Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 21:18, курсовая работа
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады. /5/
Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3
1.Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.……………….........…………....4
1.1.Банк жүйесінің даму тарихы ……………….…………...........………....…..4
1.2.Банк жүйесінің құрылымы ………….…........................................................7
2. ҚР банк жүйесіндегі инновация-жаңа банктік өнім.......................................10
2.1.Пластикалық карточкалар есепайырысу құралы ретінде............................10
2.2.Интернет-банк және мобильді банк жүйесі..................................................20
3.Банктегі қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары................…..............................................................................................24
3.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу..................................................................................................24
3.2. ҚР банктік жүйесін жетілдірудің кейбір жолдары......................................31
Қорытынды…………………………………...…………….……...............….....35
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....37
Қосымша
Қолма-қол ақша берудің жалпы көлемі 2,7 есеге ұлғаюы несие беруден байқалады. Сонымен бірге банктердің кредиттері бойынша қаланың экономикасына қарыз сомасы 2011 жылдың басында өткен кезеңмен салыстырғанда 84,3% көбейді.
Тұтастай алғанда, қолма-қол ақша айналымының өсіміне кіріс жағынан да, сол сияқты шығыс жағынан да мынадай себептер ықпалын тигізеді: тауар айналымының және көрсетілген қызметтің көлемінің 21,4%-ға, орташа айлық атаулы жалақының 21,6%-ға (нақты көрінісі — 13,5%-ға) өсуі, осы деңгей бойынша Астана республика көлемінде Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін үшінші орын алады.
Сөйтіп, елорданың қолма-қол ақша айналысының өсуі оның экономикасының, қала халқы санының өсуіне және еңбекақының көтерілуіне байланысты, бұл тікелей тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сату көлемдерінің өсуіне ықпал етеді. Қолма-қол ақша айналымында ақшаның басқа елдің басқа аймақтарына орын ауыстыруы маңызды рөл атқарады. Алайда, Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымын реттеу саласындағы қызметінің басты бағытын ұстана отырып, Орталық филиал қала экономикасы субъектілерінің қажеттілігін уақтылы және толығымен қанағаттандыруға ынталы.
Елбасының халыққа Жолдауында мемлекеттің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарының қатарында – инфляцияны тежеу және қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті белгіленген. Сонымен қатар, инфляцияны тежеу жауапкершілігі Ұлттық банкпен қатар, алға қойған міндеттерді орындау мақсатында өкілеттік берілген еліміздің Үкіметіне де жүктеледі деп көрсетілген.
Тағы бір қарқынды дамып келе жатқан бағыттың бірі сауда-саттық пунктіндегі қорғаныс. Мұнда негізгі үш шешім болуы мүмкін. Кішігірім қаржылық жүйесінде смарт-карточканың өзі бір немесе бірнеше парольмен қатыса алады. Қорғаудың бірнеше түрін пайдалану жүйенің жан-жақтылығын көрсетеді. Және ең соңғысы, жоғары сапалы сенімділікті қорғау үшін аппаратты құралдарды пайдалану болып табылады. Smart City жүйесінде сату пунктерінде кассалық терминалдар пайдаланылады. СМ4450 құрылғысына микро-бақылау мен шифрға арналған модуль орнатылған. Онда ақпараттар сақталынып, ішкі жағынан кілтті қорғап тұрады. Кілттерді аппаратты түрде кришографикалық процессордың көмегімен жасайды. Кілтті мұқамдап қойғаннан кейін оны бөгде біреуге оқу мүмкін болмайды. Ал жадында сақталған ақпараттар өшіріліп, немесе қайта қосқан кезде жоғалып кетеді.
Бір күнде жасалынған есеп айырысулар туралы деректер сатып алушының смарт-картасында орналасқан кілттің көмегімен жасалған электронды қолтаңбамен жабдықталады. Бұл дүкендерде шаруашылық операциялар кезінде алаяқтық жасаудың алдын алады. Одан кейін, кешке қарай, шаруашылық операциялар туралы деректер төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығына жіберілетін кезде де, бар сәлемдеме тағы да электронды колтанбамен жабдықталады. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығында әрбір шаруашылық мәмілесінің жасанды емесін тексеру үшін тағы да электронды қолтанбаны тексереді. Әр кезеңде шаруашылық операцияларды жалған электронды қолтаңбалармен салыстырады. Әр шаруашылық операцияны нақты карточкалар негізінде тек қана сол карточканы берген банк қана тексере алады. Себебі, олардың өздерінің кілттері болады. Сонымен қатар, барлық банкоматтар туралы ақпараттар да сол сияқты қорғалады. Телекоммуникациялық желі болмаған жағдайда, ақпараттарды сыйымдылыгы жоғары, үлкен смарт-карталармен тексере алады. Оны жұмыс күні біткеннен кейін банкке жеткізеді.
Барлық шаруашылық операцияларының POS-терминалда жазылып, банкке беріп жіберетіндіктен, ұрланған немесе жоғалған карточка жоғалған сәтте болған сома мөлшерімен қайта қалпына келтіріледі.
Жүйеде жарамсыз деп табылған карталардың тізімі үнемі жүргізіліп, сақталады. Мұндай тізім күнделікті банкоматтарға жергілікті есептеу желісі бойынша, ал сату терминалдарына модемдік байланыс арқылы немесе көлік смарт-карталары арқылы жеткізіледі.
3.2.ҚР банктік жүйесін жетілдірудің кейбір жолдары
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. ҚР-сының ДСҰ-на кіруі үшін Банк жүйесін датытуға көптеген күш салу қажет.Себебі экономикасы дамып келе жатқан ел үшін елдің банк жүйесінің басқарылуын дұрыс жолға қою мыңызды.
Бірнеше жыл ішінде Қазақстанның қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД ның басқа елдеімен салыстырғанда едәуір дамыған және мелекеттің араласуынан қорғалған болып табылады.
Ұлттық банктің негізгі
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке келесідей міндеттер жүктелген:
- мемлекеттің ақша несие
- төлем жүйелерінің жұмыс
- валюталық реттеуді және
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ұлттық банктің негізгі
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзырында қалады. Осы міндетті шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қарды нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.
Жалпы, банктердің қаржы айналымын тұрақты жүргізудегі қызметтері алуан түрлі болатыны анық. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындарына, шағын кәсіпкерлік иелеріне, жеке тұлғалардың үй алуына және басқа да жобалар бойынша несиелер береді. Банктердің қызметі сонысымен қарқынды жүргізіледі.
Берілген қаражатты банктер тиімді пайдалануы қажет. Яғни, ел азаматтарының сұранысын қамтамасыз етіп, шағын кәсіпкерлерге, басқа да жобаларды жүзеге асыруға, құрылысы жүріп жатқан ірі нысандардың жұмысы тоқтап қалмауы үшін несие беруі керек.
Банктік жүйенің дамуы үшін банк қызметінің дұрыс басқарылуын қадағалау қажет. Басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.
Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.
Банк жүйесін дамытудың негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмұнын қарастырайық.
1) Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.
Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады.
Сонымен қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді.
Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.
3. Пассивтерді басқару банк жүйесін жетілдірудің дербес бағытын бідіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
-міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу;
-банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
-банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.
Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылғын қажет етеді.
¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:
-ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
-әр қызметкермен тіл табыса білу;
-ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.
Коммерциялық банк стратегиясын құрудың типтік схемасына мыналар кіреді:
а) жалпы мақсат;
ә) уақытша ауқым;
б) стратегиялық бағдар:
банктің болашақтағы рөлі;
басқару міндеттері;
в) банктің жағдайын талдау:
банктің жағдайын (статусын) бағалау;
бэселестік позиция;
клиенттермен қарым-қатынас;
каржылық жағдай;
г)іс-әрекеттің жаңа
ауқымын игеруде артықшылықтарды
анықтау:
жаңа қаржылық қызмет көрсету;
жаңа қаржылық қүралдар;
жаңа клиенттер;
ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;
д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;
е) банктік әлеуеттің дамуы;
ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;
з) қосарланушы талдау жүргізу.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға мыналар кіреді:
-несиелік қатынастар технологиясы;
несиелік тәуекелділік.
Коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрамдас элементтері бұлар:
-банк кірістерін басқару;
-банк пайдасын қалыптастыруды бақылау;
-сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы мен пайда деңгейін бағалау;
-банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау./9/
Қорытынды
Нарықтық
экономика ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.