Шпаргалка по "География"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:19, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит 50 ответов на вопросы по дисциплине "География"

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.docx

— 145.98 Кб (Скачать)

1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні «Саясаттану» - саясат жайлы ғылым. Бұл термин гректің екі сөзінін құралған: «Политика»  және «Логос», яғни саясат жайлы ғылым . Саясаттану- бұл өз алдына дербес ғылым. Оның объектісін- қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Қоғамның саяси саласын саясаттану ғана зерттемейді. Онымен философия да, социология да, право да, тарих және т.б. ғылымдар да айналысады. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар саласы мынадай: саяси тарих- саяси жүйенің өткенін зерттейді, саяси ой- тарихтаға атақты ойшылдардың саясат жөнінде, саясаттану жүйесі жөніндегі идеяларын, концепцияларын зерттеуі, саяси философия- философиялық тәсілдерді мемлекет тұрғысынан, саяси өмірді басқару түрлерін зерттеуге пайдалану, саяси социология- саясаттың қоғам өміріне ықпалын, саясатпен қоғамдағы саяси институттардың ара қатынасын зерттеу. Саясаттанудың ерекшелігі саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын өмірге керектігін, заңдылықтарын айқындап беретіндігінде. Сонымен саясат дегеніміз- өздерінің мүддесін жүзеге асыруға, қорғауға және саяси билікті қолына алуға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, таптар, ұлттар, адамдардың үлкен топтарының арасындағы қатынастар болып шығады. Сонымен бірге саясат- мемлекет істері, оның қызметінің формалары,міндеттері мен мазмұны. Саясат- тарихи мағанада әкімдердің және оның маңындағылардың ісі, ойы, мақсаты, саясат кәдімгі ұғыныста адамдардың арасындағы қатынастарда күнделікті жүргізілетін жұмыс. Саясат- мемлекеттік немесе қоғамдық өмірдің мәселелері мен ағымдағы істердің жиынтығы. Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен,көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің нег.қызметі-басқаруды атқарады, яғни саясат адам-ң тіршілік әректінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни, дінмен, моральмен, өнермен, ғылыммен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мемл.билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғам-ң саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.Ол адамзаттың демократ-қ қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адам-ң саяс-құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяи идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлау-ң мәні, қазіргі дүниежүзілік даму-ң қозғаушы күш-рі туралы түсінік береді. Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстар-ң өзара ұқсастығы б/ша болашаққа болжам жасайды.

 

2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары. Парадигма- қазіргі таңдағы ғылым методологиясындағы негізгі ұғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшелігін көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды. Теологиялық парадигма-(гр. Тео-құдай, logos-ілім) саясаттың және оның проблемеларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктердің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімінің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді. Натуралистік парадигма- мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алды. Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіріледі. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайлықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге алды.

3. Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні .ортағасырлық саяси ойлар. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ғалымдар көп. Олар: Платон, Аристотель. Платон б.з.б. 424-347 ж.ж өмір сүрген.Шын аты Аристокс. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Платонның екі жүздей еңбектері бар: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» және т.б. Оның ойынша мемлекет адамдарын алаламай нәсіліне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамай бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.Ол адамдарды үлкен үш әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер 2)қорғаушылар 3) өндірушілер. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды (жасы елуден кем емес). Бір таптан екінші тапқа өтуге болмайды. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, алигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішіндегі ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері адамгершілік, абырой, ар намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой пікірлерін одан әрі дамытқан, ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б 384-322) болды. Ол Афиныда бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Сондықтан Аристотель саясаттанудың «әкесі» саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинының политигі», «Этика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Ол құл иеленушілікті қолдады, құлждар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет қоғамның дамыған түрі, ал қоғам отбасының дамыған түрі болып табылады.  Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, алигархия және демократияны бұрыс мемлекеттің түріне  жатқызды. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлады, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Аристотель Платон айтқандай қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады.

Ортағасырлық  саяси ойлар. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орнымен ерекше. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңген Аврелий Августин еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Ол барлық әлеуметтік, мемл. және заңдары адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни оның өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге құқы бар. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Феодализм Батыс Еурапада 1000 жылдан артық созылды. Рухани өмірде дін үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврерий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізі қағидалары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Ол барлық әлеуметтік, мемл. және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәнің нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни   оның өз бетімен немесе (Құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер) христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Еңбектері: «Билеушілерді басқару туралы», «Теологияның жиынтығы». Ол өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімделгісі келді. Жалғыз адам өз мұрқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірге өмір сүру керек. Фоманың ойынша, билік Құдайдың құдіретімен орнайды. Патшалық билік діни билікке бағынуы тиіс деп пайымдады. Никколо Макиавелли (1469-1527) шығармалары: «Патша», «Флоренцияның тарихы» және т.б. Макиавелли діни көзқараста болды. Шындық белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет деген атауды ғылымға бірінші боп кіргізді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.

4.қайта өрлеу дәуірінің саяси  ойлары

"Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері 
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар. 
Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу. 
Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу. 
Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау. 
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы. 
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы. 
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм. 
Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу. 
Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету. 
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші. 
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. 
"Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған. 
Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады. 

 

5. Жаңа дәуірінің саяси теориялары.  Жаңа дәуірі XVII ғасырға Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс. Ол мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек дейді. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, бүкіл билікті мемлекетке береді. Францияда буржуазиялық революция өкілі Шарль Луи Монтескье әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деіді. Франция ойшылы Жан Жак Руссо ұзағ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Американдық Томас Джефферсон «АҚШ»-тың Тәуелсіздік деклорацияын жазған. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Жаратушы адамдарды тең қып жаратты, олардың бостандық пен бақытқа тырысуына құқығы бар. Келесі ойшыл- Томас Пейн. Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Ол соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.

 

6,  Саяси билік: ұғымы мен структурасы. Саяси билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:

  1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
  2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адасдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
  3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлы-зомбылық, күштеу сияқты) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
  4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынасытң ерекше түрі деп ұғады.
  5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеліністі шешудің құралы деп түсіндіреді.
  6. Функционалдық анықтама бойынша билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік функция болып табылады.

 

7,.Әлеуметтік топтар саясаттың субъекттері мен объектілері ретінде.  Әлеуметтік топтар саясаттың субъектісі мен объектісі ретінде саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, топтар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Тұлға- қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағы танып-білуші жеке адамды айтады.       Субъект-белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект-субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқаша айтқанда, объект- зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне, саясат, саясат желісі жатады. Саясаттың субъектісі- өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әретіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъетісіің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және тағы басқа қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылыжасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас суъектісі-адам болатыны сондықтан. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, топқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайымен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың және т.б өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.

8, Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.[1«Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. ХVІІІ ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.Конфуций адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші – философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.«Элита » терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). «Жалпыға бірдей социология трактатында» (1916) ол «элиталардың айналу» теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идея мен жаңа элита билік басына келеді.

9,саяси  лидерлік түсініг түрлері қызыметтері

Қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті  тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады.

 

10.Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы мен қызметтері Қоғамның саяси жүйесі деп билік  жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды.  2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б.  Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.  4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.

Информация о работе Шпаргалка по "География"