М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 11:46, доклад

Описание работы

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік –жігерінің , асқақ рухының арқасы, арғы– бергі замандарда болған бас көтерулерді, қозғалыс–көтерілістердің, Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсан – қазақтың жаралы да алаулы қасіретіне айналды... Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қыршындар сол жолда құрбан болды. Солар енді қазақ жастарының биігі асқағы ...

Содержание

І. Кіріспе
Азаттық аңсаған Желтоқсан оқиғасының суық ызғары– өткен күндер

еншісінде

ІІ. Зерттеу бөлімі:
Жиырма екі жылдық шежіре–жүрекке жалын берер тарих қойнауы
“Желтоқсан эпопеясы”атты деректі роман – ұлт намысының айнасы
Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой
Желтоқсан оқиғасы неге көтеріліс емес?
Жаңа дәуірдің бастамасы болған Желтоқсандағы мейірім мен ұят шегінісі, тіл мүддесі–жалынды жастарымыздың тәуелсіздікті көксеген рухы, жан айқайы


ІІІ. Қорытынды

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер

Y. Ұсыныстар

YІ. Сілтемелер тізімі

Работа содержит 1 файл

гылыми жумыс Жанерке.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

     Осыған  дейін  Желтоқсан туралы аз айтылған жоқ. Біреу дұрыс айтты,біреу бұрыс айтты.Біреу мұны көтеріліс деді, екінші біреу оқиға деді, ал енді біреу бүлік деп баға берді. Алайда ел өміріндегі  мұндай бетбұрысты  сәттерге  баға беру–мемлекеттік мүдде, ұлттық мүдде тұрғысынан терең ойлап, кеңінен қарастыруды  қажет етеді. Өткен уақыттың ұлы көші қайда бағыт ұстап, шерлі парақтары қанша аударылса да, мыңдаған  жылдар бойы  Еуразия атты қарт материк  талай аласапыран оқиғаларды бастан өткізсе де,  осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы –қиыры жоқ Ұлы Даланы “үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері ” мекен етіп келе жатқан халық  әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен  өмір сүріп келеді. Оған уақыттың өзі куә.

     Түркі қағанаты  тұсында ел билеген  қағандарымыз халық үшін “түнде ұйықтамаған, күндіз отырмаған, қызыл қан төгіп, қара терін ағызып, күш –қуатын  аямаған ”. Сөйтіп “бүкіл түрік  халқына қарулы жау келтірмей, атты әскер жолатпай ” қабырғалы елге айналдырған. Сол дәуірден мұра болған елдік пен ерлік мұратының ешқашан жүлгесі үзілмей,  халқымызбен бірге жасасып келеді. Тарыққанда демеу, торыққанда жебеу болып келеді.

         Қазақтың тұтас тарихын қарап отырсаңыз, “қара  қазан сары баланың жолында” әр кезеңнің ел қамын жеген Едігелері шығып, елге қорған, жұртқа пана бола білген. Елді дауға бермеген, жерін жауға бермеген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Зерттеу бөлімі: 

2.1. Жиырма екі жылдық шежіре—жүрекке жалын берер тарих қойнауы 

  Республика алаңындағы Желтоқсан қозғалысына арналған “Тәуелсіздік таңы” ескерткіші 22 жылдық шежіремізді шерткізуге тура  келетіні баршамызға аян.

   1986  жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның барлық облысын дерлік қамтыған  жалпы халықтық көтеріліс болды. Және оған қазақ жастары ғана  емес,  басқа ұлт өкілдері де қатысты.

     Ұлт араздығын әдейі қоздыру мақсатында алаңға шыққан орыс, ұйғыр   жастарын Мәскеуден келген тергеушілер мен ақылшылар не босатып жіберіп отырған, не тіркемеген .“Қазақ ұлтшылдығы” деп айыптау үшін, соның бәрін о бастан ойластырған.

     Дүние жүзіндегі ең әділетті, ең демократияшыл, ұлт пен ұлысты алаламайтын ең интернационал мемлекетпіз деп жүрген советтік идеологияның тек алдау саясаты екені бір-ақ күнде әшкере болды. Және ондай алдау саясатының түпкі мақсаты орталық жүйені жалғастыру екені де белгілі болып қалды. Жариялылық орнады, әр ұлт өзінің ой- арманын ашық айта алады деген алдамшы саясатқа сеніп қалған жастар ұзақ жыл Қазақстанды басқарып келген Қонаевты ширек сағаттың ішінде орнынан алып тастап, оның орнына ешкім білмейтін және қазақстандық та емес орыс адамын әкеліп қоюға өз қарсылықтарын бейбіт жолмен білдірген-ді. Соның өзі Қазақстанды бодан деп бағалап, өзінен кем санаған орталықтың намысына тиіп, ашу- ызасын келтірді. Сондықтан олар тең сөйлесіп, түсіністікпен қараудың орнына бірден күш көрсетіп, дереу қатаң жазалауды ғана қарастырды.

