Су қоймаларының топографиялық және экономикалық сипаттамаларын есептеу және тұрғызу

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 08:31, курсовая работа

Описание работы

Өзен ағынының территориясының біркелкі таралмағандығы, жылдық және көпжылдық құбылмалылығы Қазақстан халқына және экономикасына қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етуді қиындатады. Бұл мәселелер су қоймаларының өзен ағынын реттеу есебінен шешіледі. Су қорларын өте тиімді қолдану біртұтас су шаруашылық жүйе құрайтын каскадты орналасқан су қоймаларына жетеді.

Содержание

Мазмұны
Нормативті сілтемелер............................................................................................
Анықтама..................................................................................................................
Белгілер мен қысқартулар.....................................................................................
Кіріспе.......................................................................................................................
1 Гидрология және ағынды реттеу туралы жалпы мәліметтер...........................
1.1 Ақсу туралы жалпы мәлімет............................................................................
1.2 Жылдық ағынның нормасын есептеу..............................................................
1.3 Теориялық қамтамасыздық қисықтардың параметрлерін есептеу...............
1.4 Ағынның жыл ішіндегі таралуын қатардың жоқ кезінде есептеу................
1.5 Ағынның жыл ішінде таралуы.......................................................................
1.6 Жоғарғы өтімді қатардың жеткілікті кезінде есептеу....................................
1.7 Жоғарғы шығынды қатардың жоқ кезінде есептеу.......................................
2 Су қоймаларының топографиялық және экономикалық
сипаттамаларын есептеу және тұрғызу...............................................................
2.1 Өлі көлемді және пайдалы көлемді есептеу..................................................
2.2 Пайдалы көлемді интегралдық қисықтармен анықтау..................................
2.3 Көп жылдық ағынды реттеуді есептеу............................................................
2.4 Су тастағыш құрамдарды есептеу...................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................

Работа содержит 1 файл

кура агынды реттеу конец распечатать.docx

— 495.64 Кб (Скачать)

   1 Қатардың жеткілікті кезінде

   2 Қатардың жеткіліксіз кезінде

   3 Қатардың жоқ кезінде

   Курстық жұмыстың 2 бөлігінде су қоймасының топографиялық және экономикалық сипаттамаларын су қоймасының пайдалы және өлі көлемдерін есептедік. Пайдалы көлемді және мезгілдік су қоймасының жұмысын  интегралдық қисықтармен анықтап, көпжылдық ағынды реттеуді жүргіздік, сонымен қатар су қоймасындағы су тастағыш құрылымдарды есептеп, оның құнын анықтадық.

   Жалпы су қорлары 2 бөлінеді. Жер бетіндегі  су қорларын қамтитын ғылым құрғақтағы гидрология деп аталады. Мұхиттағы,теңіздегі  су қорларын танитын ғылым,мұхиттар мен теңіздер гидрологиясы деп аталады.

   Құрғақтағы  гидрология былайша бөлінеді:

   1 Потонелогия - өзендер гидрологиясы

   2 Лимпология - көлдер гидрологиясы

   3 Телматология - батпақтар гидрологиясы

   4 Глетциология - мәңгі мұздар гидрологиясы

   Инженерлік  есеп-қисаппен айналысатын ғылым (Гидротехникалық, гидроэнергетикада, темір жолдар салуда, сумен қамтамасыздық етуде т.б.) инженерлік гидрология деп аталады. Суды жан-жақты пайдалануда гидрологияның маңызы өте зор. Әсіресе суды өлшей білу.

   Ағынды  реттей білу дегеніміз - суды тұтынушылардың және пайдаланушылардың режиміне сәйкес табиғи біркелкі емес жолдармен қайта бөлу. 
 

