М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 11:46, доклад

Описание работы

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік –жігерінің , асқақ рухының арқасы, арғы– бергі замандарда болған бас көтерулерді, қозғалыс–көтерілістердің, Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсан – қазақтың жаралы да алаулы қасіретіне айналды... Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қыршындар сол жолда құрбан болды. Солар енді қазақ жастарының биігі асқағы ...

Содержание

І. Кіріспе
Азаттық аңсаған Желтоқсан оқиғасының суық ызғары– өткен күндер

еншісінде

ІІ. Зерттеу бөлімі:
Жиырма екі жылдық шежіре–жүрекке жалын берер тарих қойнауы
“Желтоқсан эпопеясы”атты деректі роман – ұлт намысының айнасы
Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой
Желтоқсан оқиғасы неге көтеріліс емес?
Жаңа дәуірдің бастамасы болған Желтоқсандағы мейірім мен ұят шегінісі, тіл мүддесі–жалынды жастарымыздың тәуелсіздікті көксеген рухы, жан айқайы


ІІІ. Қорытынды

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер

Y. Ұсыныстар

YІ. Сілтемелер тізімі

Работа содержит 1 файл

гылыми жумыс Жанерке.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

     Сол қорқытудың бастамасы түстен кейін  машиналардан су шашып, қыстың қақаған  суығында жиналған халықты суға шомылдыру  олар үшін ешқандай қиыншылық туғызған жоқ. Халықты бірін-біріне соғып, басып-жаншып, қырман айдағандай болды. Жиналғандар  құр қолдарымен қарсылық көрсетіп, кідірген, қолдарына түскен  машинаны аударып, жанталасып, шайқасып бақты.

     Қарулы  күштер мен қарусыз халықтың шайқасы  барған сайын шиеленісе түсіп, қолында  арнаулы күректері мен шоқпарлары бар әскерлер мен милиция жаналғыштары халықты жас-кәрі демей допша домалатып, кескен ағаштай құлатып, сойыл астына алып жатты.

     Жау жағадан алғанда, үйретілген иттер  аяқтан алып, қашқан құтылмай, құлаған  тұрмай, нәзік қаракөз-ботакөз қыздарымыз, сенгіш ұлдарымыз, жайбарақат ағаларымыз бен тәтелеріміз бауша құлап, оларды жаналғыштар жаны бар болсын, жоқ болсын арнаулы машиналарға лақтырып тастап, тұс-тұсқа, сай-салаға, шұңқыр-қияға, қала ішіндегі жаңа құрылысқа қазылған апан-шұңқырларға түсіріп тастап қайтқанын көзімізбен көрдік.

     Қайран  қыршын бауырларым-ай, мен соның бәрінің ішінде жүріп көрді. Мен де бір өлімнен аман қалып, қапас түрмесінде де болып қайттым. Жасым ұлғайған, жігіт ағасы болсам да шыдай алмай «араша, тақсыр,араша»,-деп жаналғыштардың жағасынан алып едім. Біраз көрсететін жарығым бар шығар, 18 желтоқсандағы сойылдан жығылып жатқанымда мені күзетіп тұрған милициядан 6-7 қазақтың жігіттері арашалап алып қалыпты.

     Желтоқсан күндеріндегі қақтығыс, мылтық атылмаса да, 1959 жылы Теміртауда болған қақтығыстан 20 есе асып түсетін еді. Мен екеуінің де куәсі болған соң  айтып отырмын.

     Енді  айтарым,осы кезге дейін біз  не істедік, не істемедік?

     О, ағайын!

     -1986 жылғы желтоқсан күндерін қазақтың  шешуші ұлт-азаттық көтерілісі  деуге аузымыз барып, таңба  бассақ артық бола ма? Қыршын  кеткен, опат болған бауыр-қандастарымызға қандай ескерткіш-белгі жасадық?

     -Қудалау  мен қапас түрмеде болған бауырларымызға  қандай жақсылық, қандай жеңілдік  жасадық?

     -Өлген,  жоғалған, белгісіз боп кеткен  туыстарымызды қалай іздеп, қалай  жоқтап жатырмыз?

     -Қанша  әкенің сауалына, қанша ананың жоқтауына жауап беріп, іздеу салдық?

     -Желтоқсан  бойынша өлген, жоғалған, қудаланған, жапа шеккен қазақтардың саны  қанша, оған зер салып, есеп  жүргіздік пе?

     -Желтоқсан  оқиғасына байланысты мұражай  ашатын уақыт жетті емес пе?

     -Республика  астанасының Ақмолаға көшуіне қарай Республика атындағы алаңды Желтоқсан алаңы деп атауға болатын шығар?

     -Он  жылдыққа байланысты 1986 жылғы желтоқсан  күндері және одан кейін жапа  шеккен, денсаулығынан айырылған  адамдарға ақшалай көмек, баспана  алу жеңілдік көмектерін берсе;

     -Желтоқсан  оқиғасына  мемлекеттік теңге  шығарса.

     -Дінмұхамед  Қонаев атамыз 1986 жылғы желтоқсан  күндерінің бірінші құрбаны...Ресей  империясының солақай саясаты  мен соқыр шешімі - бүкіл қазақ  халқының намысын қоздырды, бір  кісідей қарсылық шеруіне шықты. Жаным-арым үшін деп, қазақтың кәрі-жасы қанды көтеріліске дейін барды.

     Осының  бәрі Қонаев атамыздың қадір-қасиеті  дегім келеді...

     -1986 жылғы желтоқсан күндері мен  оқиғасы ғылыми түрде зеррттеліп, қазақтың тарихына жазылып, таяу  жылдарда оқулық ретінде кітап боп шығып, мектеп, институт, университетерде сабақ берілсе, ол да бір игілікті іс болар еді.

     -1986 жылғы желтоқсандағы қайғы-қасіретімізді,  өлгенімізді ,еске алмасақ, риза  қылмасақ, біздің жер бетінде  тірі жүргеніміз кімге керек?

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.5. Жаңа дәуірдің  бастамасы болған  Желтоқсандағы мейірім  мен ұят шегінісі, мүддесі – жалынды  жастарымыздың тәуелсіздікті  көксеген алаулаған  рухы, жан айқайы

     Қазақстанда 1986 жылы болып өткен  Желтоқсан  оқиғалары дүниежүзілік тарихтан өзіне  лайықты орын алатыны сөзсіз. Ол соңғы жарты ғасыр ішінде кеңестік қызыл империяға қарсы жаппай батыл бас көтерген алғашқы ұлт-азаттық көтерілісі ретінде тарихта қалады.

     Желтоқсан оқиғалары Қазақстанның мемлекеттік  тәуелсіздігі мен егемендігінің  алғашқы хабаршысы, ұлттық отансүйгіштік пен жүрек жұтқан ерліктің жарқын көрінісі болды..

     Желтоқсан оқиғаларына берілген «Алматыдағы  бүлік», «студенттер ереуілі», «ұлтшылдық әрекеттері» сияқты бағалар ешқандай сын көтермейді. Өйткені, ол  тек  Алматыны ғана қамтып қойған жоқ. Ондаған мың адам қатысқан әр түрлі көлемдегі мұндай бұқаралық-саяси наразылық сонымен қатар Арқалықта, Ақтөбеде, Жезқазғанда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде, Ақмолада және басқа да көптеген елді  мекендерде де орын алды.Ұлттық құқықтың аяққа басылуына жол бермеуді, орталықтың өктемдігін тоқтатуды талап еткен саяси парақшылар мен плакаттар республиканың түкпір-түкпіріне дейін таратылды. Көтеріліске қатысушылардың 60 процентке жуығы әр түрлі ұлттардың өкілдері болып табылатын жас жұмысшылар мен зиялы қауым өкілдері екендігінің өзі-ақ оны «студенттер бүлігі», «ұлтшылдық әрекеттер» деп атауға болмайтындығын айқын көрсетеді. Сондықтан да Желтоқсан оқиғаларын республикадағы бұқаралық-саяси қозғалыс, бейбіт мақсаттағы қарусыз көтеріліс деуге болады. Онда «ұлтшылдық әрекеттердің» де белгісі жоқ. Өйткені, ұлтшылдық дегеніміз-бір ұлттың өзге ұлттардан артықшылығын, ерекше жоғары тұрғанын, өздеріне өзгелерден барынша көбірек көңіл бөлініп, түрлі жеңілдіктер жасауын талап ететін идеология, саясат негізінде қалыптасатын психология. Ал, қазақ халқында мұндай психология  Желтоқсан оқиғалары кезінде де, оған дейін де, одан кейін де болған емес.

     Желтоқсан оқиғаларының саяси талаптары мен  ұрандарына байыппен жасалған талдау оған қатысушылардың бейбіт жолмен саяси  наразылық білдіруі ғана болып табылатынынан көрінеді.

Ол наразылық  республиканың байырғы халқының ұлттық  мүдделері жүздеген жылдар бойы аяққа басылып келе жатқандығына, оның аумағына алуан түрлі сылтаулармен өзге ұлт өкілдерін үсті-үстіне қасақана қаптатып жіберіп, қазақтардың өз атамекенінде адам айтқысыз азшылыққа айналдырылғанына, тарихының бұрмаланып, ұлттық қадір-қасиетіне, салт-дәстүрлеріне, тілі  мен  мәдениетіне қорлық көрсетілуіне қарсы бағытталған болатын.

     Халық наразылығының шын себептері, міне, осында жатыр еді. Ал бұл наразылықтың бұрқ ете қалуына себеп емес, тек қана түрткі болған нәрсе Г.В.Колбиннің тіпті де ұлтының орыс екендігі емес, қайта Мәскеудің сойылын соғатын кезекті губернатор ретінде Қазақстанға ешкіммен санаспай, шектен тыс өктемдікпен жіберілуі болды. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларды сенімнен жұрдай етуге тырысқан саяси тәртіп жүйесі қоғамдық пікірді өздерінше қалыптастырудың алуан түрлі тәсілдерін қолданды. Бұл ретте «орыс тілдерді», әсіресе орыс халқын, республиканың байырғы халқына – қазақтарға қарсы айдап салуды мақсат етті.

     Біздің  бүгінгі азаматтық борышымыз  бен адамгершілік парызымыз, Желтоқсан  оқиғаларының сол бір қиын-қыстау күндеріндегі ауыр ахуалға қарамай, өздерінің ар-ождандарын төмендетпей, намысын қолдан бермей, Мәскеудің  қиянатшыл өктемдігіне қасқая қарсы тұрып, өр дауыспен үн қата білген, алаңдағы бейбіт шерудің алдыңғы қатарынан көрінген батыл да абзал азаматтардың аттарын атау, оларды орынды құрметке бөлеу болып табылады.

     Сол бір сұрапыл күндері ерлікпен қаза тапқан Ербол Сыпатаевтың, Ләззат Асанованың, Сәбира Мұхамеджанованың, кінәсіз сотталып кеткен  мұғалім Жансая Сәбитованың, студент Құрманғазы Рахметовтың, оқытушы Әркен Уақовтың, Ақмолалық жас ақын Асқар Сағынаевтың есімдерін осы уақытқа дейін біреу білсе, біреу білмейді. Татар жігіті Ирек Дәуренов өзінің шын  мәніндегі интернационалист, әрі гуманист екенін таныта білді. Ол ғылым докторы, профессор ретінде өз алдында болып жатқан заңсыздыққа шыдай алмады, парақшылар таратып, қазақтар мен орыстарды, ешқандай арандатуға берілмей, өкімет орындарының заңсыз әрекеттеріне қарсы шығуға шақырды. Осы «қылығы» үшін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті  түрмесінде төрт ай отырып, ақталып шықты. Содан кейін де бұрынғы жұмысына қайта орналаса алмады.

     Желтоқсан оқиғаларының тағлым аларлық және бір ерекшелігі-онда Қазақстандық зиялы қауым өкілдері өздеріне лайықты жетекшілік рөл атқара алған жоқ.

 Мың  – мыңдаған домалақ арыздар  мен хаттарда кінәсіз адамдардың  үстінен партия ұйымдарына, Ішкі  Істер Министрлігінің, Мемлекеттік  Қауіпсіздік Комитетінің органдарына түсіп жатты.

     Соның салдарынан да 1987 жылғы қаңтар айында мыңнан астам адам Желтоқсан оқиғаларынан кейін екі ай бойы тергеуден көз  ашпады. Желтоқсан оқиғалары кезінде  Отандық зиялы қауымның өкілдері ақын  Жұбан Молдағалиев, академик Салық Зиманов, жазушы Сафуан Шаймерденов, қоғам қайраткері Михайл Есеналиев ерекше көзге түсті.

