История

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:08, шпаргалка

Описание работы

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды

Работа содержит 1 файл

ТАРИХ ШПОР 1 КУРС.doc

— 675.50 Кб (Скачать)

              Ғұндардың қоғамдық құрылымы ұлыстық жүйеге қарады.Сонымен бірге рулық институттар да көрініс береді.

    Қазақстан  жерін ертеден жайлаған үйсіндер  туралы не білеміз? Қытай жазба  деректемелерінің хабарына қараған-да  б.з.б. III ғ. бастап Жетісу жерін Үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндердің тарихын жазуда шығыс зерттеушілері Н. В. Кюнер мен Н. Я. Бичурин үлкен ғылыми жұмыстар атқарған. Бұлардың Қытай тілінен аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бар-тольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» деген еңбегін жазып, онда үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жарыққа шығарды. Ал Қытай тілінің маманы Ю. А. Зуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпаларының тарихы туралы жаңа дерек-терді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеуде өз үлесін қосты.

Үйсін тайпаларының тарихын жазуда, археологиялық  ма-териалдарды жазба деректермен байланыстыра отырып, зер-ттеуде Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә. Ма-рғүлан және атақты археолог ғалым А. Бернштам зор ай-туға түралық еңбек сіңірді. Ал республикаға белгілі археолог А. Г. Кушаев Іле өзенінің бойындағы үйсін тайпалары-ның ескерткіштеріне қазу жүмыстарын жүргізіп, олардың өмір сүрген уақытын кезендерге бөліп, бір жүйеге келтірді. Жетісу жерін мекендеген сақ және үйсін тайпаларының тарихымен үзақ жылдар бойы сондай-ақ атақты тарихшы-археолог К. Ақышев жан-жақты айналысты. Ол өзінің зер-ттеулерінің барысында үйсін тайпаларының қоғамдық қүрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын ғылыми түрғыдан дәлелдеп, олардың мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген қорытындыға келеді.

Үйсіндер  мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, басты ордасы - Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Үлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.

Үйсін тайпалары  туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға  дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань импери-ясы және ғүн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін ғүньмоларына әйелдікке беріп отырған.

Б.з.б. 64-51 жылдары  Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мүрагерлерінен болуды жақтады. Бүл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.

Үйсін мемлекетінің доуірлеген кезі Цылими гуньмоның билік қүрған, б.з.б. 45-14 жылдардың арасы деп саналады. Өйткені, ол туралы «билікті берік үстады» және иеліктері-нде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік орнады» деген деректеме осы уақытқа дейін жеткен.

Қытайдың Хань дәуіріпдегі әулеттік жазбаларда үйсін-дердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің за-манымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар бар.  


2.3.Қаңлылар.

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.

Қытай жазба  деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай  тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.

Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.

Бірінші- Қауыншы  мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының  өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі  ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы  тайпаларының тарихи ескерткіштері  жатады. Бүлардың қатарына - Ал-тынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тай-паларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның  ор-талық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.

Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәу-елді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағ-дай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күше-юіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының қүрамына жо-ғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды. Ол жөнінде мүндағы Хань наместнигі императорға берген есебінде: қаңлылар үйсіндермен салыстырғанда өркөкірек, батыл және Қытай елшілерінің алдында бас имейді. Олар қабылдау кезінде Қытай елшілігі өкілдерін, үйсіндерден төмен отырғызады деп хабарлаған.Ферғана-Қытай соғысы кезінде тек қаңлылардың ара-ласуы ғана ферғаналықтарды қирап жеңілуден күтқарып қалған. Б.з.б. 47-46 жылдары қаңлылардың билеушісі солтүстік ғүндардың шаньюйы Чжи-Чжиді қолдаған. Бүл кезде ол Қытай императоры сарайымен қатынасын үзіп, байырғы ғүн иеліктерінен айырылған болатын. Б.з. I ғасырының орта шенінде қаңлылардың шығыс шекара-сына Қытай мемлекетінің қолдауымен үйсіндер шабуыл жасады.

 

         7-сұрақ

3.1.Түркі  және Батыс Түрік қағанаттары.

             ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бүлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мүның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

546-шы  жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумыниың (Бумын деп те ата-ған) басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін түтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бүрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қар-сы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын бағынышты болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы кектемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мүрагер інісі Еркінді-Мүқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мүқанның түсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бүл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалау-шы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда үлан-ғайыр жерді алып жатқан эфта-литтерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хүсрау I Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хүсрау I шах езінің әскер-лерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айы-рылады. Мүның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкүндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы ше-карасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Алайда осы  жеңістен кейін Түрік қағанаты мен  Иран шахының арасындағы одақтастық үзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын ¥лы Жібек жолына иелік етті. Бүл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сондықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх баста-ған елшілік Түрік кағанының астанасы Суяб қаласында қабыл-данған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіс-сездері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олар-дың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мүны Түрік қағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.

571 жылы түріктердің  қағаны Естемі Солтүстік Кавказ-ды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірак Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшы-лықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бүл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.

Батыс түрік  қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси үйы-тқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарканд, Бүқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы калаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы  ордасы Мың бүлақ (Түркістан қаласы-на жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі  Түнжабғы қаған /618-630ж.ж./ билеген кезде  қағанаттың күш-қуаты таси түседі.

Олардың ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеуметтік қысымшылықтармен байланысты еді.Қағандық үшін Батыс Түрік мемлекетінде басты екі тайпаның – Дулу және Нишаби тайпаларының арасында талас басталады.

Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі – жиі ауысуы, 16-жылға /640-657ж.ж./ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетіьсуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді, сөйтіп 704 жылы Батыс Түрік қағандығы құлап, Түргеш қағандығы құрылды.

 

8-сұрақ

3.2.Түркістандағы  Түркеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері.

Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып қүрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен  сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жаз-ба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

Информация о работе История