Салық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 00:41, курсовая работа

Описание работы

Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретінде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындардың қызметін тоқтатады және болашағы бар кәсіпорындарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері :
1) мемлекеттің салық жүйесі мен құру кезеңдерін белгілеу;
2) оның саясаты мен негізгі бағыттарын толықтай ашу.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................2
1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 4
1.1. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 4
1.2. САЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕЛЕРІ 5
2 ТАРАУ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ....................................................11
2.1. САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ. 11
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ МЕХАНИЗМІ 17
2.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ.................................................................................................................20
3 ТАРАУ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ……….......….22
3.1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҮРДІСІ 22
3.2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

Работа содержит 1 файл

Салык саясаты.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

      Баж салығы-алып келінген,сыртқа шығарылатын,сондай-ақ транзитті тауарлар,бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.

      «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. [4]

     1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң   салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат аді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

     Қазақстан Республикасының Үкімеі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап,онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді.

  Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қыстартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. [5]

   Салықтардың, ларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрл қағидаттар бойынша жіктеледі:

   -салық салу обьектілері бойынша;

   -салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

   -пайдалану тәртібі бойынша;

   -обьектінің экономикалық белгісі бойынша.

     Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар-салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.                                                                                                          Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп,ақшалай капитал,және т.с.с.) салынады.                                                                                                                             Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

    Жанама салықтар-бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық,  акциздер жатады. Жанама слықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады.
Жанама салық салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

Жанама салықтар салық салу объектісіне қарай төмендегіше бөлінеді:

Жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады;

Әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады;

Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады. [6]

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.

         Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.

    Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы,знйнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).

   Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады.       Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсету тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар. [7]

    Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

   Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

   Мағлұмдамада салық төлеушілердің табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді,шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен,корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер  салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.

   Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

  *төлем көзінен салық салынбайиын табыстары барлар;

  *тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды іске асырғандар;

   *Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар.

   *Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттрада ақшасы бар жеке тұлғалар;

    *Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдамада беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

    *Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары,судьялар табыс етеді.

    Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

  Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.

    Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның,мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп,ұстайды.

    Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін тастайтын құжат.

  Салықтық есептің екі әдісі қолданылады:кассалық және есептеу әдісі.

    Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,қызмет көрсету,мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

   Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытында қарамастан жұмысты орындау,қызмет көрсету,тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған.Төлеушілер үшін оның кемшілігі-салық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс,бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың,алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кірістіреді. [8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТАРАУ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

2.1 Салық саясаты мемлекеттің қаржылық саясатының құрамдас бөлігі

             

Қаржылық саясат – бұл қаржы саласында мемлекет арқылы өз қызметін және міндетін іске асыруға бағытталған шаралардың мәні. Қаржылық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып  келеді.

              Экономикалық заңмен белгіленген қоғамдағы өндірістік қатынас категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар – бұл жалпылама түрде ұсынылған және экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайтын біржақты экономикалық қатынастар Оларға: баға, қаржы, сақтандыру, несие, кіріс және т.б. жатады.

              Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы пайда болады. Ол өзі мекеменің әдістерін және түрінің нысанын, қаржылық басқару және жоспарлауды айқындайды. Қаржы жалпы экономикалық категория болғандықтан, ол жекеленген субкатегориялардан тұрады. Онда белгілі бір дәрежеде салық саясатының, бюджеттік саясаттың және оларға сәйкес механизмдер – салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлардың, қаржылық басқарудың, қаржылық-құқықтық өзбеттілігін бөліп көрсетуге болады. [9]

