Ал жан иесі табиғатты тек жалаң, самарқау қабылдап қана қоймай, оның жасырын, жұмбақ тылсым тұңғиығына бойлап, мән-мағынасын ашады, суреткерлік әрекет дарытады. Бұл құбылыс сырын жете ұғынып, шынайы бейнелеу арқылы көрінетін рухани белсенді қатынас. Өнер мұраларының үздік үлгілері жаратылысты жан-жақты танудың жаңа бір қадамы ретінде қабылданатыны осыдан [1].

 

    1. Сақтардың қолөнері

 

Сақтардың қолөнері — сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылық өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса руаралық және тайпа- аралық айырбас та кеңінен тарады. Кең-руда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасып әкелінді. Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер өндірісінен айырмашылығы — сақ қолөнері түрлерінің дамымағандығымен және мал шаруашылығына тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді, үй кәсібі де жақын болып, бөлініп кете қойған жоқ.

Б. з. б. I мыңжылдықтың басы бұрынғы КСРО аумағының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін адамға темір қызмет көрсете бастаған заман болды.

Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары өздерінің батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына қарағанда темірмен неғұрлым кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот массагеттер тайпаларын суреттей келіп, «темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде ол металдарды атымен кездестірмейсін. Мұнын есесіне онда алтын мен мыс мол» деп тура айтады. Алайда зерттеудің көрсеткеніндей, мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты. Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағының ертедегі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын кен түрлерімен таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс-жұртын қазу кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған жақсы сұрыпталған темір кенінің үйіндісіне қарап білуге болады. Б. з. б. VII—VI ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған едәуір жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың шығыс өңірінің ертедегі сақтар тұрақтарындағы тікелей рудадан алынған темір балқымасының (кесектер мен қоқыстар) көптеген іздері де осыны дәлелдейді.

Информация о работе Сақ мәдениеті