Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі.Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 6
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 8 1.3. Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11
2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ 15
2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы 15
2.2. «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.3. Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 24
3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 30
3.1. Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен 30
субъектілері
3.2. Несие ресурстарын қаржылық талдау 32
3.3. Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 35
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ГЛОССАРИЙ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42
ТІРКЕМЕЛЕР 44

Работа содержит 1 файл

Несиенің қажеттілігі,мәні және формалары.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

     Экономика салалары бойынша банктың несиелік операцияларын талдау

     Кесте – 3

  Экономика  салалары   2006 жыл 
  2007 жыл

   

  Ауытқу
  Мың тг   Үлесі

  %

  Мың тг   Үлесі

  %

  +;-   өсу қар. %
  Көтерме сауда 59 193 240   9,34 77126 998   9,03 17933 758   30,3
  Бөлшек  сауда 29343 224   4,63 35114 002   4,11 5770 778   19,67
  Ауыл  шаруашылығы   4607 993   0,73 3733 357   0,44 -   - 874 636   -19
  Тамақ өнеркәсібі   3920 730   0,62 3746 867   0,44 -173 863   -4,43
  Құрылыс 58301 225   9,2 101424 670   11,9 43123 445   73,97
  Тау-кен  өнеркәсібі   134 593   0,02   155 626   0,02   21 033   15,63
  Металлургия   943 394   0,15   618 352   0,07 -325 042   -34,5
  Көлік қызметі   76 578   0,01   68 605   0,01   -7 973   -10,4
  Мұнай-газ  өндірісі   8821 692   1,39 4661 685   0,55 -4160 007   -47,2
  Денсаулық сақтау   0   0 3176 481   0,37 3176 481    
  Химиялық өнеркәсіп   40 503   0,01   185 536   0,02 145 033   358,1
  Энергетика   3718 716   0,59 4457 863   0,52 739 147   19,88
    Қонақүй бизнесі   851 106   1,13 1102 000   0,13 250 894   29,48
  Қаржылық  сектор 19726 126   3,11 19885 034   2,33 158 908   0,806
  Көлік және коммуникация   7893 840   1,25 4820 160   0,56 -  -3073 680   -38,9
  Басқалары 436118 930   68,82 593398 473   69,5 157279543   36,06
  Барлығы 633691 890   100 853675709   100 219983819   34,71
 

     Енді экономика салалары бойынша банктың несиелік операцияларына талдау жасасақ, банктің клиенттерінің салған қаражаттарын қарастыратын болсақ, оны кестеден көруге болады. Банктің несиелік операцияларын талдау кезінде, қаражатты қолданудың мақсаты, және бағыты зерттеледі. Ең алдымен несиенің жалпы сомасы анықталады, ол ссудалар түріне және оларды ұсыну бағытына байланысты анықталады. Несиелік  салымдардың құрылымы әр ссуда түрінің несиенің барлық шекті салмағы бойынша анықталады.

     Талдауды  бөлек экономикалық контрагенттердің қысқа мерзімді несиелерінің соммасы  және қысқа мерзімді ссудалардың  жалпы сомасын қурастыру жолы арқылы анықтауға болады. Алдын ала талдау ұзақ мерзімді ссудалар бойынша да жүргізіледі.

     Банктың несиелік операцияларын талдасақ, экономика  салалары бойынша 2006-2007 жылдары көтерме  сауда, 2006 жылы 59193240 мың.теңгені құрап, үлес алмағы 9,34% болса, ал 2007 жылы 77126998 мың тенгені құрап, үлес салмағы 9,03%-ға кеміген.

       Бөлшек сауда 2006 жылы 29343224мың теңгені құрап, үлес салмағы 4,63% болса, ал 2007 жылы 35114002мың теңгені құрап, үлес салмағы 4,11% болды. Құрылыс 2006 жылы 58301225мың теңгені құрап, үлес салмағы 9,2% болса, ал 2007 жылы 101424670 мың теңгені құрап, үлес салмағы 11,9%-ға артты. Сондай-ақ мұнай-газ өндірісі  2006-жылы 8821692мың теңгені құрап, үлес салмағы 1,39% болса, ал 2007 жылы 4661685мың теңгені құрап, үлес салмағы 0,55%- ға кеміді.  

     Жеке  тұлғаларға ұсынылған қарыздарды талдау

     Кесте – 4

      Несиелер   2006 жыл   2007 жыл   Ауытқу
      Мың тг   Үлесі

      %

      Мың тг   Үлесі

      %

      +;-   өсу қар. %
      Тұтыну  несиесі   162 554   60,35 227 366   56,13 64 812   39,9
      Ипотекалық несие   34 675   12,87 64 473   15,92 29 798   85,9
      Авто- несие   7 981   2,963 10 740   2,651   2 759   34,6
      Басқалары   64 141   23,81 102 479   25,3   38 338   59,8
      Барлығы   269 351   100 405 058   100 135 707   50,4

     Жеке  тұлғаларға 2006-2007 жылдардағы ұсынылған  қарыздарды талдасақ, тұтыну несиесінің  2006 жылы үлес салмағы 60,35% болса, 2007 жылы  үлес салмағы  56,13% болып, ауытқуы 39,9% құрады. Ал ипотекалық несие 2006 жылы 12,87% -ды құраса, 2007 жылы 15,92% құрап, өсу қарқыны 85,9% болды. Авто-несие 2006 жылы үлес салмағы 2,963% болса, ал 2007 жылы 2,651% болып, ауытқуы 34,6%-ды құрайды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ

     3.1. Несиелік механизм мен несиелеу  әдістері, несиелеу объектілері  мен субъектілері 

     Несиелік  механизм—нарықтағы қатынастарға сай  экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

     Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің  бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура белгілей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

     Несиелік  механизм сипатының объективтігін  айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.

     Несиелік  механизм несиелеуді экономикалық ұйымдастыру  қатынастарының белгілі-бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын белгілейді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

     Несиелік  механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастарының мәніне жатпағанымен де олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады. Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:  несиенің түрлері; несиелеу объектілері; несиелеу субъектілері; несиелеу әдістері; несиелеу процесі; несиелеу принциптері; несиелік тәуекелдікті басқару.

     Несиелеу  әдістері – несиенің берілу және қайтарылу  ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың  қаражат айналымының шеңберіне  қатынасу тәсілдері.

       Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады: айналым бойынша несиелеу әдістері; қалдық бойынша несиелеу әдістері; айналым-қалдықтық.

     Айналым бойынша несиелеу барысында несие  несиелеу объектісінің айналымындағы  қозғалысын жалғастырып отырды. Несие  қарыз алушының шығындарын оның ресурсы  босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысы мен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.

     Қалдық  бойынша несиелеу барысында несие  несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен  өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорын  өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарын өтейді. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толығымен қамтылады. Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

     Шетелдік  банк тәжірибесінде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі: бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі-бір мақсатты қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты мерзімге, яғни мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.

       Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын-ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға белгілі-бір мерзім аралығында төлем құжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады. Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.

     Несие құрылымы несие беруші мен қарыз  алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан  тұрады. Мұндағы несие беруші мен  қарыз алушыдан несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер, банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез-келген заңды және жеке тұлғалар жатады.

     Несиелеу  объектісі – бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау ең бастысы өндіріспен және тауарларды сату процесімен тығыз байланысты.

       Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

       Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді: өндіріс объектілерінің құрылысы; өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта  қаруландыру, кеңейту; техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу; жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру; өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу. 
 

     3.2. Несие ресурстарын қаржылық талдау 

     Нарықтық  экономикасы дамыған елдердің банктерінің  қаржылық жағдайын бағалаудың әдістемелік негізі 1988 ж. Базель қаласындағы орталық банктер уәкілеттері мен банктік бақылау органдарының халықаралық келіссөздерінде қабылданған «Капиталды және капитал стандарттарын бағалаудың халықаралық конвергенция» келісімшартында бекітілген. Бұл келіссөзде қарастырылған талаптар ең алдымен банк капиталына байланысты. Банктік қызметті реттеуге қол жеткізген Базель Комитетенің жүргізген келіссөздері халықаралық қаржылық жүйенің тұрақтылығымен әділетті бәсекені қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған тәсілдер әртүрлі мемлекеттердің банктік жүйесінің капиталына қойылатын талаптарды унификациялауға, банктердің баланстан тыс қызметі бойынша тәуекелдерді ескеру, тәуекелдерді төмендетудегі қызығушылықты арттыру, банк капиталының деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары