Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.
Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ
МЕМЛЕКЕТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Жаратылыстану-педагогика»
География және экология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)
студенті Даиров
С.
Жетекші аға оқытушы: Есенжолова Г.Р.
КӨКШЕТАУ-2013 ж.
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1 Ақмола облысының физикалық-
1.1 Географиялық
орны..........................
1.2 Жер бедері
геологиялық құрлысы...........
1.3 Климаттық жағдайы.............
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер...................
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының-
жаңарып даму переспективалары.
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”.......................
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы.....
3 Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік бағдарламалардың
жағдайы мен динамикасы........
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық
географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының
жағдайы және жұмыспен қамтылуы......................
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы..................
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымашлар
КІРІСПЕ
«… Ақмола облысы мен Көкшетау қаласына қарап, біздің әл-ауқатымыздың өсіп,
қалаларымыздың қанат
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқының бірлігі күні-
2008 жылы 1-мамырда Көкшетау қаласында сөйлеген сөзінен
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты аты жолдауында еліміздің жақын арадағы нақты экономикалық мүмікндіктерін ашып он негізгі бөлімдерге бөліп көрсетіп атап айты. Әлеуметтік жаңғырту-бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің - партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіби одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттары қызметінің темірқазық мәселесі. Қазақстанды орасан зор, күрделі және қиын, бірақ баршамыз үшін, қарапайым адамдар үшін де, Үкімет пен Парламент үшін де, бүтіндей алғанда мемлекет үшін де қызықты жұмыс күтіп түр. Осындай үлкен мақсаттар қоймайынша біз дами алмаймыз. Біз әр қашанда айтқанымызды жасап келдік. Біз өзіміздің барлық жоспарларымызды, бағдарламаларымызды орындадық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.
Дипломдық жұмыстың өзектілі - Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауының Қазақстан экономикасының дамуының негізі екенін көрсету. Жолдаудың бірінші бөлімінде Қазақстандықтарды жұмысқа тарту. Екінші бөлімде тұрғын-үй мәселесі карастырылса. Үшінші бөлімде өңірлерді дамыту қарастырылған. Төртінші бөлімде тұрғындарға сапалы қызымет көрсетуді артыру. Осындай он негізгі бөлім еліміздің жақын болашақтағы дамуының бастамасы болатын бағыттарға бөлінген. Қазақстан республикасында қабылданып жатқан заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың еліміз бойынша қандай деңгейде орындалып жатқаны. Еліміздің жекеленген аймақтарында осы аталған заңдар халыққа қалай жеткізілуде,аймақ бойынша қандай мемлекеттік бағдарламала қабылданғанын көрсету.
1 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Географиялық орны
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстанның далалы аймақтарында орналасқан, батыстан шығысқа қарай – Есіл өзенінің оң жағалауынан бастап Ресей Федерациясының Омбы облысының шекарасына дейін ол 500 км және солтүстіктен оңтүстікке қарай – 300 км дейін жерді алады. Орталық бөлігінің солтүстігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы ( Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі-146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 731,7 мың адамды (01.05.2012)
Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы- 947м), Жақсыжалғызтау (730м), Жыланды (665м), Зеренді (587м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы- орташа биіктігі 300-400метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-шығысында Ерейментау өрнектейді, солтүстік шығысы Сілеті жазығымен ұласады, ортасында Атбасар жазығы көлбеп жатыр, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал.
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы
Облыстың жер бедері
біркелкі емес. Мұнда Сарыарқаның
аласа таулары мен шоқылары, өзен-көлдері
сай-жыраларымен сәл
Облыстың орталық бөлігінің абсолютік биіктіктері 300-450м-ден аспайды. Шоқылардың салыстырмалы биіктіктері 100-150 м-ге жетеді. Орталық Қазақстаның аласа таулы белдеуінен солтүстіке қарай жер бедерінің ірі кертпешті екі баспалдағы жатыр. Ортаңғы баспалдақ ( кертпеш) денудациялық жазықтармен көрінс тапқан ( 500-600м). Төменгі баспалдақ денудациялық жазықтармен айқындалғанымен (250-300м), олардың ішінде оқшауланған қыраттар кездеседі. Сарыарқаның аласа келген тармақтары Шортанды, Ақкөл, Бұланды аудандарында, біршама көтеріңкі келген қырқалар мен қыраттар Сандықтау, Зеренді, Бурабай аудандарында кездеседі. Олар негізінен жеке қырқалар, жалдар немесе салыстырмалы түрде биіктеу келген төбешіктер жер бедерімен сипаталады. Аласа таулар мен төбешіктер тауларға кайнозой кезеңіндегі біршама қарқынды көтерілген жақпартастар тән.
Ұсақ шоқылар суайрықтармен және өзен маңының ұсақ шоқылықтарымен ерешеленеді. Біріншісі – қырқа тәрізді қырат немесе палезойдың тау жыныстарынан түзілген, жазық жерде біршама көтеріңік келген жеке төбелерден тұрады. Өзен маңындағы ұсақ шоқылықтардың денудацияның қазіргі жер бетін құрайды. Олардың деңгейі аласа және эрозия базисі төмен. Мысалы ретіндегі Сілеті өзенінің жағалаулары (каньон тәрізді) мен Есіл өзенінің кейбір жағалау бойларын айтуға болады.
Облыс аумағында Ерейментау таулары ерекше көзге түседі. Олар палезой жыныстарынан түзілген және меридиандық бағытта созылып жатқан бірнеше жартасты қырқалар тізбегін құрайды. Төңірегімен салыстырғандағы салыстырмалы биіктігі 400-500 м-ге жетеді. Бұл аласа таулы жер бедері негізінен беткей экспозициясымен және телімнің кейбір тұстарын құрайтын тау жыныстарының құрамымен сипатталады. Жер бедерінің өте айқын пішіндері кварциттер, альбитофилер және граниттерден түзілген телімдерінде байқалады. Тақтатас, құмтас және конгломераттардан түзілген жер бедері телімдері біршама дөңді-белесті пішіндермен айқындалады.
Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Сарыарқаның жеке тарамдар тізбегімен көрініс тапқан. Оларға аласа келген Мұзбел және Ерейментау таулары жатады.
1.3 Климат жағдайы
Облыстың климаты тым континеттік және құрғақ. Климатты қалыптастырушы негізгі факторларға күн сәулелігі (шуақтылығы) және азиялық антициклон (қыс айларында) жатады. Антициклонның әсерінен қыс айларында ашық ауа райы қалыптасады. Бұл антициклондық режим көктем айларында да сақталады. Көктемде тұрақты емес құрғақ жылы ауа райы қалыптасады да күндіз температура жоғары болып, түнде үсік жүреді. Жаз айларында дала кеңістігіне оңтүстік, оңтүстік-батыстан келетін құрғақ жылы ауа ағысы ауаны жылытады да бұлтсыз ыстық ауа райы қалыптасады.
Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстік-шығыста - 16°С. Ауаның облыс бойынша абсолютік минимумы- 49 - 54°С. Шілде айының орташа температурасы 18,5°С - 22,5°С. Ал максимальді температура 44°С-қа жетеді. Облыстағы жылдық орташа температура 3,4 - 4,1°С аралығында. Жылы кезеңнің ұзақтығы 194-202 күн, суық кезеңде 163 - 171 күн. Аясыз күндер 105 - 130 тәулікті құрайды. Ауаның ең жоғарғы салыстырмалы ылғалдылығы орташа айлық мөлшері аумақтың басым бөлігінде 80-82%-ды құрайды. Жылдың жылы мезгілінде облыс аумағында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 54-56%-ды құрайды.
Облыстағы жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350мм, оңтүстікте 220-300мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін кезі – шілде (54мм), ал ең аз түсуі ақпанда (23мм) болады.
Облыс жел өтінде орналасқан. Мұнда желдің жылдық орташа жылдамдығы 5,3 м/сек. Желдің ең қатты соғатын орташа айлық жылдамдық мәні 6,2 м/сек және ол наурыз айында байқалады. Сәуір, қараша және желтоқсан айларында біршама төмен ( 5,8м/сек). Желдің ең аз айлық жылдамдығы тамыз айына келеді (4,4м/сек). Қарашадан сәуір айына дейін желдің орташа айлық жылдамдығы арта түседі. Астана қаласында бақылау жүргізгенен бергі желдің ең қатты жылдамдығы 36 м/сек-қа жеткен және мұндай құбылыс 20 жылда бір рет қайталанып отырады. Жылдың суық айларында жел режимі негізінен Сібір антициклонының батыс тармағы әсерінен болса, жылы кезеңде барикалық депрессияның әлсіз қалыптасуымен анықталады.
Облыс аумағында күн күркіреу көбінесе қатты жел, нөсер жауын, бұршақ жауумен ілесе жүреді және мұндай табиғат құбылыстары негізінен жаз айларында, сирек жағдайда көктемде болады. Күн күркіреудің орташа мөлшері 19-25 күн. Жаз айларына келетін ( әсіресе шілдеде) күн күркіреудің орташа ұзақтылығы 2,4 сағатты құрайды. Бұршақ жылдың жылы мезгілінде түседі және жолақ тәрізді болып ұзындығы мен ені бірнеше км-ге жетеді. Жылына орта есеппен 1-2 күн, кейбір жылдары 4-9 күн болады. Бұрқасын жиі қайталанады, оның жылдық мөлшері 20-50 күн, кейде 50 күннен де асып кетеді. Далалық аймақтарда шаңды боран жылына 15-40 күнге, тұманды күндері 24-70-ке ( Астана қаласында 61 күн) жетеді. Тұманның жиі байқалатын кездері наурыз сәуір айлары аралығында және желтоқсанда болады.
Климаттың облысқа тән ерекшеліктеріне қуаңшылық жатады. өте қуаңшылық 1955,1957,1961-63, 1965,1967,1982,1984 жылдары байқалды. Облыста сәуір- қыркүйек айлары аралығында қуаң күндердің жалпы саны 14-20-ға дейін жетеді. Кейбір жылдары Астана, Көкшетау қалаларында қыс 5-5,5 айға созылады. Тұрақты қар жамылғысы әдетте қараша айының ортасында қалыптасады да 120-150 күндей жатады. Қаңтар айында аяз күшейе түседі де -25°С-қа жететін аязды күндер саны облыс бойынша 10-14 күннен 38-45 күнге дейін, ал кейбір жылдары бір ай ішінде 18-20 күнге жетеді. Қар жамылғысының қалыңдығы 20-22см, облыстың шығысында 22-24см, батысында 27-30см. Кейбір қарлы қыстарда қардың қалыңдығы 28-30см-ге жетеді. Тұрақты қар жамылғысы оңтүстікте 130-140, солтүстікте 150-155 күнді құрайды. Көктем наурыз айының екінші жартысында басталып 1,5- 2 айға созылады. Сәуір айының басында ауа температурасы 0°С-қа дейін көтеріледі. Қардың ең ерте еруі (кетуі) 18 наурыз - 1 сәуір аралығында, ал ең кеш кетуі ( еруі) 25-26 мамырда байқалады. Түнде үсіктің тоқтауы оңтүстікте 10-19 сәуірде ( ең ерте) 10-15 маусымда, ал солтүстікте 14-25 маусымда тіркелген. Көктемде жылдық жауын-шашынның 30%-ы түседі. Жаз айлары ыстық және құрғақ болады және ол 3 айға ( маусым- тамыз), созылады. Ауа райы температурасының максимумы ( 30°С және одан да жоғары) шілде айының 11-12 күнін құрайды. Атмосфералық жауын-шашынның басым бөлігі маусым-тамыз айларына келеді және ол 140мм-ді немесе жылдық жауын-шашының 34%-ын құрайды. Жазғы жауын-шашын көбінесе нөсерлі болады. Күз қыркүйектің басында басталады және ол қазан айының соңына дейін созылады. Қыркүйек айы әдетте құрғақ әрі жылы болады. Орташа температура батыстан шығысқа қарай 13°С-тан 10°С-қа дейін төмендейді. Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде тұрақты үсіктер пайда болып, алғашқы қар жауа бастайды. Қыркүйекте 33мм, ал қазанда 41мм жауын-шашын түседі. Обылыс аумағын 5 агроклиматтық ауданға бөлуге болады.