  1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі өзінің жалпы сипаты жағынан 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісіне ұқсайды. Онда да патша үкіметі Бодан халықтарды менсінбей, оның ұлттық ерекшеліктерімен санаспай, өзім білемдікпен өктем шығарғанды-ды. Ұлттық намысы тапталған, қорланған халық әр аймақта әр дәрежеде ұйымдасқан қарсылық көрсетіп, оның да ақыры өстіп жазалау мен қамауға ұласқанды. Отарлаудың беті мен ниеті 70 жыл бойы өзгерместен сақталып келгеніне Желтоқсан көтерілісі тағы да көзімізді жеткізді, тек сол ниет пен түпкі мақсат әдемі сөз бен қулық саясаттың құндағына құнттап оралған екен. Бір ғажабы, сол алдамшы саясаттың арамдығын байқаған да, оған қарсылығын ашық білдірген де өмір тәжірибесі аз жастар болды. Көпті көрген көнбіс ұрпақ көтеріліс кезінде де, одан кейін де сол жастарды айыптаушы және құптаушы   екіге жарылады.

     1916 жылғы көтерілісті  тәжірибелі қарттар бастаса, 1986 жылғы көтерілісті     жастар бастауы бұл екі көтерілістің негізгі айырмашылығы болса керек. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісін әр аймақта ел сыйлаған өз көсемі бастаса, 1986 жылғы көтерілісті шағын – шағын топтың жекелеген жетекшілері ғана тізгінін ұстады. Бүкіл алаңға шыққан жастарды біріктірген дара көсем болған жоқ.

     Бір ғасырдың бірі басында, екіншісі аяғында болған көтерілістің бірі совет өкіметінің орнауына ұласса, екіншісі сол совет өкіметінің құлауына ұласты. Алдыңғысы – қазақтарды патша үкіметінің қудалауы мен жазалауынан құтқарып қалса, соңғысы-қазақтарды жазалау мен қудалаудың сан – алуан сорақылығын көрсетіп үлгерді. Ату жазасынан бастап, қызметтен қуу, партиядан шығару, көп алдында сөгу секілді қилы-қилы түрін қолданды. Сөйтіп, ұлт бірлігін ыдыратып, ақырында қазақ деген ұлттың сақталу – сақталмауы сынға түсетін еді. Халқымыздың бағына совет үкіметі құлап, Қазақстан алдына тәуелсіз ел болды да, Желтоқсан көтерілісіне басқаша баға берді. Енді Желтоқсан көтерілісі ұлтымыздың абыройын асқақтататын, оның азатшыл рухын көтеретін тарихи оқиғаға айналды.

        Желтоқсан көтерілісі де, оған  қатысқандар да қазір, құдайға  шүкір, халық құрметіне бөленуде.

        Алайда, өздерінің әлдебір мүдделеріне бола желтоқсанның жекелеген тарихи тұлғаларына жала жапқан, ерліктеріне күмән келтірген адамдар да арамыздан бой көрсетті. Өзі дүниеден өтіп кеткен әлдекімнің Қонаевқа, Қайрат Рысқұлбековке теріс баға беретін мақаласын «Ақиқат» журналы, «Ләззат Асанова көтеріліс болған алаңға барған жоқ» деген мақаласын «Ана тілі» газеті басып, ел- жұрттың қасиетті сезімін аяққа таптағандай болды. Ақырында, Ләззат Асанованың алаңда болғандығы, көтеріліс кезінде қорланып, зорланған жас қызды жетекші мұғалімі «Біздің мектепті өз қылығыңмен масқара қылдың, жаман атымызды шығардың, ұрысың, бәленсің, түгенсің»,-деп одан бетер қорлап қарсы алғандығы, соған шыдамаған намысқой қыздың көп қабатты үйден құлап өлгендігі сот тергеуі үстінде анықталды. Қаһарман қыздың абыройын сақтап қалу да біраз қиыншылықтар мен абыройсыздықтардан кейін барып жүзеге асты. Мұның өзі елдің сөзін сөйлейді деген зиялы қауым ортасында әлі де елдік мүддеден гөрі өзіндік мүддені алға қоятын пенделердің бар екенін де дәлелдеді. Солардың кесірінен, шындыққа көз жеткіземіз деген қағиданы жамылып қайдағы жалалы пікірге жол бергендігінен Ләззат Асановаға «Халық қаһарманы» атағы берілсін деген халық тілегі де тиянақты қолдау таппай қалды. Әлгі мақалалар әдейі сол атақты бергізбеу үшін ұйымдастырылғандай ыңғайсыз әсер қалдырды.

          Желтоқсан көтерілісі жағдайындағы ақиқат толық ашылды, оған қатысушылар түгенделді деп айтуға әлі ерте екенін газет беттеріндегі естеліктер мен әңгімелер бірауыздан айғақтайды. Біздің ұлттық бірлігіміз бен тұтастығымыздың әлі де даму үстінде екенін сол көтеріліске қатысушыларды өз қандастарынан көрген қорлығы мен тартқан азаптары айқын дәлелдейді. Желтоқсан көтерілісінен кейінгі кезең – қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің таразы болған кезең.

     Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсанда  Алматыда және Қазақстанның бірқатар облыстарында бой көрсетулері ұлтшылдық сипатта болған емес. Мұның өзі Конститутция кепілдік берген және қайта құру жариялаған азамматтық және саяси айқындаманы еркін білдіру правосын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді.

      Жастар  наразылығының тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен деңгейінде, әлуметтік әділетсіздік пен әміршіл-әкімшіл жүйенің кемшіліктерінде жатқан болатын.

          Қазақстан Компартиясы  Орталық  Комитетінің бірінші хатшысы етіп, Г. В. Колбиннің жасырын және халықты  қорлайтындай түрде  тағайындалуы жастар қозғалысына тікелей түрткі болды, мұның  өзі республика халқының  өмірлік мүдделеріне қатысты мәселелерді шешу кезінде  Орталықтың өрескел өктемдігі деп қабыл алды. Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың  жариялап жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылық  ерекше ашу-ыза туғызды.

     Орталық Комитет пленумының шешіміне алғашында  Алматы қаласындағы жұмысшылар мен  оқушы жастардың шағын тобы наразылық  білдірген еді. Демонстрация бейбіт және саяси  сипатта болды. Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған ұрандарды айтып, басқа халықтарға қарсы байбалам склынған жоқ. Республика Компартиясы Орталық Комитетің үйі алдында жиналған жастар  заңдары  және қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ, олар тек пленумның шешімі жөнінде түсінік берілуін  талап етіп, сол шешімімен өздерінің келіспейтінін білдірді.

     Республика  басшылығының әуел бастан жастармен  тең праволы диалог  бастағысы, олардың пікірін тыңдағысы келмеді.  Саяси наразылықты  билікке төнген қатер деп санап, басшылық оған Алматы гарнизоны  әзірлік жағдайына келтірумен және  алаңды демостраттар санына әлденеше есе көп күштермен қоршау арқылы жауап қатты. Бой көрсетулерге бұрмалап, әрі үрейге толы берілген баға Орталыққа СОКП Орталық Комитетіне ССРО Ішкі істер министірлігі мен Мемлекет қауіпсіздігі  комитетіне хабарлады. Тіпті бой көрсетулерді таратып армия бөлімдерін қолдана отырып, басып-жаншу туралы мәселе қойылды да.

     Республика  басшылығының үсті-үстіне өтіну бойынша ССРО Ішкі істер министірі А.В.Власовтың Ішкі істер министірлігі ішкі әскерлерінің арнаулы бөлімдерін  еліміздің түрлі аймақтарынан Алматыға жеткізу жөнінде шешім қабылдауының ешқандай қажеті жоқ  еді, мұның өзі әрі заңсыз болатын.

     Бейбіт  және аз адам қатысқан  наразылық  демонстрациясының жаппай тәртіпсіздіктерге ұласуына  республика басшыларының өткір жағдайдан  шығудың бейбіт жолын таба білмеуі, олардың ақыл-парасат пен ізгі ниетке  емес, қайта күшке сүйену себеп болды.

      Тәртіпсіздікті  басып-жаншу кезінде тәртіп қорғау күштері  заңдылықты  бірнеше  дүркін және өрескел түрде бұзды, ұсталғандарды  ұрып-соқты, жеңіл-желпі киінген оларды қала сыртына апарып тастады.

     Оларды  прокурордың рұқсатынсыз тергеу изоляторында, көбіне тамақ берместен  және медициналық көмек көрсетпестен  бірнеше тәулік бойы ұстады.

     Демонстрацияны  қуып-тарату кезінде сойылдар, сапты күректер, қызмет иттері пайдаланды.

     Қақтығыстар қайғылы зардаптарға әкеліп соқты, демонстранттар тарапынан  да, сондай-ақ қоғамдық тәртіптің  қорғауын қамтамасыз ететін адамдар тарапынан да қаза тапқандардың  денесіне жарақат, соның ішінде ауыр жарақат түсті.