    1. Ақсу туралы жалпы мәлімет
 

     Ақсу өзені Жетісу Алатауының 4000 метр биіктігіндегі мұздықтардан бастау алып, Балқаш көліне құяды. Ұзынды- қысқалы 132 саласы бар. Ұзындығы 316 шақырым. Су жинайтын алабы 5040 шаршы шақырым. Жылдық орташа су ағыны Жансүгіров поселкесінің тұсында 11,2 текше м/с. Өзен жоғары ағысында тау аралық Қапал аңғарын кесіп өтіп, жазыққа шыққан соң көптеген саяз тармақтар мен арналарға бөлініп кетеді. Төменгі ағысында тарамдар, өзектер, көлдер мен батпақтар құрай отырып, Балқаш маңы жазығын кесіп өтеді. Өзен алабының мұз құрсану аумағы 139, көлемі 0,77 шақырым болатын 162 мұздық бар. Негізгі салалары: Сарқан, Қожамберлі өзендері. 1930 жылдарға дейін Ақсу өзені Балқашқа құятын, кейіннен суын ауылшаруашылығына көптеп пайдалануға байланысты Балқашқа жетпей, Құдымбай құмдарына сіңіп кетеді. Суы көктем мен жазда тасиды, осы кезде жылдық ағындысының 80 пайызы өтеді. Суы тұщы, минеральдар 0,2- 1,5 г/л аралығында. Минеральдары химиялық құрамы жағынан гидрокорбанат класының кальций және магнии тобына жатады. Суы егін, мал суаруға және техникалық қажеттіліктерге пайдаланылады.

   Ағын  судың тау жыныстарын шайып, ағызып әкету процесін өзен эрозиясы деп  атайды. Тау өзендерінің ағысы  қатты, арнасы терең болады, оның орта және төменгі ағыстарының арнасының  табанына су ағызып әкелген малта  тастар, құм тұнба шөге бастайды. Бұл топырақтарды аллювий деп  атайды. Уақыт оза келе өзен арнасы тереңдей түсетіндіктен, өзен суы тасыған  кезде өзен бұрынғы арнасына көтеріле алмай қалады. Өзеннің су көтерілмеген арнасы террасса деп аталады. Өзенмен  ағып келетін қатты затты қатты  ағын деп атайды 
 

   1.2 Жылдық ағынның нормасын есептеу

       

   Өтім  дегеніміз - өзеннің көлденең қимасынан 1 сек өтетін судың мөлшерін айтады.

   Жылдық  ағын дегеніміз - бір жылдық ішіндегі көлденең қимадағы ағып өтетін судың мөлшерін айтады. 
 
 

   Өтімінің  нормасы мына формуламен  анықталады:

     

                                                      (2)                                  
 

   мұндағы

                   - әр жылдағы орта өтімдер, n- жылдар саны;

                    - өтім нормасы(өтімнің көп жылдағы шамасы).  

   Өтімнің нормасын есептеу үшін салыстырмалы орта квадратты қателікті жазу қажет. Ол мына  формуламен анықталады: 

                                                                                                 (3) 

   мұндағы

                   -орта квадраттық қателік, - өзгермелі коэффициент. 

   а) ≤  5…10%  болса, онда қатардың шамасы, саны өтімнің нормасын анықтауға жеткілікті деп саналады ;

   б) ≥ 5....10% болса, онда қатардың саны өтімнің нормасын есептеуге жеткіліксіз болады. Осы өтімдерді кесте 1.2-ге енгіземіз, жылдық орташа өтім. 

     Өзгермелі коэффициенттерді есептеу 

   Өзгермелі коэффициенттерді есептеу мына тәсілдермен  жүргізіледі:

   1) Момент тәсілі;

   2) Үлкен шындыққа жақын тәсілі;

   3) Графо - аналитикалық тәсілі.

