Шпаргалка по "География"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:19, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит 50 ответов на вопросы по дисциплине "География"

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.docx

— 145.98 Кб (Скачать)

Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын  факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың  шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген  қажеттілік, инфрақұрылымның төмен  дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау  бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі.

1997 жылдың басында Мәскеуде интеграциялық  комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының  сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік  сауда ұйымына кіру мәслесі  жөнінде жұмыс басындағы кеңес  болып өтті. Егер экономикалық  құбыластарды зерттейтін ғылымдардың  жиынтығын алып қарастырсақ, олар  бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді.

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы да өз бастауын экономикалық теориядан  алады. Халықаралық экономикалық қатынастардың  мәні, осы қатынастарды жүзеге асыру  тетіктерін талдап оқытады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекеленген елдердің салалық аймақтық шаруашылығының субьектілері.

Халықаралық экономикалық қатынастың қалыптасып орнығуы, оны өз заңдары, қызмет нысандары, ішкі тетіктері  бар дербес құбылысқа айналдырады.

Халықаралық экономикалық деңгейде оны жекелеген  елдер мен аймақтардың халықаралық  экономикалық белсенділігі мен шетелге  шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Макроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың күші нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік нарықтың кеңістіктеріне ұмтылыстары байқалады. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады.

Қазақстанда кәсіпкерлік басым мөлшерде халықаралық экономикалық қатынас негізінде дамуда. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын, оның қатарында шет ел кәсіпорындарымен біріккен түрлері. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдылық құқықтары бар дара шаруашылық суьектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып, өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.

Дүниежүзілік  тәжірибе негізінде кәсіпорындардың  әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға әрдайым заңды мәртебе беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады. Сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:

-   мемлекеттік кәсіпорын;толық жауапкершілікті серіктестік (толық серіктестік), аралас жауапкершілікті (араласа серіктестік), шектеулі жауапкершілікті (шектеулі серіктестік);акционерлік қоғам; ашық және жабық типтері.

Орын  алып келген мынадай түсініктер: шағын  кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды мәртебесін бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде оның ішінде, біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны ерекше. Неге десеңіз, ұлтаралық өзара тығыз қарым – қатынастар, әсіресе экономика саласында кең қанат жаюда. Соңғы қырық жылда дүниежүзі мемлекеттерінің халықаралық саудасы олардың жиынтық өнімімен салыстырғанда 7,5 есе өскен, ал 2000 – жыл басында дүниежүзінде өндірілген өнімнің 30 пайызы халықаралық саудаға түсетін болады.

43,Қазақстан Республикасының сыртқы  саясатының қалыптасуын, мақсаттарын,  міндеттерін, стратегияларын ашып  көрсетіңіз

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан  тәуелсіздік туралы Декларация  жариялады, сөйтіп дүниежүзілік  қоғамдастыққа енуге мүмкіндік  алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен  дипломатиялық қатынас орнатты.  Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің  арасында бірінші болып бауырлас  Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың  ортасына қарай республика тәуелсіздігін  жер шарының 30-дан астам елі  мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.1999 жылдың басына  қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті  танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық  қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан  шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық  және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам  шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі  жұмыс істейді. Республикамыздың  сыртқы саясат ведомствосы ұлттық  мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді  үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық  саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың  3-інде Қазақстан Республикасы  Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)  мүшесі болып қабылданды. Осы  жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты  күшейте отырып, алдыңғы қатарлы  өркениетті елдердің қатарына  қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында  ерекше назар аударатын мәселе  – ең жақын және ірі көрші  мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен  ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

44,Қазақстан Республикасының сыртқы  саясаты басымдықтарының қағидаларын анықтаңыз

Тәуелсіз мемлекет ретінде  Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды,Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды,

Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды  векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев  алғаш рет 1994 жылы наурызда Мәскеу мемлекеттiк  университетi қабырғасында Еуразия  одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастаманың нақты  жүзеге асуының мысалы ретінде бірнеше  мемлекетаралық құрылымдардың жұмыс  жасауын, оның ішінде ЕврАзЭҚ және соның  негізінде құрылған Қазақстан, ресей  және Белорусь елдерінің Кедендік одағын атауға болады.

Осылайша, Қазақстан бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жетті  деп сеніммен айтуға болады. Бұған  осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген  халықаралық бедел мен еліміздің  әлемдік танымалдығы мысал болады. Қазақстан әлемдік саясатта маңызды  рөл атқара бастады, және де Қазақстан  Республикасының кейбір бастамалары  да әлемдік қауымдастық тарапынан  қолдау тапты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында  Қазақстан Орталық Азия секілді  тұрақсыз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мемлекетке айналып келеді.

45, Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны мен рөлін айқындап көрсетіңіз 

Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі  жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында  айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа  мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып табылады.

Еліміз  өтпелі кезеңнің қиындықтарын абыроймен  жеңе отырып, өз дамуының жаңа деңгейіне  аяқ басты. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан  әлемдік қауымдастықтың жоғарғы  деңгейдегі халықаралық мойындауына  қол жеткізді.

Бүгiнгі  таңда Қазақстанның негізгі басымдықтары республиканың үдемелі экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуына қажетті  қолайлы сыртқы саяси жағдайды қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, геосаяси тұрғыдан алғанда Еуразия құрлығының орталығында орналасуы арқасында Қазақстан iс жүзiнде Шығыс пен Батыстың аралығындағы өзiндiк бір көпiрге айналды. Осы жағдай Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері мен мұсылман әлемі секілді ірі әлемдік және аймақтық державалар арасындағы күрделi геосаяси жағдайда сындарлы мүдделер теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық  басшылықтың маңызды шешiмдерiнiң  бiрi ретінде тек Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен қатар  жалпы әлемдік деңгейдегі қауiпсiздiктiң  тиімді жүйесiн қамтамасыз етуге  бағытталған өзінің айқын сыртқы саяси ұстанымын нақтылауы болды. Осы тұрғыда назар аударатын  бір жайт – Қазақстан өз тәуелсiздiгін  жариялағаннан кейін Кеңес одағының ядролық қару-жарақ қоймасы мен  жаппай қырып-жою қаруларының (ЖҚЖҚ) едәуір бөлігін мұрагерлікке алды. Осындай жағдайда жас мемлекеттің  алдында атом қаруын сақтай отырып, әлемдегі төртiншi ядролық держава  болу немесе кеудемсоқтықтан бас  тартып, ядросыз әлемге қадам басу секілді өте үлкен таңдау тұрды.

Президент Н. Назарбаевтың сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту  туралы шешiмі әлемдік қауымдастық  тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен  ядролық қарудан бас тарту  мен Семей ядролық полигонын  жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз  әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан  өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт – ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.

Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан  өзін халықаралық қатынастардың  маңызды мүшесі ретінде көрсете  білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші  интеграциялық құрылымдар мен әлемдік  қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң  экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың  халықаралық  мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара  әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі  кеңес шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды. Елбасының  Еуразиядағы бейбітшілікті сақтау мәселелері мен халықаралық қауіпсіздіктің кең белдеуін қалыптастыру жолындағы белсенді саясаты әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретіндегі жағымды беделінің қалыптасуына ықпал етті.

49,Орталық  Азияның аймақтық қауіпсіздігі (АӨСШК,  ШЫҰ) мәселесінің өзектілігін  айқындаңыз

Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан  астам азиялық ел мүше- мемлекеттер  ретінде кірсе, әлемнің түрлі  құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен  бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес  жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді  халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық  қауіпсіздік құрылымдарында жауапты  мүше ретінде араласуы оның беделін  арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы  өкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің  басшылығы мен дипломатиялық  кешенінің ерен еңбегінің негізінде  еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты. Республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделінің  өскендігін Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тағы да бір рет  дәлелдеді. Бұл беделдi еуропалық  ұйымның модераторы рөлiн орындай  отырып, ҚР Президентi Н. Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ-ға  мүше-мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларының саммитін өткiзу туралы бастама көтерді. Қазақстандық сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясаты 2–3 желтоқсанда халықаралық қауiпсiздiктiң көкейкестi мәселелерiн талқылау үшiн саясатшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi. ЕҚЫҰ-ның саммитіне ұйымның 56 мүше-мемлекеті мен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес-елдің мемлекет және үкiмет басшысы, ресми тұлғалары, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты. Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ елдерінің басшылары кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Астанадағы өткізілген басқосу әлемдік қауымдастық пен шетел мемлекеттерiнiң ықпалды көшбасшылары тарапынан жоғары бағалағды.ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі – Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. ШЫҰ-ның Ташкентқалысындағы саммитінде ҚР Президенті Н. Назарбаев айтып өткендей, «Қырғызстанға көмек көрсету және ауған мәселесін шешуде қолдау таныту Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығының басты басымдықтарының бірі болады».

Информация о работе Шпаргалка по "География"