     Ішкі істер министірлігінің деректері бойынша ұсталғандардың саны -2336, Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің деректері бойынша- 2401 адам. Уақытша қамау изоляторында, арнаулы қабылдау орындарына, тергеу изоляторына жеткізген және  қала сыртына апарып тасталған  адамдарды ескергенде, ұсталғандар санының 8,5 мыңға жуық болғаны анықталды. Денесіне жарақат түскен адамдардың  саны-763-тен 1137-ге дейін-деп әртүрлі көрсетілді, ал комиссияның бағалауынша, 1,7 мың адам жарақат алған.

     Право қорғау органдары мен прокуратураның басшылары сапты күректер мен қызмет иттерінің  қолданылғанын  соңғы кезге дейін  мойындамай келді.

     Оқиғаға қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін  сот пен тергеуге де заңдылықтың өрескел түрде бұзылуына жол берілген. Солар бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт  және айыптауға айқын бейімділікпен жүргізілген. Бұл тұрғыдан алғанда, комиссияның пікірінше  жеткілікті дәлелдер болмастан өлім жазасына кесілген Қ.Рысқұлбековтың ісі осындай сипатта. Түрлі деңгейдегі судьялар, соның ішінде  республиканың соңғы Жоғарғы соты  көптеген жағдайларда  істі асығыс  қараған, қажетті түрде сот тергеуін жүргізбей, іс жүзінде тергеудің, нанымсыз  тұжырымдарына сүйенген.

     Жоғарыда  баяндалған жағдайларды ескере отырып, комиссия өз нұсқаулары мен жарлықтары жастардың бейбіт саяси  наразылығын басу  кезінде  күш қолдануына және оқиғаларға қатысушыларға қарсы жазалау  науқанының басталуына әкеліп соққан партия және мемлекет басшыларын; сол нұсқауларды орындай отырып, басып-жаншу мен  жазалаудың заңсыз әрекеттерін  қолдауға бұйрық берген лауазымды адамдарды, заңсыз бұйрықтар мен үкімдерді ойланбастан  орындаған атқарушыларды,  заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етпеген және өз қызмет борышын бұзған право қорғау және  сот аппараттарының қызметкерлерін, азаматтық құрамалар құру мен оларды қаруландыру иницаторлық жұртшылықтың алдында жеке-жеке атауды қажет деп санады.Олар:

    -Колбин  Г.В.- Қазақтар Компартиясы Орталық  Комитетінің  бұрынғы бірінші  хатшысы , қазір ССРО Халықтық  бақылау комитетінің төрағасы,  Қазақстаннан ССРО халық депутаты, ССРО Жоғарғы Советінің мүшесі:

    -Соломенцев  М. С. – СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұрынғы мүшесі;

    -Власов  А.В. –бұрынғы ССРО Ішкі істер  министірі, қазір СОКП Орталық   комитетінің бөлім меңгерушісі;

    - Камалиденов З.К.- Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы хатшысы;

    -Серіков  С.Д. –Қазақ ССР Ішкі істер  министрінің орынбасары;

    - Исабаев  С. М. –Алматы облыстық атқару  комитеті ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы, қазір Алматы қалалық атқару комитеті ішкі істер  басқармасының бастығы;

    -Әбділманов  М. А. –Алматы қалалық атқару  комитеті ішкі істер басқармасының  өрттен қорғау басқармасының  бастығы;

    -Елемісов  Ғ. Б. – Қазақ ССР прокуроры;

    -Айтмұхамбетов Т.К. –Қазақ ССР Жоғары санының төрағасы ;

    -Досполов Д. – бұрынғы Қазақ ССР юстиция министірі, қазір Қазақ ССР Министірлер Советінің жауапты қызметкері;

    Жоғарыда  баяндалған  жайды ескере отырып, комиссия мынаны ұсынды; 

     1. Республика коммунистері мен халықтың  ескермеген  Қазақстанның жоғарғы саяси басшылығын тағайындау кезіндегі өктемдігі үшін  СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұрынғы құрамының іс-әрекеті; ауыр зардаптары болған, соның ішінде адамдардың қазаға ұшырауына апарып соққан Ішкі істер министірлігі  ішкі әскерлерінің арнаулы бөлімдерін Алматыға әкелу туралы  Конституцияға  жат шешімді  мақұлдағаны; Қазақстан халықтарының дәстүрлі достық қатынастарына ауыр зардабын  тигізген, қазақ халқына саяси жағынан жауапсыз және қорлайтын “ұлтшыл” деп тағылған кінә айыпталсын.

Информация о работе М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын