Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі.Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 6
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 8 1.3. Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11
2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ 15
2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы 15
2.2. «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.3. Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 24
3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 30
3.1. Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен 30
субъектілері
3.2. Несие ресурстарын қаржылық талдау 32
3.3. Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 35
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ГЛОССАРИЙ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42
ТІРКЕМЕЛЕР 44

Работа содержит 1 файл

Несиенің қажеттілігі,мәні және формалары.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

     Банктің қаржылық жағдайы жалпы алғанда  банктің пассив және активтерді басқару тиімділігіне байланысты болғандықтан, банктің таңдаған жүйесі оны басқару тиімділігін, яғни қаржылық жағдайын, деңгейін анықтайды.

     Қаржылар орналастырылған әр модельдің ликвидтілігін жеткілікті деңгейде ұстау барысында табыстылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен салымдарды тартуда кездесетін ұсталымдардың жоғары шегі мен оларды орналастырудан түсетін табыстың шекті мөлшерін салыстыру, сонымен қатар, ликвидтілік деңгейіне қаржыларды талдаудың әр нұсқасына сәйкестігін талдау қажет. Банктегі несие ресурстарын қаржылық талдаудың негізгі мәселелерін жүзеге асыру, оны ұйымдастырудың сәйкес деңгейі, талдау мақсатын ұйымдастыру, аналитикалық мәселелерді құру, оларды тәжірибелі шешудің тәсілдерін анықтаусыз мүмкін емес.

     Қаржылық  талдауды дұрыс ұйымдастыру әр түрлі  қызмет көрсетушілер мен атқарушылардың өз қызметін қайталауға мүмкіндік бермейді. Маңызды сұрақтарды құрастыруға  әсерін тигізеді, талдауға қажетті кешендік, тереңдік және жоғары тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Банк  қызметінің тиімділігін талдау бөлімінің  міндетіне банктің нәтижелі қаржы  көрсеткіштерін талдау, ең алдымен  капиталға келетін табыс нормасын, кіріс нормасын, пайыздық маржа, актив табыстылығы, берілген несие бойынша уақыттылы төленбеген қарыздардың деңгейі, банктік шығындардың үлесі, рентабельділік және басқа да көрсеткіштердің деңгейін, сонымен қатар банк қызметінің ең табысты бағытын талдау жатады.

     Пассив, актив және ликвидтілікті басқару – банк ликвидтілігінің қажетті деңгейіне қол жеткізу (ағымды, орта және ұзақ мерзімді), банктің пассив және активінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру, олардың құрылымын оптимизациялау бойынша ұсыныстар дайындау, несие тәуекелі деңгейі, активінің әр түрлі топтарының табыстылығын, банкаралық несиені тарту және пайдалану тиімділігін бағалау, сонымен қатар несие ұйымдарындағы пассив,актив және ликвидтілікті басқару саласында өңделетін жалпы стандарттардың жеткілікті деңгейіне қол жеткізу мәселелерін талдап отыруы қажет.

     Несиелердің әр сатысын талдап отыру қажет: несие  келісімшартын дайындау және бекіту, несиені беру барысында олардың  қолданылуын, несиенің өтелуіне бақылау  жасау барысында пайыздың төленуін. Заемщик пен банк арасында несие алу барысында жасалатын келісімшартты талдау несиелендірудің барлық процесі мен нәтижесін көрсетеді.

     Несиені қайтарылмай қалу мүмкіндігін төменгі  деңгейге жеткізу үшін несие бөлімінің  басшылығы талдау жүргізетін қызметкерлерден  заемщиктердің қаржылық жағдайын анықтауды, тәуекел деңгейін бағалауды қатаң түрде жүргізілуін талап етуі тиіс.

     Коммерциялық  банктер мен оның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізілетін қаржылық талдаудың кезеңділігіне  келетін болсақ, ол басқа шаруашылық субъектілерге қарағанда көбірек болуы қажет. Өйткені, банктердегі ақшалай қаражат ретіндегі еңбек заты жеделдетілген айналым жасайды, бұл жерде ақпараттың түсуі және қолданылуы оперативтік режимде жүргізіледі.

     Банктің несие ресурстарының қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз ету талдаудың мақсатына байланысты оны бөлшектеу дәрежесіне қарай ерекшеленеді. Мысалы, экспресс - әдістемелер банктің қаржылық жағдайына алдын ала жалпы баға беруге мүмкіндік береді, бірақ олардың себебін аша алмайды. Экспресс – талдаудың мәні есептеудегі қиын емес көрсеткіштерді таңдап алып, олардың динамикасын үнемі қадағалап отыруында. Экспресс – талдау банктерде тез және жалпы баға беру үшін қолданылады, бірақ бұл талдау ең бірінші кезекте несие ұйымдарының аутсайдерлері мен олардың акционерлері үшін арналған. 
 

     3.3. Несие ресурстарының қаржылық  жағдайын жетілдіру жолдары 

     Коммерциялық  банктер өздерінің қызметінің ерекшеліктерінің шегінде банктердің шаруашылық және қаржылық құрылымдардың, мемлекеттік  органдардың, аймақтардың эономикалық  және әлеуметтік өмірінің қызметтеріне байланысты іскерлік ақпараттардың үлкен көлемін шоғырландырады.

     Тәжірибелі  басқару қызметінің негізгі түрі болып табылатын қаржылық сұрақтар бойынша кез – келген мәселелерді  шешіп, банк қызметінің нәтижесі және оларды басқару тиімділігі туралы ақпаратты жалпылағандықтан коммерциялық банктердегі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы болып қаржылық басқаруда қолданылатын барлық ақпараттық жүйе табылады. Қаржылық талдау банктің және менеджерлердің позициясынан жүргізілсе де, ішкі талдау болып табылады. Банктің ішкі мақсаты үшін қаржылық талдаудың ақпараттық базасы көлемді болу керек. Ол ақпараттың ішкі және сыртқы көздерінің есебінен қалыптасады. Сыртқы көздердің есебінен коммерциялық банктердің іскерлік және қаржылық ортасы талданады.

           Қаржылық талдау жүргізу кезіндегі ақпараттық көздердің бір тобы орталық банкке жатады: коммерциялық банктердің операциялық қызмет жүргізу тәртібі, сонымен қатар қаржы нарығының (несие және депозит) жағдайы туралы мәліметтер, ақша айналымы, жеке салымдар мен эмиссиондық процестерге байланысты ақпараттар жатады.

     Қазақстанның коммерциялық банктері мен сыртқы экономикалық кешеннің бір – біріне әсері үлкен. Банктерде үкіметтің сыртқы экономикалық саясаты, сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту, оны реттеу әдістері (лицензиялау, салықтар, алымдар), орталықтандырылған валюталық қорды қалыптастыру және қолдану тәртібі, орталықтандырылған экспорт және импорт бойынша операциялар көлемі, ішкі валюталық қарыз көлемі және басқа да сұрақтар бойынша ақпараттар болуы қажет. Қазақстандық банктердің халықаралық қаржы нарығына шығуына байланысты олардың қаржылық жағдайы, әсіресе ірі банктердің жағдайы Қазақстанның сыртқы қарызының көлеміне, шетел мемлекетінің қаржылық көмек ұсыну шарттарына байланысты болды. Бұл мәселелерді шешуде маңызды орынды – МВФ, ЕБРР, халықаралық несиелеудің Лондондық және Париждік клубтары, ірі шетелдік инвесторлармен кредитор мемлекеттер (ФРГ, АҚШ, Жапония, Франция) сияқты халықаралық қаржылық институттар маңызды орын алады.

     Несие мекемесінің қаржылық жағдайы оның клиенттері мен әсіресе, заемщиктерінің қаржылық жағдайына тікелей байланысты, сондықтан банк клиентінің несие  қабілеттілігіне байланысты қаржылық есеп беру және басқа да мәліметтері  қаржылық талдау барысында қолданылатын маңызды ақпарат көздеріне жатқызылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде есеп берудің келесідей формалары қолданылады: баланстық есеп беру, табыстар мен шығындар, қаржыландыру көздерінің қозғалысы, қаржылық есеп беруге түсініктеме, аудиторлық қорытынды, капиталдың орташа көлемінің балансы.

     Қазақстандық  коммерциялық банктердің көпшілігінің автоматизациялық жаңа құралдарымен қамтамасыз етілуінің жоғары деңгейі банктің  операциондық күнін автоматизациялауға, халықтың салымын қабылдау және беру бойынша жұмысты, банк қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша операцияларды жүзеге асыруды, есеп беруді ұйымдастыру, ақпараттық мәліметтердің үлкен көлемінің жинақталуын автоматизациялауға мүмкіндік берді. Программалық өнімдердің көптілігіне қарамастан бүгінгі күнде коммерциялық банктерде кешендік талдау жүргізу үшін ғана емес, сонымен қатар аналитикалық міндеттердің бөлек баптары бойынша өнімдер жоқ. Бұның ең бірінші себебі, коммерциялық банкті басқарудағы қаржылық талдаудың рөлін жеткілікті түрде бағаламауда. Сонымен қатар осы мәселелерді автоматизациялық шешудегі методологиялық және әдістемелік қамтамсыз етудің болмауында.   

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Несиенің  нарықтық экономикадағы мәні мен  мазмұнын, оның қажеттілігін, формалары  мен түрлерін, төлем қабілеттілігін жан – жақты  талдау нәтижесінен мынадай түсініктер қалыптасады: Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнының тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.

     Банктік ұйымды қызықтыру үшін және бизнестік  құрылымға деген өндіріс жағынан  ұсыныс болуы керек және банктің  тағайындалған пайыздық ставкасының  деңгейі, қайтару мерзімі және жарнама  да әсерін тигізеді. Айта келе, келесідей қорытынды жасауға болады:

  • банктің негізгі несиелік қызметі болып несиелік саясат саналады;
  • несие жоспарланған салада ғана беріледі;
  • несие беру банк ресурстарына ғана тәуелді емес, сонымен бірге

клиенттің мүмкіндіктеріне де тәуелді;

-     несиелеу жүйесі несиелеу қағидаларына негізделеді (қайтару,

төлеу және қамтамасыз ету);

  • несие қабілеттілігі нақты дұрыс нәтиже береді;
  • бүгінгі таңда клиенттердің мүмкіншілігі ол несиені кепілдікке алу.

     Бiз  дамыған нарықтық экокомикасы бар елдердiң қазiргi кездегi несие жүйесiн сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы  Қазақстан үшін әлемдiк банк жүйесiнің қазiргi кездегi даму тенденциялары‚ үлкен қызығушылық –туғызады, өйткені нарықтық  экономикаға өту өзiндiк нарықтық несие жүйесiн құруды талап етедi. Республикамыз үшін шет ел тәжiрибесiн толығымен  меңгерген тиiмдi болады, өйткені экономика нарыққа өтудiң ең басында тұр, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде барлық жағымды жайттардан алған дұрыс болады, өйткенi ол өтпелi кезек жағдайында өз қолданысын табары сөзсiз.

     Осы курстық жұмысты аяқтай  келе менің  ұсынысым келесідей:

- Жеке және заңды тұлғаларға несие берген кезде банктер пайыздық мөлшерін неғұрлым төмендетсе, соғұрлым оған деген ұсыныс туады;

- Заңды және жеке тұлғаларға берілетін ипотекалық несиені дамытуға көңіл, үлес қосу;

- Еліміздің несиенің даму заңдылықтарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

- Кәсіби коммерциялық банктерге мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына белгілі - бір мөлшерде несие берумен қамтамасыз ету;

- Мемлекет тарапынан өз қаржылық деңгейімен нық тұра алмайтын ауыл шаруалығын қолдау, банктер арқылы ұзақ мерзімді несиелендіру жүйесі  ұйымдастырылса.

     Қазіргі таңда несиенің маңызы қай сала үшін болмасын өте зор және қажетті, сондықтан да несие арқылы заңды және жеке тұлғалардың материалдық жағдайы жақсарып, мемлекеттің экономикалық дәрежесі жоғарлайды деген сенімім мол. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ГЛОССАРИЙ 

1. Экономика – қоғамға қажетті өмірлік игіліктерді жасау және оларды

          пайдалану жолымен адамдардың және жалпы қоғамның  

          қажеттіліктерін қанағаттандыратын  шаруашылық жүйесі.

2. Меншік − өндіріс,бөліс,айырбас және тұтыну процесінде тарихи

          өзгерістерге ұшырап отыратын  өндірістік құрал – жабдықтар мен

          тұтыну заттарын иемденуді сипаттайтын  адамдар арасындағы 

          қатынастар жүйесі.

3. Банк – несие, есеп айырысу, касса операциялары мен басқа да

          операцияларды жүзеге асыратын  мамандырылған мекеме.

4. Салым – депозиттер,заңды және жеке тұлғалардың теңге-қаржы

          мекемелерінде сақтаулы тұрған  және олардың уақытша билігнде 

          болатын,бірақ иесіне қайтарылуға  тиіс немесе оның нұсқауы бойынша 

          басқа бір тұлғаға берілуге  тиіс ақшалы қаражат.

5. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі.

6. Ақша – тауарлы өндірісте тепе – теңділік қызмет атқаратын, осы

          өндіріске тікелей қажетті өнім  болып табылады,яғни тауарлы өндірістің 

          дамуының шартты белгісі.

7. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

8. Табыс – кәсіпорындардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі қызметінің

Информация о работе Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары