Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................
1. Стилистика және оның міндеттері
1.1Стилистика және оның зерттеу әдістері...................................
1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы...
2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасы негізінде)
2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны .........................................
2.2 Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің жеткізілу ерекшеліктері..............................................
2.2.1 Шығармада кездесетін метафора аудармасы.................
2.2.2 Шығармада кездесетін теңеулер аудармасы.......
2.2.3 Шығармада кездесетін эпитеттер аудармасы
2.2.4 Инверсия.............................
2.2.5 Перефраз........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс.doc Шолпан.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

      Әдетте қандай бір зат не құбылысты дәл өз атауымен атамау, яғни оны басқа белгісімен, не бір бөлшегімен атау дағдысы күнделікті сөйлеу тілі аясында, сондай-ақ түрлі жазба еңбектерде, әсіресе көркем шығарма стилінде де кездеседі. Бірақ бір атауды осылай синекдохалық мағынада жұмсауда коммуникативтік функциядан гөрі, стильдік реңк қазіргі көркем шығарманың қай-қайсысының тілінен де аңғарылады.

     Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді...Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді (М. Әуезов). Менің алдымнан жемірілген өкшелер жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты (Ғ.Мүсірепов). Термостар біресе поселкеге қарай, біресе шыңырауға қарай жөңкіледі. Өзге тамақтар азаяр емес (сонда).

     Шынында да, синекдохалық сөз қолдану тәсілі көбіне-көп сөйлеу тілі табиғатына бейім тұрады. Сөздің метафоралық, метонимиялық мәнінен гөрі, синекдоханың білдіретін мағынасын студент әдетте оңай байқайды.  Ол (синекдоха) осы ерекшелігіне байланысты көркем әдебиет стилінде көп те және барынша жан-жақты пайдаланылады. Жазушылар оны өзінің айтайын деген ойына әлде бір әзіл нышанын, юморлық өң беру үшін де жиі қолданады. Мысалы: Үйлерінде қонақ жоқ, оңаша шығар дем ем. Жаңағы арбаның үстіне тиеп қойған сақалдарың немене? Сақалдарын тамашалайым деп, өздерін танымай да қалдым. Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар?... Абай таңертең тұрып, беті-қолын жуып, Дәмежанның шайына асықпай кеп отырғанда түндегі бұл сұраған  сақалдар бірі артынан бірі шұбыра кеп еді...Жаңағы сақалдар Абайдан бұрын қол қойып еңсере тиіскенде...(М. Әуезов). Сақал-мұртына мұз қатып, шақыр-шұқыр басып келген кім десем, ауыл екен ғой (сонда). Синекдохалар сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданылады. Олар күнделікті баспасөз бетінде әр тарап болып келеді. Мұнда да сол белгілі бір ойды ықшам түрде, ұғымға қонымды етіп жеткізу мақсаты көзделеді. Мұндай сақсатта жұмсалған синекдохалардың қай-қайсысы да жалпы халықтық сипат алған. Сондықтан оның мағынасын кім де  болса бірден дәл түсінеді. Мысалы мына бір үзінділердің өзінен-ақ оны анық байқауға болады.

      Бұл турнирге еліміздің 200-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты (газеттен). Үлкен кілемнің айла-тәсіліне қанық аға буын спортшылармен бірге жастар да кубок жолывндағы сынға түседі (сонда). Араб мемлекеттерінің нығая түсіп келе жатқан бірлігі Тел-Авивті ерекше алаңдатып отыр (сонда). Ақ үй президент Р. Никсонның мәлімдемесін таратты (сонда). Бұл іс Пекиннің тым нашар бүркемеленген қытымырланушылығын да туғызды (сонда). Синекдоха қолжазба түрінде жазылған публицистикалық мақалаларда да жиі қолданылады. Оның стильдік қызметінің өте әр тараптылығы, көркемдік жағынан да соншалықты ұтымдылығы публицистикада айқын көрінеді. Мысалы, бір колхоздағы екі Социалистік Еңбек Ері жөнінде жазылған мақаладағы жұлдыз деген синекдохаға көңіл аударайық.

-                     Аға, қай отарға тартамыз?

-                     «Қос жұлдыздың» аулына...

                          - Бұл кісі біздің «Қос жұлдыздың» жасы үлкені –

Күнболат Сейітов... Серікті «Қос жұлдыздың» екіншісі – Нұртай Шаймерденовты шақырып келуге жіберді... «Қос жұлдызбен»  әңгімелесе, пікірлесе келгенде шопан еңбегінің ауыр да абыройлы екеніне қанықтық... Осынау «Қос жұлдыздың» еңбек жолдары соның куәсы болғандай (газеттен).

      

 

2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары

2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны

 

Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің аударылу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушының туғанына 80 жыл толуы қарсаңында «Темір шымылдықтың ар жағында тұтқындалып, ата тарихының «ақтандақтарын» зерттеу тиым салынған жылдары Ілекең қазақ қаламгерлігінің алғашқысы болып қиын да күрделі тақырыпқа – Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталанбас бейнелерін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы – «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүние жүзінің көптеген халықтарының тіліне аударылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық бола қоймас» - деп жазғанындай, бұл шығарманы қазақ халқының баға жетпес көркем туындысы әрі ешқандай шығармамен теңестіруге болмайтын орны бөлек тарихи, ғылыми жағынан кең қамтылған кесек дүние дегеніміз орынды.

    І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген, артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып, қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.

     «Көшпенділер» қазақ халқын көп нәрсеге үйретті, ұлт тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.

      Қазақ халқының бұрмаланған тарихын зерделей білген Есенберлин ұлт тағдырының дәуірлер бедеріндегі болмысын өнер тілімен өрнектеп баяндау мақсатында қолына қалам алып, «Көшпенділер» трилогиясын жазуға кірісті. Әсіресе Қазақстанның өз еркімен Ресейге қалай қосылғандығын, оның пайдалы және зиянды тұстарын нақты дәлелдермен оқырман алдына тосты. Әбелқайыр хан мен Абылай ханның әр кезеңдердегі осы мйселелерге байланысты іс-әрекеттерін көрсетуге тырысты. Қазақ халқының ержүректігін, қандай жағдайда болсын елін, жерін сыртқы жаулардан қорғай алатындығын көрсетіп берді.

    Қазақ қандай халық, олар қашан және қалай қалыптасты, жеке ұлт ретінде танылуға қандай мүмкіндіктері бар? Романда осы сұрақтарға нақты жауап берілген. Бұл тоталитарлық жүйе билік құрған кезеңдегі ұлтты сақтап қалуға жасалған бірден-бір қадам болатын. 

Ұлттық әдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Әрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланысты және басқа халықтар әдебиетімен қарым – қатынаста болды. Осы қарым – қатынас ішінде аударманың орны ерекше. Сонымен қатар, аударма – ақынның дүниетанымдық қорын байытудың баға жетпес көзі ретінде белсенді қызмет атқарады.

     Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санасының өсуіне, дүниетанымының кеңеюіне апаратын жол сияқты.

     Ақыл – ауыс, ырыс – жұғыс деп білетін халық өзінің елдік болмысын танып біле бастаған кезеңінен – ақ өзге елде, көрші жұртта не болып жатыр дегенге жіті құлақ түреді. Сондағы ең алдымен көңіл бөлетін – жан дүниені байытар рухани қазына үлгілері. Ендеше, рухани ауыс – түйіс, мәдени жалғастық ежелден – ақ ел назарында болып келген. Кедергі –тіл өзгешелігі болса, халық оның да жолын тапқан: тіл үйрену арқылы бір халықтың қазынасын екінші тілге аудару дәстүрі батыс, шығыс елдерінің қай-қайсысының да тарихында болған. Әлем халықтарының әдебиетінің бір-бірімен байланысуында, ғылым мен әдебиет салаларында халықаралық ынтымақтастықтың дамуында аудармалардың маңызы зор.

      Аударма ұғымының қолданылу аясы өте кең. Бір тілден екінші тілге поэзиялық және прозалық шығармалар, публицистикалық мақалалар, ғылыми әдебиеттер, ресми іс қағаздар, саяси және қоғам қайраткерлерінің, шешендердің сөйлеген сөздері, кинофильмдер аударылады; әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар тіл табысу үшін аудармашылардың көмегін қажет етеді.

Бірақ, біз осылардың ішінен көркем әдебиет саласындағы аудармаларды сөз еткелі отырмыз.

       «Аударма» сөзі жалпыға түсінікті, әрі көпшілікке белгілі болып табылады. Осыған қарамастан, бұл адам әрекетінің арнайы бір түрі және жемісі болғандықтан, ол ғылыми-терминологиялық анықтауды қажет етеді. Аудармашылардың өздері де «көркем аударма» ұғымына нақты анықтама беруге қиналады. Кейбір әдебиетшілер «аударма-түпнұсқаға негізделіп, түпнұсқаның басқа тілдегі көшірмесі» болу керек деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, аударма түпнұсқаға толық сәйкес болу керек. Бұл арада «сәйкестік» деген ұғымға тоқталу керек деп ойлаймыз. Егер бір шығарма екі түрлі тілде, екі түрлі мәдени-тарихи жағдайда өмір сүрсе, онда «сәйкестік» тек шартты түрде ғана болмақ. Осындай тұжырымды белгілі армян сыншысы Левон Мкртчян айтқан: «Если одно и тоже произведение существует на двух разных языках, в контексте разных культур, то о полном соответствии можно говорит лишь в определенном смысле. Даже наиточнейший перевод не может во всем совпадать с оригиналом, быть «абсолютно точным». Перевод и не должен полностью повторять оригинал - искусству противопоказаны повторения».

         Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері де сусындай алады.

         Толық мағынадағы аударма қалай да түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Әрине, шығарманың мәтінін бастан – аяқ тәржімалау мүмкін емес. Әсіресе, поэзиялық шығармалардың аудармаларында кейбір еркіндіктер болмай қоймайды. Оның себебі де бар – әр тілде қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері ерекше болып келеді. Сондықтан, бейнелі сөздерді көшіріп, сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізу мүмкін емес. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлдеқайда қиын. Ал, онсыз көркемдік ой – сезімнің әсерлілігі де толымды болмайды.

Көркем аударма процесінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылақ даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.

       Көркемдік қабылдауды психологиялық тұрғыдан зерттеудің талабына сай келетін – көркем мәтінді «сатылап талдау» («послойный анализ» текста) әдісі болып табылады. Неміс философы Н. Гартман көркем шығарманы «сатылап» талдай отыра, онда тілдік құрылым қабатын, кейіпкердің іс – әрекеті қабатын, характерлер қабатын және идеялық мазмұн қабатын көрсетеді [1, 83]. Поляк эстетигі Р. Ингарден де поэтикалық шығарманы сөздің дыбысталу қабатынан, сөздердің көптекістегі беретін мағынасы қабатынан, заттық қабаттан (шығармадығы көрсетілген заттық болмыс), «көріністер қабатынан» (слой видов), көркем мәтіндегі астарлы ой және сезімдік – элюционалдық көріністер қабатынан тұратынын көрсеткен [2, 47].

«Сатылап талдау» кезінде көркем шығарма көп сатылы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Негізгі тұжырымдарды жалпылай келіп, көркем мәтіннің мынадай қабаттарын көрсетуге болады:

1) Табиғи тіл қабаты;

2) Суреттелетін фактілер қабаты;

3) Идеялық – мазмұндық қабат.

      Соңғы қабаттың ішіне автордың тарихи, дүниетанымдық, адамгершілік позициясы және қоршаған ортаны түсіну, сезіну ерекшелігі кіреді.

Тәжірибесі аз немесе эстетикалық жағынан қалыптаспаған оқырмандар жалпы мазмұнның кейбір ғана қабаттарын алады да басқа – жоғарғы сатылы қабаттарға үңілмейді. Мұндай оқырмандардың қиялы мен елестету қабілеті жақсы дамыған болса, олар шығармадағы фактілер қабатын (кейіпкерлердің іс – әрекеттері, оларды байланыстырушы өмірлік қарым қатынастар мен сезімдер, т.с.с.) өте жақсы құрай алады.

      Осындай оқырман кейіпкердің белгілі бір іс–әрекеттерінің психологиялық маңызын түсініп аша алады, яғни, олар кейіпкердің іс – әрекетінің мәнін қабылдай алады, демек, типтік жинақтауды түсіне алады. Дегенмен, олардың қабылдау дәрежесі тек фактілер қабылдап, идеялық мазмұн, автордың дүниетанымы сияқты қабаттарға жетпейді. Мұндай оқырмандарға тән ерекшелік – егер шығарманың идеясы олардың өмірлік тәжірибесі мен рухани құндылықтарына жанасымды болса, олар көркем мәтіннің жоғарғы идеялық мәнін, мазмұнын қабылдай алады да, автор позициясы оларға қияли элемент сияқтанып көрінбейді. Бұл жағдайда оқырманда шығарманы моральдық өнерге ретінде қабылдайтын рухани – психологиялық ассоциациалар пайда болды. Шығарманы осындай дәрежеде қабылдаудың себебі – жинақтауды түсінуге дәрменсіздігінен емес, ал «ассоциация қорының» таяздығынан болатын құбылыс. «Ассоциация қорының» молдығы және мазмұндылығы оқырманның өмір тәжірибесіне, жоғары мәдени дәрежесіне, гуманитарлық мәселелерге қызығушылығына және әр түрлі жазушылар шығармашылығындағы идеялық – көкемдік концепцияларынан хабардар болуына байланысты. Көркем мәтінге сай ассоциациялардың туындауы – шығарманың идеялық мазмұнын философиялық тұрғыдан ұғыну дәрежесінде қабылдаудың негізгі шарты. Бұл қор неғұрлым бай болса және көркем шығарманы интерпритациялау (айымдау) тәжірибесі мол болса, соғұрлым қабылдау философиялығы жоғары болмақ [3, 136].

Информация о работе Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары