Туристік қызмет және оның функциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:51, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Содержание

Кіріспе 3

І. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туристік қызметтің мәні және түрлері 5
1.2 Туристік қызмет сапасының орны мен рөлі 8
1.3 Туристік қызметтің шетел тәжірибесі 11

ІІ. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Астана қаласы бойынша туристік қызмет көрсету сапасын талдау 14
2.2 Туристік қызметтің әлеуметтік функциялары 18
2.3 Туристік қызмет сапасын маркетингтік зерттеу 22

ІІІ. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдары 25
3.2 «ҚР Транслайн» туристік фирмасының қызмет көрсету сапасын жетілдіру моделі 27

Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

Работа содержит 1 файл

Туристтік қызмет және оның әлеуметтік функциялары.doc

— 361.50 Кб (Скачать)

   Туристік  қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен және туристік фирмалармен, сондай-ақ қонақ үйлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 2008 жылы 6234,1 млн. теңге құрады. Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен және туристік фирмалармен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 1099,2 млн. теңге, оның ішінде турдың бағасына кірмейтін визалық және экскурсиялық қызмет көрсету көлемі 19,9 млн. теңге, орындарды сақтап қою бойынша қызмет көрсету көлемі 1078,3 млн. теңге құрады.  

   Кесте – 1,    2009 жылы ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі,

   (мың  теңге) 

Көрс/р   соның ішінде:
барлығы туристік фирмалармен туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер- лермен орналастыру нысандары-мен келушілерді орналастыру-мен  айналысатын жеке кәсіп-керлермен
 Астана қаласы 6234068,0 1092473,7 6745,7 4760601,6 374247,0
 Алматы ауданы 3990546,4 47788,2 - 3693478,2 249280,0
Сарыарқаауданы 2243521,6 1044685,5 6745,7 1067123,4 124967,0
 

   2009 жылы ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі

   Қонақ үй кешені құрылымы – туризмді дамытудың  маңызды шарты.

   Алдыңғы жылы халықаралық туризм 84094 келу көрсеткішін, ұлттық – 287335 келу көрсеткішін, ел ішіндегі туризм – 256204 келу көрсеткішін құрады.

   Сараптама жүргізілген кезеңде Астанаға 52 963 шетел азаматы келген. Бұл 2006 жылғы деңгейден 1,7 есеге жоғары екенін атап өту керек. Заңды тұлғаларға қатысты туристук фирмалармен және қонақ үйлермен ТМД елдерінен келген 12 933 адамға қызмет көрсетілді. Ол 2007 жылдың сәйкес көрсеткішінен 9,4 %-ға асып түседі.

   Келгендердің  едәуір үлесін Ресейден (78,4 %), Украинадан (6,3 %), Өзбекстаннан (3,5 %) келген азаматтар құрайды.

   ТМД елдері бойынша келген туристердің алдынғы сапында Ресей, ал соңында Түркменстан тұр.  

   Кесте – 2,  ТМД елдерінен келген туристер саны, (адам)

   Мемлекеттер    Жылдар 2008 жыл %-бен

2007жылға

ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %
   2008    2009 2007 жыл 2008жыл
   Барлығы    11826    12933    109,4    100    100
   Әзірбайжан     50    246    4,9 есе    0,4    1,9
   Армения    17    200    11,8 есе    0,1    1,5
   Белорусь     181    214    118,2    1,5    1,7
   Грузия    175    241    137,7    1,5    1,9
   Қырғызстан    178    337    1,9 есе    1,5    2,6
   Молдова    28    91    3,3 есе    0,2    0,7
   Ресей    10253    10144    98,9    86,7    78,4
   Тәжікстан    91    154    1,7 есе    0,8    1,2
   Түркменстан    8    38    4,8 есе    0,1    0,3
   Украина    471    810    1,7 есе    4,0    6,3
   Өзбекстан    374    458    122,5    3,2    3,5
 

    Заңды тұлғаларға қатысты туристік фирмалармен  және қонақ үйлермен ТМД-дан тыс  елдерден келген 34 825 адамға немес шетел туристерінің жалпы санының 36,8 %-на қызмет көрсетілді. Әдеттегідей, 2009 жылда да келушілер саны бойынша Түркия, АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания елдері алдыңғы орындарда.    

    Көптеген  туристер – бейрезиденттер өз саяхатына  әуе көлігін пайдаланады. Олардың үлесі - 99,8 %. Темір жол көлігімен тасымалданғаны – 0,2 %. Елден сыртқа шығатын туристер – резиденттердің 94,8 %-ы ұшақты пайдаланғанды жөн көрсе, қалған - 4,2 %-ы темір жол көлігін және 0,1 %-ы халықаралық автобустарды пайдаланады. Ішкі туризмде әуе көлігінің қызметтерін – 29,4 %, халықаралық автобустардың – 51,8 %, темір жол көлігін – 18,6 %, басқа да жер көлік қатынастарын – 0,2 % пайдаланған.

    Ішкі  туризм – келу туризмінің келешектік және жоғары пайдалы сараланымының  бірі болып табылады. Астанаға әр түрлі  көрмелерге, конгресстерге, конференцияларға және басқа да шараларға қатысу мақсатында, яғни, демалу емес, тек іс мақсатында 52,1 мыңнан аса адам келген. Бұл келу туризмінің жалпы келу санының 98,4 %-ы деген ұғым.

   Қаламызға келетін туристер бір жолғы сыйымдылығы 3305 төсек-орны мен 2069 нөмірі бар 84 қонақ үйлерінде орналастырылған, олардың ішінде үш-бес жұлдызды қонақ үйлер санатына жататын әрі жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мейманханаларды атап айтуға болады. Олар: «Интерконтиненталь - Астана» - 5 жұлдызды, «Президент отель RIXOC» - 5 жұлдызды, «Комфорт-отель-Астана» - 4 жұлдызды, «Гранд-парк Есіл» - 4 жұлдызды, «Сұңқар» - 3 жұлдызды, «Эверест» - 3 жұлдызды, «Каспий» - 3 жұлдызды.

    Қаланың іскерлік белсенділігінің өсуі қонақ  үйдің жалпы толықтырылуының көбеюімен сипатталады: 1998 жылы шамамен 29 мың адам, 1999 жылы – 50 мың адам, 2000 жылы - 83 мың адам, 2007 жылы – 150,0 мың адам, 2008 жылы – 254,1 мың адам қалалық қонақ үйлердің қызметтерін пайдаланды.

    2007 жылы қала қонақ үйлерінде қызмет көрсетілген адамдардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көбейді.

    Астанадағы  қонақ үйлер жұмысының негізгі  көрсеткіштері – Алматы ауданының  үлесі зор.

    Туристік  қызмет көрсетуде негізгі үлес салмақ (82,7 %) жеке меншік қонақ үйлеріне тиесілі, туристердің 2,2 %-на мемлекеттік, қалғандарына бірлескен және шетелдік кәсіпорындары қызмет көрсеткен.

    Алдыңғы жылы Астананың 31 131 турисі шет елге шықты. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 98,2 %-ды құрады. ТМД елдерінен тыс мемлекеттерге шыққан қазақстандықтардың 88,4 % - Қытай, БАЭ және Түркия елдерінің үлесіне тиеді. Бұрынғыдай, 2008 жылы шығудың негізгі үлесін шоп-турлар (Қытай, БАЭ, Түркия) құрайды.

    Туризмді  дамыту бойынша кейінгі шаралар  туристік бизнес субьектілерінің санын  едәуір көбейтуге мүмкіндік береді. Қалада туризмнің қазіргі инфрақұрылымының дамуына қолайлы жағдайлар жасалған.

    2.2 Туристік қызметтің әлеуметтік функциялары 

    Туристік  қызметтің әлеуметтік функциялары тұтынушының өзіндік ерекшелігі, туристік қызметтің сапасын бағалаудың субъективтілігімен қорытындыланады, өйткені оған сыртқы факторлар үлкен ықпал етеді: мысалы, топтар мүшелері, жергілікті халық және т.б.

    Туристік  қызметті өндірушілердің өзіндік ерешелігіне, әртүрлі мақсаттары бар, туристік қызметтің  қарапайым құрамаларының көпбейінділігін жатқызуға болады. Осыған байланысты туризмнің барлық құрылымдық бөлімшелерінде жоспарлы үйлестіру қажетті.

    Өндірістің  ерекшеліктерін және туристік өнімнің  өткізілімін ескере отырып, туризмдегі маркетингтің келесідей негізгі  ерекшеліктерін ұсынуға болады:

    -туристік  қызметке сұраным тұрақты өседі,  сондықтан туристік маркетингтің  негізгі міндеті сұранысты жоғарылату  емес, ал сұранысты басқару және  оны өз уақытында қажетті бағытқа  қайта бағдарлау;

    -тапсырыскерлерге  қатысты сенімді және факторлық ақпараттық саясат;

    -мерзім  аралық кезеңдегі туристік қызметтің  диверсификациясы мен  экспансиясының  тиімділігі;

    -тұтынушының психологиялық, рухтық–эмоционалдық аспектілерін ескеру және зерттеу;

    -қызмет  көрсету рыногінің барлық қатысушыларының  маркетингілік зерттеулерінің өзара байланысы, координациясы және реттелуі.

    Біздің  пікірімізше, туристік қызметтер сұранымының  ерекшеліктері мен ұсыныстарына талдау жүргізу тиімді. Туризмдегі сұранымды нақты және әлуетті  деп бөледі. Нақты сұраныс осы  уақыттағы ұсынылған туристік қызметтердің санымен (мөлшерімен) анықталады.

    Әлуеттік  сұранымның көлемі саяхаттағысы келетін  тұтынушылар мөлшерімен (санымен) анықталады. Туризм бойынша маркетологтар, әлуетті  және нақты сұранымдар арасындағы сандық айырмашылықты жоюға,  күш жұмсауы керек.

    Туристік  сұранымға факторлардың екі түрі ықпал етеді: жалпы экономикалық және әлеуметтік демографиялық.

    Жалпы экономикалық фактордың элементтерінің бірі, сатып алу қабілеттілігімен көрсетілетін, қоғамның әл – ауқаты болып табылады.

    Сол, жан басына шаққандағы пайданың өзгерісі шоп – турлардың ұйымдасуына және қалыптасуына, рекреациялық және ішкі туризмге сұранымның төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар құлдырау беталысына, кейбір туристік фирмалардың өндірісті әртүрлі тұтыну бойынша саралай бастағанына қарамастан.

    Туристік  сұранымның қалыптасуына демографиялық  факторлар өте маңызды ықпал  көрсетеді.

    Туристік  индустрия үшін маңызды болатын  мәселе, жас құрылымының өзгеруі, яғни «демографиялық саңырауқұлақтың» түзілуіне беталыстың пайда болуы.

    2008 жылы республикада ересек жастағылар санының артуы байқалады, мысалы 1998 жылдан 2008 жылға дейін жоғарылау 9 % құрады, ал жас бала, жас өспірім және еңбекке қабілетті жастардағы жұртшылық саны 7,2 %       (19, с 23) төмендеді. Ересек ұрпақ стереотипі өзгерді, олар дербес, егде тартқан адамдарға айналды және белсенді уақыт өткізуге ұмтылады. Осыған байланысты туризм үшін егде жастағы топтардың келешектегі өсуде.

    Туристік  сұранымға ықпал ететін демографиялық  факторлар арасында, жанұялардың  құрылымдық өзгерісі өте маңызды ықпал көрсетеді. Қазақстанда 2008 жылы некеге тұрғандар саны 1998 жылмен салыстырғанда 20,3 % төмендеді, яғни  1/3, ажырасулар саны 43,7 мыңнан (1998 жылғы) 37 мыңға дейін (2008 жылы) төмендеді, бала туу 1/3 төмендеді. Жанұясыз жастардың – «жалғыздар» – санының арту беталысы байқалады. “Жалғыздарға”, заң бойынша, білімнің жоғары деңгейі, жайлылық пен демалысқа жоғары талаптар қою, дербестік сипатты. Жанұялық және балалар туризміне сұраным тұрақты болып қалады.

    Туризмге  сұранымды анықтау кезінде, біз ерекше мәнді, бос уақыт факторына береміз. Бос уақыттың жыл сайынғы көлемі жуық шамамен сергу уақытының 25 % құрайды, оның ішінде 6 % - жұмыс күндеріндегі бос уақыт, 11,5 % - демалыс және мерекелік күндердегі бос уақыттар, 7,5 % - еңбек демалысының уақыты. Сонымен қатар айта кету керек, 1998 жылдан бастап жұмыссыздықтың арқасында бос уақыт өсті. 2008 жылы жұмыссыздықтың біртіндеп өсу динамикасы байқалады.

    2009 жылдың наурыз айының аяғында,  жұмыспен қамтамасыздандыру қызметінде  жұмыссыздар тізіміндегілердің саны 241,5 мың адамды құрады. Дегенмен туризмді дамытуда жұмыссыздықтың өсуі ықпал еткен жоқ, өйткені пайданың жоғары деңгейі туралы сөз болуы мүмкін емес еді – Қазақстан Республикасында жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы минимал тұтыну-шылық қоржынына жетпейді. Осымен бірмезгілде жұмыс күні мен аптасының ұзақтығы қысқарады. Статистикалық мәліметтер бойынша 2008 жылдың 1 сәуіріне республикада әртүрлі экономикалық себептермен 558 кәсіпорын (жұмысшыларының саны  53,6 мың адам) толығымен тоқтап қалды, 863 кәсіпорын – жартылай тоқтады, 350 кәсіпорын – толық емес жұмыс уақыты режиміне өтті. Мәжбүрлі демалыста 133,9 мың жұмысшы болды, олардың ішінде осы кезеңде ешқандай материалдық көмекақы алмағаны 104,4 мың адам немесе мәжбүрлі демалыстағылардың 78 %.

Информация о работе Туристік қызмет және оның функциялары