 Олар  халқымыздың ары  мен намысын  аяққа бастыруға жол бермеу  мақсатымен қолдарынан келгенше  әрекет жасауға тырысты. Алайда, оларды қолдаушылардың қатары  аз болды. 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІІ. Қорытынды 

     Қазақстан өзінің егемендігі  мен  тәуелсіздігін  ұзақ та қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Біз Желтоқсан  оқиғаларынан ұмытылмас тағлым алып, оны еліміздің болашағын нығайта  түсу үшін пайдалана беруіміз керек. 

     Тәуелсіздік бізге не берді десек - тәуелсіздік ойға еркіндік берді! Езілген еңсені тіктеуге мүмкіндік берді! Өзге елдермен тереземізді теңестірді! Аузымыз жеткенше сөйлейтін, аяғымыз жеткенше жүретін, алыс-жақынмен араласып, азат тіршілік кешетін күн әкелді.

     Ал  Желтоқсан бізге не берді десек -  Желтоқсан азаттық аңсаған  жүрегімізге жалын берді! Санамызға  еркіндік пен ерліктің сәулесін түсірді! Тоталитарлық жүйенің тоңын жібітті! Тәуелсіздікке жол ашты! Тәуелсіздігімізді  алып келді деуге болады. 

     Енді  мақсат – барды бағалау, жақсы – жаманды саралау, қолдағыны ұқсату, бақты баянды ету. Бір мақсат, бір тілектің астынан табылып, бірігіп тіршілік ету. Бұдан былай еліміздің,жеріміздің, ұлтымыздың, жұртымыздың келешегі жолындағы тарихи жауапкершіліктің барлығы осы қазақта. Қазақтың тілі  мен дінінде, әдеті  мен ғадетінде, мәдениеті мен әдебиетінде, өнері мен өнегесінде. Бұл жолдағы баршамыздың борышымыз – желтоқсандықтарды тек атаулы күндерде ғана ұлықтап қоймай, Желтоқсанды  тәлім  мен  тәрбиенің, елдік пен ерліктің, өршілдік пен патриоттықтың құралына айналдыру. Желтоқсандықтардың  мәртебесін арттырып, іс –

әрекеттерді мемлекеттік деңгейге көтеру. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз  үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз  бен ұлысымыз үшін маңызы зор  тарихи белес, ал желтоқсандықтар сол белестің тарихи биігінен көріне білген  қайраткерлер боп қала беретінінде күмән жоқ.

     Желтоқсан оқиғасы–дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Халқымыздың екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті.

     Қазақ елі тәуелсіздігін алды! Көк жүзімен  астасқан қасиетті көк Туымыз астанамыздағы  Ұлы оқиға өткен дүбірлі алаң үстінде желбіреп тұр! Өкініштісі- азаттық үшін жан аямай алысқан, хан алдында да тілін тартпай қасқайып өткен сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы, қуанышты күннің шуағына куә болып, ортақтаса алмауы.

     Екі ғасыр қатарынан жат  мемлекет таптаған жерімізге тәуелсіздік, еркіндік өмір қайта келді.Еңсемізді тіктеп, егемен елдің азаматтық дәрежесіне жетіп, демократиялық дамудың жолына түскенімізге міне, 22 жыл болды. Кеудесі шаттыққа толы қазақ халқы шексіз қуанышты. 

           

      

      

 

 

   

Ұсыныстар 
 

  1. Желі дауылға  айналған мылтықсыз майдандағы қаншама  төгілген көз жас пен аққан тердің есебі бүгінгі таңда өз дәрежесінде бағаланса;
 
  1. Жүрекке жалын  берген алаулы Желтоқсан оқиғасына “көтеріліс” деген баға беріп, халық оның себебін тереңінен түсінсе;
 
 
  1. Өткен күндер еншісіндегі суық ызғарлы Желтоқсан оқиғасына байланысты мәліметтерді біріктіріп, кинолар мен деректі фильмдер көбірек шығарылып, қолдану аясы кеңейсе;
 
  1. Желтоқсан оқиғасына байланысты шығарылған кітаптар, ғылыми түрде зерттелген құнды байлықтар мектеп, институт, университеттерде сабақ түрінде берілсе;
 
 
  1. Желтоқсан оқиғасына байланысты мұражай ашылса, игілікті істердің бірі болар еді. Себебі, 1986 жылғы желтоқсандағы қайғы-қасіретімізді, өлгенімізді еске алмасақ, риза  қылмасақ, біздің жер бетіндегі жүргеніміз кімге керек?

Информация о работе М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын