Шпаргалка по "География"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:19, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит 50 ответов на вопросы по дисциплине "География"

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.docx

— 145.98 Кб (Скачать)

24. Партиялық жүйелер түсінігі және түрлері

Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты. Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партияны бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды. АҚШ, Англия, Канада және т.б. бірқатар елдерде анағұрлым ықпалды екі партия бар партиялық жүйе қалыптасқан. Авторитарлы саяси тәртіпке әдетте бірпартиялық принцип тән. Мұнда елдегі заңды жағдайдағы партиялардың ресми саны емес, бір партияның занды түрде билеуші үстем партия болып бекітілуінде. Ӏс жүзінде бұл партияның рөлі мемлекет жетекшілігіне бұқаралық қолдауды ұйымдастырумен шектеледі. Бірқатар авторитарлық тәртіптер ресми мойындалған нақтылы екі немесе одан да көп партияларға рұқсат беріп, қалғандарына тыйым салады. Бірақ осы жағдайда рұқсат етілген партиялардың қызметі едәуір шектеледі. Саяси өмірде олар қосалқы рөл атқарады, өйткені шынайы мемлекеттік саясатқа ықпал ете алмайды. Тоталитарлық саяси тәртіпке өзіндік партиялық жүйе тән. Мұнда тек қана бір саяси партия қызмет етеді, қалғандары таратылып, тыйым салынады. Алайда, авторитарлыққа қарағанда бұл саяси партия мемлекеттік биліктің басында түрады, қоғамда үстемдік етеді. Пар¬тияның аппараты мемлекеттік аппаратпен біте қайнасып жатады. Бұл, әдетте партиялық және мемлеттік қызмет шекарасының шайылуына әкеліп соқтырады. Мұндай жүйелердің пайда болуына билікті жүзеге асырудың демократиялық әдістерінің дағдарысы себеп болады. Қазіргі кезде мұндай жүйелер халықаралық қауымдастық алдында және сол қоғам пікірінде өздерін әшкерелеген құрылымдар ретінде саяси сахнадан шығып қалуда

Екі партиялық жүйе - басым көпшілігінде англо-саксондық елдерде кең өріс алған, екі партиялық ұйымның алма-кезек жоғары билікте бірін-бірі алмастыруы. Мұндай жүйелерде басқа партияларға тыйым салынбайды, бірақ тек екеуі ғана билікке келуге қабілетті. Бипартизм тікелей дауыс беру арқылы сайланатын екі партияның біреуіне өзінен-өзі парламенттегі басым орынды иемденуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде парламенттік басқару тәртібінде үкіметтің тұрақтылығын кепілдендіріп, мемлекеттің "басқармалығын" арттырады

25. Саяси әлеуметтену: анықтамасы, кезеңдері, факторлары

Адамдар туғанынан  саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси  білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси  мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси  әлеуметтену дейді.  
«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. 
Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады. 
Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілікіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға, ХХғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал – шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды. 
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: 
• Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; 
• Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; 
• Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту. 
Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.  
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу пр

оцесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында  адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

26. Әлемдік саяси идеология мәні және түрлері

27. Саяси  жанжалдар және олардың қоғам  өміріндегі ролі

Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы  белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. 
28. Саяси даму және модернизацияСаяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің теориялық түрғыдан шешілуі. Саяси даму мәселесі Ф.Теннис, М.Вебер, Т.Парсонс сияқты зерттеушілер еңбектерінде дамытылған. Саяси даму саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту процесі ретінде қарастырылды. Дәстүрлі қоғам қарапайым өндіріске негізделген аграрлы, жабық әлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке мәртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тән қоғам ретінде сипатталды. Ал қазіргі кезендегі қоғам ашық әлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі.Қазіргі саясаттану ғылымында саяси құрылым, ережелер мен институттар қаншалықты жаңа әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа да мәселелерді шешуге жылдам, әрі икемді қимылдаса, соған байланысты саяси даму қарастырылып жүр.Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеуұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет

29. Геосаясаттың теориялық негіздеріГеосаясат түсінігі. 
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды. 
Мистикалық-нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет «геосаясат» ұғымын қолданды «Геосаясаттың» түп атасы — немiс географы Ратцель. Оның ұлт тарихы «лебенераумға» — өмiр сүру кеңiстiгiне қарай қалыптасады дейтiн идеясын кейiн доктор Карл Хаусхофер дамытып, осы негiзде Мюнхен университетi жанынан Геосаясат институтын құрған (институт «Туле ложасының» жариядағы ресми бүркемесi, ал Хаусхофер ложаның көрнектi мүшесi едi). Доктор герман жастарын бағзыда арий нәсiлi мекендеген Азияға баруға үндедi. Хаусхофер тевтондық «Дранг нах Остен» (Шығысты, славян жерiн басып алу) ұранын көтердi деген сөз, тегiнде, кейiнгi антифашистiк насихаттың жанынан шығарып жүргенi. Байқағанға, Туле мүшелерi алғашқыда немiстер Шығысқа, Азия жерiне ағылшындармен күш бiрiктiрiп баруы керек деп есептеген. Сол себептi нацистер басында Англияны әлемдiк держава ретiндегi қуатынан айырмауды құнттады. Егер Англия немiстiң Орталық Еуропадағы ықпалының күшеюiне кедергi келтiрмесе, немiстер ағылшындардың Үндiстан беттегi қимылына бөгет жасамауға мақұл едi. Кейiнiрек Хаусхофердiң бел шәкiртi Рудольф Гесс жасаған жоспар бойынша Германия Польша мен Обь аралығына, ағылшындар Обь — Лена аралығына, американдар Лена мен Охот теңiзi аралығына иелiк етуi тиiс едi. Бұл жоспарда Орта Азия аймағы жоқ. Ол заман ағылшындар Үндiстан пен Ауғанстанды тұтымында ұстағаны мәлiм, демек кейiн сөз жүзiнде өзiн өзi дербес басқарады делiнген Тұтас Тұранды (Гросстүркiстан) геосаясат тiлiнде Орталық Азия деп аталған зор аумаққа ағылшын ықпалымен кiргiзу жоспарланғанын көремiз. Ұлыбритания Германияға соғыс жарияламай тұрып, 1939 жылы Герман Геринг фюрерге Англияға «қонақ» болып ұшып барғысы келетiнiн бiлдiредi. Гитлер негiзiнде қарсы болмаған. Бiрақ кейiн Герингтiң орнына Гесс ұшты. Хаусхофер жоспары сонда ғана белгiлi болды. Бiрақ бұл кезде нацистер Англияға басып кiру үшiн жасалған «Теңiз арыстаны» жоспарынан айнып, КСРО-ға шабуыл жасаудың «Барбаросса» жоспарына кiрiсiп кеткен едi.  
Қайбір тәуелсіз мемлекет өзінің дүниеге келуімен бірге саяси дүниеден өзінің орнын ала отырып, айналасымен қарым-қатынастық ауан дәйектейтіні бар. Саяси айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі болғандықтан, оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан бұл жайт Қазақстан жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар. Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген жөн: 
- экономика жағынан еброазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл; 
- географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс, оңтұс-солтұс көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә; 
- этнодемографиялық жағынан – түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді; 
- діни сенімі жағынан – дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет. 
Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырдан бастап сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн. 
Қазір саясат әлемінде геосаясат деген ұғымның пайда болғаны белгілі. Бұл саясаттанушылар мен тарихшылар және басқа да ғалымдар үңіле зерттеп, ден қойып отырған ғылыми сала десек те болады. Тақырыптың өзегі өміршең және ауқымды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар мен оқиғалар өзінің шынайы себеп-салдарының, оның орын алуының мәнісімен жан-жақты зерттеуді және әлем өңірлеріндегі өзіне тән, одан тыс ерекшеліктерді мұқият зерделеп, салыстыра қарап, ой топшылауға жетелеп отыр. Қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың да назарын аударған мәселеде соны ізденістер бар.  
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Секретариатының жауапты қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Шайхутдиновтің “Геосаясат, жаһанданушылық және ұлттық қауіпсіздіктің теориясы: әдіснамалық және қолданбалы аспектілері”, “Қазақстан және Ресей жаңа геосаясат түйістерінде”, “Геосаясат: тарих, теория, тәжірибе. І-том, Батыстың геосаясаты” деп аталатын үш бірдей кітабымен – ғылыми-зерттеу туындысымен және аталмыш институттың бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Мұрат Лаумулиннің “Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік геосаясатта. І-том, Орталық Азия мен Қазақстан қазіргі саясаттануда” деген кітабымен таныстырды.  
М.Шайхутдинов пен М.Лаумулин геосаясат үдерісі жағдайында көп айтылып, көп жазылып жүргенін еске сала келе, Қазақстанның әлемдегі орны, арғы-бергі тарихындағы және бүгінгі күнгі даму кезеңіндегі рөлі жайында шетелдік саясаттанушылардың көзқарастарын салғастыра қарау қажеттігін айтты. Бұл ғылыми еңбектерде әлемдік саясаттануды ой көкжиегінің аясында талдау, айқындау және тұжырым жасау тұстары барынша қамтылған. Сондықтан да бұл зерттеу кітаптарының құндылығы бірден көзге шалынды. Орыс тілінде жазылған еңбектердің қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жету қажеттілігі де ойға оралды.  
“Дөңгелек үстелге” қатысушы саясаттанушылар мен ғалымдар бұл ғылыми еңбектердің бағалы жақтарын атап өтіп, қазіргі геосаяси жағдай туралы өз ойларын ортаға салды

30. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызметСыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әр түрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіс-сөздер.

32. Қазақстан Республикасы –  демократиялық, зайырлы, құқықтық  және әлеуметтік мемлекет, Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ – Қазақстанды ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республикалық құрылыс, басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік немесе аралас) қарамастан, мемлекеттің жоғары органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. 
Сонымен қатар, домократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді

1-бап 
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. 
1.1 Республика — Қазақстан мемлекетін басқару нысаны болып табылады. «Респубпика» терминінің шығу тек халықпен байланысты. «Respublica est res popule» (халық, ісі). Республикада мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге халық саилаған өкілетті органдармен жоғары және жергілікті) жүзеге асырылады. Қазақстан президенттік республика болып табылады. 
Конституция ережесінде «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыруының» екі негізгі бастауы бар. 
1. Конституцияда «болып табылады» емес «орнықтырады» сөзінің қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекетті қалыптастырудың бастапқы кезеңінде екекдігі білдіріледі. 
2. Стратегиялық бағыт мынадай — Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолында дамуы тиіс. Демек, Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының конституциялық негізі қаланды. 
Заң тұрғысынан да, нақтылық тұрғысынан да Қазақстан халқы референдумда Республика Конституциясын қабылдай отырып, мемлекеттік биліктің құрылтайшысы ретінде әрекет етті. Конституция мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызметінің демократиллық принцилтерін орнықтырды. Президентті, Парламент Мәжілісінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттарын тікелей халық сайлайды. Халық референдум арқылы мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді шешуге қатысады. 
Қазақстан мемлекетінің демократиялығы халықтың жоғары саяси-құқықтық мәртебесінен ғана емес, адам мен азаматтың құқықтык, жағдайынан да көрінеді. Конституцияда бекітілген кең ауқымды демократиялық құқықтар мен бостандықтар азаматтарға сөз, ар-намыс еркіндігін пайдалануға, мемлекеттік органдардың істерін басқаруға қатысуға, қоғамдық бірлестіктер құруға және тағы басқаларына заңдық мүмкіндіктер береді. 
Құқықтар мен бостандықтар тек азаматтардың әртүрлі жеке мүдделері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін ғана берілмейді. Әртүрлі әлеуметтік, ұлттық, конфессиональдық, кәсіптік және басқа топтарға жататын азаматтар демократиялық құқықтары мен бостандықтарын пайдалана отырып, өздерінін, корпоративтік мүдделерін де білдіре және қанағаттандыра алады. Конституция демократиялық құқықтар мен бостандықтардың іске асырылуы үшін ұйымдық, саяси және зандық кепілдіктерді де қарастырған. 
Қазақстан Республикасының зайырлық сипатының бірқатар көріністері бар. Олар Конституцияда да, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңында көрсетілген. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Діндердің немесе діни бірлестіктердің ешқайсысы да бір біріне қатысты артықшылықтарды пайдаланбайды. Діни бірлестіктер қайсы бір мемлекеттік қызметті атқармайды, егер заңдарға қайшы келмесе, мемлекетте діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды. Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.

Информация о работе Шпаргалка по "География"