Компания шығындары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 21:18, курсовая работа

Описание работы

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады. /5/

Содержание

Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3

1.Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.……………….........…………....4
1.1.Банк жүйесінің даму тарихы ……………….…………...........………....…..4
1.2.Банк жүйесінің құрылымы ………….…........................................................7

2. ҚР банк жүйесіндегі инновация-жаңа банктік өнім.......................................10
2.1.Пластикалық карточкалар есепайырысу құралы ретінде............................10
2.2.Интернет-банк және мобильді банк жүйесі..................................................20

3.Банктегі қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары................…..............................................................................................24
3.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу..................................................................................................24
3.2. ҚР банктік жүйесін жетілдірудің кейбір жолдары......................................31


Қорытынды…………………………………...…………….……...............….....35

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....37

Қосымша

Работа содержит 1 файл

Инабат Курс ҚР банк жүйесіндегі жаңашылдық.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

    Депозиттiк банкоматтарды колдану кезiнде инкассатор қолма-қол ақша     қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшiн салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледi. Кассир касса меңгерушiсiнiң қатысуымен конвертте корсетiлген соманы банкоматтарды баскару жүйесiнен алынган мемориалды ордер деректерiмен сальтстырады. Накты сома мен мемориалды ордер деректерi арасында сәйкессiздiк табылса клиент деректерi, банкомат нөмiрi, орналаскан жерi, нақты ақшаны қабылдау уақыты, жазылған сома мен накты сома көрсетiлiп тиiстi акт жасалады. Ақша салған клиент акт мазмұнымен танысуы тиiс.

   Салыстырудан соң кассир конверттен алынған қолма-қол ақша сомасына кассалық ордер толтьрады және мемориалды ордер деректерiмен салыстырады, кiрiс және мемориалды ордерде қол қояды. Мемориалды ордер негiзiнде нақты алынған қолма-қол ақша клиенттер шотына қосылады. Банкоматтарда жургiзiлген операция туралы ақпарат эквайрердiң үрдiстiк орталығына электронды түрде жiберiледi. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргiзiлген операциялар туралы акпарат және слипттермен бiрге ерекше құрамдас банктiк құжат — карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердiц толемдер тiзiмiн құруга негiз болады.

   Банктің карточкалары қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитеттің банк карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие.

    Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізінде төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін құрады, онда белгілі эмитент ұстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі. Эмитентттердің төлем тізімі өткізілген операциялар сомасын ұстаушылар шотынан өтеу үшін оларға жіберіледі. Төлем ұйымы – эмитент пен эквайрер арасындағы есеп айырысуды реттеуге қатысады. Көрсетілген есеп айырысулар клиринг (өзара талаптарды есептеу) әдісімен жүргізіледі және әдетте «нора-нетто» жүйесіне негізделеді. Оның мәні - әр қатысушы банк үшін оның барлық қатысушысына жіберген және алған қаржы пударымы туралы барлық тапсырмалардың жалпы көлеміне қатысты бірыңғай дебеттік немесе кредиттік сальдоға келу. Мұндай банктік тәжірибеде қалыптасқан дебеттік және кредиттік сальдоның аталуы – «таза сальдо» немесе «таза позиция». Бұл кезде әр эмитенттің немесе эквайрердің кредиторы және борышкері төлем жүйесі болып табылады.

   Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәтижесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде төлем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша аударымдарына тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді.

   Егер несиелік ұйым – эмитент бір мезгілде өзі шығарған карточканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған эжағдай карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бұл кезде аталған операция төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеттігі жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді.

    Клиринг өз алдына операицяға қатысушы тараптардың өзара талап ету міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

    Кез келген бизнестің басты міндеті – пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін есем.

    Карточкалық операциялардың есебі есептің автоматтандырылған көмекші есеп деп аталатын жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Оны клиенттердің көмекші есебінің – карточка ұстаушылардың және сауда нүктелерімен жүргізілетін операциялардың көмекші есебіне бөлугее болады.

 Клиенттер шоттарының көмекші  есебі карточка ұстаушылардың  шоттары бойынша барлық ақпаратты  тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік  есеп талаптарына сәйкес бас  бухгалтерлік кітапта және соған  сәйкес банк балансында бейнеленетін  жеке карточкалық шоттарға топтастырылады.

   Сауда нүктелері өткізетін операицяларға көмекші есебінде сауда нүктелерінің барлық жеке шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптағы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестендірілуі тиіс.

   Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады.

   Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.

    Операцияны бақылау есебі бойынша бастапқы құжат операция мазмұны, формасы, референс нөмірі, авторланыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелері бар чек жоқ болса – карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды және референс нөмірі), «операция көшірмесі» деген жазуы бар чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. POS – терминалдан кезекті жабу кезінде берілген құрама чек анықтамалық құжат болып табылады және штат өткізген операцияларды салыстыруға қолданылады. /18/

    Қолмен авторландырудың автоматтандырылған режімінде ALTYN,VIZA, Eurocard\Master Card карточкаларын қолданып, клиринг және карточкалық операциялар бойынша есепайырысу бөлімінің қызметкері мыналарды орындайды:

- келісім жасаған клиенттерден  слиптерді қабылдайды және өңдейді;

- банктің үрдістік орталық деректер  базасына файл хабарламаларды  енгізеді;

- банктің мөлшерлемесіне сәйкес  сыйақыларды ұстай отырып клиенттің  банктік шотына ақша сомасын  қосады;

- банктің мөлшерлемесіне сәйкес  сыйақыны банк кірісіне қосады.

 

 

2.2.Интернет-банк және  мобильді банк жүйесі

    Банктер интернет арқылы оңай және сенімді банктік қызмет көрсету жүйесін ұсынады. Интернет бойынша банктік қызмет көрсету әр банктің сайтында жүзеге асырылады. Тіркелу үшін Банктің облыстық филиалында PIN2 (деребестендірілген сәйкестендіру коды) алу қажет. PIN2 алуға өтінішті Банктің облыстық филиалында, сонымен қатар көрсетілген сайтта толтыруға болады.

    Интернет арқылы қосылу  үшін Банктер ең жаңа технологияларды пайдаланады.

Мүмкіндіктер:

-карт-шоттағы қол жетімді ақша сомасы туралы ақпарат алу;

-карточка бойынша соңғы он операция туралы ақпарат алу;

-карт-шотты тежеу (мысалы, карточканы жоғалтқанда немесе карточканы пайдалану арқылы алаяқтық әрекеттерге күдік болған жағдайда);

-жабдықтаушылардың қызметтеріне төлем жасау;

-ақшаны карточкадан Банк шығарған басқа карточкаға аудару;

-көрсетілген айға карт-шот бойынша үзінді көшірмелер алу.

 

 

    «Мобильді банк» жүйесі клиентке оның банктік шотының жағдайы туралы шұғыл хабарлап отыруға мүмкіндік береді. Шотпен жүргізілген операциялар туралы хабарландырулар транзакциялар аяқталғаннан кейін SMS-хабарлама түрінде клиенттің мобильді телефонына келіп түседі. Клиент мобильді телефонның көмегімен өз шотының балансы туралы мәліметтерді, шот бойынша жүргізілген операциялардың тарихын сұрай алады, Mobile Bank — Verified by Visa спецификациясының талаптарына сәйкес қауіпсіз төлемдерді орындай алады, өзінің банкі ұсынатын басқа да сервистерді пайдалана алады. Қызметке GSM-желісі қолданылатын барлық аумақтарда қол жеткізуге болады.

Қызметтің ыңғайлылығы:

-Қарапайым және ыңғайлы құрылымдалған интерфейс — мобильді телефонның менюі;

-Төлемдер менюін динамикалық персонализациялау мүмкіндігі;

-Реалды уақыттағы операциялар — on-line төлем транзакциясы;

-Бірнеше төлем аспаптарының (қолма-қол ақша, чектер, карточкалар, интернет-төлемдер) артықшылықтарын бір аспапта пайдалану.

    Пассивті ақпараттық мобильді сервистер (Эмитенттің өз Клиенттеріне жіберетін SMS-хабарламалары)

-Қалдық өзгерген жағдайдағы хабарламалар;

-Ерекше жағдайлар бойынша хабарламалар (овердрафт, несие бойынша төлемнің мерзімін өткізіп алу, ДР, бонустар, жарнама);

--АБЖ шоттары, зейнетақы қоры, сақтандыру компаниясы, несие бойынша төлеу мерзімінің келуі бойынша хабарламалар;

-Несие сұрау бойынша шешім туралы хабарлама. 

    Белсенді ақпараттық мобильді сервистер (Клиент бастамалайтын операциялар):

-Балансты сұрау;

Операцияның тарихын сұрау;

-Тарифтерді сұрау;

-Берешекті сұрау;

-Валюталар бағамын сұрау;

-Картаны блоктау/блоктан шығару;

-Банкоматтардың орналасуы;

-Жалпы ақпарат (жаңалықтар, ауа райы, жұлдыз жорамал).

 

  «Цеснабанк» АҚ «Мобильді банкинг» қызметі - бұл ұялы телефондағы SMS-хабарламаның көмегімен карточкадағы шот арқылы ақшалай қаражат қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесі.

   SMS-банкингті қосып, Сіз мынадай мүмкіндікке ие боласыз:

-Төлем карточкасының шоты бойынша баланысты алу;

-Төлем карточкасының соңғы он транзакциясы бойынша шағын-көшірме алу;

-Ұялы телефон арқылы төлем карточкасына шектеу қою;

-Ұялы телефонға қосылған төлем карточкасының тізімін алу;

-Ұялы телефонның балансын толықтыру;

-SMS-банкинг бойынша анықтама алу;

-SMS-банкинг тарифтерін алу.

 

SMS-банкинг тарифтері:

Мобильді банкинг қызметіне  қосу/өзгерту/ажырату және қайта  тіркеу-  

100 тг.                

Мобильді банкинг жүйесін пайдаланғаны үшін ай сайынғы абоненттік ақы- 200 тг.

Карточкаға шек қою- 50 тг.

Ұялы телефоннан ұялы байланыс қызметіне  төлеу-50 тг.

Клиенттің сұрау салуы бойынша  мобильді банкинг қызметі арқылы карточка бойынша соңғы 10 операция туралы ақпарат ұсыну -100 тг.

Карта бойынша балансқа сұрау салу -50 тг.

 

«Мобильді банкинг» жүйесі бойынша  операция жүргізу үшін келесі SMS-хабарлама түрін пайдаланады:

 

1. Баланс                                      Bal NNNN или 01 NNNN

 

2. Шағын-көшірме                              MS NNNN или 02 NNNN

 

3. Төлем карточкасын шектеу          Block NNNN или 03 NNNN

 

4. Қосылған карточкалар тізімі          Card или 06

 

5. Ұялы телефон үшін төлем        Pay NNNN SUMMA или 07 NNNN

                                                                  SUMMA

 

6. Анықтама                                       Help или 08

 

7. Тариф                                       Info или 09

 

 

NNNN – төлем карточкасы нөмірінің  соңғы 4 (төрт) саны 

 

SMS-банкинг қызметі қазіргі уақытта  Kcell, Activ, Beeline, Dalacom, Pathword, City, Neo байланыс  абоненттері үшін қолжетімді.

 

Электрондық төлем жүйесіне келетін болсақ.

Банкомат арқылы төлеуге мүмкіндік  бар:

-мобильді байланысты;

-телефонды;

-теледидарды;

-интернетті;

-коммуналдық төлемдерді.

Банкомат арқылы электрондық төлем  жүйесі келесі төлемдерді жүзеге асыруға  мүмкіндік береді:

 

Мобильді байланыс – Kcell, Activ, Beeline, Dalacom, Pathword, City, Neo.

 

Телефония – ICON, Транстелеком.

 

Теледидар – Алма ТВ (Астана, Алматы, Қарағанды, Семей), СЕКАТЕЛ, Digital TV, ICON, G-MEDIA.

 

Интернет – Excord, 2DAY Telecom, Digital TV, ICON, G-NET.

Коммуналды төлемдер - Өскемен водоканал, Қарағанды коммуналды төлемдер орталығы, Қарағанды-билинг, Шығысэнерготрейд (э/энергияны  төлеу, өсімақы, қосу).

 

Электрондық төлемді жүргізу үшін тариф 50 теңгені құрайды.

 

Төлем сомасы кем дегенде 100 теңгені  құрауы керек. орталығы, Қарағанды-билинг, Шығысэнерготрейд (э/энергияны төлеу, өсімақы, қосу).

 

Электрондық төлемді жүргізу үшін тариф 50 теңгені құрайды.

 

Төлем сомасы кем дегенде 100 теңгені  құрауы керек./18/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Банктегі қолма-қолсыз  есеп айырсудың жаңа нысандарын  жетілдіру жолдары

 

3.1. Қолма-қолсыз есеп  айырысу сапасын жетілдіру және  тиімді банктік қадағалау жүргізу

   Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу

 Қазақстан Республикасының  1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Қазақстан  Республикасындағы банк және  банктік қызмет туралы» Заңында  және 1997 жылғы коммерциялық банктерді  қадағалаудың Базельдік стандарттарына  сәйкес қаржылық тұрақтылықты  қамтамасыз ететін комплекстік  механизмдерінің құрамдас бөлігі  сияқты банктік реттеу мен  қадағалауды тиімді жүзеге асыру  банктің қолма-қолсыз есеп айырысу  сапасының жоғарылауында ерекше  орын алады. 

     Шетел тәжірибесінде банктердің қызметін реттеудің негізгі мақсаттары:

- Бәсекелестік талаптардың гармонизациясы;

- Несиелік ұйымдардың модернизациясы;

- Банктің қауіпсіздігін қамтамасыз  ету; 

- Клиенттермен қатынасты жақсарту, оның ішінде олардың қызығушылығын қорғау./21/

     Қолма-қолсыз есеп айырысуды басқарудағы жоғарыда көрсетілген мәселелер қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың маңыздылығын көрсетеді және банктердегі қолма-қолсыз есеп процестің методикалық ұйымдастырылуына, ережелеріне, нормативтеріне сәйкес келеді.

 Банктік қызметтің пруденциалдық  нормалары Орталық банкпен бекітіледі, оларға:

- Ұйымдарымен қабылданатын тәуекелдің  шекті көлемі;

Информация о работе Компания шығындары