Шпаргалка по "География"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:19, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит 50 ответов на вопросы по дисциплине "География"

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.docx

— 145.98 Кб (Скачать)

Қырғызстандағы 2010 жылдың сәуір және шілде айларындағы  оқиғаларға алғашқылардың бірі болып  назар аударған ШЫҰ болған еді, өйткені  Қырғыз елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі шиеленістік  жағдайлардың бүкіл Орталық Азия аймағы үшін дағдарыстық салдарлары болуы мүмкін болатын. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің  бірлескен күш-жігері арқасында  бұл елдегі тұрақсыздану жағдайы  тоқтатылып, ел ішіндегі азаматтық қарсы тұрушылықтың алдын-алуға қол жеткізілді.Осылайша, Еуразия құрылығының орталығындағы күрелі жағдайдың қалыптасуын есепке ала отырып, Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде аймақтық және жаһандық тұрақтылықтың нығаюына бірінші кезектік мән береді. Бұл мәселеде Ұйымның БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИКҰ, НАТО, ҰҚКҰ және де басқа да халықаралық интеграциялық құрылымдармен өзара тығыз әрекеттестік орнатуы маңызды рол атқарады.Үстіміздегі жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ мүше-елдері басшыларының 10-шы мерейтойлық басқосуын өткізу жоспары Қазақстанның әлемдік саясаттың субъектісі ретіндегі ролінің артқанын білдіретіндігін атап өтуге болады.Бұдан басқа, 2011 жылдың жазында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық еті мандатын қабылдап алады. Бұл жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылмдарының бірі – ЕҚЫҰ-на өрағалық етудің белсенді кезеңін бастан өткерген қазақстандық дипломатияның ИКҰ басшылық ету барысында «өркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болады.Осы жерде айта кететін тағы бір маңызды мәселе – қазақстандық басшылықтың соңғы жылдарда жүргізіп келе жатқан өркениеттер мен діндер арасындағы пікіралмасуды тереңдету мен дамыту саясаты аса маңызды сыртқы саяси қарекет екендігі. Қазақстан 2003, 2006 және 2009 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» үш съезін өткізген болатын.Өткен съездер барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша өркениетаралық және дінаралық қатынастардың барынша өзекті мәселелері талқыланды. Бұл форумдардың негізгі мақсаты әлемдік діндердің өзара бейбіт дамуы және де діндер диалогын жүзеге асырып, бірлескен шешімдер қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезi 2012 жылды Астана қаласында өткізу жоспарланған.

50, Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын анықтап көрсетіңіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты    

 ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің  ішкі саясатының негізгі бағыттарының  бірі әлеуметтік саясат болуы  керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік  саясаттың басым міндеттері қоғамдық  өмірде белгілі бір деңгейде  теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің  әлеуметтік саясатының ең негізгі басым  бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі  туындады. Әлеуметтік саясат аясында  халықты, оның ішінде көмекке аса  мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар  әлеуметтік қорғалады.   

 Қазақстан Республикасы  Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен [10].  Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау –  бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» [11].      

 Әлеуметтік саясатты жүргізудің  негізгі мынадай принциптері  бар: баға көтерілгенде компенсацияның  түрлі формаларын енгізіп және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.

Қазақстан Республикасының  халықты әлеуметтік қорғау жүйесі   

 Халықты әлеуметтік қорғау  мәселесін әр мелекет өзінің  әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996  жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты.  2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

  • базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.
  • міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.
  • қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.

 

     Осының  аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.    

 Қоғамның тағы да бір әлжуаз  таптарына арналған мемлекет  тарапынан жасалынатын қолдаулар  жүйесі көрсетілген «Мемлекеттік  атаулы көмек туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды.  Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4  түрін қамтиды:

  • тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • кедейлік шегіне дейінгі жандарға қаржылай көмек көрсету;
  • 4  балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға көмек;
  • үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек-балаларға [12]. 

 

     БҰҰ  ның мәліметінше дүние жүзінде  халықтың он пайызы, яғни алты  жүз миллионнан астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш төрт жүз мың адам, яғни халықтың үш пайызын құрап отыр. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау туралы» ҚР Заңы, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы және тағы басқа заңнамалық құжаттар мүгедек жандарға қолдаулар көрсетеді. . Осындай заңнамалар бойынша  мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек – балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі [13].   Әлеуметтік саясаттың негізін салушылардың бірі Питирим Сорокин  «Ғылым деген не деген » кітабында «Әлеуметтік саясат – әлеуметтік медицина» деген екен. Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, қорғауда кейбір өзекті мәселелер бар. Мәселен Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез – ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо – тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру, емдеу шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар толыққанды жасалынуына бақылауды күшейту керек. Сонымен бірге мүгедектіктің алдын алу, еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және ақпараттық ортаға тиісінше қол жеткізу мәселелерін өз шеңберінде жүзеге асыру тым өзекті мәселе болып табылады. Мәселен заң бойынша мүгедек жандарды жұмысқа алуы тиіс болса да, кейбір ұйым, мекеме басшылары  физиологиялық кемшілігіне байланысты мамандықтың кәсіби иесі болған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдамай жатады.

 


Информация о работе Шпаргалка по "География"