Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 08:31, курсовая работа
Өзен ағынының территориясының біркелкі таралмағандығы, жылдық және көпжылдық құбылмалылығы Қазақстан халқына және экономикасына қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етуді қиындатады. Бұл мәселелер су қоймаларының өзен ағынын реттеу есебінен шешіледі. Су қорларын өте тиімді қолдану біртұтас су шаруашылық жүйе құрайтын каскадты орналасқан су қоймаларына жетеді.
Мазмұны
Нормативті сілтемелер............................................................................................
Анықтама..................................................................................................................
Белгілер мен қысқартулар.....................................................................................
Кіріспе.......................................................................................................................
1 Гидрология және ағынды реттеу туралы жалпы мәліметтер...........................
1.1 Ақсу туралы жалпы мәлімет............................................................................
1.2 Жылдық ағынның нормасын есептеу..............................................................
1.3 Теориялық қамтамасыздық қисықтардың параметрлерін есептеу...............
1.4 Ағынның жыл ішіндегі таралуын қатардың жоқ кезінде есептеу................
1.5 Ағынның жыл ішінде таралуы.......................................................................
1.6 Жоғарғы өтімді қатардың жеткілікті кезінде есептеу....................................
1.7 Жоғарғы шығынды қатардың жоқ кезінде есептеу.......................................
2 Су қоймаларының топографиялық және экономикалық
сипаттамаларын есептеу және тұрғызу...............................................................
2.1 Өлі көлемді және пайдалы көлемді есептеу..................................................
2.2 Пайдалы көлемді интегралдық қисықтармен анықтау..................................
2.3 Көп жылдық ағынды реттеуді есептеу............................................................
2.4 Су тастағыш құрамдарды есептеу...................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................
Аннотация
Орындалатын курстық жұмыста Мойынқұм өзеніндегі салынатын су қоймасындағы ағынды реттеу, жылдық ағынның нормасын есептеу, берілген мәліметтер арқылы ағынның теориялық және қамтамасыздық қисықтарын тұрғызу. Су қоймасының топографиялық және экономикалық қисықтарын тұрғызу, өлі көлемді анықтау, су тастағыш құрылымдарды есептеу және су қоймасын тұрғызу үшін қажетті шығындарды анықтау негізгі шарт болып табылады.
Берілген
мәліметтерге сүйене отырып өзеннің
негізгі ағындық параметрлері анықталады,
су қоймасының көрсеткіштері есептеледі.
Курстық жұмыс 2-бөлімнен, 36-беттен,
3 суреттен, А2-форматты сызбадан тұрады.
Мазмұны
Нормативті
сілтемелер....................
Анықтама...................
Белгілер
мен қысқартулар...................
Кіріспе....................
1
Гидрология және ағынды реттеу
туралы жалпы мәліметтер.......
1.1
Ақсу туралы жалпы мәлімет.......................
1.2
Жылдық ағынның нормасын есептеу.......................
1.3 Теориялық қамтамасыздық қисықтардың параметрлерін есептеу...............
1.4
Ағынның жыл ішіндегі таралуын
қатардың жоқ кезінде есептеу..
1.5
Ағынның жыл ішінде таралуы..
1.6
Жоғарғы өтімді қатардың
1.7 Жоғарғы
шығынды қатардың жоқ кезінде есептеу.......................
2 Су қоймаларының топографиялық және экономикалық
сипаттамаларын
есептеу және тұрғызу.......................
2.1
Өлі көлемді және пайдалы
көлемді есептеу...............
2.2
Пайдалы көлемді интегралдық
қисықтармен анықтау...........
2.3
Көп жылдық ағынды реттеуді
есептеу.......................
2.4
Су тастағыш құрамдарды
Қорытынды..................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Нормативті
сілтемелер
Бұл курстық жұмыста келесі нормалы сілтемелер көрсетілген
Анықтама
Ағынды реттеу дегеніміз – суды тұтынушылардың және пайдаланушылардың режиміне сәйкес табиғи біркелкі емес ағынды, табиғи емес жолдармен қайта бөлу.
Гидрология - дегеніміз су қорларының заңдылығын режимін және қорларын оқып танитын ғылым.
Өзендердің арнасы-дегеніміз су салаларының өткен табанын айтады.
Өзен аңғары дегеніміз - ұзыннан –ұзаққа созылған төмендеген және ортақ еңгістігі бар жер бетінің бедерін айтады.
Өзеннің алабы дегеніміз - жер бетінен топырақтың қалыңдығын қосқандағы су қорларының жиналып өзен жүйелеріне қосылуы.
Өзен алабы физика-географиялық және морфологиялық қасиеттерімен сипатталады.
Жайылма дегеніміз - өзен аңғарларының тұнбалар,қоқыстар жиналған бөлігі.
Өтім дегеніміз - өзеннің көлденең қимасынан 1 сек өтетін судың мөлшерін айтады.
Су шаруашылық жылы дегеніміз - өзендегі су қорларының тұтынудан артық уақыттан басталатын жылды айтады.
Пайдалы көлем жетіспеушілік арқылы табылады. Толық көлем - жыл басында су қоймасында белгіленген су көлемі. Ол өлі көлем мен пайдалы көлемнің қосындысына тең болады. Пайдалы көлем - ағынды реттеуге қатысатын су көлемін атаймыз. Ол толық көлемнен өлі көлемді алып тастағандағы мөлшерге тең болады.
Өлі
көлем - ағынды реттеуге қатыспайтын
су көлемі, оның көлемі әр уақытта тұрақты.Оның
шамасы толық көлемнен пайдалы көлемді
алып тастағандағы мөлшерге тең.
Белгілеулер
мен қысқартулар
- өлі көлем;
- өлі көлемнің деңгейі;
- пайдалы көлем;
- қалыпты деңгей;
- трансформациялық объект (тасқынның бөлігі);
- орта қалыпты деңгей;
құрылыс нормалары және ережелері.
Кіріспе
Өзен
ағынының территориясының біркелкі
таралмағандығы, жылдық және көпжылдық
құбылмалылығы Қазақстан
Біздің жеріміздегі су қорлары жер бетінде де, уақыт бойынша да бірқалыпты таралады. Халқымыздың өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында 80%-і шоғырланған.Соның ішінде еліміздің су қорларының 14% -і Батыс және Оңтүстік өлкелерде орналасқан. Өте дамыған өлкелерде тұрғын басына жылына 3000 м3 су ағыны сәйкес. Көптеген өзендерде қыста су тасу, тасқын мерзімдегі су ағыны, жалпы жылдық су ағының мөлшері 50-90% құрайды.
Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, қалаларда 100 %-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100%-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету. Су айдындарына ағызу кезінде қалалардағы нормативтік тазаланған судың деңгейін 100%-ға дейін жеткізу. Әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі мамандандырылған пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарын құру. Жеке капиталдың қатысуымен сумен жабдықтаудың және су бұрудың пайдалану кәсіпорындарының, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде санын 20 бірлікке дейін арттыру.
Суды есептеу аспаптарымен: қалаларда - 100% және ауылдық елді мекендерде - 80% қамту. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезде Қазақстанда шығарылған бұйымдар мен технологияларды пайдалану үлесін 60%-ға жеткізу. 3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету. Қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су құбырлар үшін 15 кен орнын толық барлау.
86 қала мен 6943 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын мониторинг жүйесімен қамту.
Гидрология және жаңа ғылымның саласы, яғни ағынды реттеу мен қолдану теориясы әр түрлі гидротехникалық және су шаруашылық шаралардың ғылыми, су шаруашылық дәлелдеуде маңызды орын алады.
Ағынды реттеу дегеніміз – су жинағыштың бетіне судың құйылуын салыстырғанда, өзен ағынын жеке мерзімдерде үлкеюін немесе кішіреюін білдіретін, жармадағы өзен ағынының көлемін реттеу.
Ағынды реттеу мына жолдармен іске асады: су қоймаларын құру, басқа бассейндерден ағынды аудару, қарды ұстап тұру, орман жолдарын құру және басқа да шаралар арқылы. Су қоймаларының құрылуы су ресурстарын рационалды қолдануын қамтамасыз етеді. Ағынды реттеу мен су қоймалары көптеген халық тұрмысының мәселелерін шешіп береді.
Су
ағынын реттеуді қамтамасыз ету үшін
ағын көлемінің реттеуінің мерзімін
алғанда су қоймадағы су беру көлеміне
сол мерзім кезіндегі су шығынын
қосқандағыдан артық болу керек.
1
Гидрология және ағынды реттеу
туралы жалпы мәліметтер
Гидрология - екі грек сөзінің (гидро - су, логос - ғылым, ілім) қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді. Гидрология жердің және су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады. Гидрология пәнінің көмегімен келесі су объектілері мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, мұздықтар, топырақ және жер асты сулары зерттеледі. Су - зат алмасу мен ағзалар дамуы өтетін негізгі орта. Адамзаттың өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Су - физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу объектісі.
Гидрология ең алдымен метеорологиямен, яғни атмосфера және ондағы өтіп жатқан процестерді, оның ылғал айналымы мен судың булануын зерттейтін бөлімдерімен өте тығыз байланысты. Су қабығы мен жер қыртысының өзара байланысты жер бетінің тікелей судың әсерінен қалыптасатынынан айқын көрінеді. Ал жер бедері өз кезегінде су ағыстарының пайда болуына үлкен әсер етеді. Сондықтан гидрология пәнінің геоморфология, яғни жер бедерінің қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласымен көп ортақтығы бар.
Гидрология келесі бөлімдерден тұрады: Құрғақтағы гидрология және инженерлік гидрология.
Ағынды реттеу дегеніміз – табиғи және ағынды судың көлемін белгілі бір уақыт мерзімі ішінде бөліп тарату.
Ағынды реттеуді табиғи және табиғи емес деп бөлуге болады. Курстық жұмыстың бірінші бөлігінде 3 параметрдің арасында үш жағдайда қарастырдық: