Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 00:41, курсовая работа
Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретінде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындардың қызметін тоқтатады және болашағы бар кәсіпорындарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері :
1) мемлекеттің салық жүйесі мен құру кезеңдерін белгілеу;
2) оның саясаты мен негізгі бағыттарын толықтай ашу.
КІРІСПЕ..........................................................................................................2
1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 4
1.1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 4
1.2. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕЛЕРІ 5
2 ТАРАУ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ....................................................11
2.1. САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ. 11
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ МЕХАНИЗМІ 17
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ.................................................................................................................20
3 ТАРАУ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……….......….22
3.1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҮРДІСІ 22
3.2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
Экономикалық дамуда белгіленген бағыттарды іске асыру үшін сәйкес қаржы механизмдерін өндіру және оның үнемі асырылуын қадағалау.
Экономиканы тұрақтандыру бағдарламаларында және ҚР-ң нарыққа көшуінде экономиканы қаржылық сауықтыру, ақша айналымын реттеу, тұтыныс нарығын дұрыстау, өндірістің тұрақтандыруын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарды нығайту шаралар комплексі қарастырылған. Нарықтық қатынасқа көшудегі негізгі бағыттар: экономиканы мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, экономиканы демонополизациялау, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, нарық инфрақұрылымын құру (тауар және қор биржалары, инвестициялық қор, тауар сатудағы коммерциялық көтерме сауда желісі, коммерциялық банктер, сақтандыру фирмалары, транспорттық шаруашылық, коммерциялық ақпараттар орталығы, жарнамалық фирмалар, сервистік жөндеу желісі, консультациялық және заңгерлік қызметтер және т.б.) болып келеді. Келесідей нарық түрлері құрылады, ауылшаруашылық өнімдері, еңбек, тұрғын үй, қаржылық нарық.[12]
Осы бағдарламаға сәйкес негізгі мақсат – мемлекеттік бюджетті толықтыру және экономиканы тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығының қаржылық сақтандыру проблемаларын шешу болып келеді.
Қаржылық саясатты жүргізгенде қаржылық саясаттың келесідей қағидаларының іске асырылуы негізгі роль атқарады.
Қоғамдық өндірістің барлық мүшесінің мүддесінің сақталуы, құрылу барысында кәсіптілік, ұлттық, әлеуметтік топтардың сақталуы.
Қаржылық қатынастың толық ұйымның қамтамасыз етілуі, қаржы жүйесінің барлық сферасындағы шығыс пен кірісті тексеріп отыру.
Қаржы резервтерін құру (қаржы саласындағы қаржы резервтері мен бюджет жүйесіндегі кірістің шығыстан артуы).
Қызмет етуші субъектілер мен мемлекет арасында қаржы реурстарын оптималды бөлу.
Қаржылық саясат пен ұйымда алға қойған мақсаттарға жету үшін қойылған мақсаттарды орындауда логикалық тұтастығы бар қаржылық механизм ретінде қаржылық саясаттың құрамдас бөліктерінің құрылу механизмдерін көрсету керек (1-сурет). [13]
Сурет 1. Қаржы жүйесінің механизмі
Салық саясаты адам қызметінің спецификалық облысы болғандықтан категориясына жатады. Бір жағынан салық саясаты экономикалық қатынастармен қақтығысады; саясатты жүргізуде қоғам бостандықта болмайды, соңғысы экономикамен байланысты. Екінші жағынан салық саясаты экономикалық базис негізінде құрала және дами отырып, қаржы саясатының құрамдас бөлігі бола тұра, белгілі бір еркіндікте болады; оның өзіндік даму логикасы бар.
Ғылыми түрде салық саясатын өндіру қоғамдық даму заңдылығымен байланысты деп айтады және үнемі қаржы теориясынан есеп шығару керек. Бұл заңдылықтың бұзылуы халық шаруашылығының үлкен шығынға ұшырауына әкеп соғады.
Салық саясатының және салық жүйесінің құрылуы реформаның параллель блоктары-меншік жүйесіндегі өзгерістер, баға қалыптасу, банк жүйесінің құрылуы, ақша-несие саясаты және т.б. дамуымен бір уақытта іске асырылады. Осыған байланысты кез келген нақты уақытта салық салу жүйесін құру жолында реформаның басқа бағыттарында шешімдер қабылдаумен анықталады.
Салық саясатында нақты шешімін қабылдау кезінде келесідей факторлар әсер етеді:
өндірістің өсу темпін сипаттайтын мемлекеттегі жалпы экономикалық жағдай.
инфляция деңгейі.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты.
Мемлекет бақылауындағы өндіріс сферасы мен жекешелендірілген сектор арасындағы сәйкестік. [14]
Салық саясатын жүргізген кезде біз нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек дұрыс болар еді. Дамыған батыс елдердің реттеу практикасы мен теориясында салық саясаты соғыс жылдарынан кейін қаржының функционалдық кейнстік концепцияларына сәйкес жүргізіледі. Осы концепцияға байланысты шығынның көлемі мен салық салу нормасы қоғамдық сұраныстың мұқтаждығына бағынышты болып келеді. Қоғамдық сұраныс ол бір деңгейде тұрып, еңбек ресурстарының толық қамтамасыз етілуін және капиталдың, бағаның тұрақтану кезінде қамтамасыз ету болып келеді. Дамыған экономика жағдайында бұл мақсат салықты күшейту емес, керісінше салық базасын дамыту және мемлекеттің шығысын төмендету болып келеді. Салық жүйесін құру мен қолдану батыс елдерінің теориялық және практикалық тәжірибелері біздің жағдайымызға да қолдану мүмкіндігін туғызады. Бүгінгі жағдайда даму деңгейі мен экономиканың кризистік жағдайын салықтық саясаттың көмегімен шешуге болады. [15]
Салық саясатының құрылу негізінде екі бір-бірімен тығыз байланысты екі методологиялық ұсыныс жатыр: әр деңгейдегі бюджет бөлімдерінің кірісін құру салықтық төлемдер арқылы және мемлекеттің фискалдық міндеттерін шешу; экономикалық қызметті реттеу үшін салық құралдарын пайдалану болып келеді.
Таяу уақытқа шейін, салықтың жоғары деңгейі және салық шкаласының жоғары деңгейі халықтық әлеуметтік жағдайын жақсартады және экономиканы дамытады деп келген, ал қазір батыс елдерінің салық салу облысының жалпы тенденциясы бойынша жеке тұлғалардың кірістері мен корпорацияның табысына салынатын салықты төмендету тиімді болып саналады. Салық көтерілген кезде азаматтардың таза пайдасы төмендейді. Әрбір адам пайданың көп мөлшерін алу үшін, көп жұмыс істеулеріне тура келеді.
Нарық қатынастарын құрған жағдайда салық саясатының негізгі бағыты - халықтың нақты пайдасын көтеру болып келеді. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлімдерінің пайдасын жоғарылатуға көмектеседі. Салық жүйесі арқылы қоғамдағы еңбекке жарамсыз адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсарады. [16]
Салық саясаты өз сипаты бойынша үндейді:
Біріншіден, ақша құралдарының бюджетке тұрақты келіп түсуін қамтамасыз ету үшін мемлекет функцияларын өндіру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
Екіншіден, экономикадағы іскерлік активтің өсуіне жағдай жасау.
Үшіншіден, өндірістік процесті қадағалау.
Әлемдік тәжірибеде салық саясатының үш типі бар:
1. жоғарғы салықтың саясаты - алуға болатынын барлығы алу принципі. Бұл жерде мемлекетке "салықтық қақпан" құрылады. [17]
Салық ставкілерінің бюджет кірісіне әсерін тигізетініне теориялық дәлел- Лаффер териясы.
Бұл теория бойынша салық ставкілерінің өсуі белгілі бір шекке дейін салықтық кіріске өз әсерін тигізеді. Одан кейін өсім ақырындайды, одан кейін бюджет кіріс күрт төмендейді. Бұдан мынандай қорытынды жасауға болады: салық төлемдерінің жеңілдету арқылы экономиканың тұрақтану міндетін шешуге болады. А. Лаффердің пікірі бойынша, экономиканың қозғаушы күші шаруашылық агенттердің экономикалық қызмет нарығына деген қызығушылықтары. Егер де бұл қызмет тиімді болса, өндіріс интенсивті темпен жүргізілетін болады. Егер де нарықтың ойдағыдай қызметі жоғары және прогрессивті түрдегі салықпен қақтығысса, экономикалық активтілік төмендейді.
Лаффердің ойынша, халық пен кәсіпкердің пайдасының жалпы суммасынан салық түрінде бюджетке 30% артық алуға болмады.
Егер де салық ставкасы белгілі бір жоғары деңгейге жетсе, онда кәсіакерлік инициатива стимулы қысқартылады, өндіріс кеңеюі тоқтайды, кіріс төмендейді.
2. Орынды салықтық саясат - тиімді салықтық климат туғыза отырып кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмектеседі және кәсіпкер салық салудан оңай шығады. Бірақта бұл мемлекет кірісін азайтатындықтан, әлеуметтік бағдарламалардың шектеуіне әкеп соғады.
3. Салық салудың жоғары деңгейін қарастыратын салық саясаты, әлеуметтік қорғау мақсатында.
Бұл жерде салықтың кірістер негізінен әр түрлі әлеуметтік қорларды құруға жұмсалады. Салық саясатының мұндай типінің кемшілігі ол мұндай саясат инфляцияға әкеп соғуы мүмкін. [18]
Әлемдік тәжірибеде бұл салық саясатының бір де бір типі таза түрінде қолданылмайды, бірақ күшті дамыған экономикада салық саясатының барлық түрі де бір-бірімен ойдағыдай үйлеседі.
Салық біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшердегі және белгілі бір уақытта жүргізілетін, экономиканың тұтқасы ретінде пайдаланылатын міндетті төлемдер болып келеді. Сонымен қатар салықтың басқа формаларын енгізуге, ставкілерін өзгертуге, өндіріп алу тәсілдерін, жеңілдіктерін орнатуға болады. [19]
Салықтық реттеу кезінде экономиканың мемлекеттік қаржылық реттеуінің бір түрі болып келеді.
Спад кезеңінде қалыптастырушы фискалдық саясат жүргізіледі.
Мұнда:
1. Мемлекет шығысының өсуі
2. Салықтың төмендеуі
3. Фискалдық саясаттың бұл бағыттарының мемлекеттік шығыспен үйлесуі қарастырылады.
Сұраныс пен инфляциямен байланысты фискалыдқ саясат:
1. мемлекеттік шығыстың азаюы
2. салықтың өсуі
3. көрсетілген бағыттардың үйлесуі сияқты кері бағыттарды көрсетеді.
Практикада қарастырылған тепе-теңдік моделіндегі тәуелділікке қосымша факторлар әсер етеді.
Фискалдық саясаттың қолданатын шараларының өз уақытында өткізілуі.
Ақша нарығындағы пайыздық ставкілердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының өсу кезіндегі жеке меншік ивестиция элементерінің қысқартылуын көрсететін тарылу эффектісінің қозғалысы
Ашық экономикада ұлттық өндіріс валюта курсының өзгеруін сезінеді, бұл жерде міндетті шығыстар элементі ретінде, таза экспорт мөлшері өзгереді.
Осыған байланысты фискалдық саясатты реттеуші шараларды жоғарыда көрсетілген факторлардың әлсіреуі мұмкін.
Жеке табысқа салық салу маңызды әлеуметтік қызмет атқарады-халықтың әртүрлі әлеуметтік таптарының кірістерінің теңелуін қамтамасыз етеді. Бұл функцияны әлеуметтік бағдарлама бойынша бюджеттік шығыстарда да орындайды, нәтижесінде төменгі мөлшердегі кіріс табатын халықтар жоғарғы деңгей топтарына келеді және әлеуметтік теңсіздік тоқтатылады. [20]
Салықтың реттеудегі маңызды аспект шетелдік инвестицияларды тарту және толтыру болып келеді, ал бұл салық төлемдерінің мөлшеріне, ставка шамаларына байланысты болады. Жоғарғы мөлшердегі салықтың болуы капиталдың басқа салық мөлшері төмен елдерге көшуіне жағдай жасайды.
Бұл факторға сонымен қатар салық салу төмен немесе мүлде жоқ "оффшорлық зоналардың" болуы әсерін тигізеді. Екінші жағынан жоғары деңгейдегі салық ставкілерінің болуы клге шетелдік капиталдың кіруіне септігін тигізеді, экономика дамиды.
Сондықтан салықтық реттеу осы факторлар мен санасып, экономикалық байланыстарғы елдердің салықтық жағдайын теңестіруге өз септігін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің салық салу проблемалары үнемі бар болып келеді. Бірақ салықтар бюджетті ғана толықтырып қоймай, экономиканы реттеуде басқада функцияларды атқарады.
Салық саясаты өз міндетінде зкономкалық қызметтің кеңеюін, халыққа көмектесуді, өз бизнесін ашқан адамдарға көмектесуді және сенімді салық төлеуші болуын қамтамасыз етеді. [21]
Кез келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болғанда және өзінің апаратын құру үшін ақшасы болғанда, өзінің функцияларын жүргізген кезде шығынды жабу көздері болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Мемлекет ақша құралдарын екі түрлі әдіспен түсіндіреді:
1. Меншік иесінің мемлекетке өз еркімен ақша қаражатын беруі: (Мысалы,мемлекеттік ішкі және сыртқы борыштар).
2. Міндетті төлем-салықтар.
Салықтың мәнін түсінуде салық салу теориясының классигі Адам Смиттің еңбектері үлкен роль атқарады. А Смит келесідей салық салу принциптерін көрсетті:
– Салықтардың заңдылық тәртібі (А Смиттің айтуы бойынша салық-мемлекет арқылы салынатын заң формасындағы мөлшерін және төлем тәртібін анықтайтын төлем).
– Теңдік (мемлекет қарауындағы әрқайыссысы өз табысына байланысты мемлекетті қолдау).
– Анықтылық (Салық төлеушіге төлемнің мөлшері мен қолданылуы, уақыты белгілі болуға тиіс).
– Алымның арзандығы (кассасына салық төлеушінің қалтасынан алынған түсуі тиіс және салықтар жинағын минималды кешіктіруге ғана тиіс).
– Төлемнің шаруашылық өзбеттілігі (Салық субьектісі ретінде белгілі меншігі бар және өз бетінше шаруашылық қызметтен пайда табатын тәуелсіз азамат түсуі тиіс). [22]
К Маркс салықты үкіметті тамақтандыратын ананың омырауы деп атаған, ал Энгельс салықты мемлекеттің үш белгісінің бірі деп санаған. Осылайша салықтың маңызы экономикалық теорияның барлық ойшылдарымен көрсетілген.