Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдері Республикалық бюджет комиссиясында қаралатын болады, онда мемлекеттің қаржы мүмкіндіктері ескеріле отырып, Бағдарламаны қаржыландырудың 2012-2015 жылдарға арналған лимиті айқындалатын болады.

Екінші кезеңде: 2012-2015 жылдары - Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктер әзірленіп, келісілетін болады және орындала бастайды, әлеуметтік қолдау көрсету шарттары мен тәртібіне өзгерістер мен толқтырулар енгізілетін болады.

Үшінші кезеңде (2016-2020 жылдары) еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған механизмдер мен құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады. Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері Бағдарламаны іске асыруға 2011 жылы республикалық бюджетт 40,2 млрд. теңге, оның ішінде: еңбек нарығында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге-14,6 млрд. теңге; ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге - 5,3 млрд. теңге; еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға -18,2млрд. теңге, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйді салуға және (немесе) сатып алуға -11,5млрд. теңге және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникаңиялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, абаттандыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға-5млрд.теңге; жұмыспен қамту қызметі органдарының қызметін жетілдіру және ақпараттық қолдауға- 2,1млрд. теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 ТКШ жаңарту бағдарламасы

 

ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 562 тұрғын үй жөнделеді ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша мемлекеттік шаралар тұрғын үй қатынастарының жөндеу жұмыстарына бағытталған. «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында 2011 жылы Қазақстанда 562 көппәтер. Су, электр, газбен жабдықтауды ауқымды жаңғырту, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделдерін кұруды қамтамасыз ету керек. Үкіметке ортақ мүлікті ынталандыру, жинақтау, қаржыландыру, жөндеу және қалпына келтіру механизмдерін әзірлеуді тапсырамын»,-деді ел Президенті Нұрсүлтан Назарбаев «Болашақты бірге құрайық» атты халыққа жолдауында.

Мемлекет басшысы тапсырмасын  орындау барысында, Қазақстан үкіметі 2020жылға дейінгі іске асыру мерзімімен жаңа Тұрғын үй-коммуналлық шаруашылық бағдарламасы бекілді. 2011 жылы көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 7 432 млн теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бірінші механизм бойынша 116 КТҮ, екіншісі бойынша - 446 үй жөнделеді.

Бірінші тетік бойынша, Үкімет резервінен жергілікті атқарушы органдарға ӘКК-ні капиталдандыру үшін 1 932,0 млн. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінген. Негізінен көзделген қаражат есебінен терможаңғырту элементтерімен бірге КПТ-ке кешенді жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл қабырғаларды, шатырды және үйдің қасбетін жылыту есебінен ғимараттың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту. Бірінші тетік бойынша 116 үйді жөндеу Жоспарланып отыр. Барлық өңірлерде кондоминиум объектілерін басқару органдары арнайы жинақтау шоттарын ашу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Барлығы 43 арнайы жинақтау шоты ашылды. Барлық жоспарланған үйлер бойынша жөндеу жүргізуге тұрғындардың келісімі Акмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО облыстарында, Астана және Алматы қалаларында ресімделген. Қалған өңірлерде тұрғындардың 20-дан 85%-ға дейін ішінара келісімдері бар. Жоспарланған 116 үйдің ішінен 106 кондоминиум объектісі тіркелді.

Екінші тетік бойынша ҚР Үкіметінің резервінен облыстардың әкімдіктеріне 7 жылға жылдық 0,1% ставкамен 5 500 млн. теңге көлемінде кредит берілді. Қаражат күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне (қасбеттер, шатырлар, таратушы желілер, кіреберістер, сондай-ақ лифтілерді жөндеу) жұмсалатын болады. Екінші тетік бойынша 446 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. Тұрғындар жиналыстарының 358 хаттамасы рәсімделген немесе кондоминиум объектісінің жалпы санының 80%-ы. Жоспарланған 446 үйдің ішінен 367 кондоминиум объектісі немесе 82% тіркелді. Республика бойынша бөлінген қаражаттың 1 006,5 млн. теңгесі немесе 18,3%-ы игерілді. 2011 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 15 өңірде 231 үй бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

Ақмола (12 үй), Ақтөбе (36 үй), Алматы (17 үй), Атырау (12 үй), Шығыс Қазақстан (31 үй), Жамбыл (18 үй), Батыс Қазақстан (13 үй), Қарағанды (13 үй), Қызылорда (12 үй), Маңғыстау (2 үй), Павлодар (9 үй), Солтүстік Қазақстан (11 үй), Оңтүстік Қазақстан (3 үй) облыстарында және Астана (8 үй) мен Алматы (34 үй) қалаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың жаңа бағдарламасы кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне, термодернизацияны қоса алғанда жөндеу жүргізуді арнайы қаржыландыру механизмдерін құруға мүмкіндік береді. Қазақстанда 2015 жылға қарай кондоминиум объектілерінің үлесі 32%-дан 22%-ға дейін төмендейді. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N1388 жарлығы Қазақстан Республикасының Конституңиясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және Қазақстан Республикасы халқының қалың жігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

Қоса еріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілсін.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар  жоспарын әзірлесін және бекітсін. Қазақстан Республикасының Индустрия жэне сауда министрлігі, шараларға тартылған басқа да министрліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрліғіне жүктелсін. 

 

Тұрғын үй құрылысы

 

Қазақстанда тұрғын үй секторы нарықтық қатынастарға өтті және тұрғын үй саясатының басты мақсаты кредит берудің оң нысандарын дамыту арқылы халықтың тұрғын үй сатып алуға және салуға көшуі үшін жағдайлар жасау болып табылады. Меншік нысандары мен қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға берудің құрылымы өзгерді. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды, жекеше және жеке кұрылыс салушылар негізгі рөл атқара бастады. Тұрғын үй қоры тізілімінің деректері бойынша 2004 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 243,0 млн. шаршы метрді, соның ішінде қалаларда - 144,8 млн. шаршы метрді, ауылдық жерлерде - 98,2 млн. шаршы метрді құрады. Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының 96,8%-тен астамы жеке меншікте (235,3 млн. шаршы метр) және 3,2%-і мемлекеттік меншікте (7,7 млн. шаршы метр). 1 тұрғынның тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің қазіргі кездегі әлеуметтік нормасы кезінде 18 шаршы метр мөлшерінде, 2003 жылдың аяғында елімізде орта есеппен алғанда 1 тұрғынға 17,0 шаршы метр, соның ішінде қалаларда -8,0шаршы метр, ауылдық жерлерде - 5,8 шаршы метрден келді. Мемлекет тұрғын үй құрылысының негізгі қатысушысы болудан қалды. Оның тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі үлесі 2002 жылы 5,6%-ке дейін азайды, 2003 жылы бұл көрсеткіш Жамбыл облысындағы жер сілкіну салдарын жою кезінде тұрғын үйлердің кұрылысы есебінен 13,1%-ке дейін ұлғайды. Тұрғындардың қаражаты есебінен тұрғын үйлерді пайдалануға берудң жалпы алаңынан 69,4% тұрғын үй берілген.

 

Жекеше тұрғын үй кұрылысының жай-күйі

 

Республика тұрғындары жеке тұрғын үй проблемаларын шешуге белсенді катыса бастады. 2000-2003 жылдары халықтың қаражаты есебінен 4600,1 мың шаршы метр түрғын үй салынды немесе пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 72,7%. Жеке түрғын үй құрылысының көлемі соңғы төрт жылда 57,3%-ке ості және көрсетілген кезеңде осы мақсаттарға 36,6 млрд. теңге жіберілді. Қалыптасқан жағдай азаматтарда тұрғын үй құрылысы үшін кейбір қорлардың бар екендігін дәлелдейді. Республикада жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бір қалыпты емес. Егер 2003 жылы тұрғындар салған түрғын үйдің 1431,2 мың шаршы метр жалпы алаңының ең көп үлесіне Оңтүстік Қазақстан (309,5 мың шаршы метр), Атырау (158,2), Алматы (130,2) облыстары және Алматы қаласы (132,3 мың шаршы метр) ие болса, ал басқа облыстарда бүл көрсеткіш төмен: Қарағанды (29,2), Қостанай (33,7), Солтүстік Қазақстан (35), Ақмола (36,4 мың шаршы метр).

 

Жекеше капитал  инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үйлер салу

 

2000-2003 жылдары мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары мен ұйымдарының жеке қаражаты есебінен 1070,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды немесе пайдалануға берілген түргын үйлердің жалпы көлемінің 16,9%-і. Бұл кэсіпорындар мен үйымдар кірісі орта және табысы жоғары сатып алушыларға тікелей сататын тұрғын үйлерді пайдалануға береді. Аталған құрылыс салушылар жаңа технолоғиялар мен материалдарды қолдана отырып, сэулет жэне техникалық күрделілігі бойынша жаңа буынды, бірегей көп пәтерлі түрғын үйлерді жобалау мен салу жөніндегі міндеттер кешенін шешуде.

2001-2003жылдары мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар 475 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді немесе пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының 9,3%-і. 2002 жылы республиканың тоғыз облысында мемлекеттік қаражаттың қатысуымен бірде бір шаршы метр түрғын үй салынған жоқ, ал 2003 жылы осындай жағдай Ақмола, Алматы, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында қалыптасты.

 

Тұрғын үй құнын талдау

 

Жаппай тұрғын үй кұрылысының өсімін кідіртудің негізгі себептерінің бірі тұрғын үйдің құнының қымбаттығы болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша тұрғын үй алаңының 1 шаршы метрін салу құны орташа республикалық мөлшерден тиісінше 24,5 және 16,1 мың теңгеге асатын Астана және Атырау қалаларын қоспағанда, 2000-2003 жылдары республика қалаларында (тұрғындар салған жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 47,5 -мың теңгені құрады.

 

2003 жылы республиканың  кейбір өңірлеріндегі тұрғын  үйдің 1 шаршы метрін салу құны (мың теңге)

 

 

| Барлығы (тұрғындар  |Барлығы (тұрғындар

 

1 салған жеке тұрғын

салған жеке тұрғын

 

|Үйлерді қоса алғанда) |Үйлерді қоспағанда)

Астана қаласы

63,9/$456

84,8/$606

Алматы қаласы

30,2/$216

49,2/$351

Атырау облысы

16,6/$ 118

73,0/$521


 

 

Тұрғын үй құрылысының құнын төмендету үшін қазіргі заманғы тиімді және энергия үнемдеуші сәулет-кұрылыс шешімдеріне көшу кажет. Қосымша жүктемеге не магистралдық және орамішілік инженерлік жүйелерді, өзге де инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға байланысты тұрғын үйлердің салушыларына шығындарды жүктеудің казіргі кездегі практикасы салынып жатқан тұрғын үйдің бір шаршы метрінің кұнынан асады. Объектілер кұрылысының құнын төмендету сметалық нормативтік базаны жетілдіруге байланысты. Жаңа еңбекақы деңгейін, кұрылыс машиналары мен тетіктерін, материалдарды, бұйымдарды және конструкцияны пайдалануға арналған ағымдағы бағаларды ескере отырып, құрылыс өнімдерінің бағасын дәлме-дәл анықтау, жұмыстарды жүргізудің жаңа озық әдістерін қолдану мақсатында алғаш рет жаңа қазақстандық сметалық нормативтер әзірленді. Осы нормативтердің ережелері Қазақстан Республикасының аумағындағы объектілердің кұрылысын мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асыратын сәулет, қала кұрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің қолдануына жатады. Басқа субъектілер үшін бұл нормативтер ұсынымдық сипатта болып табылады.

Құрылыс материалдарын  өндіру саласының жай-күйі

 

Тұрғын үй құрылысының сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді кұрылыс материалдарын қолдануды алдын ала анықтайды. Алайда, құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық түрде канағаттандырмайды. Экономиканың жаңа-кұрылыс материалдарына, бұйымдар мен конструкцияларға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда қажетті шикізат ресурстары, өндірістік куаттар, жұмысшы және инженер кадрлар бар. Елімізде шыныны, шыны талшығын, алюминий қорытпасынан жасалатын конструкцияларды, ағаш сүрегі мен металды алмастыратын басқа да материалдарды жасап шығаратын кәсіпорындар жоқ. Жеке машина жасау дамымаған, іс жүзінде жүк көтергіш машиналар, көтергіш-көлік тетіктерін, құрылыс машиналары мен технологиялық жабдықтар өндіру жөніндегі зауыттар жоқ. Тиімді жылу айырғыш материалдар мен олардан жасалатын бұйымдар өндіру, мұнай өнімдері мен полимерлерді терең қайта өңдеуді пайдалану тек қалыптасудың бастапқы кезеңінде ғана қалып отыр. Сонымен қатар өндірісті орналастырудағы аумақтық сәйкессіздіктің болуы, импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіздігі салалық проблемалар болып табылады. Осының бәрі кәсіпорындардың басым көпшілігінің техникалық және технологиялық жабдықтануының қазіргі деңгейімен әлемдік стандарттарға сәйкес келетін отандық құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастырудың қиын екенін дәлелдейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)