   Курстық жобада өзгермелі коэффициентті  момент тәсілі арқылы есептейміз:

   Бұл тәсілде өзгермелі коэффициентті  есептеу кесте түрінде жүргізіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кесте 1.1  

   Жем өзенінің орташа айлық және жылдық өтімдері 

   
 
    №
 
Жыл
 
Орташа  жылдық өтімдер  м 3
Орт. жыл

м 3

    I II III IV V VI VII VII IX X XI XII
1985 0,30 0,31 0,347 0,49 0,48 0,45 0,46 0,309 0,301 0,32 0,31 0,287 0,347
1986 0,285 0,287 0,303 0,331 0,61 0,44 0,41 0,311 0,29 0,29 0,29 0,29 0,345
1987 0,288 0,274 0,295 0,44 0,82 0,39 0,33 0,314 0,305 0,285 0,29 0,285 0,3599
1988 0,313 0,313 0,304 0,306 0,69 0,48 0,42 0,342 0,351 0,35 0,35 0,31 0,3777
1989 0,33 0,33 0,33 0,4 0,44 0,49 0,49 0,47 0,43 0,42 0,42 0,34 0,4079
1990 0,265 0,31 0,32 0,3 0,62 0,47 0,41 0,33 0,33 0,33 0,33 0,3 0,3599
1991 0,27 0,28 0,29 0,32 0,5 0,52 0,45 0,37 0,37 0,37 0,37 0,35 0,3719
1992 0,28 0,32 0,33 0,32 0,42 0,34 0,34 0,31 0,31 0,31 0,3 0,3 0,3235
1993 0,3 0,3 0,3 0,352 0,27 0,86 0,82 0,6 0,297 0,58 0,55 0,53 0,4933
1994 0,39 0,38 0,39 0,5 0,61 0,62 0,64 0,55 0,51 0,44 0,44 0,43 0,53
1995 0,42 0,39 0,37 0,38 0,5 0,69 0,53 0,42 0,36 0,36 0,34 0,33 0,4266
1996 0,316 0,316 0,265 0,308 0,41 0,39 0,344 0,302 0,298 0,293 0,283 0,278 0,3172
1997 0,278 0,273 0,278 0,295 0,37 0,39 0,38 0,333 0,33 0,423 0,303 0,84 0,3285
1998 0,283 0,29 0,336 0,337 0,42 0,58 0,46 0,37 0,337 0,265 0,32 0,303 0,3587
1999 0,288 0,283 0,347 0,43 0,78 0,56 0,54 0,52 0,39 0,304 0,333 0,323 0,4256
2000 0,313 0,31 0,346 0,37 0,52 0,44 0,41 0,37 0,36 0,350 0,34 0,33 0,3719
2001 0,33 0,29 0,342 0,39 0,83 0,68 0,54 0,55 0,44 0,303 0,333 0,33 0,4468
2002 0,33 0,33 0,37 0,56 0,57 0,51 0,52 0,45 0,43 0,39 0,38 0,36 0,47
2003 0,31 0,31 0,34 0,39 0,39 0,37 0,31 0,31 0,292 0,292 0,292 0,292 0,3496
2004 0,292 0,292 0,292 0,73 0,52 0,59 0,44 0,336 0,336 0,324 0,318 0,312 0,3989
2005 0,312 0,352 0,32 0,41 0,51 0,47 0,39 0,48 0,276 0,36 0,312 0,312 0,3755
2006 0,312 0,312 0,312 0,39 0,53 0,42 0,34 0,316 0,63 0,29 0,35 0,35 0,3797
2007 0,29 0,29 0,29 0,302 0,36 0,7 0,36 0,36 0,36 0,36 0,36 0,336 0,367
2008 0,29 0,29 0,29 0,302 0,4 0,38 0,36 0,36 0,36 0,36 0,36 0,336 0,3406
2009 0,336 0,336 0,336 0,336 0,36 0,36 0,36 0,336 0,336 0,312 0,312 0,325 0,3678
2010 0,312 0,315 0,312 0,319 0,336 0,312 0,316 0,315 0,24 0,29 0,27 0,29 0,3068
 
 
 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кесте 1.2  

   Өзгермелі  коэффициентті момент тәсілімен  есептеу       

   
Қат реті Жыл 3
1985 0,349 0,7 -0,2 0,003 -0,0001 1,83 3,76
1986 0,3451 0,907 -0,093 0,008649 -0,000804 1,39 7,43
1987 0,362 0,95 -0,05 0,0025 0,000125 1,13 11,17
1988 0,3778 0,99 -0,01 0,0001 0,000001 1,12 14,89
1989 0,4079 1,07 0,07 0,0049 0,000343 1,12 18,58
1990 0,3595 0,95 -0,05 0,0025 0,000125 1,07 22,25
1991 0,3716 0,98 -0,02 0,0004 0,000008 1,05 25,97
1992 0,3233 0,85 -0,05 0,0225 0,003375 1,03 29,69
1993 0,4939 1,3 0,3 0,09 0,027 0,99 33,35
1994 0,53 1,39 0,39 0,1521 0,0593 0,99 37,07
1995 0,4267 1,12 0,12 0,0444 0,0017 0,99 40,79
1996 0,3170 0,83 -0,17 0,0289 0,004913 0,98 44,48
1997 0,3280 0,86 -0,14 0,0256 0,004096 0,98 48,17
1998 0,3584 0,94 -0,06 0,0036 0,000216 0,97 51,89
1999 0,4248 1,12 0,12 0,0144 0,001728 0,957 55,59
2000 0,3715 0,98 -0,02 0,0004 0,000008 0,95 59,25
2001 0,4465 1,175 0,175 0,0306 0,00535 0,95 62,96
2002 0,43 1,13 0,13 0,0169 0,0021 0,94 66,66
2003 0,3491 0,92 -0,08 0,0064 0,000512 0,92 70,37
2004 0,3985 1,05 0,05 0,0025 0,000125 0,907 74,07
2005 0,3758 0,99 -0,01 0,0001 0,000001 0,9 77,71
2006 0,3793 0,998 -0,002 0,000004 0,000000008 0,896 81,48
    2007 0,364 0,957 -0,043 0,0018 0,000079 0,86 85,18
2008 0,3406 0,896 -0,104 0,010816 0,001124 0,85 88,88
2009 0,3675 0,97 -0,03 0,0009 0,000027 0,83 92,59
2010 0,3071 0,805 -0,195 0,0401 0,0078809 0,805 96,32
 

   Бұл есептелген кестедегі есептеулер.

     – орта жылдық ағын;

    – салыстырмалы өтім   немесе модульдік коэффициент;

     – қамтамасыздық;

     – қатардың реті;

     – жылдық саны; 

   Қамтамасыздық мына формуламен анықталады: 

                                                                                  (4) 

   Ал  өзгермелі коэффициент мына формуламен анықталады:

    

                                                                                               (5) 
 

   Қатардың симметриялы коэффициенті былай анықталады: 

                                   

                                                                        (6) 

   Содан соң қатардың жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігін анықтаймыз: 

   

                                                               (7) 

    ≥ 5...10%; ≤  5...10% жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігі анықталады. Бұл жағдайда ≤  5...10%;  2,74 ≤ 5...10. Яғни қатардың шамасы өтімнің нормасын анықтауға жеткілікті болып табылады. Симметриялы коэффициент қателіктері мына формуламен анықталады.

     

                                                    (8) 

  1. Егер  ≤ 10...15 % болса, онда  қатардың саны. Соны есептеуге жеткілікті деп саналады.
  2. Егер ≥ 10...15 % болса, онда қатардың саны. Соны есептеуге жеткіліксіз деп саналады.

   Демек ≤  10 -15 % үлкен , сондықтан қатардың саны. Соны есептеуге жеткілікті деп саналады.  

   

Информация о работе Су қоймаларының топографиялық және экономикалық сипаттамаларын есептеу және тұрғызу