Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 00:41, курсовая работа
Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретінде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындардың қызметін тоқтатады және болашағы бар кәсіпорындарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері :
1) мемлекеттің салық жүйесі мен құру кезеңдерін белгілеу;
2) оның саясаты мен негізгі бағыттарын толықтай ашу.
КІРІСПЕ..........................................................................................................2
1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 4
1.1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 4
1.2. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕЛЕРІ 5
2 ТАРАУ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ....................................................11
2.1. САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ. 11
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ МЕХАНИЗМІ 17
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ.................................................................................................................20
3 ТАРАУ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……….......….22
3.1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҮРДІСІ 22
3.2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
13.Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
14.Мемлекеттік баж салығы.
15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.
16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
3.Орман табысы.
4.Су үшін төленетін ақы.
5.Табысқа салынатын салық.
6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
7.Кәсіпкерлік қызметтің субьектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
9.Елтаңбалық алым.
10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы обьектілер құрылысына салынатын салық.
2.Курорттық алым.
3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
4.Жарнамаға салынатын салық.
5.Автотранспорт құралдарын,есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алынатын алым.
8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысу адамдардан алынатын алым.
11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.
12.Аукциондық сатудан алынатын алым.
13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.
15.Ит иелерінен алынатын алым.
16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
17.Жергілікті аукциондық өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
Екінші кезең.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып,салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды.Оның ішінде бесеуі мемлекеттік,алтауы жергілікті салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
1. Эаңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
2.Қосылған құнға салынатын салық.
3.Акциздер.
4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
3.Көлік құралдарына салынатын салық.
4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
5.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуқұқығы үшін алынатын алым.
6.Аукциондардан алынатын алым.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар,алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1.заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2.қосылған құнға салынатын салық;
3.акциздер;
4.бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайиын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;
5.жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
6.әлеуметтік салық ;
7.автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;
8.жер салығы;
9.заңды және тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
10.-1 бірыңғай жер салығы;
11.кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12.қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;
13.аукциондық сатудан алынатын алым;
14.Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым;
15.Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
16.заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;
16-1.заңды және жеке тұлғалардың «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді өздерінің фирмалық атауларында,қызмет көрсету таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;
17.жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
Үшінші- кезең .
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар.2005 жылы акциз салығын қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы қосылды.
Салықтың түрлері:
1.Корпорациялық табыс салығы.
2.Жеке табыс салығы.
3.Қосылған құн салығы.
4.Акциздер.
4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
6.Әлеуметтік салық.
7.Жер салығы.
8.Көлік салығы.
9.Мүлік салығы.
Үкімет жаңа салық кодексін қабылдай отырып алдына бірнеше мақсат қойды: Кереғарлықтар мен қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; Республика бойынша cалық жүйесін біртұтастандыру:
Салық қатынасы тәжірибемен шыңдалып отыр. Сондықтан да, биыл,2003 жылы қабылданған жаңа Салық кодексі жылдар бойы бастан кешкен тәжірибелердің нәтижесі іспетті. Жаңа кодекс бүлкі әлемде қабылданған құқықтық көрсеткіштерге негізделген және біздің экономикамызға нарықтық қатынасқа тезірек бейімделуге мүмкіндік беретін ішкі құқықтық базаға сүйеніп, жалпы мемлекеттің мүддесіне жауап береді.[31]
Қазақстандағы экономикалық өзгерістер мен меншік иелігіндегі қарым-қатынастар реформасы мемлекеттік салық жүйесіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Нарықтық экономика жолында салық жаңа экономикалық қарым-қатынасты үйлестірудің маңызды тетігіне айналып отыр. Атап айтқанда, салық нарық үрдісінің стихиялығын шектеп, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға ықпалын тигізеді, инфляцияны ауыздықтайды.
Бірақ та, әлеуетті елдердің даму тәжірибесі көрсетіп отырғанында, ұлттық реформаның табысы бірінші кезекте, еркіндіктің мемлекеттік кепілдігі, құқықтық арақатынастардың сенімділігі мен тұрақтылығымен байланысты. Мұндай кепілдіктердің болмауы салдарынан, мемлекеттік экономикалық қауіпсіздігіне қатер төніп, инфляцияға себеп болады.
Сондықтан да, салық жүйесі тиімді де тұрақты жұмыс істеуі үшін алдымен сәйкес құқықтық негіз керек және елдегі әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету керек.
Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары
Салықтар – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.
Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты. Оны жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады, яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді.
ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.
Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді.
Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.
Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.
Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады:
– мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).
Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:
- салық салу объектілері бойынша;
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
- пайдалану тәртібі бойынша;
- объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі.Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының “Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заңы (Салық кодексі). Алматы, 2004ж.
2. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының кодексі (салық кодексі) Ресми газет №26(26), маусым 2001 жыл Алматы “Бико” Баспа үйі.
3. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы. 24.04.1995ж., 1999 жылғы сәуір айындағы өзгертулер мен толықтырулармен қоса.
4. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тура лы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997ж.
5. Ермекбаева Б.Ж. “Жалпы мемлекеттік салықтар” Оқу құралы “Экономика” баспасы 1997 жыл.
6. “Егеменді Қазақстан” Үсенова Н “Салық халық несібесі – ол өркенниет үшін төленетін төлем” 27 қыркүйек 2000 жыл №236 – 239
7. “Егеменді Қазақстан”: “Салықтың жеңілдетілуі – реформаның жарқын жетістігі” 30 маусым 2001 жыл №136.
8. “Егеменді Қазақстан” Қалманбетова Г “Салық жеңілдіктері: кемшілігі мен артықшылығы” 27 наурыз 2001 жыл.
9. “Егеменді Қазақстан” Үсенова Н “Салық халық несібесі – ол өркенниет үшін төленетін төлем” 27 қыркүйек 2000 жыл №236 – 239
10. “Егеменді Қазақстан”: “Салықтың жеңілдетілуі – реформаның жарқын жетістігі” 30 маусым 2001 жыл №136.
11. “Егеменді Қазақстан” Қалманбетова Г “Салық жеңілдіктері: кемшілігі мен артықшылығы” 27 наурыз 2001 жыл.