История

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:08, шпаргалка

Описание работы

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды

Работа содержит 1 файл

ТАРИХ ШПОР 1 КУРС.doc

— 675.50 Кб (Скачать)

1472 жылы Мүхаммед  Шайбани Түркістанға қайта ора-лып,  Ноғай Ордасының әмірі Мүса  мырзаның көмегімен Аркок бекінісі  мен Сығнақ қаласын басып алды. Бүл уақыт-ша жеңіс еді. Бүрындық сүлтан мен Махмүд сүлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғүнлық асуында Мүхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бүрындық сүлтан Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бүл соғыста күйрей жеңілген Мүхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы калалар қайтадан Қазақ хан-дығына өтті.

Бүл кезде Қазак  хандығына Мүхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп түрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бүларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын ездеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сүлтан Махмүд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мүхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Оты-Рарға ие болған Мүхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.

    Сонымен қорытып айтқанда, қазақ хандығының құрылуына ХҮ ғ.ІІ-жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы /көшпелі өзбек мемлекеті/ мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты.

5.2.Қазақ  халқының қалыптасуы.

 Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың  арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мүндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді үлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық оолғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері ез тілдерінен айырьілып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен Расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижеде қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.


Алайда, бүкіл  Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.

ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы - Батыс Қазақстанда болды.

¥лы жүз Сырдариядан  бастап Жетісу жерін түгел жай-лайды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқы-лы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталык Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстаннын бір бөлігін қоныс етеді. Оның қүрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның қүрамындағы тайпалар одағы - Әлімүлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шемекей, шекті/; Байүлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқүрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/.

Жүздердің үйымдасқан уақыты, қалай қүрылғаны әлі жете зерттелмеген.

Үш жүздің пайда  болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда  бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа  ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан.

Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай  Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.

       ХҮ-ғасырдың ІІ-жартысы мен ХҮІ-ғасыр  қазақ халқының негізгі этникалық  территориясы мемлекет етіп біріктіру,  халықтың да қалыптасу процессінің  аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан  мен Жетісудың Оңтүстік Батыс  территориясы баяғыдан бері қазақ  халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды.

 

      21-сұрақ

5.3. Ақ  Орда, Моғолстан және Әбілхайыр  хандығы.

XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шара-лар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тайпалар еді.

Ақ Орданың  негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен үлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы қүрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр-ды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында бол-ды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бүқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қой-ьіршақ, Барақ, т.б.

Ақ Орданың  кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күш жұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.


1361 жылы Ақ  Орданың билеушісі болған ¥рыс  хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына оты-руға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайда-лануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқ-тамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.

Тоқтамыстың алғашқы  жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған  Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Үрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.

 1423-1424 жылдары ¥рыс ханның  немересі Барақ өзінің бақталастарын  жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты  ез қолына алады. Бүл кезде,  Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы  қала-лар Темір әулетінің қолында  еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жо-рыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жа-рыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.


XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шаға-тай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. "Моғолстан" тарихи-жағрафиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдері-ндегі тарихи туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмір-лерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымы-нан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандыктан Болат озінің айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Піағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.


Моғолстан мемлекетшің  құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс  Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.

Информация о работе История