М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 11:46, доклад

Описание работы

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік –жігерінің , асқақ рухының арқасы, арғы– бергі замандарда болған бас көтерулерді, қозғалыс–көтерілістердің, Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсан – қазақтың жаралы да алаулы қасіретіне айналды... Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қыршындар сол жолда құрбан болды. Солар енді қазақ жастарының биігі асқағы ...

Содержание

І. Кіріспе
Азаттық аңсаған Желтоқсан оқиғасының суық ызғары– өткен күндер

еншісінде

ІІ. Зерттеу бөлімі:
Жиырма екі жылдық шежіре–жүрекке жалын берер тарих қойнауы
“Желтоқсан эпопеясы”атты деректі роман – ұлт намысының айнасы
Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой
Желтоқсан оқиғасы неге көтеріліс емес?
Жаңа дәуірдің бастамасы болған Желтоқсандағы мейірім мен ұят шегінісі, тіл мүддесі–жалынды жастарымыздың тәуелсіздікті көксеген рухы, жан айқайы


ІІІ. Қорытынды

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер

Y. Ұсыныстар

YІ. Сілтемелер тізімі

Работа содержит 1 файл

гылыми жумыс Жанерке.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

      Сондай  желтоқсанның сұрқай күні көптің көңіліне қаяу түсірді. Жасақшылардың күшімен қан жоса болып басылған  Алматы жастардың бой көтеруі сол күні-ақ әлемге таратып кетіп еді. Біреулер бұрыс, біреулер дұрыс айтса да, қалай дегенмен Желтоқсан оқиғасы нағыз демократиялық қозғалыстың еліміздегі алғашқы нышаны болды. Батыс жұрты бұл оқиғаны осылай түсінеді.

      Қазақ  КСР Жоғарғы Президиумының төрағасы С. Мұқашев теледидарда бұл оқиғаны қалың елге тегіс түсіндірсе, ел басшысының хабарына көпшілік сенімсіздікпен  қарағандығы да шындық. Алаңға  жиналғандардың  арасынан  ұсталғандар тергеу кезінде  Қазақ КСР қылмысты істер кодексінің 60,65- баптарымен жауапқа тартылды. 60- бап-нәсілдік және  ұлтараздықты қоздыру  мақсатымен үгіт-насихат жүргізді деген айыпты  айғақтаса, ал 65-бап-жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген мазмұнда  Қазақ КСР қылмысты істер кодексінде баяндалған.

      1986 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қалалық  партия активінде КОКП Орталық  Комитетінің өкілі М.С. Соломенцев алаңдағы оқиғаны  барып тұрған  ұлтшылдық деп бағалады.

      Желтоқсан оқиғасынан кейін баспасөз  жарияланған пікір таластар тек қана біржақты болып келді. Орыс тіліндегі  газеттер “Желтоқсан оқиғасын” қаралауда алдына жан салмады, “Правда”, “Известия” газеттерінің тілшілері Дильдяевпен Ардаев бұл оқиғаның бояуын тіптен қалыңдатып, одақ көлеміне хабарлап жатты. Ол ол ма, өз арамыздағы  әдебиет пен өнердің бір топ қайраткерлері: “Халықтың атынан  сөйлеуге оларға кім рұхсат берді? ”-деп жастарымызға жата келіп жабысты.

      Желтоқсан оқиғасына Алматы жоғарғы оқу  орындарының көптеген студенті қатысты. Солардың арасында Желтоқсан оқиғасына белсене араласты деп кінәлаған оқу орындарының бірі-театр-көркемсурет институты. Осы институтта сотталған студенттер мен қудалаған  оқытушылардың түсініктері мен мәліметтеріне назар аударуды жөн көріп отырмыз. Мәселен, осы инстиуттың оқытушысы Бақытхан Мырзахметов былай деп жазады: “Алаң милиция нарядымен, кейіннен солдаттармен қоршалына бастады. Ал студент жастар болса, өз пікірлерін  мінбеге шығып айтқысы келді. Менің нақты байқағаным алдыңғы қатардағы жігіттерді жұлмалап ұстап алып, мінбенің ар жағындағы дайындап қойған машиналарға күштеп мінгізе бастады. Жай киім киіп жүрген Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің жігіттері де жіті қимылға көшті. Алдыңғы қатарда көзге ерекше көрінген  жастарды олар нұсқап көрсетіп тұрды. Іле-шала “первая рота, за мной, вторая рота, за мной”-деген подполковниктің бұйрығы айқын естілді. Ол жиналған студенттерге “Кетіңдер, бұл сендерге концерт емес” дегенде, оның жанында тұрған мен: “Жолдас подполковник, рас,бұл концерт емес, драма.Студенттерді неге күш қолданып алып кетіп жатырсыздар, олар сіздерге қол жұмсаған жоқ”,-дедім де, сырттап алаңнан шығып кеттім. Сол сәтте тез кетіп қалмасам, мені де ұстап алар еді. Мен алаңға сдуденттерді қайтару үшін барған едім”.

      Аты аталған институттың қызметкері  Байтілееваны институт партия ұйымының сол кездегі хатшысы Диденконы қоғамдық айыптаушы, қаралаушы ретінде сотқа тартылған студенттердің соңынан жібереді. Өз ана тілінде нақты сөйлей алмайтын  Байтілеева бұл институтқа сол жылы ғана жұмысқа орналасқан екен. Ол өзін: “интернационалистпін, туып-өскен жерім–Қазақстанның солтүстік өңірі. Маған  тапсырма берді, мен орындауға тиісті болдым” деген еді.

      Байтілееваның түсініктемесі:

      “Желтоқсан  оқиғасына байланысты Е. Тоқтаровтың қылмыстық ісі бойынша институт парторгі мені қоғамдық  айыптаушы қылып бекітті. Бұл істі атқара алмаймын деп едім, институт атынан сені ұсынып отырмыз деген соң амал жоқ бардым. Қаралаушы болып барғаныма өкінемін, Сейтметовтің, Айтмырзаевтің және басқалардың сотына қоғамдық қорғаушы жіберілмеді. Тек айыптаушылар болды”. Мінеки, Байтілеевтың мойындағанындай, сотқа қоғамдық қорғаушылар қатыстырылмаған. Қоғамдық айыптаушы болған Байтілеева сот процесінде қызып кеткені соншалық Е.Тоқтаровты  “Мемлекеттік қылмыскер” деп айыптауға дейін барған. Осы қаралаудың  астарында 1930 жылдардағы айла-әдістер жатқан сияқты. Е.Тоқтаровтың сотына қатысқан оның апасы сол кездегі партия ұйымының  хатшысына былай деп арыз жазыпты:

      “Институттың  аға лаборанты Байтілеева інімді “Мемлекет жауы’ деп айыптауы жаныма батты. Сот үкім шығармай тұрып осындай қаралау, бұрынғы Сталиндік зобалаңнан қалған “халық жауы” деген сияқты, өз ана тілін білмейтін әрі институт парторгының қолшоқпары болған Байтілееваның соттағы байбаламы  інімді аяққа жығып берді”. Бұл көрсетілген дәлелді бекер жазып отырғанымыз жоқ. Қаралаудың  жөні осы екен деп аңғалдықпен алаңға барған жастарды қаралау үшін Байтілееваға “интернациолистер” тым белсеніп көзге түсіп еді. Аты аталған институттың  студенті Жармұханбет Тілегеновтың көрген зобалаңы тіпті қиын. Оның бейнесі Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері түсіріп алған суреттен табылыпты. Болашақ өнер саласындағы маман “модаға” еліктеп сақал-мұрт жібермей ме?  Жіберген сақал-мұрты енді өзіне бәле болып жабысты. Ол бұзақылардың топ басшысы ретінде айыпталды. Еркек кіндіктің  екісінің бірінде болатын сақал-мұрттың жазығы не еді? Осындай сақал Шәкәрімде де, Достаевскийде де, Толстойда да, бар емес пе? Жастайынан жетімдіктің тауқыметін көріп өскен оқу-білімге ынталы жас арманы болған осы институтқа түсіп, жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мінездемесінен кінәрат таба алмаймыз. Алайда, амал қанша, ол Қазақ КСР қылмысты істер кодексінің 65-бабымен күшейтілген режимдегі мекемеге жазасын өтеуге жіберілді. Жастайынан жетімдіктің тауқыметін бір тартса, тағдырдың екінші  тәлкегіне түсіп жазықсыз жазаланды. Сол үшін де институтта бірге оқыған әйелмен дәм-тұзы жараспай ажырасты. Ажырасуға  себеп-оның “халық жауы” болуы.

      Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан СОТА арқылы хабардар болған түрме қызметкерлері оны мүсіркеді дейсіз бе? Талай рет тепкіге салды, соққыға жықты. Түрмедегі жазасын өтеу мерзімі біткен соң оны Сібірге ағаш кесуге еңбекпен түзету лагеріне жіберді. Жармұханбет сәтін тауып қашып шығады. Күн деп, түн деп жол жүріп, жасырынып Алматыға да жетеді-ау! Қол ұшын берер ешкім жоқ. Кімге барып паналайды?  Тек бір арманы болған оқиғаны Олжас Сүлейменовке айту еді. Бұл кезеңде Жармұханбетті қашқын ретінде ішкі істер бөлімдері іздестіріп жатты. Ол болса Олжас ағасын күтіп, Жазушылар Одағының фойесінде ұйқысыз күндер мен түндерін өткізді. Осы сәтте Жармұханбетке қол ұшын берер азамат табылмап еді. Тек мүсіркеуден басқа амалы жоқ жазушылар оны айналсоқтап жүрді. Сәті келгенде сөйлесіп едім.

       -Ешнәрсе айтпаймын. Олжас керек  маған,-деді  ол тістеніп.

Көп ұзамай алыс сапардан оралған Олжас ағасының шапағаты арқылы ол Алматыда  қалды. Өзі оқыған институтына қайта оралды. Оған Мұхтар Шаханов ағасы да қол ұшын берді.

      Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 1992 жылғы 5 кыркүйекте Алматы облысының Жамбыл ауданында қазақ және қырғыз жастарының кездесуінде осы оқиғаға кеңінен тоқтала келе: “Бұл оқиға-жаңа дәуірдің бастамасы болды. Желтоқсан-бір халықтың  бір халыққа емес, еркіндікті ұмтылған миллиондардың озбырлық жүйеге  қарсы тұңғыш рет бас көтеруі еді. Бұл оқиға ояна бастаған ұлттардың бұрынғы Одақ көлеміндегі демократиялық ұмтылысы еді ”,-деп, оның маңызын тап басып, атап көрсетті. 

              
     
     
     
     
     
     
     

2.4. Желтоқсан оқиғасы  неге көтеріліс  емес?  

     Желтоқсан көтерілісін жәй ғана оқиға немесе ереуіл деп қарауға болмайды. Мысалы, көшеде екі  машина соқтығысып қалса да, соны оқиға дейміз. Ал, ереуіл деп өзінің наразылығын білдіріп, кішкене аумақтың маңайында болған жайтты айтамыз.

     Желтоқсан көтерілісінде билік басында  отырған кейбір аға- апаларымызды тек  «тағымнан айырылып қалармын» деген ой ғана мазалады. Ұлт алдындағы ұлы мақсатқа өз үлестерін қоса алмаған адамдар көтерілісті жоққа шығарып отыр. Олар көтеріліс деп ауыздарын толтырып айта алмайды. Өйткені, бұның артында тұратын «сен сонда қайда жүрдің?» деген үлкен сұрақтан қорқатын олар «көтеріліс» деген сөзден қашқақтайды. Бүгін олар «ереуіл», ертең «толқу» дейді, содан соң тарих бетінен мүлдем алып тастамасына кім кепіл? Өзіміздің қазақ жастарын соттатып жіберген шенеуніктер «майлы орнын» босатқысы келмейді. Олар «сол кездегі істеген ісіміз, былығымыз ашылып, нағыз бет-бейнеміз белгілі болып қала ма?» деп қорыққан.

     Неге  біз «ереуіл» деп жай айта салуымыз керек? Қаншама боздақтарымыз осы  Желтоқсанда құрбан болмады ма? Сол  кеткен боздақтар жайдан - жай машинаның  апатынан кетті ме? Әлде, біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталды ма? Сау адамды жындыханадан бір-ақ шығарып, соның салдарынан осы кезге дейін естері кіресілі-шығасылы жүрген азаматтарымыз қаншама? Міне, асыл азаматтарымыздың алдында күнәсі бар адамдардың тірлігі бұл. Оған бір ғана дәлел - Бибігүл Дәулетбекқызының «Жас Алаш» газетіндегі «Түрменің зардабын әлі шегудеміз» атты жарық көрген мақаласы.

     Сол абақтыда көрген азаптың зардабын әлі  шегудеміз. Желтоқсанға қатысқан ұл-қыздарымыздың  тұрмысқа шыққанымен, перзент сүйе алмай, етектері жасқа толып жүр. Мен болсам, 2-топтағы мүгедекпін. Бауыры іріп, құрт ауруына шалдығып, өмірден жастай кетіп жатқандар қаншама? Сол бір жылдар өзім тартқан азапты дұшпанымның басына да бермеспін. Сыртым - бүтін, ішім - түтін. Осы ұйымда бір-біріміздің жыртығымызды  жамап жүрміз. Ертең  Желтоқсанға қатысып, жындыхананың төрінен бір-ақ шығып, дүбәра күйде жүрген бір қызымызды диагностикалық орталыққа апармақшымын. Кезінде қандай сұлу қыз болған...

     «Жас  Алаш» газетінің 21 тамызындағы нөмірінде «Желтоқсан неге көтеріліс емес?» деп аталатын үлкен  мақала жарық көрді.

     Ол  мақалада ғалым ағаларымыздың  Желтоқсанға  «көтеріліс» деген баға беруден  жалтақтайтындары туралы жазылған.

     Желтоқсан жай ғана «оқиға» емес. Біздің де, сіздердің де болашақ ұрпақ үшін, төмендегідей деректерге сүйене отырып, оны «көтеріліс» деп атауға болады.

     Біріншіден, Түркия, Венгрия, Польша, Румыния сияқты Еуропа елдері мен АҚШ;

     Екіншіден, шетелде тұратын миллиондаған қандас бауырларымыз;

      Үшіншіден, сол кездері Кеңес Одағының құрамында болған 15 республика қоғамдастығы қызыл империяның қазақ халқына жасап жатқан зұлымдығына қарсы өз наразылықтарын білдіріп, Желтоқсан көтерілісіне қолдау көрсетті.

     Төртіншіден, Желтоқсан көтерілісінен кейін, бізді қолдап, сол кездері Кеңес  Одағының құрамында болған Балтық жағалауы елдері мен Кавказ мемлекеттерінің империялық, отаршыл саясатқа қарсы шыққаны әлі есімізде.

     Ғалым ағаларымыздың:«Желтоқсан көтерілісі кезінде ешқандай да штаб, ұйым болған жоқ және Кенесары секілді басшы  болған емес. Олар  қарулы да болған жоқ»,- деп, Желтоқсанға қайткенде де «көтеріліс» деген баға бермеуге тырысып жатқандары байқалады. Жоқ, ғалым ағалар, біздің қаруымыз болды, ол-РУХ. Біздің арамызда ұйымдастырушылар да болды. Мұндайда тек қана зеңбірекпен ғана емес, ақыл-оймен, таза РУХПЕН де жеңіп шығуға болады.

      Осыған  байланысты, ғалымдарымыз ұмытқан болса, мүмкін, білмеген болса, мынаны тағы да бір рет еске түсіріп көрсе:

1. 1986 жылғы 17-18 желтоқсан. Алаң. Ербол Сыпатаев зорланып жатқан қазақтың қаракөз қыздарын қорғаймын деп, өз өмірін қиды емес пе?

2. Ату жазасына кесілген қаһарман Қайрат Рысқұлбеков, сотталып жатып, сот залында басын биік көтеріп:

           «Қайрат деген атым бар,

           Қазақ деген затым бар.

           21-де  жасым бар,

           Еркек тоқты құрбандық,

           Атам  десең атыңдар!!!»- деді емес пе?!

3. Ал, Сәбира Мұхамеджанова ше? Ол Өскемен қаласында өзімен бірге оқитын студенттерді ұйымдастырып, көшеге алып шықты. Мұны ерлік емес деп кім айтады?

4. Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт  мектебінің жаттықтырушылары:Болат Арынғазиев (2 жыл 6 айға сотталған), Болат Төлеуов (2 жыл 6 айға сотталған), Берік Тайбөкенов (2 жылға сотталған) сияқты бауырларымыз ше? «Где национальные кадры», «Долой Колбина» деген үнпарақтарды таратқандар үшін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлерінің қолына түсіп, ұйымдастырушылар ретінде сотталып кетті. Желтоқсан көтерілісіне қатысып, зардап шегуші Ерлан Декелбаев та  «ұйымдастырушы» ретінде алты жылға сотталды.

      Міне, осылар секілді  қан төгіп, зардап шеккендердің аянышқа  толы өмірін естігенде, осы мәселені көпшіліктің  алдына тастауға, түрткі болады.

     Зияда Әлимұхаммедтің «Жас Алаш» газетіндегі  «Қырғынды көріп, қуғында болған жан едік» деген мақаласына көз  жүгіртсек:

     17 желтоқсан күнгі сағат таңертеңгі 8-де алаңға екі-үш топ боп  500-600-дей студент-жастар келді.Ал  сағат 12-лерде, алаң адамға  толып кетті, 20-30 мыңға дейін халық  бар деуге болады. Жиналған жұрт  айқайлап, өз ойларын, талаптарын  айта бастады. «Қазақстан басшылығына өзіміздің адамды қоюды, Колбин келген жеріне қайтсын, Қонаев шығып сөйлесін»- деген талап-тілектер айтылды. Мінбеге үкімет адамдарының бірінен соң бірі келіп-кетіп жатты. Бірақ оларды жиналған жұрт тыңдамады десе де болғандай еді.

     Үкіметтің бірінші басшыларына адамшылық пен парасаттылық көрсетіп, дұрыс сөздерін айтқан ешкім болмады. Керісінше, үкімет аппаратының өкілдері, тәртіп қорғау қызметкерлері жиналған жұртқа «тараңдар, қайтыңдар, әйтпесе күш қолдануды бастаймыз» деген қорқытулармен болды.

Информация о работе М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын