История

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:08, шпаргалка

Описание работы

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды

Работа содержит 1 файл

ТАРИХ ШПОР 1 КУРС.doc

— 675.50 Кб (Скачать)

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейт-тер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судьң жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтар-Да жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші пен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әртүрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Мщдеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға үлыстар көмектесті.

XIII ғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысхан-ның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Ол Боз орда деп те аталған. Тари-хи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бүл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үле-сіне алғашқы кезде қосшы, найман, бүйрақ, кдрлүқ тайпа-лары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жа-зғы жайлау қылса, Арал жағалауында, Шу, Сарысу, Сыр-дария бойларының теменгі ағыстарында қыстаған.

Шайбани түқымдары  Алтын Орда тағында ешуақытта  билік етпеген және олар Батый  хан үрпақтарына үнемі ба-ғынып отырған. Сөйтіп олар Ақ Орда хандары сияқты Ал-тын Орда тағы үшін жан аямай күреспеді, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап етпеді. Шайбанилер Әмір Темір мен оның мүрагерлерінің басқыншылық соғыстарына тойтарыс беруге де аз тартылды. Өйткені Әмір Темірді Шайбан үрпактары көшіп жүрген далалык аймақ-тардан гөрі бірінші кезекте Сырдария бойындағы бекініс-қалалар кебірек қызықтырды.

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иеліг-індегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің қүра-мында болды. Мүнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қара-мастан Шайбани үрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс үрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиянкескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мүрагерлерінен Шайбан үрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен қүлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бүл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыс-тарына Шайбани үрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жүмадық ханның үлысы, Шайбани әулетінің екінші бір түқымы Мүстафа хан Атбасарда, үшінші бір түқымы Махмүд-Қожа Тобылда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура оңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бүл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те ата-лған. Бүл үлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі үрыстар үнемі болып түрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан үрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалдардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.

Әбілхайыр хандығы  Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы  жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте - То-был мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің түқымдары Махмүд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі - Мүстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.

Әбілхайырдың  Сыр бойындағы қалаларды басып  алу ағайындас Шайбани үлысы  мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының  арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Керей мен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді, Сырда-рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сүлтандары мен оларға Қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соқтырды. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді.


   Көшпелі  өзбектер мемлекеті ішкі қайшылықтардың  әсерінен ыдырап кетеді.

 

24-сұрақ

6-тақырып. XVI- XVII ғғ. Қазақ хандығы.

6.1.Қазақ  хандығының Қасым хан билігінен  кейінгі саяси жағдайы.

       ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы  нығайып, оның шекарасы едәуір  ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді  біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі - Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі - үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы  қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:

  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)
  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).
  3. Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).
  4. Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)

5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын 
міндеті.)

"Қасым ханның қасқа жолының" қазақ феодалдык қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-нын кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билеген Шай-бани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мүндағы өкімет билігін тартып алады деп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды.


Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары  Мүхаммед Шайбани қалың қолды  бастап Түркістан аймағына жорық  жаса-ды, оның солтүстік шекарасына дейін жетіп, жергілікті ха-лықты тонап, талан-таражға салды. 1505-1506 жылдары мындаған әскери жасақты бастап ол тағы да жорыққа аттанды. Түркістан аймағы арқылы Қазақ хандығының жері-не жетті. Сығнақ қаласын айналып өтіп, Сыр бойндағы қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы Қара-Абда-лға дейін жетті. Бұл жолы да Шайбани әскерлері қазақтар-ды қирата шауып, қыруар мал-мүліктерін тонады. Әсіресе, Жәнібек ханның баласы Жаныш сүлтанның үлысы ерекше талан-таражға түсті. Осыдан кейін Мүхаммед Шайбанидан кек алу үшін, Жаныш сүлтанның үлы Ахмет 1508 жылы 50 мың жасақ жинап, Мәуеренахрға қарсы жорық жасады. Шайбанилардың орталық қалалары Самарқан мен Бүхараға шабуылдап, бүл қалалардың төңірегіндегі қыстақтарды ой-рандады. Бүған жауап ретінде Мүхаммед Шайбани қазақ-тарға қарсы үшінші жорығына шықты. 1509 жылы қалың Қолмен аттанып, Аркек, Үзгент және Ясы (Түркістан) қала-ларын басып етіп, тағы да Сыр бойындағы қазақ қыстаула-Рьіның орталығы Қара-Абдалға жетті. Мүндағы Жаныш сҰлтанның жасақтары түтқиылдан жасалған шабуылдан кҮйрей жеңілді. Шайқастардың барысында Жаныш сүлтан-иың баласы Ахмет қаза тапты. Жеңіліске үшыраған қазақтар Үрындық ханның Дешті-Қыпшақтағы ордасына қашты.


 

6.2.Тәуекел  хан тұсындағы Қазақстан.

Шығай ханның ұлы Тәуекел  хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.

1598-жылы Бұхар  хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.

Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру  Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін  қазақ хандығының құрамында болды.

6.3.Есім  хан тұсындағы Қазақстан.

Есім хан билігі кезінде  қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар  үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында  қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың  этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.

7-тақырып.  Қазақ халқының жоңғар басшыларына  қарсы азаттық күресі.

7.1.Тәуке  хан тұсындағы Қазақстан.

XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың ара-сындағы кырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақ-тар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәңгір Бүхар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу Үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір хан шебер са-ясатшы ғана емес, сонымен бірге өте батыл ержүрек жау-ынгер қолбасшы еді. Оның түсында казақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас - біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643 жылы, үшіншісі 1652 жылы болған. 1635 жы-лрьі шайқаста Жәңгір жоңғарлардың қолына түсіп, көп үза май тұтқыннан қашып шыққан. Ал 1643 жылғы екінші шай-қаста Жәңгір хан 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар та-уының бір қуысына бекініп, ойраттардың 50 мың әскеріне ерлікпен қарсы тұрды. Шайқас қызып жатқан кезде Жәңгір ханның шақыруымен 20 мың әскерімен көмекке жеткен Кіші жүздің Жалаңтөс батыры екеуі соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті, қалмақтың 10 мың әскерін шығындады. Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізді. Оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы Жәңгір ойраттармен үшінші үлкен шайқас кезінде қаза тап-

Информация о работе История