              Қаржылық механизм өз құрамына қоғамдық-экономикалық өмір деңгейіндегі және сферасындағы барлық қоғамдық өнім элементтерінің, материалдық емес игіліктер, қызметтердің құрамына кіретін кеңейтілген қаржылық ресурстар – нақты, адрестік, шын нәтижелер, яғни мемлекет арқылы белгіленген қаржылық шараларды жатқызады. Қаржылық саясат пен қаржылық механизм экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан кеңейтілген өндіріс процесінің дұрыс ағымы осыларға тәуелді болып келеді. Дұрыс құрылған қаржылық саясат, айқын жөнделген және синхронды жұмыс істеуші қаржылық механизм қоғамның әлеуметтік-экономикасының дамуына жағдай жасайды. Бұған кері тенденция да бар: егер де сәйкестендірілген қаржылық механизм экономикалық заңдардың жүргізілуімен толық көлемде санаспаса немесе олармен қайшылықты жағдайда болса, онда сәйкестендірілген қаржылық механизм халық шаруашылығының және басқа да салалардың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалануға жағдайы болмайды; Бұл кезде қоғамның экономикалық дамуы жетеледі; болымсыз көріністер толастайды, антиқоғамдық процестер туындайды. [10]

Адамдардың жетілген экономикалық көзқарастары арқылы саясат пен механизмнің дамуы тауар – ақша қатынастарының жоғары деңгейде қолданылуы, әрбір жұмысшының айы мен творчествосы жоғары нәтиже әкелетіндігін тарих көрсетеді. Бұл кезеңдерде 20 – шы жылдардағы «жаңа экономикалық саясаты, 50 жылдың екінші жартысындағы экономикалық либерализация жатады. Нақ осы кезеңдерде экономикалық жоғарғы даму темпі және адамдардың жағдайының жақсаруы жоғары жетістіктерге жеткен. 80-жылдардың екінші жартысында қаржылық саясат пен қаржылық механизм белгілі роль атқарған радикалды экономикалық реформа іске асырыла бастады. Бұл кезеңнің басында қаржылық саясат өз еркімен дамыған Қазақстанда қайшылықтармен және қайталанбаушылығымен ерекшеленеді. Бір жағынан басқа елдерде, әсіресе Ресейде, болып жатқан қаржылық шаралар мен дестаблизациялық факторлар саясатты таңдауда әсерін тигізеді. Бұл шаруашылық байланыстармен, біріккен экономикамен, бір валютамен, жалпы шекарамен және құрылып отырған ТМД елдерінің менталитетімен анықталады. Экономикада нарыққа көшуді жылдамдату үшін «шоковая терапия» өткізілді: баға мен нарықты либерализациялау, жоспарлық бастаманы алып тастау, мемлекеттік монополияны алып тастау, қаржылық шектеуді ашу, халық шаруашылығының төменгі құрылымындағы бақылауды жеңілдету. [11]

              Бір жағынан Қазақстанда қоғам үшін қажетсіз тездетілген және дайындалмаған шаралар өткізіледі. Олардың санына өндірістік қатынастағы еркін шешімдер, қаржылық орталықтандырылуға ұмтылу, мемлекетті меншіксіздендіру, приватизациялау, материалдық өндіріс сферасындағы субъектілер ынтасын, материалдық емес сфера салаларын, ары қарай қоғамдағы негізгі әлеуметтік топтарды және жиі ауыстырулар, үкіметтегі толықтырулар мен нормативтік актілер жатады.

              Қазақстан жағдайында қаржылық саясаттың міндеті – қаржылық механизм арқылы экономиканы кризистен шығару және оның жолдарын табу, халық шаруашылығының құрамын қайта құру мақсатында, шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттің үлесін азайтып, жекеменшік құру, ішкі экономикалық қызметті кеңейту және дамыту болып табылады. Республикада нарық экономикасына көшу бағдарламалары, қаржылық механизм және саясат жүргізілуде.

              Қаржылық саясат арқылы шешілетін міндеттер:

                    Мемлекеттің әрбір нақты кезеңдерінің ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың шекті мөлшерін жасау үшін, жағдайды қамтамасыз ету.

                    Қаржы ресурстарын қоғамдық өндіріс сферасы, халық шаруашылығы секторлары арасында белгілі бір мақсаттар үшін бөлу және пайдалану.

Информация о работе Салық саясаты