Сақ мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, курсовая работа

Описание работы

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады [2].

Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша  сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады [3].

Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

 

2.3 Тұрғын  үй және киімдері

 

Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.

Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп  тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.

Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім [1].

Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.

 

2.4 Идеология 

  

Далалық өркениет Күнге, табиғат күштері мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осының барлығы "аң стиліндегі" олардың қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелілердің идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтардың өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейнелер символикалық мәнге ие болды. Жауынгердің бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүниенің келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киімнің жоғары жағындағы алтын қойдың бейнесі Митра Құдайының кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебелер күннің сәулесі болып есептеледі." Алтын адамның" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киімнің беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалықтың белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейнелерді бір жерге топтастырады: құс — жоғарғы әлем, аспан; ат — ортаңғы әлем, жер; ешкі — төменгі жақ, жер асты әлемі; қанатты жебелер — Жердің 4 тарабы. Бұл рәміз көсемнің билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғары билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты.

Бас киімдегі ағаш басындағы құстардың бейнеленуі, сондай-ақ құс тәрізді бейнелер өз мәніне ие болды. Құс — аспан мен Күннің жалпы адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап, Құдайларға ғарыш шекарасын қорғауға көмектеседі. Құстар бейнесі жоғары әлем рухына, аспанға ұшумен байланыстырылады. Бас киімдегі қанаттар "Алтын адамның" абыздық қызметін көрсетеді.

Әскери жасауларда жыртқыштардың яки барыстың, арыстанның, жолбарыстың, қасқырдың бейнеленуі осы аңдардың жауынгер мен оның қару-жарағына дем беруші күш деп есептелді. Сондай-ақ жолбарыстың бейнесі отқа табынушылықпен байланысты болды. Нақ солардың бейнелері мен табыну бұйымдары алтарь және темекі тартатын бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспапты қорғайды.

Белгілі бір түс және олардың туғызған әсері дүниені мифологиялық түрде пайымдаудың маңызды элементі деп табылады. Киімнің қызыл түсі және оның алтын жасауы — Күннің түстері, күміс түс — Айдікі, көгілдір түс — аспан түсі деп есептелді. Түс ерекше ақпараттық құндылыққа ие болды. Қызыл және алтын түспен байланысты эмоциялық сипаттамалар Құдайға және күйдіретін Күннің буырқанған қуаты мен құдіреттілігін бейнеледі.

Осылайша сақтарда Күн Құдайымен байланыстырылған әскери және діни жолбасшыға табынатын әлеумет пен кеңістіктің антропоцентрлік үлгісі өмір сүрді.[1]

Сақ обаларың осылайша түсіндіріп бағалаудың дұрыстығына  олардын біреулерін (патшалық) қазған кезде лақаттардан көп материалдық  қазыналардың табылуы, Есік обасында болғанындай, киім-кешек пен қарудың байлығы, басқаларында (қатардагыларында) — ондайлардың болмауы дәлелдейді. Патшалық обаларды тұрғызуға пайдаланылған құрылыс материалдарының — топырақгың, қиыршықтастың, тас пен ағаштың және жұмсалған адам еңбегінің ауқымы да маңызды дәлел болып табылады. Мәселен, ең үлкен Бесшатыр обасы үйіндісінің көлемі 80 мың текше метрден астам, оны салуға 60 мындай адам-күн қажет болды. Осындай шектегі далалық, өлшеу жұмыстары оба үйінділері ауқымының әрқилылығын көрсетеді: үлкендері: диаметрі 104—48, биіктігі 20—7 м; орташалары: диаметрі 45—30, биіктігі 6—2 м; кішілері: диаметрі 18—6, биіктігі 1—0,5 м. Оларды салуға жұмсалган орасан зор адам-күн шығыны эсер қалдырарлықтай: үлкендері - 60—65 мыңнан 20-30 мыңга дейін; орташалары — 1700—2000-нан 300—400-ге дейін; кішілері - 0,2—0,9-дан4,7—4,8-гедейін. Сонымен, ең үлкен патшалық обалардың құрылысына ең үлкен қатардағы обаларды тұрғызуға он мыңнан астам адам-күн жұмсал- ган. Үйінділер ауқымының әрқильшығы мен оларды салуға жүмсалған еңбек мөлшері сақ қоғамында әлеуметтік иерархия дамығандыгының салдары болып табылады.

