М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 11:46, доклад

Описание работы

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік –жігерінің , асқақ рухының арқасы, арғы– бергі замандарда болған бас көтерулерді, қозғалыс–көтерілістердің, Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсан – қазақтың жаралы да алаулы қасіретіне айналды... Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қыршындар сол жолда құрбан болды. Солар енді қазақ жастарының биігі асқағы ...

Содержание

І. Кіріспе
Азаттық аңсаған Желтоқсан оқиғасының суық ызғары– өткен күндер

еншісінде

ІІ. Зерттеу бөлімі:
Жиырма екі жылдық шежіре–жүрекке жалын берер тарих қойнауы
“Желтоқсан эпопеясы”атты деректі роман – ұлт намысының айнасы
Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой
Желтоқсан оқиғасы неге көтеріліс емес?
Жаңа дәуірдің бастамасы болған Желтоқсандағы мейірім мен ұят шегінісі, тіл мүддесі–жалынды жастарымыздың тәуелсіздікті көксеген рухы, жан айқайы


ІІІ. Қорытынды

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер

Y. Ұсыныстар

YІ. Сілтемелер тізімі

Работа содержит 1 файл

гылыми жумыс Жанерке.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

     2. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, республика Жоғарғы Советінің Президиумы мен  Министерлер Советінің атынан 1986 жылғы желтоқсанның  18-індегі Алматы халқына арналған үндеу айыпталсын. Бұл – олардың келісімінсіз, әрі адамдардың шағын тобы  ғана  қабылдаған  және  оқиғаларға бұрмалап баға берген үндеу.

     3. Қазақ ССР Жоғары Советінің Президиумы ССРО Жоғарғы Советі мен ССРО Президентінен:

  • Г. В. Колбинді ССРО Халықтық бақылау комитетінің  төрағасы қызметіне тағайындау туралы шешімді қайта қарауды өтінсін.

     4. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің  Президиумы тиісті орындарды алына:

- Қазақ  ССР прокуроры Ғ.Б.Елемісовтің  ,қазақ ССР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетовтің, Қазақ ССР Бас мемлекеттік арбитрі  И. А. Тетеркиннің, Қазақ ССР Министрлер Советі аппаратының  жауапты қызметкері Д.Досполовтың, Қазақ ССР ішкі істер  министірінің  бірінші орынбасары Э.О. Басаров пен С.Д. Серіковтің,  Алматы транспорт прокурорының орынбасары В. С. Волтуновтың, СОКП Орталық Комитеті жанындағы  Қоғамдық ғылымдар академиясының  докторанты  В.И. Ефиловтың жауапты қызметтерде  болуы мүмкін емес деп табу туралы мәселе қойылсын.

     5. Қазақ ССР Жоғарғы Советі судьяларды тағайындау кезінде , әсіресе,  Қазақ ССР Жоғарғы сотының құрамына бекіту  кезінде олардың желтоқсан  
 
 

оқиғаларына байланысты қылмысты істерді қараудағы заңдылықты сақтауын ескерсін.

     6. Төмендегі фактілер бойынша қылмысты істер қозғалсын;

- демонстраттарға  қарсы сапты  күректерін, қызмет иттерін, өрт сөндіргіш машиналарды қолдану, жасақшылардың металл сымдарымен, кабель қиындыларымен, таяқтарымен  қарулануы;

-заңсыз тұтқындау және прокурордың рұқсаты мен соттың қаулысынсыз  қамауда ұстау;

- біле  тұра жазықсыз адамдарды соттау;

-Алматы  энергетикалық институтының студенті  Е.М. Сыпатаевтың өлімі;

-денеге  ауыр және елеулі жарақаттың  түсуі;

-ұсталғандарға, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатыгездік көрсету;

     7. Республика телеорталығының инжненері  А.Савицкийдің;

-Алматы  архетектура-құрылыс институның  студенті Қ. Рысқұлбековтің;

- Өскемен педагогикалық учелищесінің студенті С. Мұхамбетжанованың;

-Алматы  музыка учелищесінің студенті  Л. Асанованың өліміне шын кінәлі  адамдарды анықтау мақсатымен тоқтатылған қылмысты істер қайта қозғалсын.

     8. 1986 жылы желтоқсан айының қайғылы  оқиғаларын еске алу ретінде   және мұндай оқиғалардың  Қазақстан  тарихында  қайталанбауға тиіс екенін есте ұстау үшін, желтоқсанның 17-сі –еске түсіру күні немесе демократиялық жаңару күні деп  жариялансын.

     9. Комиссияның осы қорытындылары мен ұсыныстары бұқаралық хабарлама құралдарында жариялансын;

     1986 жылғы желтоқсан оқиғасы республика  халықтары үшін ащы сабақ болды. Комиссия өзінің міндетін  орындады деп санайды және оның жұмыс нәтижелері бөлшектенуді жоюға қызмет етіп, республикалық көп ұлтты халқының  топтасуына септігін тигізеді деп үміттенеді.

     Комиссияның қос төрағасы ;

     Мұхтар  Шаханов–ССРС халық депутаты, ССРО Жоғарғы Советінің мүшесі, Қазақ ССР Жазушылар  Одағы басқармасының хатшысы, “Жалын” журналының бас редакторы.

     Мырзалиев Қ.Ғ. –Қазақстан халық депутаты, ақын;

     Комиссияның мүшелері:

     Фокина  Н. К. – Алматы архитектура–құрылыс институтының аға оқытушысы, Қазақстан адам праволары жөнінде қоғамдық комитетінің қосарлы төрағасы.

     Кринцианов  Ю.И.- “Рабочая трубина” газетінің меншікті тілшісі.

     Әбдірахманов  С. Ә.-Қазақ ССР халық депуттары  Алматы қалалық Советі атқару комитетіні төрағасы орынбасары.

     Жақсынбетов Т.А. –С.М.Киров атындағы ҚазМУ  заң факультетінің советтік қылмыстық істер процесі кафедрасының аға оқытушысы.

     Ізмұхамбетов  Т. А. –Қазақ ССР Министрлер Советінің аппаратыың жауапты қызметкері.

Алматы  қаласында 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-інде болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға бру жөніндегі комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары туралы қазақ ССР жоғарғы советі президиумының қаулысы 

     Комиссияның материалдарын қарап, оның төрағасының бірі, ССРО халық   депутаты М.Ш. Шаханов жолдастың хабарын тыңдап және талқылай келіп, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы қазақ жастарының 1986 жылығы желтоқсанда Алматыда болған бой көрсетуі ұлтшылдық сипат алмағанын және бастапқы сатысында заңға қайшы сипатта  болмағанын  атап өтеді. Қайта құруға  дейінгі  уақыттың  ескі дағдысы бойынша респубикаға онша белгілі емес партия қызметкерін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы етіп жіберген Орталық тарапынан республика халқы мен партия бұқарасы  пікірінің ашықтан-ашық еленбеуі халықтың өсе түскен сана сезімінің жете бағаланбауы жастардың наразылығына тікелей себеп болды.

     Республика  басшылығының шалағай, саяси ақталмаған іс-әрекеті , Қазақстан Компартиясы  Орталық Комитетінің асығыс өткізген  және шын мәнінде республиканың қадір-қасиетін қорлаған пленумының шешімдеріне қарсы жұмысшылар мен оқушы жастардың демонстрациясын үдейлене бағалау, демонстранттар жөнінде жағдайға сай келмейтін шаралар қолдану оқиғалардың келеңсіз формаларға ұласуына себеп болды.

     Тәртіпсіздіктерді басып-жаншуға адамдарды, оның үстіне көбінесе анық-қанығына  жетпей, ұсталғандарды  ұрып-соғу, басқа да қатыгездік әдістерді қолдануы, оның ішінде шағын күректері мен қызмет иттерін пайдалану қосылды, мұның өзі кейіннен желтоқсан оқиғаларын көрсетудің ресми нұсқаларында екіжүзділікпен теріске шығарылып, оларды көзімен көргендердің ашу-ызасын туғызды.

      Бүгінгі таңда бұл оқиғаларға сол күндердегі  нақты жағдайды, болған оқиғаның  күтілмегенін ескере отырып, баға беретін  салиқалы көзқарас керек, бірақ бұл сол кезде одақтық басшылық пен республика басшылығы тарапынан жіберілген өрескел саяси ағаттықтарды ешбір жағдайда ақтай алмайды.

     Қазақ ССР Жоғарғы Советі нің Президиумы қаулы етті:

  1.   Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының тапсырмасын  орындау жөнінде комиссияның зор жұмыс жүргізгені атап өтілсін. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға байланысты мән-жайларға түпкілікті баға беру жөніндегі комиссияның зор жұмыс жүргізгені  атап өтілсін. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаға байланысты мән-жайларға түпкілікті баға беру жөніндегі комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары  негізінен мақұлдансын.
  2. Комиссияның материалдары ССРО Жоғарғы Советіне, ССРО Прокуратурасына, ССРО Жоғарғы Сотына, ССРО Ішкі істер министрлігіне, Қазақ ССР Президентіне, Қазақ ССР Министрлер Советіне және өз компетенциясына енетін мәселелерді қарап, олар жөнінде шаралар қолдану үшін ССРО-ның және республиканың тиісті министрліктері мен ведомстволарына жіберілсін.
  3. Қазақ ССР Прокуратурасы, Қазақ ССР Жоғарғы Соты және Қазақ ССР Ішкі істер министрлігі желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қолданылған қылмыстық және әкімшілік жаза туралы барлық істерді жазалаудың  заңдылығын тексеру мақсатымен қайта қаралсын, сондай-ақ комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстарының 6 және 7-тармақтарында  көрсетілген фактілер бойынша қылмыстық  істерді қозғайтын  болсын немесе қысқартылған  істерді қайта қарайтын болсын.
  4. Комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары  баспасөзде жариялансын.
  5. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға байланысты мән-жайларға түпкілікті баға беру жөніндегі  комиссияның жұмысы аяқталсын деп танылсын.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 «Желтоқсан эпопеясы»  атты  деректі  роман – ұлт намысының айнасы 

        «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны»  атағының иегері  М. Шахановтың  қаламының  ұшынан  халықтың  қайғысына демеу болатын, ой-санасына  қанат бітіретін   сөздің патшасы,  сөз сапасы болар жұп-жұмыр осы өлеңіне көз салсақ:

    Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан  өтпеңдер...

    Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

    Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен  жер,

    Қайта оянған ұлт намысын қызыл қанға  бөккен жер,

    Ерте  есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

    Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдей. 

    Алаң  шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

    Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

    Сол арада сатқындықта елестейді қара бет,

    Қара  беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

    Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

    Заманының жеңісі мен жеңілісін  санап өт. 

    Ұлттың  бағы жанар ма екен хас тұлпар, нары жоқ,

     Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

    Кемсітпекші « желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

    Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде  жанып от,

    Тұрған  солар аяз сорған қызыл беттің ары боп

    Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп. 

    Тірліктегі әр істің жаңғырығы болады

    Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

    Сол заңға сай  екені бақыт, не сор  іздеп табады.

    ...Дүниені  дүр сілкіндірген  жас толқынның саналы

    Даңқын  ешкім, ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады

    Желтоқсанның  бас алаңы, қайсар рух алаңы,-

деп, “Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны”  атағының иегері Мұхтар Шахановтың осы өлеңі сияқты қаламының ұшынан халықтың  қайғысына демеу болатын, ой-санасына қанат бітіретін туындылар туған.  Әдебиет   шыңырауының биігіндегі шоқ жұлдызы, тіл жанашыры Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романы - өткен күндердің елесін ойға еріксіз елестететін тұнып тұрған шындықтың шымылдығы болар рухани байлық.

    Әдебиет сахнасында болсын, тіпті әлем сахнасында да үлкен бағаға ие,бұл романда жалпы, Желтоқсан оқиғасындағы  ашылмай қалған шындық, билік  басындағылардың сұрқай ойларындағы запыранды іс-әрекеттері, «ұлтым», «халқым» деп шыбын жанымен  безектеген адамдардың даңғыл жолын кесіп, қорқытуы суреттелген.

     Халқының  қайғысына қабырғасы қайысқан, тіпті,  сол үшін денсаулығында  нашарлатып, талай күн мен  түнді ұйқысыз  өткізген Мұхтар Шахановтың өмірі мен  халық келешегі үшін аянбай жұмыс  жасап, тер төккен қаламының ұшынан найзағайдың шоғындай үлкен намыстың, қажымас қайраттың, тарих қойнауындағы алтын әріптердің ізімен қалған оқиғалардың көрінісін көреміз. Оны тереңірек ұғыну үшін ел ағасы Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романына көз жүгіртуіміз керек.

     «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романы екі бағытта жазылған.   Бірі–деректі мәліметтер болса, екіншісі–қайраткерлер мен зиялы қауымдардың  Желтоқсан көтерілісіне берген  мәліметтері сияқты.  Бұл екі бағыт – таразының екі ұшы  іспетті. Бұл поэма тоғыз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімі  өткен күндердегі  азаппен өткен  қиыншылықтарды әрбір адамның  сұрапыл қастандықпен  өткен күндер мен түндерді  суреттеген.  
 
 

2.3. Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой 

      1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасын зерделеп, ой елегінен  өткізіп, саралап, зерттегенімізде, небір заңсыздықтардың қорқыту-үркіту, ұрып-соғу, дәлелсіз соттау, партия, комсомол қатарынан  шығару сияқты қолданылғандығы, ал Г.В. Колбинді сайлауға небәрі 18 минут қана арналғаны бұл  күндер бәрімізге мәлім. Сонда да болса алаңға жиналған жастардың талап-тілегі қандай еді?-деген  сауалға жауап іздегеніміз келеді. “Адамдармен ақылдасып келіспестен, қол көтеру арқылы қабылданған шешімнің республика  теріс пікір туғызғаны табиғи жайт”(Н.Ә. Назарбаевтың пленумдағы сөзінен).Мұндай жағдайда жұмысшы жастар мен студенттер алаңға арақ ішіп, наша тартып, бей-берекет шатақ шығаруға жиналды дегенде кім сене қояр екен?

Информация о работе М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын