Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі.Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 6
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 8 1.3. Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11
2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ 15
2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы 15
2.2. «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.3. Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 24
3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 30
3.1. Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен 30
субъектілері
3.2. Несие ресурстарын қаржылық талдау 32
3.3. Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 35
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ГЛОССАРИЙ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42
ТІРКЕМЕЛЕР 44

Работа содержит 1 файл

Несиенің қажеттілігі,мәні және формалары.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

     Несие қатынастарының нақты көрінісін  несиенің формалары мен түрлері  сипаттайды. Несиенің мазмұны мен  түрі диалектикалық бірлікте болады. Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және тағы басқаларын жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

     Коммерциялық  несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының  көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқығы бар.  Несиенің бұл формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.

     Коммерциялық  несиенің банктік несиеден айырмашылығы: қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез – келген заңды тұлға бола алады; коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; коммерциялық несиенің орташа қүны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңдық түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

           Банктік несие –  бұл банктердің, арнайы несие –  қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін  несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос  ақшалай капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға  береді. Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларындақолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

           Банктің белгілі  – бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден – бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.

           Банктік несиенің шамасына ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған  нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан  қарыз қаражаттарына деген сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада, қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады. 
 
 

     1.3. Несие және несие қатынастарының  ерекшелігі 

     Тарихтың  қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады. Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.

     Ақшадан кейін  несиені ойлап шығару –  адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде  шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады.Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық ( ростовщиченский ) несие деп аталды.

     Өсімқорлық  несиеге тән белгілер: несие берушілер  – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.

     Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды. Сөйтіп, несинің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.

     Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде  экономикалық дамудың ажырамас элементі. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.

     Тауар  айырбастау – бұл тауардың бір  қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

     Құнның  қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың  пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

     Көбіне  несиені ақша ретінде түсінеді. Бір  жағынан қарағанда бұған да негіз  бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде  берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

     Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару  шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал  қозғалысы.Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.  Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:

     Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

     Экономикалық  категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

     Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.

     Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.

     Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар  несиенің құрылымының элементіне берілетін  объекті де жатады. Беру объектісі  – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді. 
 
 
 
 
 

     2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

     2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы  мен қызметінің жалпы сипаттамасы 

     «Альянс Банк» АҚ «Семей қалалық акционерлік банк» ААҚ мен «Иртышбизнесбанк» ААҚ - екі аймақтық банктің косылуы арқылы 1999 жылдың 13 шілдесінде кұрылған "Иртышбизнесбанк" ААҚ (Павлодар к-сы) құқықтық мирасқоры болып табылады. Бірігу екі құрылымның 1993 жылдан бері жинақтаған банк қызметіндегі тәжірибесін қосты, сондай-ақ Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуге бағытталған аймақаралық банкке айналдырды. 2001 жылы "Иртышбизнесбанк" ААҚ республиканың бірқатар аймақтарында ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарына кешенді қызмет көрсетуде мол тәжірибесі бар тұрақты банк құрылымы болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы № 245 қаулысына сай Банк Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға ету тәртібі туралы ереженің талаптарын орындаған деп танылды.

     2002 жылғы 13 наурызда атауының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу жасалды және  "Иртышбизнесбанк" ААҚ «Альянс Банкі» ААҚ деген атауға ие болды.2004 жылғы 13 наурызда заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуге байланысты «Альянс Банкі» ААҚ «Альянс Банкі» АҚ деген атауға ие болды. (тіркеу нөмірі N 4241-1900-АҚ Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі). 2004 жылдың    қорытындылары   бойынша    Альянс    Банк Қазақстан Республикасының алты ірі банктің қатарына қосылды және қатарынан үш жыл бойы активтер өсімінің серпінділігі бойынша көшбасшы болып келеді - 138%.2005 жылы 2002 - 2003 жж өз қызметінің қорытындылары бойынша «Альянс Банкі» АҚ «Тһе Ваnkег» халықаралық қаржы басылымымен ТМД және Орталық Еуропа елдерінде ең серпінді дамып жатқан банк деп танылды. «Альянс Банкі» АҚ 978 844 акциялар көлемінде 10000 теңге орналастыру бағасымен 9788440000 теңге жалпы сомаға жай акцияларды қосымша орналастыру арқылы 65%-ға жарғылық капиталды ұлғайтты. «Альянс Банкі» АҚ-ның жарғылық капиталы 24,9 млрд. теңге ($186 млн.) болды. Жай акцияларды қосымша орналастырудан кейінгі меншікті капитал 26,9 млрд. теңге (шамамен $200 млн.) болды.

     «Альянс Банкі» АҚ «Еuromonеу» халықаралық беделді журналдан наградалар алды. Банк 2 номинацияда аталып өтті: Қазақстанда халыққа қызмет көрсететін ең үздік банк - Веst Retail Ваnk іn Kazakhstan, және корпоративтік басқару жөніндегі көшбасшы банк ретінде Leading Bank іn Согрогаtе Governance.

     «Альянс Банкі» АҚ Қырғыз Республикасы Ұлттык Банкінің "Финанс Кредит Банк КАБ" ААҚ - еншілес банкін ашуға рұқсат пен лицензияны алды. Сондай-ақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін қалыптастыру үшін ҚР Ұлттык Банкінде жинақтаушы шотты ашуға рұқсат алды.

     2006 жылы қаңтар - Қазақстанның Шағын Бизнесі Бағдарламасы (КДІББ) шеңберінде «Альянс Банкі» АҚ мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) арасында Кредиттік келісімге қол қойылды. ЕҚДБ-нің кредиттік желісі ауыл шаруашылық секторының кәсіпорындарын қоса алғанда, казақстандық микро және шағын кәсіпорындарын қаржыландыруға арналған. Алғашқы транш сомасы 5 миллион АҚШ доллары болды.

     2006 жылы шілде - "Альянс Банкі" АҚ 2006 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша активтер мен меншікті капиталдың мөлшері бойынша Қазақстанда төртінші банк болды. Активтері 521 969 млн.теңгені, меншікті капиталы 37155миллион теңгені кұрады. Меншікті капитал өсімінің басты факторы Банкке оның акционерлері салған каражаттың өсімі болды. 2006 жылдын 1 шілдесіне банктін кредиттік портфелі 336 568 млн.теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда шамамен 2 есе өсті. Таза табысы 2 104млн. теңгені кұрады, бұл 2005 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 2 еседен астам жоғары болды. «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп зейнеткерлерді кредиттеу жобасы іске косылды.

Информация о работе Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары