Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................
1. Стилистика және оның міндеттері
1.1Стилистика және оның зерттеу әдістері...................................
1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы...
2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасы негізінде)
2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны .........................................
2.2 Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің жеткізілу ерекшеліктері..............................................
2.2.1 Шығармада кездесетін метафора аудармасы.................
2.2.2 Шығармада кездесетін теңеулер аудармасы.......
2.2.3 Шығармада кездесетін эпитеттер аудармасы
2.2.4 Инверсия.............................
2.2.5 Перефраз........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс.doc Шолпан.doc

— 297.50 Кб (Скачать)


МАЗМҰНЫ            

КІРІСПЕ.......................................................................................................

1. Стилистика  және оның міндеттері

1.1Стилистика және оның зерттеу әдістері...................................

1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы...

2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасы негізінде)

2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны .........................................

2.2 Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің жеткізілу ерекшеліктері..............................................

2.2.1 Шығармада кездесетін метафора аудармасы.................

2.2.2 Шығармада кездесетін теңеулер аудармасы.......

2.2.3 Шығармада кездесетін эпитеттер аудармасы

2.2.4 Инверсия.............................

2.2.5 Перефраз........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

 

 

 

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.

Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы­лық, стилистік дарын да талап етіледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілінде жазылған көркем шығармаларды  ағылшын тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.

Зерттеу нысаны. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.   

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – көркем шығарманы аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен когнитивтік парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын танытар әрі әлемдік қордың маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі ретінде анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

                    ағылшын тіл біліміндегі аударматану теориясының даму ерекшелігін зерттеу, оның негізгі кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;

                    шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің, әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген зерттеушілер ретінде бағалау;

                    қазақ тілінен көркем шығарманы аударудың концептуалды және когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта негіздеп талдау;

                    аударматану теориясының танымдық негізде қалыптасып даму бағытын уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелеу, олардың халықтық дүниетаныммен сабақтастығын, идеялық және мағыналық болмысын түсіндіру;

                    көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ тілінің рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы аудару теориясының өзіндік даму бағыты қазақ ұлтының заңды динамикалық өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және көркем шығарманы аударуды жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп, оларға ғылыми негізде түсініктеме берілуі.

Зерттеу дереккөздері. Қазақ тілінен көркем шығарманы аудару теориясының даму сипатын айқындау, оның когнитивтік лингвистика ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап аударма саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары, арнайы когнитология саласында жазылған ізденістер мен лексикографиялық еңбектер негізге алынды. Сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу кезінде В.Н.Комиссаровтың ,І.Кенесбаевтың, Ж.А. Жақыповтың,Г .Жұмайқызының,А.Семеновтың, А.В.Федоровтың, Н.К.Гарбовскийдің, Т.А Казакованың еңбектеріне сүйендім.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның универсалды ұстанымдары мен ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы лингвистика салаларының даму сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады. Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем шығарманы аудару теориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Дипломдық жұмыста ұсынылған көзқарастар мен пікірлер аударматану пәнін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар көркем шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық зерттеу кіріспеден, әрқайсысы бірнеше бөлімдер мен тармақшалардан топталған үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және авторлық қосымшалардан тұрады.
 

  

 

1.      Стилистика пәні және оның міндеттері

1.1 Стилистика және оның зерттеу әдістері

 

Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білмінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл саладан біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А. М. Пешковский, Л. В. Щерба, В. В: Виноградов, Г.В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы «Вопросы языкознания» журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған.

     Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы, функциональды стильдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны т.б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В. В. Виноградовтың мақаласы жарияланды. Осы дискуссиядан кейін стилистика мәселелерін зерттеу жұмысы жандана бастады, көп кешікпей стилистика жөнінде еңбектер жарық көрді.

      Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – стиль. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмұны кең,оның жұмсалатын орны көп («Стиль» теримні әдебиеттану, бейнелеу өнері, музыка тағы басқа ғылым салаларында да кеңінен қолданылады). Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Оның осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде стиль – сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилситиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген ұғымда қолданылды. Бұл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген.

      Сөйтіп, лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек ХХ ғасырдың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөлене бастайды. В. Г. Белинский былай дейді: «Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар». Белинскийдің пікірінше, тіл өнерінің осы «техникалық жақтары», яғни тілдің қолдану тәсілдері мензаңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінің алғашқы мағыналары қазір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.

Стильдің ерекшеліктеріне:

   а) тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы;

   ә) шектелген және арнаулы лексикалық құрам;

   б) өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері;

   в) өзіне тән фразеология;

   г) өзіне тән синтаксистік конструкциялар;

   ғ) әр стильге лайық мәнерлегіш құралдардың құрамы мен қызметі жатады.

       Қазақ әдеби тілінде бес функционалдық стиль бар:

1)                 ауызекі сөйлеу стилі;

2)                 ресми стиль;

3)                 ғылыми стиль;

4)                 публицистикалық стиль;

5)                 көркем әдебиет стилі.

     Функционалдық стильдерді бұлайша таптастыру академик В. В. Виноградов атап көрсеткен тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты. Ондай қызметтер қарым-қатынас (ауызекі сөйлеу стилі), хабар, ақпарат беру (ресми және ғылыми стильдер) және ықпал ету, әсер беру (публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі) қызметтері болып табылады. Сөз қолдануға қатысты стиль сөзі екі салада – әдебиет теориясы мен тіл білімінде пайдаланылады.

      Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тәрізді сөздер жатады:

1)                 Айту                         1) Мылжыңдау

2)                 Сөйлеу                      2) Көпіру

3)                 Міңгірлеу                 3) Көку

4)                 Күмілжу                   4) Оттау

5)                 Мыңқылдау              5) Бөсу

      Бұл синоним сөздердің бәрі сөйлеудің әр түрлі сипатын білдіреді. Әр түрлі жағдайда қолданылады. Сондықтан олардың мағыналық реңдері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы реңде қолданылатынын аңғару қиын емес. Біреудің сөзін сөйлеп, біреуді жақтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады.

                                   Сойылын соғу,

                                   жыртысын жырту,

                                   шашбауын көтеру

Сияқты синонимдес фразеологизмдер біздің тілімізде көп кездеседі.

      Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрессивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдің стильдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа – тілдік бірліктердің қай-қайсысына да тән құбылыс. Морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құбылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т.б.

      Бұл сөздердің де, жоғарыда келтірілген мысалдардай, эмоциональды-экспрессивті бояуы айқын сезіледі. Осы сөздерге мұндай өң, бояу беріп тұрған морфологиялық тұлғалар (форма) екенін аңғару қиын емес.

                                   Долларшыл топ – соғыс құмар бөспенің,

                                   Тілейміз біз жер бетінен өшкенін.

                                                                       («Бейбітшілік даусы»).

        Осында «соғыс құмар» деген сөздің соғысқор, соғысшыл сияқты әр түрлі реңділікті білдіретін синонимдері бар.  Ашушаң, ашуқой, ашуланшақ, ашуланғыш дегендердің де синонимдес екенін байқаймыз. Кейде мұндай рең дамыту тәсілімен де беріледі. Мысалы: көгілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымқай көк, тым көк.

    Стильдеу – тілдік материалды ұйымдастырудың негізгі принциптері мен көзге  айқын көрініп тұратын  сыртқы тілдік белгілерге сәйкес көркемдік баяндауды саналы түрде құру. Сыртқы тілдік белгілер әлеуметтік ортаға, тарихи кезеңге, әдеби бағытқа, мектепке, жанрға, ресми құжаттарға, әлдебір жазушының жеке сөз саптау ерекшелігіне тән болып келеді. Стильдің басты түрі фольклорға, ауызекі-тұрмыстық тілге негізделген оқырмандарға мәнерлегіш әсер қалдыратын, эстетикалық жағынан барынша ықпалды стиль болып табылады. Стильдеу сан алуан идеялық-эстетикалық мақсаттарда: тарихи баяндау үшін, өткен кездердегі әлеуметтік топтың бейнесін қалыптастыру үшін, сатиралық немесе юморлық ыңғайда жұмсалуы мүмкін. Тарихи шығармалардың қай-қайсы да (роман, поэма, повесть, драма) сол дәуірге лайық сөздің қолданылуын талап ететіні белгілі. Мұндай мысалдар қазақ тілінде де баршылық. Мысалы, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында, Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлкесінде», Ә. Әлемжановтың, І. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың, М. Мағауиннің тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларында көнерген сөздер (архаизмдер) мен историзмдердің, фразеологизмдердің мүмкіндігінше мол және орнымен қолданылғанына көзіміз жетеді. Мұндай шығармалары  арқылы авторлар, бір жағынан, қазіргі қолданысымызда жоқ немесе өте аз ұшырасатын сөздерді айналымға  түсіріп, тілдің байлығын арттырудың тағы бір жолын көрсетіп отырса, екінші жағынан, көркем бейнелер жасауда мүмкіндіктің молая түскенін дәлелдейді. Мұндайда әңгіме жекелеген лексикалық б ірліктер мен фразеологизмдер төңірегімен шектеліп қалмаса керек. Стильдеу барысында синтаксистік құрылымдар сияқты күрделі тілдік құралдардың да архаизм тұрғысынан жаңартылып отырғанын да назардан тыс қалдырмау керек. Оның үстіне, мұндай жэайларды тек авторлық баяндау тұрғысынан  ғана емсе, кейіпкерлердің сөздер және бұл екеуінің (авторлық баяндау мен кейіпкер тілі) байланысы жағынан бірлікте қарастырған жөн.

Информация о работе Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары