Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

Екінші басымдық – теміржол көлігі қызметіне өсіп жатқан сұранысты тиімді қанағаттандыру үшін теміржол инфрақұрылымын қолдау және жаңғырту. 

Өңірлік және шағын  авиацияны дамыту

 

Бірінші басымдық – Көкшетау қаласының әуежайын қайта жаңарту, оқу орталығын және өңірлік ауа кемесін жөндеу базасын құру. 

Екінші басымдық – «Көкшетау» авиакомпаниясы» АҚ базасында өңірлік тасымалдау құру, қазіргі заманғы ауа кемелерін сатып алу және басқарушылық персоналды күшейту. 

Үшінші басымдық – шағын авиацияны дамыту. 

 

Күтілетін нәтижелер

 

Міндеттерді іске асыру  нәтижесінде, 2015 жылы мынадай жетістіктерге  қол жеткізіледі: 

  1. көліктік құрамдас бөлігін соңғы өнім құнымен 6,9 %-ға төмендейді; 
  2. автомобиль тасымалының өз құнын азайту есебінен автомобиль жолдарын пайдаланушылардың көліктік шығындарын төмендету; 
  3. облыстық жолдар бойынша орташа қозғалыс жылдамдығын 10%-ға, аудан жолдары бойынша 7%-ға арттыру; 
  4. автомобильмен жолаушылар айналымын 1,2 есеге, теміржол көлігімен 1,5 есеге, ауа көлігімен 3-4 есеге арттыру; 
  5. бағдарлық жолаушылар автобустарының қозғалыс реттілігін  90-100% деңгейінде ұстау;
  6. тұрақты облысаралық ұшуларды шағын авиация күшімен жүзеге асыруды бастау. 

Мемлекеттік басқару  жүйесінің тиімділігін арттыру 

 

Корпоративтік басқару, нәтижелілік және қоғамға есеп берушілік  қағидатына негізделген нәтижеге бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін енгізу және дамыту стратегиялық бағыт болып табылады. 

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 2007 жылғы 26 желтоқсанда нәтижеге бағыттаған мемлекеттік жоспарлау  жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы бекітті, онда Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлаудың тиімді жұмыс істейтін жаңа моделін кезең-кезеңімен қалыптастыру және енгізу жөніндегі негізгі тәсілдері мен қағидаттар қарастырылған. 

Модельдер әлемінде кеңінен  қолданылатын «Орта мерзімді қаржылық жоспарлау шегінде нәтижеге бағытталған бюджеттеу» енгізу мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің ядросы болып табылады.  Осы модельдің негізі мемлекеттік органдар мен мемлекет пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясатының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес және орта мерзімді перспективаға болжанған бюджет ресурстарының көлемі шегіндегі нақты нәтижелерге қол жеткізуге тікелей байланысты іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар арасындағы бюджеттік ресурстарды бөлу болып табылады. 

Нәтижеге бағыттаған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес орта мерзімде кезеңде негізгі басымдықтар мыналар болып табылады: 

Бірінші басымдық. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін мемлекет пен өңірдің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге бағыттау. 

Жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын атқарушы органдардың  орта мерзімді кезеңге арналған стратегиялық жоспарларды жыл сайын әзірлеуін  қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлар Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, мемлекеттік бағдарламаларға, облыстың даму стратегиясына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының жобаларына және орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік көрсеткіштерге негізделеді.  Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларында белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешуге қол жеткізуі бюджеттік бағдарламаларға біріктірілетін кешенді іс-шаралар жүйесі арқылы іске асырылады. 

Екінші басымдық. Мемлекеттік саясаттың жоспарлаған нәтижелерін және мақсаттарын негізге ала отырып, бюджетті қалыптастыру. 

Бюджеттік бағдарламалар  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың стратегиялық жоспарында белгіленген стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтиже көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығындарының бағытын белгілеуі, нәтиже көрсеткіштерін қамтуы және қаржыландырудың қажетті көлемін қамтуы тиіс.  

Бюджет шығындарын нақты  мемлекеттік қызметтермен және нәтижелермен байланыстыруды, мемлекеттік қызметтің толық құнын анықтауды қамтамасыз ету қажет. 

 

Күтілетін нәтижелер 

Іс-шараларды кешенді  іске асыру төмендегі нәтижелерге  қол жеткізуге мүмкіндік береді: 

  1. стратегиялық жоспарлаудың қолданыстағы жүйесін реформалау, стратегиялық жоспарлаудың жаңа бюджеттеу моделімен өзара байланысын күшейту есебінен стратегиялық құжаттардың нақтылығын және негізділігін арттыру; 
  2. бюджет саласының тұрғындардың қажеттілігіне (бюджетті қалыптастыру және қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде өңір тұрғандарының пікірін есепке алу, бюджеттік үдерістің жариялылығын және халыққа есеп беруді арттыру) бағыттауды арттыру; 
  3. мемлекеттік қызметтің нәтижелілігіне, сапасына және олармен облыс тұрғындарын қанағаттандыру дәрежесіне фокустау есебінен бюджет қаражатының тиімділігін арттыру; 
  4. атқарушы билік органдарының қызметін ұйымдастыруды жақсарту; 
  5. мемлекеттік органдардың соңғы нәтижеге жауапкершіліктерін күшейту; 
  6. Тәуекелді төмендету және бюджет жүйесінің тұрақтылығын арттыру. 

Қорытынды

 

Қазіргі заманғы жаһандану, әлемдік нарықты ырықтандыру, Қазақстанды  әлемдік экономикалық жүйеге біріктіру  және экономикалық өңірлер арасында бәсекеге қабілеттілік күресті күшейту, стратегия міндеттерін іске асыру  жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді, ол облыс экономикасының жоғарғы тұрақты қарқында дамуымен және өңірдегі тұрғандардың өмір сүру деңгейінің артуымен байқалады.


Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)