Есік обасы  дәлелденіп отырған тезисті растайтын  қосымша маңызды мағлүматтар  береді. Есіктегі жерлеуге жұмсалған  түрлі бұйымдар — қоғамның жоғары дәрежелі тұлғасының байлығы мен  билігінің өлшемі. Лауазымды адамдарды  сақтардың өздері қалай атағаны белгісіз, бірақ Бесшатыр мен Есік обаларында жерленгендерді патшалар деп атауга болады. Бұл орайда қателік лауазымды атақтың айтылуында болуы мүмкін, ал оның мазмұны мен мәні толық сай келеді.

Антик авторларының Азия скифтері қоғамының әлеуметтік жіктелуі туралы мәліметтерін жинақтау — әлеуметтік атақтардың қалай айтылғанын түсіндірудің бірден-бір мүмкіндігі. Сақтардың иерархиялық атақтары (дегенмен, мазмұны жағынан алғанда олар антик дүниесі дәстүрінде болуы мүмкін) — коғамның жіктелуінің терендей түскенін айқын көрсетеді. Иерархиялық сатының биік түғырында — патша мен ханша, шонжарлар мен «ақсүйек» адамдар, салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, кұлдар, кызметшілер, жаяу жауынгерлер орналасқан.

Жинакталған ақпарат  мынадай қорытындыны негіздейді: сақтар өздерінің өлген патшаларына  алтын киімін киіндіріп, кең лақатқа  қойған, ал олардың үстіне зәулім архитектуралык ескерткіш — алып оба тұрғызған. Қоғамның басқа мүшелерін жерлеу ғұрпы иерархиялық басқыш сатыла- рының төмендеуіне карай оңайлатылып отырған. Ғұрыптың әлеуметтік жағдайға қарай саралануына ата-баба аруақтарына, әсіресе патшаларға — күн бейнелі күшті камқоршыларға табыну үлкен рөл атқарды. Патшаның жеке басы дәріптеліп, ол иерархиялық сатының ең биік тұғырында тұрған күн бейнелі кұдай дәрежесінде көрсетілген. Күнкөсемінің мұрагерлері жерлеу ғұрпының рәсімдерін сақ патшалары әулетінің бұлжымастығын идеологиялық жағынан негіздеу мақсатымен бұқараға діни ықпал жасау ретінде пайдаланған. Есік сағының алтын киімінен бір ғана қызықтыра тандандыру мәні аңғарылып қоймайды, қайта оның әлеуметтік салмағы көбірек болғаны, саяси-насихат мақсатын көздегені күмәнсіз. Жарқыраған киім патшаның тұлғасын асқақтатып, оны күн бейнелі құдай дәрежесіне көтерген. Бас киіміндегі зооморфтық бейнелердің діни-идеологиялық мазмұны осы қорытындыны растайды. Есік жауынгері бас киімінің мандай жағындағы қанатты және мүйізді пырақ бейнесіне күрделі символика негіз етіліп, сақтардың діни дүниетанымының қағидалары бейнеленген. Есік олжаларының қарастырылып отырған проблема үшін маңызы жазу ескерткішінің - жазбасы бар күміс тостағанның табылуына байланысты арта түседі. Жазуды көне түркі және парсы-арамей әліпбиі негізінде ажыратып оқудың ғылымда бірнеше нұсқасы бар. Кез келген қоғамда жазудың бөлу фактісі әлеуметтік-экономикалык ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді. Мемлекеттік құрылым үлгісіндегі қоғамдық құрылыс түрі осындай орган болуы мүмкін. Мемлекет пен жазудың пайда болу үрдістері өзара байланысты болған, тегінде, жазу мемлекет туып, қалыптасқаннан кейін әлдебір аз уақыттан сон пайда болса керек. Археологиялық және эпиграфиялық деректерден алынып келтірілген ақпаратты (үйінділер аукымдарының әрқилылығын, материалдық қазыналардың көп болуын, құрылыска жұмсалған адам-күн санын, жазуды және т. т.) қорыта келгенде, біз Жетісу сақтары әлеуметтік құрылымының деңгейі жөнінен өндірістік қатынастарын мемлекеттік құрылым үлгісіндегі орган тәртіпке салып, реттеп отырган алдыңғы таптық қоғамның қалыптасу сатысында болған деп санауға бейімбіз [2].

      

 

 

 

3 Археологиялық ескерткіштер

3.1 Сақ дәуірінен  қалған ескерткіштер

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар  Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл  обалардың ерекшелігі – оларда тас  жалы, “мұрты” болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады [1].

Батыс және солтүстік  Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған  жері – Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.  

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен  Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. 

Жетісу мен  оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары  мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар – Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы  сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар – диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.  

Есік обасы  Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ  үйіндісінің астында екі қабыр – орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Информация о работе Сақ мәдениеті