Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.
Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар
Бірінші басымдық – коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың өзін-өзі өтеуіне көшуге дайындау, тиімділікті арттыру.
Екінші басымдық – мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жетілдіру арқылы тарифтерді белгілеу деңгейін оңтайландыру және ашықтықты арттыру.
Күтілетін нәтижелер
Агроөнеркәсіптік секторды Ақмола облысының экспорттық жайғастырудың негізгі бағыты ретінде дамыту
Қазақстан Республикасы халқының салыстырмалы төмен тығыздылығымен шағын ашық экономика ретінде сипатталады, осыдан, ішкі нарық есебінен даму және импорт алмастыру әлеуеті шектелген. Осы жағдайларда ұзақ мерзімді, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін Ақмола облысында өндірілген тауарлардың сыртқы нарыққа, бірінші кезекте орталық-азия өңірлеріне, Ресейге және Қытайға шығуын кеңейту қажет.
Ақмола облысының салыстырмалы
артықшылығын және әлемдік аграрлық
азық-түлік нарығының
Сонымен қатар, экспортқа бағытталған аграрлық азық-түлік секторы экономикалық прогрестің локомативі қызметін атқарады, бұл сонымен қатар облыста, сондай-ақ республикада бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, аграрлық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру, ААК кәсіпорындарының табыс деңгейін арттыру, отандық өнім түрлерін кеңейту және сапасын жақсарту есебінен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Екіншіден, аграрлық өнеркәсіп секторының ықпал етуші және көмекші өндірістерін серпімді дамытумен көрінетін ауқымды мультипликативтік эффект.
Үшіншіде, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және Ақмола облысындағы кедейлік деңгейін едәуір төмендету.
Экспортқа бағытталған аграрлық азық-түлік секторын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде 2 негізгі бағыт бөлінген:
Ет сүт өнімін қайта өңдеудің экспортқа бағытталған саласын дамыту
Осы бағытты дамыту 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде (2009-2011 жылдар) одан әрі дамыту үшін база қалыптастырылады бұл жағдайда, әсіресе Астана қаласы мен Ақмола облысында ішкі нарықты қанықтыруға аса назар аударылады. Екінші кезеңде (2011-2015 жылдар) өңірлік нарыққа (Орталық Азия, Ресей, Қытай) шығарылады, өнімді қайта өңдеу және ықпал ететін және көмекші өндірісті (оларды одан әрі экспортқа бағыттау перспективасымен) серпімді дамыту дәрежесі артады.
Орта мерзімді кезеңде
(бірінші кезең) ет пен сүтті қайта
өңдеу саласын дамыту жөніндегі
негізгі күш-жігер шикізат
Бірінші басымдық – жеке қосалқы шаруашылықта сүт жинау және ет өнеркәсібі үшін өнеркәсіптік мал сою деңгейін арттыру. Бұл қайта өңдеу өндірістерінің және соңғы тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Екінші басымдық – мал басын және тұқымдық мал үлесін арттыру. Бұл шикі сүттің сауынын, өңірдегі малдың соғым салмағын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен өңірдің агро өнеркәсіптік секторының өнімділігін арттырады.
Үшінші басымдық – азық базасын кеңейту. Бұл едәуір деңгейде ауыл шаруашылық өнімінің тиімділігін арттыруға, осыдан сектордың инвестициялық тартымдылығын және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Төртінші басымдық – ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру және шоғырландыру. Осы жағдайда ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру және шоғырландыру олардың жұмыс істеу тиімділігін арттырады, бұдан әрі механикаландыру деңгейін арттыру және қазіргі заманғы аграрлық технологияларды енгізу үшін жағдай жасайды.
Бесінші басымдық – ветеринарлық қызметтермен, санитарлық бақылаумен және сапаны бақылаумен қамтамасыз ету. Осы басымдық өндірілетін өнімнің сапасын арттырады, ол өнімді экспортқа шығару үшін қажетті жағдай тудырады.
Ет сүт секторын дамытудың алғашқы кезеңін тиімді іске асыру үшін жоғарыда белгіленген басымдықтарға күш жұмсау және қуатты институциялық қолдауды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты әрбір ауданда (немесе аудандар тобында) мал шаруашылығын дамытудың мамандандырылған орталықтары құрылатын болады, оның негізгі функциялары төмендегілермен қорытындыланады:
Ет сүт өнеркәсібін дамытудың екінші кезеңінде өнімді қайта өңдеу жөніндегі өндірістерді дамытуға, инновация енгізуге, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және қажетті стандарттарды енгізуге аса назар аударылады. Сонымен қатар, дербес экспортқа бағытталған өндірістер ретінде ықпал ететін және көмекші салаларды дамытудың маңызы зор. Екінші кезеңнің негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:
Бірінші басымдық – қайта өңдеу секторына инвестиция тарту.
Екінші басымдық – аграрлық ғылымды және инновацияны дамыту, қазіргі заманғы әлемдік технологияларды тарту.
Үшінші басымдық – аграрлық сектордың кадрлық әлеуетін дамыту.
Төртінші басымдық – экспорттық инфрақұрылымды дамыту.
Бесінші басымдық – жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруші және оны шетелге шығарушы өңір ретінде Ақмола облысының оңтайлы «брендын» құру.
Алтыншы басымдық – аграрлық сектордың ықпал етуші және көмекші секторларының өнімін экспорттау. Ол үшін арнайы стратегиялық жоспар әзірленетін болады.
Бидайды қайта өңдеу деңгейін арттыру және осы өнімді экспорттау.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында бидай өндірісі экспорттық өнім мысалы болып табылады. Облыста жеткілікті тәжірибе жинақталған және бидай өндірісінің жеткілікті ресурстық базасы қалыптасқан. Бұл жағдайда өңірдегі бидайды қайта өңдеу көлемін арттыруға барлық күш-жігерді шоғырдандыру мүмкіндігін пайдалану қажет, ол бидайды жинау және экспорттау қатысында қосымша құнды орта есеппен 2 есе арттыруға мүмкіндік береді.
Басымдық – бидайды қайта өңдеу саласына инвестиция тарту. Бидайды қайта өңдеу саласына инвестиция тарту бидайды (ұн, макарон өнімдері, нан өнімдері) қайта өңдеу өнімдерінің өндірісін кеңейтеді. Сонымен қатар, қайта өңделетін жаңа өнімдерді өндіру, мысалы глютен облысты экспорттық нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Облыс 10 ірі әлемдік глютен мен биоэтанол экспорттаушыларының қатарына кіреді.
Күтілетін нәтижелер
Өңірде дайын қайта
өңделген ет, сүт және бидай өнімдерін
өндіру және экспорттау көлемі артады.
Агроөнеркәсіптік секторды дамыту жаңа
жұмыс орындарын құруға және облыста
жұмыссыздықты төмендетуге мүмк
Аграрлық әлеуетті іске асыруға ықпал ететін инновацияны жеделдетіп дамыту
Қазіргі заманғы жағдайда кез келген салада бәсекеге қабілеттілік факторының негізін қалаушы жаһандық бәсекеге қабілеттілік күресі инновация болып табылады. Бұл жағдайда инновация қазіргі заманғы технологияларды енгізіп қана қоймай, жаңа идеялар шығару және нарыққа сапалы жаңа өнім ұсыну қабілеттілігін білдіреді. Осыған байланысты қоғамда инновациялық ойлау қағидатын ұстанған және инновациялық әлеуетті іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз еткен жөн.
Инновациялық қызметтің негізгі бағыты – қолданбалы аграрлық ғылымды дамыту. Инновация енгізу және қолданыстағы ғылыми әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нарықтық ынталандыруды қамтамасыз еткен жөн. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ шетелдерден ғылыми кадрларды тартуға аса назар аударылатын болады.
Инновацияны дамытудағы негізгі басымдықтар:
Бірінші басымдық – инновация нарығын қалыптастыру және ғылыми әзірлеулерді енгізуді ынталандыру үшін жағдай жасау.
Екінші басымдық – ғылыми ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру.
Үшінші басымдық - әлеуметтік қызметтер пакетін ұсыну, тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы ғалымдарды және жас мамандарды тартудың қолайлы әлеуметтік жағдайын жасау.
Төртінші басымдық – өңірлік инновациялық әлеуетті үйлестіруді, реттеуді және қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өңірлік билік органдарының ұйымдастырушылық құрылымын және функцияларын қалыптастыру және дамыту.
Бесінші басымдық – ғылыми ұйымдардың, оқу орындарының және бизнестің тиімді өзара байланысын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер
Ақмола облысында білімді – ғылымды - өндірісті дамытудың теңестірілген құрылымы мен серпіні бар өңірлік инновациялық жүйе қалыптасатын болады: Міндеттерді іске асыру төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін көліктік инфрақұрылымды дамыту
Көлік кешені кез келген қазіргі заманғы экономикада маңызды сектор болып табылады. Тұрғындардың орналасу тығыздылығы төмен жағдайда және бәсекеге қабілетті ауқымды аумақтарда кез келген тауарлар мен қызметтер түрін өндіруге көліктік шығынды төмендету Қазақстан үшін көкейтесті болып табылады. Сондықтан, қазіргі заманғы көліктік инфрақұрылым қалыптастыру облыстың бәсекеге қабілеттілігін белгілейтін басты факторлардың бірі болып табылады.
Осы міндеттер шегінде төмендегі бағыттар бойынша негізгі күш жұмсалады:
Автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол маңындағы инфрақұрылымды дамыту
Автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол маңындағы инфрақұрылымды дамыту жергілікті деңгейде көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Бірінші басымдық – автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және ұстау жөніндегі жұмыстардың жыл сайынғы көлемін, сондай-ақ бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыру.
Екінші басымдық – өңірдің ағымдағы және болжамды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін автомобиль жолдарының қолданыстағы желілерін оңтайландыру. Осы басымдық әлеуметтік факторларды ескеріп, көлік ағынының нақты және болжанатын қарқындылығы негізінде жолдардың санатын, ұстау нормаларын, аз пайдаланылатын көліктерді пайдалануға шығаруды және жаңа жолдар салуды қайта қарастыруды көздейді.
Үшінші басымдық – автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде жаңа технологиялар мен материалдар енгізу.
Төртінші басымдық – басты автомобиль жолдарындағы қазіргі заманғы жол маңындағы инфрақұрылымды дамыту.
Автомобильмен
жолаушыларды тасымалдаумен
Бірінші басымдық – жеке секторды ынталандыру және жағдай жасау жолымен автокөлік құралдарын жаңарту, автокөлік кәсіпорындарының материалдық-техникалық және жөндеу базасын жақсарту.
Екінші басымдық – бағдар желісінің қамтылуын кеңейту және реттілігін арттыру, сондай-ақ жолаушылардың автомобиль көлігінің, оның ішінде әлеуметтік маңызды бағдарларды қаржыландыру жолымен қолжетімділігін арттыру.
Үшінші басымдық – тасымалдаушының жолаушылар мен жүк жіберушілердің алдында ұсынылатын қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына жауапкершілігін арттыру.
Теміржол жолаушылар тасымалын және теміржол жүк тасымалының ықпал ететін инфрақұрылымын дамыту
Бірінші басымдық – қалааралық, облысішілік және облысаралық жолаушылар тасымалын дамыту және облыс аумағында орналасқан вокзалдарды тиімді пайдалану.