Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ – ЖАҢАРЫП ДАМУ ПЕРЕСПЕКТИВАЛАРЫ

 

2.1 Әлеуметтік-Экономикалық Жаңғырту Қазақстан Дамуының Басты

Бағыты

 

Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім. Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялар пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халыктың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.

Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе.

Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.

Мен ел халқына өзімнің  жаңа Жолдауымды осы көкейкесті тақырыпқа  арнаймын.Біз он бағыт бойынша  міндеттер кешенін жүзеге асыруға  тиістіміз.

 

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы

 

Елбасының тапсырмам  бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған.

Біріншіден, оқыту мен жүмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.

 

Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.

 

Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмыска орналастыруға басымдық беру. 2011жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті. Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалык база бойынша жұмыстар аяқталды. Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек. Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең аукымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын. Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет.

 

Екінші. Қолжетімді баспана

 

Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын -іске асыруға кірісіп кеттік. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет. Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі жолды қарастыру қажет. Оған коса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады. Соның бәрін жаңа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету керек. Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді. Аталған құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жасап, кабылдауды тапсырамын.

 

Үшінші. Өнірлерді  дамыту

 

Қуатты Қазақстан дегеніміз - ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмысорындары ашылып, әлеуметтік инфракұрылым қарқынды дамуы қажет. Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда. Мемлекет өз азаматтарының сондай қуатты өңірлерге қоныс аударуына көмек қолын созуы тиіс. Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады. Үкімет елді мекендер шоғырын(агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс. Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы - өзалдына бөлек мәселе. Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті. Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетті. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым. Алайда, бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан алынған сабақ үдайы ескерілуі керек. Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын. Онда каланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет. Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды. Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын жасап бітіруі тиіс.

 

Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру

 

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры.

Біріншіден, Электронды үкіметті дамыту керек. 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде линензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс. 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиіс. Халыққа қызмет көрсету орталыктарының қарауына автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселелерін де беру керек.

Екіншіден, жаңғыртудың маңызды мәселесі - әкімшілік ресімдерін оңайлату. Менің тапсырмам бойынша рұқсат ету құжаттарының тізімі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқартылды. Үкімет линензиялар мен рұқсат ету қағаздарының барлық түрлерінің үштен бірін қысқартатын заң жобасын дайындады. Келесі қадам - рұқсат ету заңнамасының жаңа қағидаттарын енгізу.

Үшіншіден, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.

 

Бесінші. XXI ғасыр  барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды

 

Біздің маңызды міндетіміз - басқарушылардың білікті саяси табын дайындау. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын. Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктейді. Олар елдің экономикалық даму серпінділігіне байластырылған, бизнес-құрылымдармен қарайлас жалақы алатын болады. Олар біздің Қазақстанымызды XXI ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиісті жаңа басқарушы элитаның негізін құрайды.

 

Алтыншы. Сот  және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту

 

Судьялар сот төрелігін  тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шытаруға тиіс. Судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін түбегейлі түрде қайта қарау қажет. Апелляциялық инстанциялардың істерді қайта қарауға төменгі соттарға қайтару жөніндегі негізсіз шешімдерінің мүмкіндігін заң жүзінде шектеу керек. Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойылады. Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс. Арбитраждық және аралық соттар жүйесін нығайту керек. Биыл жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін, жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын дайындауды аяқтау қажет. Маңызды мәселе - құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын. Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай- ақ олардың техникалық жарақтандырылуы мәселелері қаралуға тиіс. Бір тұтас экономикалық кеңістікте транс ұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгісімен Еуразпол - Еуразия полициясын құру жөніндегі мәселе пісіп-жетілді деп санаймын. Үкіметке тиісті ұсыныстарды әзірлеп, БЭК бойынша біздің әріптестерімізге жіберуді тапсырамын. Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда. Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет.

Парақорларды анықтау  және сотқа тарту жеткіліксіз. Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек. Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет. Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек. Үкіметке үш айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, ұсынуды тапсырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі

 

Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңыз зор.

Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.

Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес. Медицина институтын бітірген түлек бірден дәрігер болып шыға алмайды. Политехникалық жоо-ны тәмамдаған түлек әлі де болса инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осындай. Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бекіту орталықтарын құруды тапсырамын.

Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет. Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс.

Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын.

Алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлт аралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойын ұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оку орындарында да сіңірілуге тиіс. Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Қазак тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады. Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді. Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асады. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы не үшін керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты -көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады. Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға карай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.

Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет.Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құндылықтарды білуін қамтамасыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын. Бізде тіпті ондай оқулықтар, жастармен дәл осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізетін оқытушылар жоқ.

Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің деңгейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады.

Бүгінде «Саламатты Қазақстан-2015»  мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Қан айналу жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді. Біз онымен жүйелі түрде айналысып келеміз. Бүгінде жүрек- қан тамырлары жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарында да жасалады. Елде озық емдеу- диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар кұрылды, көліктік медицина дамытылуда. Бізде медициналық пойыздар, автокөлік, медициналық авиация пайдаланылады. Астанадағы Болашақ госпиталі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотивіне айналмақ.

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)