Конституциясы ҚР

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:02, лекция

Описание работы

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

Содержание

бөлімі, Жалпы ережелер
2 бөлімі, Адам және азамат
3 бөлімі, Президент
4 бөлімі, Парламент
5 бөлімі, Үкімет
6 бөлімі, Конституциялық кеңес
7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі
8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер

Работа содержит 1 файл

KR_Konstitucijasy.doc

— 310.00 Кб (Скачать)

97-бап

Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесiнiң бiрiншi құрамы былайша құрылады: Республика Президентi, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден үш жыл мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден алты жыл мерзiмге тағайындайды, Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл мерзiмге тағайындайды.

98-бап

1. Конституцияда көзделген  сот төрелiгi мен тергеу органдары  тиiстi заңдарда көзделген тәртiп  пен мерзiмде құрылады. Олар құрылғанға  дейiн жұмыс iстеп тұрған сот  төрелiгi мен тергеу органдары  өз өкiлеттiктерiн сақтайды.

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Сотының және Жоғары Төрелiк  Сотының, жергiлiктi соттардың судьялары  Конституцияда көзделген соттар  құрылғанға дейiн өз өкiлеттiктерiн  сақтайды. Судьялардың бос орындары  Конституцияда белгiленген тәртiппен  толықтырылады. 

 

 

 


Информация о работе Конституциясы ҚР