М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 11:46, доклад

Описание работы

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік –жігерінің , асқақ рухының арқасы, арғы– бергі замандарда болған бас көтерулерді, қозғалыс–көтерілістердің, Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсан – қазақтың жаралы да алаулы қасіретіне айналды... Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қыршындар сол жолда құрбан болды. Солар енді қазақ жастарының биігі асқағы ...

Содержание

І. Кіріспе
Азаттық аңсаған Желтоқсан оқиғасының суық ызғары– өткен күндер

еншісінде

ІІ. Зерттеу бөлімі:
Жиырма екі жылдық шежіре–жүрекке жалын берер тарих қойнауы
“Желтоқсан эпопеясы”атты деректі роман – ұлт намысының айнасы
Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой
Желтоқсан оқиғасы неге көтеріліс емес?
Жаңа дәуірдің бастамасы болған Желтоқсандағы мейірім мен ұят шегінісі, тіл мүддесі–жалынды жастарымыздың тәуелсіздікті көксеген рухы, жан айқайы


ІІІ. Қорытынды

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер

Y. Ұсыныстар

YІ. Сілтемелер тізімі

Работа содержит 1 файл

гылыми жумыс Жанерке.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Қызылорда  облысының  білім беру басқармасы 

№4 облыстық дарынды балаларға арналған

мектеп-интернаты 
 

    Авторлары:  Лекерова Данагүл 10- сынып оқушысы                    

                            Иманғалиева Жанерке 10 -сынып   оқушысы 
     
     

Тақырыбы: М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын 
 
 

     Бағыты:   Қазақстанның тарихи  ескерткіштері және

                        болашақ дамуы бар саяхат маршруттары 
 

     Секция: Әдебиет 
 

     Ғылыми  жетекшісі:        Б. С. Бахтиярова

            Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты 

     Жетекшісі:   М.Г. Нұрмаханова

               Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, магистр 
       
       

                                Қызылорда,2008жыл 
 

Жоспары: 

І. Кіріспе 

    1. Азаттық аңсаған  Желтоқсан оқиғасының суық ызғары–  өткен күндер

     еншісінде 

ІІ. Зерттеу бөлімі: 

    1. Жиырма  екі жылдық шежіре–жүрекке жалын  берер тарих қойнауы
    2. “Желтоқсан эпопеясы”атты деректі роман – ұлт намысының айнасы
    3. Желтоқсан оқиғасына берген мәлімдемелер–жастардың жігерін лаулататын жалынды ой
    4. Желтоқсан оқиғасы неге көтеріліс емес?
    5. Жаңа дәуірдің бастамасы болған Желтоқсандағы мейірім  мен ұят шегінісі, тіл мүддесі–жалынды жастарымыздың тәуелсіздікті көксеген рухы, жан айқайы
 

ІІІ. Қорытынды 

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер 

Y. Ұсыныстар 

YІ.  Сілтемелер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аннотация 

      Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат  жоқ.  Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.  Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік –жігерінің , асқақ рухының арқасы,  арғы– бергі замандарда болған бас көтерулерді, қозғалыс–көтерілістердің, Желтоқсан оқиғасының арқасы. Желтоқсан – қазақтың жаралы да алаулы қасіретіне айналды... Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты қыршындар сол жолда құрбан болды. Солар енді қазақ жастарының биігі асқағы ...  

     Зерттеудің  мақсаты 

  Бұл зерттеу жұмысының мақсаты– ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын  танытқан Желтоқсан оқиғасының ызғарын көпшілікке  тереңірек танытып, молынан насихаттау. 

     Зерттеу барысы мен кезеңдері

  Бұл зерттеу  жұмысы кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды, ұсыныстар және пайдаланылған  әдебиеттер сияқты  кезеңдерден тұрады. 

     Зерттеу маңыздылығы

      Желтоқсан – тоталитарлық жүйеге қарсы серпілген  сананың қозғалысы. Желтоқсан оқиғасы  неге көтеріліс емес? Оны насихаттаудың  шарықтау шегі өткен күндер еншісіндегі төгілген көз жас пен қанның есебіне тең келе ме?

Осы мақсатта, Желтоқсанның  алауын әрбір жанның жүрегінде лаулатып, қасіретке толы қаралы күннің бейнесін көпшілікке  кеңінен танытып, жастардың Отанға деген сезімін асқақтату.  

     Зерттеу жаңалығы 

  Біз зерттеу жұмысы нәтижесіндегі кірпіш болып қаланар жаңалығымыз, біріншіден,  тәуелсіздіктің ақ таңы бізге оңай келмегенін білдік, сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасы жайында өз білгенімізді одан әрмен тереңдеттік.

Екіншіден, жинақтаған мәліметтерімізді, Желтоқсан оқиғасы сияқты көтерілістерді кеңінен таныту– біздің еншімізде. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аннотация 

     Для всех народов живуших на земле  во все времена  независимость было самый большой мечтой. На пути завоевания независимости было  пролито немало пота и крови. То, что казахский народ не исчез с лица земле, сохранил свою народность-это заслуга свободолюбивой воли  народа, восстании, за свободу и восстании Желтоксан.   Желтоксан - это неизлечимая рока в истории народа. Кайрат, Сабира, Ербол, Ляззат, и другие молодые люди стали жертвами на пути к свободе. Они теперь символ для молодежи.  

Цель  исследования    

     Цель  этой исследовательской работы - это  пропаганда истории желтоксан, который  показал народных путь. 

Ход и этапы исследование

     Работа  состоит из  вводной гости, основной и итоговой  части. А также приведены предложение  и списки литератур. 

Важность  исследовании

      Желтоксан – движение против тоталитарного  режима. Почему Желтоксан не хотят считать восстанием? Может ли сравниться пропаганда Желтоксан с пролитым потом и кровью. С связи с этим показать всем образ траурных дней Желтоксан, повысить любовь молодежи  к Родине. 

Новшества проекта 

     Новшества нашей работы, это во-первых мы глубже узнали о ввосстании Желтоксан, во-вторых ознакомились многие с собранный материалами. В-третьих мы должны роспростракять информации о восстании.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     Қазақ халқы бабаларымыз, ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке ұлт болып қалу–қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда қол жеткізді.

                     Н.Ә.Назарбаев

І.Кіріспе 

     Кеше  ғана ұлт болып, халық болып тәуелсіздігімізді  тойладық.  Жер бетіндегі қай  халық үшін де  тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Болмақ та емес. Тәуелсіздігімізде басымызға  қонған бағымыз. Сол тәуелсіздігіміздің арқасында Елдің кеудесі қайта көтерілді.Рухы қайта шалқыды.Алыс–жақын–атымызға анықты, затымызға қанықты.Бұның баршасы да–көзге қуаныш, көңілге медеу.

     Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бәзбіреулер айтып жүргендей, көктенде түскен жоқ.  Бұл жолда аққан тер, төгілген қан есепсіз. Басқасын былай қойғанда, соңғы үш ғасырдың өзінде-ақ ел тарихында үлкенді–кішілі екі жүзден аса азаттық қозғалыстар болыпты. Қаншама бас көтерілулер орын алды. Мұның бәрі де еркіндікке  ұмтылудың, азаттықты аңсаудың айқын көрінісі. Сайын даланы ел жайып, еркін өмір сүрген ұлы халықтың бұғаулыққа көнбес асау басының  бұлқынысы.  Сайып келгенде тамырын тереңге тартқан  қазақ халқының алмағайып, замандарда жер бетінен  жоғалып кетпей, іргелі елі, жоралы жұрт  қалпын сақтап–оның еркіндік сүйгіш  ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы. Осы жолда арғы-бергі  замандарда болған бас көтерулердің, қозғалыс–көтерілістердің арқасы. Елі мен жері үшін жанын пида еткен  боздақтардың арқасы. Бүгінгі ұрпақ соның жемісі мен  жеңісін көзімен көріп, қолымен ұстап отыр.

     Ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын, қайыспайтын қара нардай  қайратын, мұқалмайтын алдаспандай айбатын танытқан Желтоқсан қозғалысы–тәуелсіздік жолындағы көп қозғалыстың бірі емес, бірегейі.

     Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы  өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғынды, зорлық–зомбылықты көрді, қасірет шекті. Соның бірі – Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл  көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Желтоқсан бастауы – сонау ғасырлар қойнауынан  жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың белгісі.

     16 желтоқсан – ерік пен қайғы–қасіреттің  мидай араласқан әрі жарқын, әрі  қаралы қасіретті күні еді.  Сондықтан да , бұл Желтоқсан –  тоталитарлық жүйеге қарсы серпілген  сананың қозғалысы. 

  Бұл қасіретті күн – Қайрат, Қайыргелді, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

     Бұл – “Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбеуді” мұрат  тұтқан ұлт қайраткерлері  негізін қалаған өресі кең  өр рухтың қозғалысы.

     Бұл– ғасырлар бойғы әділетсіз үстемдік салдарынан жинақталған ашу–ыза  мен шер–шеменді сыртқа шығарған ұлттық қозғалыс.

     Бұл жерде біз ұлт дегенде жалғыз қазақты айтып отырған жоқпыз. Темір құрсаулы, тар шеңберлі жүйеге қарсы жалпы халықтық наразылықты  айтып отырмыз. Қазақтың азаттық аңсаған, еркіндік  көксеген өр рухты өрімдей жастары бастап, алау отқа ұшқын болған тамызық қызметін атқарғанын айтып отырмыз.

     Бүкіл Кеңес одағын тітіреткен, оның ыдырауына себеп болған Желтоқсан ұлттық қозғалысы азаттық жолындағы көтерілістердің заңды жалғасы ғана емес, ұлы жаңалықтың жыршысы да. Бағзыдағы бабалар аманаты, аруақты аталар арманы болған тәуелсіздікке бастаған қасиетті қадам.

Бұл күн–жалынды  жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн!

Бұл күн–бірқатар боздақ лап етіп жанып, лап етіп сөнген күн!

Бұл күн–азаттық үшін алысып, намыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн!

     Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ  емес, қандай жағдай да болсын, атаусыз  қалмақ емес.Желтоқсан қозғалысы  бізге осындай тағылымды жағымен қасиетті, алаулы көрінісімен асқақ, еркіндікке бастаған қадамымен қастерлі.

     Бүкіл ел деңгейінде 22 жылдығы аталып өтіп жатқан Желтоқсан қозғалысы біз  үшін кезекті шара емес.Жалынды жастарымызға көрсетілген керекті тағзым.Ұлт жолында басты бәйгеге тігудің үлгісін көрсеткен ұлы тағылым.Өйткені,бұл жастар өршіл ақын Махамбетше айтқанда:

                                 «Қорлықта жүрген халқыма

                                 Бостандық алып берем деп...

                                ...Ағайыннның ары үшін,

                                Қарындастың қамы үшін...» – деп алаңға шығып еді.Намысын қолдан бермеп еді.Бұған дәлелді ұзақтан іздемей–ақ Қайрат Рысқұлбековтың сот мәжілісіне айтқан соңғы сөзіндегі:

                                   « Қаймана қазақ қамы үшін

                                   Қарусыз шықтық алаңға.

                                   Алыстан әскер алдырып,

                                   Қырып салды–ау табанда.

                                   Сөйлесем даусым жетпейтін,

                                   Кез болдық мынау заманға.

                                   Шовинизм еді ғой,

                                  Басты себеп жанжалға,» – деген жыр нөсерінен көруімізге болады.Алаңға шыққан жастардың бәрінің ойы да осы еді.Сол себепті де біз Желтоқсан қозғалысын тәуелсіздік жолындағы тарихи қозғалыс деп білеміз.

Информация о работе М.Шахановтың “Желтоқсан эпопеясы” атты деректі романындағы азаматтық сарын