Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................
1. Стилистика және оның міндеттері
1.1Стилистика және оның зерттеу әдістері...................................
1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы...
2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасы негізінде)
2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны .........................................
2.2 Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің жеткізілу ерекшеліктері..............................................
2.2.1 Шығармада кездесетін метафора аудармасы.................
2.2.2 Шығармада кездесетін теңеулер аудармасы.......
2.2.3 Шығармада кездесетін эпитеттер аудармасы
2.2.4 Инверсия.............................
2.2.5 Перефраз........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс.doc Шолпан.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

      Стилистика – тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрондық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы. Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары (сфера) мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы – тілдің қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табылады. Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар жұмсалады. Стилистика саласына синтаксистен – кітаби тілмен салыстырғанда ауызекі сөйлеу тілі конструкцияларының айырмашылықтары; белгілі бір жағдайға байланысты шағын аяда қолданылатын конструкциялардың қолданылуы мен қызметін анықтау; сөздердің орын тәртібі жайы; синтаксистік конструкциялардың мәнерлегіштік қасиеттері; сондай-ақ тілдің синтаксистік фигуралары; семасиологиядан – сөздер мен сөз оралымдарының бейнелілік, метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденцияларына сипаттама беру; лексика мен фразеологиядан – жеке сөздер мен фразеологизмдердің қолданылу мүмкіндіктерін ашу; фразеологиялық тіркестердегі штамптар мен шаблондардың жұмсалу мүмкіндіктерін анықтау; тұрақты тіркестердің қолданылу қисындылығы; морфологиядан – септеу мен жіктеуде тұрған сөздердің синонимдік, варианттық мағыналары; сын есім шырайларын қолдану реттері т. б. мәселелер стилистикалық тұрғыдан зерттеледі (В. Виноградов). Осыдан стилистиканың қарастыратын және ол шешуге тиісті мәселелер туындай бастайды. Олар (М. Н. Ковтунова):

1)                 кең мағынадағы стиль ұғымына анықтама беру; жалпы стиль  ұғымының ішінен функционалдықстильді айқындау; тілдегі стиль мен қолданыс тіліндегі стильдің ара қатынасын нақтылау;

2)                 қарым-қатынастың әр түрлі аясындағы тіл қызметінің заңдылықтарын анықтау;

3)                 функционалдық стильдерді таптастыру;

4)                 стилистикадағы лингвистикалық белгілер мен экстралингвистикалық факторлардың арақатынастраын белгілеу;

5)                 стильдегі объективті және субэективті (индивидуалдық) ұғымдар проблемасы;

6)                 функционалдық стильдер мен қолданыс тілі түрлерінің арақатынастары;

7)                 лингвистикалық стилситика мен әдебиеттану стилистикасыныңарақатынастары;

8)                 стильдердің өзара ықпалы және тұтастығы;

9)                 көркем әдебиет тілінің функционалдық стильдерге қатынасы;

10)            стилистикалық нормалар мен олардың тарихи сипатын айқындау;

11)            стилистикадағы диахрония мен синхрония мәселесі;

12)            сөйлеу (произношение) стилі мен функционалдық стильдердің ара қатынасы және басқалары.

Стилистиканың өзіне тән зерттеу әдістері бар: семантика-стилистикалық, салыстырмалы, статистика-стилистикалық және диахрондық-синхрондық әдіс. Стилистиканы зерттеу мен оқып-үйренудің теориялық та, практикалық та мәні өте зор. Алдымен, лингвистикалық ой-өрісті өсіретінін айта кету керек. Кейінгі жылдарға дейін тілді функционалдық тұрғыдан зерттеуге көңіл бөлінбей келді. Екінші жағынан, тілдің даму процесіндегі, қазақ тілінің кең қолданыста бола алмаған жайларының орын алғаны да рас. Ал қазіргіджей, бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда, көп жанрлы көркем әдебиет туындылары,баспасөз материалдары, әр саладағы ғылыми, публицистикалық еңбектер дүниеге келіп жатқанда, ондағы тілдік құралдардың қолданылуы қандай дәрежеде екенін айтуға әбден болады,демек, мұндай зерттеулер оқырмандарды да сөзді талғап қолдануға үйретеді.Стилистика-статистикалық әдеісті қолдану барысында экстралингвистикалық факторлардың тілге деген ықпалын жақсы байқауға болады. Сол сияқты, диахрондық әдісті қолдану нәтижесінде психология, әлеуметтану, ғылымтану сияқты салалармен стилистиканың тығыз байланыстылығы көзге түседі. Стилистика  өз тұрғысынан тіл мәдениеті, практикалық стилистика, редакциялау әдістемесі, сондай-ақ теориялық және практикалық пәндердің теориялық негізін қалайтыны сөзсіз.

     Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы,  ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.
   Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.
Жоғары айтып өткеніміздей, қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.
Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді:

1)                 Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

2)                 Стиль-тарихи категория;

3)                 Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады.

Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады.
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады.

        Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

       Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.

       Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі.

     Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық

стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне

жатқызып жүр.
      Бір сөзбен айтқанда, стилистика - лингвистиканың бір саласы болып табылады, ол ой мен сезімді сақтай отырып хабардың сан-алуан тәсілмен жеткізілуіне арналған лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және жалпы тілдік құралдарды зерттейді.

      Бір жағынан, тіл стилистикасы тұрақты сөз тіркесі, синтаксис,сөздік ерекшелігі мен функционалды және тіл асты стильдер сиякты тілдік ішкі жүйенің ерекшелігін зерртесе, екінші жағынан, - әртүрлі тілдік шаралардың мәнерлі, эмоционалды және бағалаушы қасиеттерін қарастырады. Сөз стилистикасы дара нақты мәтіндерді зерттейді, тек қана тіл грамматикасы мен стилистика сияқты белгілі нормаға сай емес, сонымен қатар осы нормалардан ауытқу негізінде де  мазмұнның беру жолдарын қарастырады.

       Стилистика пәнін дұрыс түсіну үшін тіл - тілдесу құралы ретінде әртүрлі жағдайда және әртүрлі мақсатта  қолданылатынын айта кеткен жөн. Бір ақиқат дерегі жөніндегі мәлімдеме әртүрлі форма қабылдауы мүмкін, мысалы, тілдесудің түріне қарай – ресми, іскерлік немесе тұрмыстық, әңгімелесушілердің әлеуметтік тәнділігі және олардың арасындағы қарым-қатынасына, әңгіме тақырыбына сөйлеушінің субъективті, эмоционалды қатынасына және ақыр соңында, оный ахуалды қалай бағалайтынына тәуелді. Жоғарыда аталған факторлар факультативті, яғни, тілдесу барысында олардың барлығының бір уақытта көрсетілуі міндет емес.

      Мәтінді талдау барысында сөйлеу ақпаратынын екі түрі белгілі екенін есте сақтау қажет:

   а) хабардың өзектілігін құрайтың, қатынас акт ахуалымен ешбір байланыста болмайтын ақпарат;

   ә) қатынас актының қатысушылары мен шарттарымен байланысты қосымша ақпарат.

      Хабарламада бар ақпаратты қарастыра келе,сөз мағынасын толықтыратын тура мағынаға ие сөздер эмоционалды, мәнерлі, көркемдеуіш және функционалды-стилистикалық құрамдас бөліктерден тұратын ауыспалы мағына білдіретінін де байқағанбыз. Мысалы, girl, maiden, lass, lassie, chick, baby, young lady сөздері бірдей тура мағынаны білдіреді және бұл сөздер қатарын бір қызға біркелкі қолдануға болады, бірақ бұл аталған сөздер қолданысы қыздың сипатына қарай емес, оның сөйлеушінің оған қарым-қатынасы және әлеуметтік ахуалға қатысты болмақ. Сөздердің біріншісі  girl стилистика жағынан бейтарап сөз және ол барлық синонимдік қатардың доминант сөзі, яғни ол қалған сөздердің орнын оңай баса алады. Бұл сөздің тілде ауыспалы мағынасы жоқ. Ал топтың қалған сөздері белгілі-бір ауыспалы мағынаны білдіреді. Maiden – көнерген және әдеби сөз. Lass,әсіресе, lassie сөзі ауыспалы мағынаға ие: бұлар жылы сөздер,сонымен қатар олар диалектке жатады.Chick, сөздері сленг қатарына жатады, сонымен қоса baby ұнамды, жағымды коннатацияны білдіреді,яғни көбіне жақсы қыз деген мағынаны білдірсе керек. Young lady көбіне ирониялы болып келеді. Ауыспалы мағыналар тек қана жалпыға бірдей мағынаны емес, сонымен қатар белгілі-бір салада іске асуы мүмкін, сөздердің қолданысы контекстке тәуелді.

     Ақпараттың берілген екі түрінің айырмашылығын басқа жағынан да қарауға болады, яғни тіл қызметі төңірегінде. Ақпараттың алғашқы түрі тілдің интеллектуалды-коммуникативті тіл қызметімен байланысты. Екіншісі, яғни қосымша ақпарат, - басқа қызметтермен қоса,яғни: сөйлеушінің сезімін жеткізу, прагматикалық қызмет, яғни белгілі-бір оқиғаға оқырманның көңіл-күйі және түрткі болуы,тыңдарманның көңілін аулау, хабарды дұрыс қабылдауға түрткі болу және ең ақырында, эстетикалық қызмет, яғни  эстетикалық сезімге берілетін әсер. Әртүрлі авторлар (К.Бюлер,Р.Якобсон және т.б.) тіл қызметінің әртүрлі топтастыруларын ұсынған болатын. Алайда қарастырылып өткен топтастыру стилистика саласында толық қарастырылған, сондықтан бұның өзі жеткілікті деуге әбден болады.

Информация о работе Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары