Компания шығындары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 21:18, курсовая работа

Описание работы

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады. /5/

Содержание

Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3

1.Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.……………….........…………....4
1.1.Банк жүйесінің даму тарихы ……………….…………...........………....…..4
1.2.Банк жүйесінің құрылымы ………….…........................................................7

2. ҚР банк жүйесіндегі инновация-жаңа банктік өнім.......................................10
2.1.Пластикалық карточкалар есепайырысу құралы ретінде............................10
2.2.Интернет-банк және мобильді банк жүйесі..................................................20

3.Банктегі қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары................…..............................................................................................24
3.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу..................................................................................................24
3.2. ҚР банктік жүйесін жетілдірудің кейбір жолдары......................................31


Қорытынды…………………………………...…………….……...............….....35

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....37

Қосымша

Работа содержит 1 файл

Инабат Курс ҚР банк жүйесіндегі жаңашылдық.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

- Жоғалтуларды жабу мүмкіндігі  мен қолма-қолсыз есеп айырысу  ұйымдарының өтімділігін қамтамасыз  ететін резервтер нормасын құру;

- Несиелік ұйымдардың қолма-қолсыз  есеп айырысу жағдайына немесе  олардың қаржылық қызметін нақты  бағалауына кері әсер етуіне  әкелетін талаптарды орындамауы жатады.

 Несиелік ұйымдардағы есептің  айқындылығын Орталық банк бірінші  рет тексергенде, оның қолма-қолсыз  есеп айырысу айқындылығы қарастырылады,  яғни қолма-қолсыз есеп, алған  қарыздың пайда болған кездегі  тәуекелдерін анықтайды, сонымен  қатар ссуда бойынша жоғалтуларға  резервтер құрады.

   Банктік қадағалау жүйесін құратын 1997 жылғы банктік қадағалаулағы Базельдік стандарттарына сәйкес, банк қызметін тиімді қадағалауына келесі қағидалар жатады:

- Банк қызметінің мәні туралы  қадағалау органдарының дұрыс  ұсынысы және банкпен қабылданатын  тәуекелдерді басқарудың мамандырылуын  қамтамасыз ету; 

- Жекелеген банктер өзіне қосатын  тәуекелдер мінезі мен көлемін  қадағалау органдарының бағалауы;

- Есеп және қадағалау жүйесінің  тиімділігіне, мамандырылған басқарушылыққа, капиталдың жеткіліктілігіне сәйкес  келетін тәуекелдерге банк ресурстарының  бар болуын қадағалау органдарымен  бекіту;

 Банктік қызметке қадағалаудың  Базельдік стандарттары банктер  өзіне қабылдайтын тәуекелдерді  шектеуіне бағытталған пруденциалдық  нормалар мен ережелерді қарастырады. 

- капиталдың жеткіліктілігі (бағалаудың банктік механизмнің болуы, нарықтық бағалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді тиімді бағалау – 12 қағида);

- несиелік тәуекелдерді басқару (7 – 11 қағида);

- нарықтық тәуекелдерді басқару (12 қағида);

- басқа тәуекелдерді басқару.

- Базельдік стандартқа сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысу тәуекелдердін басқару келесі қағидаларды ұсынады:

- Стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі (7 қағида);

- Күмәнді қарызды жабу үшін қамтамасыз етудің жеткіліктігі және активтер сапасының бағалауы (8 қағида);

- Тәуекелдерді және ірі тәуекел позицияларын концетрациялау (9 қағида);

- Банкпен байланысты тұлғаларға несие беру (тәуекелдерді минимизациялаудағы қадағалауды қолдану және несиелендіру шарттарын тиімді қарау – 10 қағида);

- Мемлекеттік немесе трансферттік тәуекелдер (бұл тәуекелдерді жабу үшін резервтердің бар болуындағы халықаралық ссудалық және инвестициялық операцияларды жүргізгендегі трасферттік және мемлекеттік тәуекелдерді бақылау). /20/

     1997 жылғы Базельдік стандарттың «стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі» банктік қадағалау жүйесінің негізі болып табылатындықтан, «несиелендіру мен инвестицияларды орналастырумен және сонымен қатар займ портфелін ағымдық тексерумен байланысты банктің тәжірибесі, бағалау саясатының тәуелсіздігі» анықталады.

 Банктік қызметке қадағалаудың  Базельдік стандарты банктің  несиелендіруге жақындығы объективті  және рационалды болуымен сәйкес  стандартты несиелендірудің нормалары  мен ережелері бекітіледі.

    Несие операцияларын басқарудың бірден – бір элементі – несие бергендегі әкімшілік келісімі және оған сәйкес құжаттары бар, жазбаша түрде рәсімделген несиелендіру методикасы болып табылады. Несиелендіру кепілдеменің пруденциалды стандарттарында негіз алады, олар банк кеңесімен қадағалануы тиіс және несиелендірумен айналысатын барлық қызметкерлердің мәлімет-теріне жеткізілуі тиіс.

  Несие берудегі банктің қолма-қолсыз есеп айырысу шешімі үшінші тұлға жағынан қысым мен қызығушылық қақтығысы болмауымен жүзеге асырылуы тиіс.

   1997 жылғы Базельдік комитеттің хатына сәйкес «Банк қолма-қолсыз есеп айырысу қызметіне тиімді қадағалау қағидаларының базасы» банктерде «қолма-қолсыз есеп айырысу қарыз алушылардың қаржылық жағдайын қосатын несиелік қатынастардың мониторинг жүйесінің болуы керек».[37.]

  Кез келген ақпараттық жүйенің басқарушылық элементінің негізі – несиелердің классификация жүйесін және ішкі рейтинг туралы ақпаратты қосатын, банктің несие қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайы туралы керекті ақпараттар базасы болып табылады.

   Қазақстан Республикасының тиімді қадағалауы екінші деңгейлі банктердің болашақтағы өз міндеттерін орындауын анықтау үшін бағытталған және келесі банктік басқарудың төмен деңгейінің себептерінде айқындалады:

-банктегі бірлескен банк саясатының  жоқ болуы; 

-негативті жағдайларды жасыру  мақсатындағы есеп пен есептілікіті  үйкеліске бағыттылуындағы банктің  әсер етуі;

-несие және басқа қарыздың  жоқтығы. 

   Банктік несиелік портфельдің сапасын жоғарылатуда 1997 жылғы коммерциялық банктерді бақылаудың Базельдік стандарттарымен және 1995 жылдың 31 тамызындағы №2444 “Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес тиімді банктік бақылау және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және банктердің өздерінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету механизмдерінің мақсатты кешенінің маңыздылығы ретінде қадағалауы ең маңызды болып табылады.Бұл жүйедегі қауіпсіздік. /19/

    Аталған жүйедегі деректерді қауіпсіздендіру үшін аса жылдамдатылған кпиртографиялық процессорлық модуль қолданылады. Онда DES пен RSA стандарты қолданылады. Криптографиялық процессор мұқамдау (шифрлеу) операциясын өндірумен айналысады. Соның көмегімен Smart City картасындағы ақпартты қорғау ақша шығарушы банкте жүйе құрып жатқанда-ақ басталып кетеді. Сол тұста криптографиялык процессор әрбір берілген карточкада тамаша кілт береді. Егер де қарапайым жүйеде карточканы ашып, ондағы ақпаратты оқи алатын болса, онда Smart City жүйесінде бұзушы тек бір ғана картаға ене алады. Сонымен қатар, кез-келген жүйеде жүйеге ену кілті шифрленіп беріледі. Ол кілтті жолдан қағып алудың алдын алады.

    Соңғы жылдар кезеңінде төлем карточкалары нарығы жоғарғы қарқынмен даму үстінде. Бүгінгі күні қазақстандық банктер шығарған айналымдағы карточкалар саны 3,98 млн. данаға жетті. Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 3,81 млн. адамды немесе еліміз халқының экономикалық белсенді бөлігінің 46,5%-ын құрады. Демек, қазіргі уақытта республиканың әрбір 4-ші тұрғыны төлем карточкасына ие болып отыр.

   2010 жылдың 9 айы ішінде Қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 870,7 млрд. теңге болатын саны 47,3 млн. транзакция жасалды. Бұл ретте, төлем карточкалары арқылы жасалған барлық операциялар көлемінің 11%-ын қолма-қол ақшасыз төлемдер құраса, басым көпшілігін 89%-ын банкоматтар мен банк кассалары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алуға байланысты транзакциялар құраған. Бұл көрсеткіштер, әлі де болса халықтың төлем карточкаларын басым түрде қолма-қол ақша алу құралы ретінде қолданып отырғандығын көрсетсе керек.

     Бөлшек сауда мен қызмет көрсету саласында төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін арттыру мақсатында Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесе отырып, бірқатар жаңа қадамдарға барған болатын. Қабылданған шаралардың қатарында елімізде төлем карточкаларымен тауарлар мен қызметтер үшін есеп айрысу жасау үшін қабылдайтын сауда ұйымдарының дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында төлем карточкаларын қабылдауға міндетті сауда және қызмет көрсету ұйымдарының санаттары бекітілген 2004 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған Үкіметтің №1328 қаулысын бөлек атап кеткен жөн. Бұл шара қолма-қол ақшасыз төлемдердің артуы мен төлем карточкаларына қызмет көрсететін инфрақұрылымның дамуына айтарлықтай әсер еткенімен, күткендегідей нәтижелерге алып келген жоқ.

    Көптеген сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары бұл қаулының талаптарын орындауға, өздерінде төлем карточкаларын қабылдауға арналған терминалдарды (құрылғыларды) орнатуға асығар емес. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында сауда және қызмет көрсету орындарында орнатылған төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жасауға арналған терминалдар саны 7 985 дананы құрайды. Ал, төлем карточкаларын өздерінің тауарлары мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде қабылдайтын сауда және қызмет көрсету ұйымдарының саны бар болғаны 5 мыңға жетіп жығылады. Бұл көрсеткіштер төлем карточкалары нарығының бұдан әрі тиімді түрде дамуына мүлде жеткіліксіз.

    Басқа банктің қызмет түрлеріне қарағанда, болашақта төлем карточкалары нарығы ерекше қарқынмен және жаңа сипатпен дамиды деген ойдамыз, өйткені төлем карточкалары жеке тұлғаларға ең тартымды және банктік көптеген қызмет түрлерін пайдалануға жол ашатын өте оңтайлы құрал.

     Валюталық қаражаттарды пайдалану тиімділігін жоғарылату, инвестициялық мүмкіншіліктерді кеңейту және валюталық реттеу мен бақылаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, 2003 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкі валюталық режімді ырықтандыру саясатын жүргізіп келеді.

  Ұлттық банктің Қостанай филиалы облыс аумағында орналасқан валюталық бақылау агенттеріне отызға тарта жоспарлы және бірнеше жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

    “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” жаңа Заңның қабылдануымен резидент емес заңды тұлғалар шетел валютаны уәкілетті банктер арқылы шектеусіз сатып алуға мүмкіндіктері бар. Резидент заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу негіздері кеңейтілді.

   Қолма-қол шетел валютасын банктік шоттан алып қою негіздері қысқартылды.

   Жаңа Заңда валюта операцияларын қолма-қол түрде жүргізу тек мынадай жағдайларда ғана қарастырылған: қолма-қол шетел валютаға бөлшек сауда жүргізу және қызмет көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кедендік бақылауда жүргізетін резидент емес заңды тұлғалардың төлемдері; Қазақстан Республикасы аумағында 4000 айлық есептік көрсеткішке баламалы теңге сомасына қызметін жүргізетін резидент және резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлем; резидент заңды тұлғалардың резидент емес жұмысшыларына еңбекақы төлеу, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент және резидент емес жұмысшыларына еңбекақы төлеу; заңды тұлғалардың жұмыскерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберуіне байланысты туындаған шығындарды төлеу. /20/

   Жаңа заңның қабылдануымен лицензиялаудың тәртібі өзгерген жоқ.

   Елдің төлем балансының және сыртқы қарызының жағдайын анық және уақытында талдау және статистикалық есептеу мақсатында, филиал капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды және шетелде шот ашуды тіркеу жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр. Заң әрекет еткен уақыттан бастап, тіркеуге алынған операциялардың саны айтарлықтай қысқарды.

   Берілген Заң шегіндегі өзгертулер мен толықтырулар қолданыстағы (экспорттық-импорттық мәмілелерге, айырбас операцияларын ұйымдастыруға, жеке тұлғалармен шетел және ұлттық валютаны ресми мәлімдеуге және т.б. қатысты) құқықтық-нормативтік актілерге өз ықпалын тигізді, жаңа актілер шығарылды.

   Астана бас қала мәртебесін алған сәтінен бастап қала банктерінің кассалық айналымдары жылдан-жылға кіріс жағынан әрі шығыс жағынан да серпінді түрде өсе бастады. Бірінші кезекте осы көрсеткіштің өсуіне аймақтың әлеуметтік-экономикалық өрлеу қарқыны себеп болған, алайда бұл жерде басқа да фактор маңызды рөл атқарды.

 Астана қаласы қолма-қол ақша  эмиссиясының деңгейі жоғары  аймақтардың бірі болып табылады. Астанада эмиссияның өсуіне қолма-қол  ақшаның Қазақстанның басқа аймағына  орын ауыстыруы, Астана қаласының  дамуының және жалақының жоғары  деңгейіне қатысты мемлекеттік  бағдарламаларды іске асыру сияқты  фактор ықпалын тигізеді. Осы  барлық фактор соңғы бірнеше  жылда өзгеріссіз қалып, екінші  деңгейдегі банктердің касса  айналымының өсуіне себепші болды. 

  Астана қаласы банктерінің айналым кассасы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда кіріс бойынша 57%-ға, шығыс бойынша 49,1%-ға өсті. Банктердің түсімінің негізгі үлесі (бұл ретте оларға 30%-дан келеді) тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сату түсімінен болады. 2005 жылғы түсімдердің өсу қарқыны 2009 жылмен салыстырғанда 52,6%-ға өсті.      Шығыс жағынан тауар, жұмыс, және қызмет көрсету үшін ақы төлеумен байланысты сома беру басымырақ, бұл жердегі өсу қарқыны 30,1% болды.

 Қолма-қол ақша айналымында  маңызды орын алатын жағдай  — валюта операциясының және  депозиттік шоттың түсімдері  мен оларға берілген сомалар.  Егер 2009 жылы валюта операциясының түсімдері мен оларға берілген сомалар үлесі бойынша депозиттік шоттан асып түскен болса, 2010 жылы теңгенің алдыңғы қатарлы шетел валютасының, ең бастысы АҚШ долларына позициясының нығаюымен және халықтың республиканың банк жүйесіне деген сенімінің арта түсуімен байланысты болды. Ал депозиттік шоттар түсіміне келетін болсақ, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы салымдар көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Салымдардың жалпы сомасындағы ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 17 %-ға көбейіп, 52,5% болды.

 Жалпы көлемінен 13,6% орын  алатын, банктердің айналым кассасының  шығыс бөлігінің тағы бір бабы  банкоматтарды қосымша нығайтуға  берілетін сомалар болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда осы  бап бойынша өсу қарқыны 52,7% болды, бұл төлем карточкаларын  пайдаланушылар санының өсуімен  және банкоматтар тораптарының  көбеюімен байланысты. 01.01. 2010 ж. жағдай бойынша қала банктері 231,0 мың. төлем карточкасын шығарды, оларды ұстаушылар саны 258,7 мың адам. Астана 1 төлем карточкасына келетін халық санының ара қатынасы бойынша неғұрлым қолайлы жағдай қалыптасқан Қазақстанның біраз аймағының бірі болып табылады. Астананың екі тұрғынына бір төлем карточкасынан келеді.

Информация о работе Компания шығындары