Салық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 00:41, курсовая работа

Описание работы

Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретінде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындардың қызметін тоқтатады және болашағы бар кәсіпорындарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері :
1) мемлекеттің салық жүйесі мен құру кезеңдерін белгілеу;
2) оның саясаты мен негізгі бағыттарын толықтай ашу.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................2
1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 4
1.1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 4
1.2. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕЛЕРІ 5
2 ТАРАУ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ....................................................11
2.1. САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ. 11
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ МЕХАНИЗМІ 17
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ.................................................................................................................20
3 ТАРАУ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……….......….22
3.1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҮРДІСІ 22
3.2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

Работа содержит 1 файл

Салык саясаты.doc

— 243.00 Кб (Скачать)


 

МАЗМҰНЫ:

 

 

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................2

 

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ              4

1.1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ              4

1.2. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕЛЕРІ              5

 

 

2 ТАРАУ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ....................................................11

2.1. САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.              11

2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ МЕХАНИЗМІ              17

2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ.................................................................................................................20

 

3 ТАРАУ  САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ……….......….22

3.1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҮРДІСІ              22

3.2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ  ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ              23

 

ҚОРЫТЫНДЫ              27

 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ              29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

              Тақырыптың өзектілігі. Салық проблемасы ең маңызды және қайшылықты болып келеді, өкінішке орай, бүгінгі күні салық жүйесінің дұрыс жүргізілуін, салық төлеушінің заңды құқығының, мүддесінің әлеуметтік қорғалуының қамтамасыз етілгендігін айту әлі ертерек. Өз  кезегінде кім болса да салық төлеудің амал-тәсілдерін қарастырады, ал бұл айлалар қоғамның басқа да шеңберлеріне тарап, мемлекеттік қазынаға түспеуді қамтамасыз етеді. Бұл облыстарда өткізілген, мемлекет тарапынан, салық және алым жүйесіндегі өзгерістер шындыққа жанаспайды.

              Салық саясаты – салық механизмінің құрамдас бөлігі бола тұра, мемлекеттің маңызды функцияларының бірі болып келеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ыңғайлылық және тиімділік функцияларын белгілейтін Қазақстан Республикасының салық салу ұйымының барлық субъективтік факторлар жүйесі салық облысының белгіленген шараларының сапасына тәуелді болып келеді. 1995 жылы 24 сәуірде шыққан заңдылық күші бар №2235 «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» жөніндегі Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына Қазақстан Республикасының дербес салық саясатының негізін қалайтын көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

              Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, ставкілердің құрылымын қайта қараумен байланысты жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер толықтыруларға келесі жылдың қаңтарынан бастап шектеу қою керек. Мұндай қадам салық заңдылығының тұрақтандырылуына және дұрыс жүргізілуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар салық салу мүддесіне «трансферттік баға, салық құпиясының институты» сияқты ұғымдар және олардың салықтық есепте қолдану ерекшеліктері енгізілді.

              Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретінде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындардың қызметін тоқтатады және болашағы бар кәсіпорындарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.

Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу.

Жұмыстың негізгі міндеттері :

1) мемлекеттің салық жүйесі мен құру кезеңдерін белгілеу;

2) оның саясаты мен негізгі бағыттарын толықтай ашу.

Жұмыстың зерттеу нысаны – салық түрлері, салық заңнамалары және олардың қолданылу аясы, салық жүйесінің кезеңдері.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасының Салық Кодексі және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде – салық саясатының теориялық негіздері, қызметтері. Сонымен қоса, мемлекеттегі салық саясатының қалыптасуы қаралады.

Екінші бөлім салық саясаты және оның мақсаттары мен бағыттары, мемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясатын қарау негізделген.

Үшінші бөлімде – салық жүйесін жетілдіру жолдары мен ҚР салық саясатының құру кезеңдері қарастырылады.

Курстық жұмыстың көлемі – 30 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

 

1.1 Салықтың экономикалық мазмұны

 

Қазақстанның салық жүйесін Мемлекеттік салық комитетін басқарады.  Ал,  оның өзі  Қазақстанның Қаржы министрлігіне  қарайды және Елбасы мен  Үкіметке бағынады.

Салық комитетінің бүгінгі күндегі басты міндеті - салық туралы  заңнаманың орындалуын, мемлекет қазынасына салықтар мен басқа да төлемдердің дер кезінде түсуін қадағалау  болып табылады.  

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалу барысын қадағалайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке салықтық  түсімдер мен басқа міндетті түсімдерді қамтамасыз ету саласындағы басшылықты және саларалық үйлестіруді, міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде және толық аударылуын бақылайтын ведомство болып  табылады.

Комитеттің аймақтық органдары бар: оларға аймақаралық салық  комитеттері, облыстар бойынша, Астана мен Алматыда қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, арнайы  экономикалық аймақтардың салық комитеттері бар. [1]

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін  салықтар  екіге:   тіке  және жанама  салықтар болып жіктеледі

Тіке салықтар дегеніміз - табыстан немесе салық төлеушінің  мүлігінен   төленетін салықтар.  Тіке салықтар мемлекеттік  нақты  және   белгілі көлемде салық береді. Бұл салықтарды төлеген  кезде  мемлекет салық төлеушімен тікелей байланысқа түсіп, азамат ретіндегі оның міндетін  анық  нақтылай  алады.  Тіке салықтар  көп жағдайда кейбір экономикалық құбылыстардың қарқыны мен спецификасын көрсете алмайды. Сондықтан да жанама салықтардың көмегімен бірқатар мемлекеттік тиімділіктер  қамтамасыз  етіледі.

Жанама  салықтар дегеніміз - бағаға немесе тарифке қойылған  тауарлар мен қызметтер салығы және оның салық төлеушінің  табысымен   немесе  мүлігімен  еш байланысы  жоқ.    

Ал, салық кодексінде  қарастырылған салықтар түріне тоқталар болсақ, Қазақстанда мемлекеттік қазынаның көзін үйлестіруші болып табылатын жалпымемлекеттік  салықтар жұмыс істейді:

- корпоративтік  табыс  салығы  және жеке  табыс  салығы;

- қосымша құнға салық;

- акциздер

- құнды қазғаздар эмиссиясын тіркеу  үшін  төленетін  салық;

Арнайы төлемдер мен жер қойнауындағы байлықты  пайдаланушылардың  салықтары

- әлеуметтік салық

- әлеуметтік қамтамасыз  етуге жиналатын қаржы жатса,

Ал, жергілікті жинақтарға:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлға мүлігіне салынатын салық;

- көлік салығы;

- кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеу үшін жинақ жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін   төленетін  салық;

- аукциондық  саудадан түсетін  салық. [2]

 

 

 

1.2 Салық түрлерінің жіктемелері

             

  Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

     Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

    Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. [3]

    Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

                        мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;

                        салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

                        арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

                        салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

     Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

Сонымен қатар алым-анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.

   2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемелекеттік тіркеу үшін» және туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды.

Алымдардың түрлері:

1.Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   2.Жеке  кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.    

   3.1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым(2005 жылдың 1қаңтардан)

   4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   6.Теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   6.1.Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)

   7.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   8.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   8.1.Туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды,туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лизензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)

   9.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

  10.Аукционардан алынатын алым.

  11.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

  12.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына  радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені алым.

Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін  міндетті төлем.

   Төлемақының 9 түрі бар.2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.

Төлемақының түрлері:

  1.Жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  2.Жер бетінде көзердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

   3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

   4.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

   5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

   6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

   7.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

   7.1.Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005 жылдың 1қаңтардан)

    8.Кеме жүретін су  жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

    9.Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

     Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Информация о работе Салық саясаты