Сақ мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, курсовая работа

Описание работы

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық  юозыларынан жасап, оларды ғажайып, ою-өрнектерімен әспеттейтітінін айтқан едік. Түрлі түсті асыл тастардан – сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ-таналар жасаған.Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, жағажайға, жел-дайылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самрұқтар көріне бертін болғпн. Осынау образдардың мифиология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.

Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңрісі  Митра «Авеста – Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді  құдайлардың қатысы болған. Есік обасындағы патша дулығысының төбесіне қабалған қанатты тұлпарлар бейнелері – ол күн күймесі. Қанатты тұлпар бейнесінің күн бейнесі ретінде берілуі өзге халықтар фольклорында да кездеседі. Гректерде күн шұғылалы құдай Аполлонның күймесін аспанда қанатты пырақтар зулатып алып бара жатады.

Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайының символы  болған. Үндіиран халықтарының қиял аңыздарында  Күн аспан көкте төрт пырақ  немесе төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде  көрінеді.

Сақтардың әлемнің (космостың) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі-гармония, олардағы бір нәрсенінің ұйымдастырушылары Митра, Вауна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі-моделі оларға үш дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және жоғарғы дүние – аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы – сол, оң, алғы және артқы жақтары болған. Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау бауырындағы «жер айуандары»: жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте – құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін – жерасты дүниесін – жер мен аспан бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын: шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Баскиімнің алдыңғы жағына күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс деп есептеген. Осындай мұрақты – тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар [4].

Тұтас алғанда  сақтардың немесе сақ – скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып-сіңуі, көшпелілер иделогиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде  құрылып қалыптасады.

 

    1. Скиф-сақ әлеміндегі қоғамдық ұйымдар

 

Б. з. б. I мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы  рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің  жедел жүруімен сипатгалады. Қазақстан  жерінде бұл ұзаққа созылған үрдістің басталуы сақ заманының алдындағы қола дәуіріне ұштасып жатады. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісінен, мыс пен қола металлургиясының тууы мен дамуынан кейін алғашында үлкен патриархаттық, ал одан кейін шағын және моногамиялы отбасылар окшаулана бастады.

Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін барып отбасылық меншіктің шыққанын айқын көрсетеді. Мұндай арнаулы әлеуметтік институт таңбалардан — б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында және I мыңжылдыктың басында қыш ыдыстар мен кейбір қола заттарға салынған жеке меншік белгілерінен көрінеді. Алғашқы қауымдық қатынастардың ұшырауы сақ заманында, б. з. б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында одан әрі жалғаса берді.

Сақ қоғамынын экономикасындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал  шаруашылығына көшуден, металлургия  өндірісінің өсуінен тұган прогрестік өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастың дамуына, жеке меншіктің  қорлануына және қатардагы қауым мүшесін канау элементтерінің шығуына өкеліп соқты. Өндірістің негізгі кұрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін болу жөнінде бір кезде болған алғашқы тендіктің орнына археологиялық деректемелер бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі келіп шықты. Жерге қауымдық меншіктің сақталуы тұсында малға отбасылық жеке меншік пайда болды [6].

Бір кезде әмбебап әлеуметтік ұя болған, өзіндегі өндірістік қатынастар кандас-туысқандық байланыстармен сәйкес келіп барынша тығыз астасқан рутуыстық жағынан емес, аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылған қауымға біртіндеп орын бере бастады. Тарихи үрдіс алғашында қоғамдық құрылыстың рулық байланыстарға тікелей тәуелділігінін әлсіреуіне, ал түптеп келгенде қауымдардың рулық текке қарамастан, экономикалық және аумақтық мүдделер негізінде құрылуына алып келді. Көршілестік қауым жерді меншіктенуші болған суармалы егіншілік елдерінің көпшілігіңде осындай болды. Мұнда рулықбайланыстар көршілестік кауым- дардың өндірістік мүдделерімен қайшылыққа ертерек түсті. Шаруашылығының негізгі түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған қоғамдарда ескі рулық тәртіптер жаңа қоғамдык кұрылымдарда ұзақ уақыт сақталды, бірақ енді көшпелі қауымның өндірістік негізі ретінде емес, экономикалықтенсіздікпен канаудың шың мәніндегі қатынастарын бүркемелеген рулық байланыстар түрінде сақталды.

Алғашқы рулық қатынастардың  ыдырау заманын әскери демократия кезеңі немесе алғашкы көршілестік қауым  кезеңі деп атайды. Соңғы анықтама қазіргі уақытта барган сайын  жиі қолданылады, ойткені ол заманның әлеуметтік-экономикалық сипатын негұрлым дәл береді.

Бірақ көршілестік (жер) кауымның түрлері бірдей болмады, сондықтан  мұндай анықтаманы әмбебап анықтама деп атауға болмайды. Екі ұғымның  да — әскери демократия мен алғашқы көршілестік қауым ұғымдарының бір-бірін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн. Олар тек алғашкы қауымдық кұрылыстың ыдырау заманындағы қоғамдык құрылымының әр түрлі жақтарына баса назар аударады. Патриархаттың пайда болуы — оның бастапқы кезені, ал соңғы шебі таптық құрылысқа көшу болды.

Сақ заманы қоғамдық құрылысының құрылымын схемалық тұрғыдан былайша елестетуге болады: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) — көшпелі қауым — тайпа  — тайпалар одағы. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі  ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әулеттін үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөлінген әулет басшысының есімімен аталды. Көшпелі-жайылымдық қауым патронимиялар жиынтығынан құрылды. Оның негізіне өндірістік, аумақтық белгі алынды, бірақ көшпелі және жартылай көшпелі қауымдарға тән белгі рулық институтгардың консерватизмінде және отбасылардың бірігу принциптеріне олардың ықпалының күштілігінде болды. Тайпа қоғамдық кұрылыстың маңызды сатысына айналды. Тайпаға тән ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарында оның өз жерінің, атының және осы тайпаға тән диалектінің болуы, діни үғымдарының және діни ғүрыптарының ортақтығын, ортақ істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсем мен әскери басшының болуы тән болды. Бұл енді әскери-демократиялық құрылыс ие болған қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастырылу түріне айналды. Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы үлгісі болды. 
Қорғандарды, обаларды, темір дәуірінің қоныстарын, сондай-ақ жазбаша деректерден алынған мағұлматтарды зерттеу осы кезең қоғамының әлеуметтік құрылымы жайында көптеген мағлұматтар береді. Сонымен қатар әртектес жерлеу құрылыстары мен жерлеудің әдет-ғұрыптарын зерттеу ерте темір ғасырындағы көшпенді қоғамның күрделі ұйымдары туралы, мұндағы әр түрлі әлеуметтік жіктер туралы айғақтайды.

Ерте темір  дәуірінде ежелгі обалардың құрылымында көрініс тапқан патриархалдық-отбасылық жекелену — көлемді рулық бейіттер жоқтың қасы. Олар отбасылық қауымның жерлеу кешені болып табылатын қорғандардың шағын тобына орын береді. Жерлеу аспаптарының әр түрлі құрамы мен қорғандардың көлемі қоғамда болып жатқан әлеуметтік және мүліктік жіктелу туралы мәліметтер береді. Тұрғызылған бейіт құрылыстарының биіктігі жерлеу әдет- ғұрпына қатысушылардың санына байланысты болды. Үлкен қорғандар тайпа көсемдерін, сондай-ақ тайпалық бірлестік көсемдерін есте мәңгі сақтау үшін қызмет атқарды. Орташа қорғандарға тайпаның атақты адамдары, ал ұсақтарына сақ қоғамының қатардағы мүшелері жерленді.

Сақтар қоғамында белгілі бір сословиелік билік көрініс тапқан деп ұйғарым жасауға болады. Иерархиялық басқыштың ең жоғары тұғырында патша, шонжарлар мен салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, құлдар, жаяу жауынгерлер орналасты. Патша дәріптеліп, биікте тұрған Күн бейнелі Құдайға теңестірілді, жарқыраған алтын киімі күнді еске түсірді. Мәселен, Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" киімі мен бас киімі осыған дәлел. Оның бас киіміндегі, бешпентіндегі зооморфтық белгілерде сословиеге бөлінушілік құпия белгіленген: бас киімі — жоғарғы сословие мен абыздықты бейнелейді, ортаңғы жағы (кеудесі, белдігі) — атты әскерлерді, төменгі жағы (етігі) — жауынгерлер мен көшпелі малшыларды бейнелейді.

Рулық-тайпалық құрылым төрт сатыдан тұрады: отбасы;

  • ру — рулық кеңес;
  • тайпа — көсем;
  • рулық-тайпалық бірлестік — басқарушы.

Қорғандағы  төрт жебенің, қанаттардың, аттардың белгілері "Алтын адам" басқарған қоғам төрт бөлікке бөлінгенін айғақтайды.Осы бөліктердің әрқайсысы дүниенің төрт тарабының бірімен немесе осыған сәйкес 4 ру-тайпалық бірлестік жерімен байланыстырылған. "Оқ" ұғымының өзі кейінгі түрік кезеңінде ру мен тайпаны білдіретін болды.

"Алтын адам" жауынгердің киімін киген, Жауынгерлік даңқты алып жүруші бейне көшпенді ортадағы жоғары идеалды білдіреді, осылайша көсемдер мен билеушілер әскери сословиеден шыққандар болып есептеледі. Сонымен қатар жауынгер бейнесі арғымағына құрметпен қарайтын көшпенді ұғымыны да саяды.

Қалыптасып  келе жатқан көшпелі қоғам белгілі бір көзқарасы бар, ашық әлеуметтік жүйеге айналды: малшы, қажет болған жағдайда, жауынгер де болды, ал әйелдер өз жауапкершілігіне ерлердің саяси қызметін де алып, оны абыроймен орындады. Ашық әлеуметтік жүйе көшпелілерге, олардың өмір сүруінің өзгермелі жағдайларына икемденуіне мүмкіндік тудырды [7].

 

 

 

2 Сақтардың  өмір сүру салттары және наным – сенімдері 

      

2.1 Сақ қоғамындағы шаруашылық

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. 

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен  сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. 

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті [1].  

Cақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер – сүңгі мен оқ ( “ратайштар-арбада тұрғандар”), абыздар – құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни “сегізаяқтар” (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

 

2.2 Діни  нанымдары мен ғұрыптары

 

Сақ тайпаларының діни түсініктері  туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

Мұндай ғұрып кейін  сүйегін ру зиратына кешіретін болып  не уақытша жерлеуді немесе еліктің  сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

Таулы Алтай мен Қазакстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.

Ондаған және жүздеген обалардан  тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

Информация о работе Сақ мәдениеті